Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»AUEZOV UNIVERSITY ҚЫТАЙДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ БЕРУ ӘЛЕУЕТІН ТАНЫТТЫ
    Жаңалықтар

    AUEZOV UNIVERSITY ҚЫТАЙДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ БЕРУ ӘЛЕУЕТІН ТАНЫТТЫ

    13.11.2026

    Қазақстандық жоғары білімнің әлеуеті Қытайда таныстырылды. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті Шанхайда өткен China Education Expo 2026 халықаралық көрмесіне қатысып, шетелдік талапкерлерге білім беру мүмкіндіктерін ұсынды. Университет делегациясын Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Төлеген бастап барды.

    China Education Expo – әлемнің жетекші білім беру ұйымдарын, академиялық қауымдастық өкілдерін және шетелде білім алуға ниетті жастарды тоғыстыратын Қытайдағы ірі халықаралық алаңдардың бірі. Биыл көрме Бейжің, Ухань, Чэнду, Гуанчжоу және Шанхай қалаларында ұйымдастырылды.

    Халықаралық көрмеге Қазақстан, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Австралия, Канада, Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия және басқа да елдердің білім беру ұйымдары қатысты. Іс-шараны Қытайдың Халықаралық білім алмасу қауымдастығы (CEAIE) ұйымдастырды. Ал қазақстандық жоғары оқу орындарының қатысуына ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы қолдау көрсетті.

    Көрме барысында Auezov University халықаралық қауымдастыққа Қазақстанның білім беру және ғылыми әлеуетін таныстырып, университеттің мүмкіндіктерін кеңінен насихаттады. Атап айтқанда, білім беру бағдарламалары, ағылшын тілінде оқыту бағыттары, академиялық ұтқырлық, қос дипломды білім беру жобалары және шетел азаматтарына арналған қабылдау талаптары туралы ақпарат ұсынылды.

    Сонымен қатар Қытай жастары арасында университеттің танымалдылығын арттыруға, олардың Қазақстанда сапалы жоғары білім алу мүмкіндіктеріне қызығушылығын оятуға басымдық берілді. Көрмеге келушілер Қазақстанда білім алудың артықшылықтарымен, Auezov University ұсынатын академиялық мүмкіндіктермен және болашақ кәсіби дамуға жол ашатын бағдарламалармен танысты.

    Көрме жұмысына университет студенттері де белсенді атсалысты. Олар ресми делегация мүшелерімен бірге білім беру бағдарламаларын таныстырып, университеттің тыныс-тіршілігі туралы әңгімеледі. Сондай-ақ өздерінің оқу тәжірибесімен бөлісіп, шетелдік талапкерлердің сұрақтарына жауап берді. Студенттердің бұл бастамасы қазақстандық жоғары білімді халықаралық деңгейде танытуға жастардың да үлес қосып жүргенін көрсетті.

    Іс-шара аясында шетелдік білім беру ұйымдарының өкілдерімен де кәсіби кездесулер өтті. Тараптар академиялық әріптестікті дамыту, халықаралық білім беру мүмкіндіктерін кеңейту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру бағыттарын сөз етті.

    Auezov University-дің China Education Expo 2026 көрмесіне қатысуы – жоғары білімді интернационалдандыру, білім беру экспортын дамыту және отандық жоғары оқу орындарының халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытындағы мемлекеттік саясатпен үндес маңызды қадам.

    Бұл сапар университеттің Қытай Халық Республикасымен байланысын нығайтып қана қоймай, халықаралық әріптестік аясын кеңейтуге, Auezov University-дің әлемдік академиялық кеңістіктегі танымалдылығын арттыруға және Қазақстанның білім беру әлеуетін шетелде кеңінен танытуға жаңа мүмкіндіктер ашты.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    13.11.2026

    Қару мен қаржы қызметін қатар меңгерген ару

    13.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

    13.11.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    13.11.2026

    Қару мен қаржы қызметін қатар меңгерген ару

    13.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

    13.11.2026

    ТҰРАН АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    13.11.2026

    AUEZOV UNIVERSITY ҚЫТАЙДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ БЕРУ ӘЛЕУЕТІН ТАНЫТТЫ

    13.11.2026

    AUEZOV UNIVERSITY БАЗАСЫНДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТОҚЫМА ЗЕРТХАНАСЫ АШЫЛАДЫ

    13.11.2026

    ӨҢІРЛІК ҒАЛЫМ PhD ДӘРЕЖЕСІН СӘТТІ ҚОРҒАП ШЫҚТЫ

    13.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    13.11.2026

    ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ

    13.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.