«Экономикамыздың жоғары технологиялық салаларына бір миллиард долларға дейін инвестиция тарту туралы бағдарлама әзірлеу қажет. Оны Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп дайындауға тиіс. Жаңа инвестициялық кезеңді ойдағыдай бастау маңызды. Екінші дәрежелі банктер нақты секторға белсенді түрде қаржы салуы керек. Бұл мәселе қоғамда баяғыдан қызу талқыланып жатыр. Осы жұмысты көп созбай қолға алу қажет. Қазақстандағы банктердің активтері мен қаражаты дамыған елдерге қарағанда орта есеппен бірнеше есе көп пайда әкеледі. Себебі, біздің банктер экономикаға несие бергеннен гөрі қаржылық тәуекелі төмен бағыттарға ақша салғанды жөн көреді. Осы мәселені депутаттар, сарапшылар үнемі көтеріп жүр. Ұлттық банк пен Үкімет банктердің ақшасын экономикаға барынша тартудың тиімді тәсілдерін табуы…
Автор: ais_media
«Меніңше, Бас прокуратураның Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комитетінің атауын Инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі комитет деп өзгертетін кез келді. Бас прокуратура заңсыз актив иелерімен өнімді жұмыс істегенін айта кету керек. Соның нәтижесінде, қазынаға 850 миллиард теңгеге жуық қаржы қайтарылды. Бұл қаражат он мектеп, төрт спорт ғимаратын салуға, 235 денсаулық сақтау нысаны мен 177 су инфрақұрылымы нысанының құрылысына және жөндеу жұмыстарына бөлінді. Республикалық бюджетке тағы қосымша қаражат түспек. Бұдан бөлек, инвесторларға ұсынылатын салық жеңілдіктерін мұқият ойластырып, байыппен қолданған жөн, ел экономикасы үшін маңызы, пайдасы бар жобаларға басымдық берілуге тиіс. Жалпы инвестициялық келісім жасау тәсілі өз тиімділігін көрсетті. Біз Ұлттық қордың тұрақты даму…
«Елімізге қомақты инвестиция тарту керек. Қазір дүние жүзінде инвестицияға талас күшейіп барады. Жаңа инвестициялық кезеңді бастауымыз қажет. Қазіргі инвестиция тарту саясаты мардымды деп айта алмаймын. Қаражаттың көбі шикізат салаларына құйылып жатыр. Жалпы, бұл жаман емес, осындай инвестициялар бізге қажет. Бірақ қазір тұрған міндет – басқа. Бұл – өңдеу саласына көбірек қаражат тарту. Сондықтан Үкімет инвестиция саясатына басқаша көзқараспен қарауы керек. Қажет болса, жоғары технологияларға салынатын инвестицияларға жеңілдік беруге болады. Сондай-ақ мемлекеттің инвестициясы мен жеке бизнестің ірі бастамаларына бірдей назар аудару қажет. Ірі инвесторлармен қатар орта және шағын инвесторлармен тығыз байланыста жұмыс істеу керек. Қаражаттың қай бағытқа, қандай мақсатпен және қанша…
«Біз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу арқылы экономиканы жаңғыртуымыз қажет. Ол үшін, ең алдымен, Цифрлық кодексті тезірек қабылдаған жөн. Бұл заңда цифрландыру үдерісінің негізгі бағыттары, соның ішінде жасанды интеллект, платформалық экономика, үлкен дерекқорларды пайдалану және басқа да мәселелер айқындалуға тиіс. Жаңа технологиялық қалыптың ажырамас бөлігіне айналу үшін бүкіл мемлекеттік басқару жүйесін қайта құрып, оның азаматтар мүддесіне сай болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ, ашықтығы мен тиімділігін еселеп арттыру керек. Сондықтан қазіргі құзырлы министрліктің негізінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет деп санаймын. Жаңа министрлікті Премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі маман басқаруы керек. Үкімет экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектінің дамуына және цифрлық трансформация мәселелеріне тоқталды. Президенттің айтуынша, Қазақстан алдағы үш жылда жаппай цифрлық елге айналуы қажет. – Жұмысымыз қаншалықты күрделі болса да, біз міндетті түрде табысқа жетуіміз керек. Басқа жол жоқ. Бұл – еліміздің болашағы, халқымыздың тағдыры, – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектінің қарқынды дамуы қоғамға, әсіресе жастардың мінез-құлқы мен өмір салтына тікелей әсер етіп отырғанын атап өтті. Президент ең алдымен Цифрлық кодексті қабылдау қажеттігін айтты. Аталған құжатта цифрландыру үдерісінің негізгі бағыттары, соның ішінде жасанды интеллект, платформалық экономика, үлкен деректерді пайдалану және өзге де маңызды мәселелер қамтылуға тиіс. Сонымен қатар Мемлекет…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке инвестиция тарту жүйесін толықтай қайта қарау және нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеу жөнінде тапсырма берді. Президенттің айтуынша, қазір жаһандық деңгейде инвестиция үшін бәсекелестік күшейіп келеді. Осыған байланысты елімізде жаңа инвестициялық кезеңді бастау қажеттігі атап өтілді. – Қазіргі таңда тартылып жатқан қаражаттың басым бөлігі шикізат секторына бағытталуда. Мұндай инвестиция да қажет, бірақ негізгі міндет – өңдеу өнеркәсібіне, жоғары технологияларға және экономиканың әртараптандырылған бағыттарына инвестиция тарту. Үкімет бұл салаға басқаша көзқараспен қарауы тиіс, – деді Президент. Сонымен қатар Мемлекет басшысы: • ірі инвесторлармен қатар орта және шағын инвесторлармен де жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігін; • инвестиция көлемі, мақсаты және…
В рамках инициативы Главы государства, озвученной на Национальном курултае, запущен республиканский проект. В Шымкенте состоялась официальная презентация республиканского проекта «Читающая нация». Он был запущен в рамках инициативы Президента Касым-Жомарта Токаева, которую он озвучил на Национальном курултае. В мероприятии приняли участие преподаватели вузов и колледжей, педагоги, молодёжь и представители СМИ. Проект реализуется по инициативе общественного фонда «Кітап оқитын ұлт». Его главная цель — развивать культуру чтения в стране, повышать интеллектуальный потенциал нации и обеспечивать граждан всех возрастов качественной литературой. Проект имеет комплексную структуру и охватывает шесть категорий: • Читающая школа • Читающий колледж • Читающий университет • Читающий педагог • Читающий государственный служащий • Читающая семья Каждый…
Мемлекет басшысының Ұлттық Құрылтайда көтерген бастамасы аясында республикалық жоба іске қосылды Шымкент қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Құрылтайда көтерген бастамасы аясында «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасының ресми таныстырылымы өтті. Іс-шараға жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары, педагогтер, жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Аталған жоба «Кітап оқитын ұлт» қоғамдық қорының бастамасымен жүзеге асырылып отыр. Жобаның мақсаты – елімізде кітап оқу мәдениетін дамыту, ұлттың зияткерлік әлеуетін арттыру және әр жастағы азаматты сапалы әдебиетпен қамту. Кешенді құрылымға ие жоба алты санатты қамтиды: • Кітап оқитын мектеп • Кітап оқитын колледж • Кітап оқитын университет • Кітап оқитын педагог • Кітап…
«Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған шара жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталды Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ерікті жастарға арналған танымдық эко-экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шараны Шымкент қаласының «Жастар ресурстық орталығы», «ASAA» волонтерлік ұйымы және «ЮНИСЕФ» еріктілер қозғалысы бірлесе өткізді. Экскурсия аясында қатысушылар қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы жергілікті кәсіпорын – «ЭКО шина» зауытының жұмысымен танысты. Жастар пайдаланылған шиналарды қайта өңдеу үдерісін көзбен көріп, резеңке үгінділерінің өндірісі, оларды қайта пайдаланудың жолдары туралы ақпарат алды. Зауыт мамандары резеңке қалдықтарының экологияға зиянын, оларды қайта өңдеудің артықшылықтарын және бұл салада қолданылып жатқан жаңа технологиялар туралы кеңінен түсіндіріп берді. Сарапшылардың айтуынша, пайдаланылған шиналарды қайта өңдеу ауа…
Сауран ауданында дәстүрлі «Күзгі тазалау» кезеңі жалғасуда. Осы шара аясында Үшқайық және Шорнақ ауылдық округтерінде жалпы аудандық сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстарына 300-ге жуық ауыл тұрғыны, мекеме қызметкерлері мен еріктілер қатысып, елді мекен аумағында санитарлық-тазалық шараларын атқарды. Сенбілікке арнайы 12 бірлік техника жұмылдырылып, қоқыс қалдықтары шығарылды. Жалпы көлемі 11 тоннадан астам тұрмыстық қалдық жиналды. Ауыл ішіндегі көшелер тазаланып, қоғамдық орындар ретке келтірілді. Сонымен қатар, талдар суарылып, жасыл желекті қорғау бағытындағы жұмыстар жүргізілді. Іс-шара барысында полиция қызметкерлерімен бірлесіп тазалықты сақтау бойынша мониторинг жұмыстары ұйымдастырылды. Мұндай шаралар халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға, ауыл-аймақтың көркейіп, тұрғындар үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған. «Күзгі тазалау» кезеңіндегі сенбіліктер…