Автор: ais_media

«Экономиканы жан-жақты жаңғырту жұмыстары адам капиталын дамытуға қатысты жаңа міндеттер жүктейді. Бұл жерде білім беру саласы айрықша рөл атқарады. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жоспарланған 217 мектептің 150-і қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр. Қалған мектептердің құрылысы алдағы үш ай ішінде аяқталуға тиіс. Цифрлық технологиялар жаһандық еңбек нарығын жылдам өзгертіп жатыр. Әлемде жасанды интеллектімен жұмыс істеудің қыр-сырын білетін мамандарға деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Жұмыс үдерістерінің едәуір бөлігі цифрлық технологияларды енгізу арқылы автоматтандырылатыны анық. Сол себепті, менің тапсырмаммен 100 мыңға жуық студентті технологиялық жобаларға тартуды көздейтін Al-Sana бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Алайда жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзіретін қалыптастыру әлдеқайда…

Read More

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады. Ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды құжатта білім, ғылым, технология, экономика сынды басым бағыттар кеңінен қамтылды. Жолдауды тыңдауға еліміздің әр өңірінен түрлі сала мамандары арнайы шақырылды. Солардың бірі – Шымкент қаласының тұрғыны, педагог мамандығының иесі Марат Таңсықбаев. Алғаш рет Президент Жолдауына қатысқан ұстаз өз әсерімен бөлісіп, бұл басқосу оның кәсіби болашағына тың серпін бергенін айтты. — Мен үшін ең әсерлісі — білім саласына және жаңа технологияларға, оның ішінде жасанды интеллектке берілген ерекше назар болды. Президент бұл саланың ел экономикасы үшін маңызды қозғаушы күш екенін атап өтіп, жасанды интеллектті…

Read More

«Ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру қажет. Бұл салаға тың серпін беру үшін мемлекет соңғы жылдары реформа жүргізіп жатыр. Қомақты қаражат бөлінуде, биыл шаруаларды қолдауға бір триллион теңге жұмсалды. Қажетті несиелер уақытында берілді. Мұндай ауқымды қолдау елімізде бұрын-соңды болмаған. Бірақ, агроөнеркәсіптің орасан зор әлеуетін толық ашуға бұл шаралардың әзірге жеткіліксіз екені анық. Мәселе – қаражаттың көлемінде емес, ең бастысы, оны тиімді пайдалану қажет. Озық агроэкономикаға көшу үшін Үкіметтің нақты жоспары болуы керек. Қазір ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдейтін бірқатар ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Оған отандық және шетелдік инвесторлар қатысуда. Инвестицияның жалпы көлемі 2 миллиард доллардан асады. Үш мыңнан астам жұмыс…

Read More

«Елімізде ауқымды аэро-геофизика зерттеулері әбден ескірген. Цифрлық құралдарды пайдалана отырып, жер қойнауының заманауи картасын жасайтын уақыт келді. Мұндай қадам кен орындарының әлеуетін жаңа сапалық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді. Бұл жұмысқа да халықаралық сарапшыларды тартуға болады. Әрине, ғылыми негізі болмаса, барлау жұмысын ойдағыдай жүргізу мүмкін емес. Келесі жылдың ортасына дейін озық халықаралық стандарттарға сай сертификаты бар зертхана ашу керек. Оны Ұлттық геологиялық қызметтің базасында құрған жөн. Жер қойнауына қатысты мәліметтің бәрін, ең алдымен, жасанды интеллектіні енгізу арқылы жүйелеп, цифрландыру қажет. Геологиялық барлау саласы ауқымды инвестицияға мұқтаж. Үкімет бұл өзекті мәселені ескеру керек. Геологиялық барлау және жер қойнауын игеру саласындағы реформалардың заң…

Read More

Бұл бағытта соңғы бес жылда бірқатар жетістік бар деп айтуға болады. Өңдеу өнеркәсібінің жалпы қосымша құны екі есе өсіп, 17 триллион теңгеге жуықтады. Ал, оның жалпы ішкі өнімдегі үлесі 12,4 пайызға жетті. Былтырдың өзінде 163 жаңа өндіріс іске қосылды. Соның нәтижесінде 12,5 мың тұрақты жұмыс орны пайда болды. Мысалы, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Атырау облыстарында машина жасау және металлургия саласындағы ірі кәсіпорындар ашылды. Биыл Алматыда әртүрлі автокөліктер шығаратын Қазақстандағы ең үлкен өндіріс орны жұмысын бастады. Бірақ бұл, әрине, жеткіліксіз. Экономиканы әртараптандыруды тың қарқынмен жалғастыру керек. Ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті, терең өңделген өнім шығаруға басымдық берілуге тиіс. Қазір бұл жұмыс…

Read More

«Тағы бір мәселе. Өңірлерге инвестиция тарту барысында арнайы экономикалық аймақтар айрықша рөл атқарады. Алайда олардың көбінің жұмысы мәз емес. Бұл мәселе бойынша әңгімелер талай рет айтылды. Үкімет арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігін арттыру үшін терең сараптама жасап, түбегейлі шаралар қабылдауға дайын болуы керек. Арнайы экономикалық аймақтарды басқаруға жеке компанияларды, қажет болса, шетел компанияларын тартуға болады. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар аймақтардың экономикалық өсімін арттыратын қозғаушы күш болуға тиіс. Бірақ көбі коммуналдық мүліктерді басқарумен және аса маңызды емес жобаларды жүзеге асырумен шектеліп отыр. Олардың аймақ экономикасына әсері шамалы. Үкімет осындай корпорацияларды толыққанды даму институтына айналдыруы керек. Инвестиция тарту – орталық атқарушы органдардың ғана міндеті емес.…

Read More

«Қарқынды өсіп келе жатқан көптеген мемлекетте даму көшінің басында жүретін қалалар инвестициялар мен технологияларды өзіне тартатын полюске айналған. Алатау қаласы еліміздің жаңа іскерлік және инновациялық орталығы болуға тиіс. Жалпыұлттық маңызы бар осы жобаны жүзеге асыру үшін арнайы жер бөлінді, бастапқы жоспарлау жұмысы аяқталды, инфрақұрылымның негізгі желілері қосылды. Жақында Қытайға барған сапарымда әлемнің жетекші компанияларымен құны миллиардтаған қаржы тұратын келісімдер жасалды. Шэньчжэнь жаһандық технополисін салуға қатысқан сондай компанияның бірі енді Alatau City жобасын жүзеге асыруға тікелей атсалысады. Келесі қадам – Alatau City-дің мықты институционалдық негіздерін қалыптастыру. Қаланы ел Үкіметіне тікелей бағынатындай етіп, оған арнайы мәртебе беру туралы жарлықты он күн ішінде…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында қазіргі әлемдік геосаяси ахуалдың күрделілігін атап өтті. Алайда соған қарамастан, Президент еліміздің дамудан тоқтамауы керектігін, жаңғыру мен өсудің нақты жолдарын ұсынды. Қазіргі күрделі жаһандық жағдайда білім мен ғылымға салынатын инвестиция – болашаққа салынған ең сенімді капитал. Бұл ретте Президент бастамасымен күні кеше ғана Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарының бірімен жасалған халықаралық келісім – еліміздің білім беру саласында жаңа кезеңнің басталғанын көрсетеді. Қосдипломды бағдарламаны жүзеге асыру – арқылы біз отандық жоғары білімнің халықаралық беделін арттырып, жастарымыздың жаһандық бәсекеге қабілетті болуына жол ашпақпыз. Президенттің Жолдауында алдағы үш жылдың ішінде Қазақстан цифрлы мемлекетке…

Read More

Бүгінгі жолдауында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жасанды интеллект мәселесіне айрықша тоқталды. Әлемде жаңа технологиялар дамып, цифрлық дәуірге қадам басқан шақта жасанды интеллекттің пайдасы да, қауіп-қатері де қатар көрініс беріп отырғаны жасырын емес. Жасанды интеллект – білім беруде жаңа мүмкіндіктер ашып, ғылымда тың жаңалықтарға жол көрсетіп, өндіріс пен экономиканың тиімділігін арттырып келеді. Медицина саласында сырқатты ерте анықтап, дұрыс ем-дом жасауға көмектесуде. Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін жеңілдетіп, халықтың күнделікті тұрмысын да жақсарта түсуде. Бұлардың барлығы – жасанды интеллекттің қоғамға тигізіп жатқан игілікті әсері. Дегенмен Президент атап өткендей, бұл жетістіктердің көлеңкелі жағы да жоқ емес. Жасанды интеллектті пайдаланып жасалатын алаяқтық, жалған ақпарат тарату, азаматтардың…

Read More

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген саяси реформалар — еліміздің демократиялық даму жолындағы маңызды қадамдардың бірі. Әсіресе, бір палаталы Парламентке көшу туралы бастама — мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған батыл шешім. «Мен Сенатқа он жыл басшылық еттім. Бұл жұмысты қашанда зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік деп санадым. Сондықтан маған осы мінберден парламенттік реформа туралы айту оңай емес. Соған қарамастан мен дәл бүгін елімізде көп ұзамай бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтергім келеді. Бірден айтайын, бұл – өте маңызды мәселе. Оны асығыс жүзеге асыруға болмайды. Бұл реформа азаматтық секторда, сарапшылар ортасында, сондай-ақ, әрине, қазіргі Парламентте жан-жақты талқылануы қажет. Реформаның мән-маңызы айрықша…

Read More