«Қазақстан – әлем қауымдастығының ажырамас бөлігі. Мемлекетіміз Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан. Қазіргі заман бұлыңғыр, тұрақсыз болса да, біз бәріміз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріне қадам бастық. Менің негізгі мақсатым – осындай түрлі қатерге толы кезеңде еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Өскелең ұрпақ бақытты, берекелі өмір сүруге тиіс. Сол үшін бәріміз бір ұлт болып, табанды еңбек етуіміз керек. Бұл – баршамызға ортақ өте маңызды жұмыс, аса жауапты азаматтық және ұлттық міндет. Жұмысымыз қаншалықты күрделі болса да, біз міндетті түрде табысқа жетуіміз керек. Басқа жол жоқ. Себебі, бұл – еліміздің болашағы, халқымыздың тағдыры. Сондықтан барлық реформаны салмақты…
Автор: ais_media
Президент Жолдауда маңызды міндеттердің бірі ретінде елге қомақты инвестиция тарту керек деп атап көрсетті. «Қазір дүние жүзінде инвестицияға талас күшейіп барады. Жаңа инвестициялық кезеңді бастауымыз қажет. Қазіргі инвестиция тарту саясаты мардымды деп айта алмаймын. Қаражаттың көбі шикізат салаларына құйылып жатыр. Жалпы, бұл жаман емес, осындай инвестициялар бізге қажет»-деді, Мемлекет басшысы. Шынымен де қазір бүкіл әлемде инвестиция үшін бәсекелестік күшейіп барады. Қазақстан да осы сынға лайық жауап беріп, жаңа инвестициялық кезеңді бастауға тиіс. Сондай-ақ, бүгінге дейін келген қаржының көбі шикізат саласына бағытталды. Бұл да қажет, себебі ол біздің экономикамыздың тірегі болып отыр. Бірақ болашақта тек шикізатқа арқа сүйеу жеткіліксіз. Енді өндіріс,…
В Шымкенте состоялось совещание, посвященное обсуждению Послания Главы государства. С вступительным словом выступил аким города Габит Сыздыкбеков. «Задачи, поставленные нашим Президентом, — это прочный фундамент развития нашей страны в новую эпоху. Для достижения этих целей каждый из нас должен упорно трудиться и вносить свой вклад в благополучие страны», — отметил аким. В совещании, прошедшем в городском акимате, приняли участие представители различных государственных органов, депутаты городского маслихата, члены Общественного совета, представители интеллигенции, руководители высших учебных заведений, а также представители сферы образования, культуры и других отраслей. По словам Габита Сыздыкбекова, каждое Послание Президента определяет конкретное направление развития страны и укрепляет веру народа…
Президентіміздің алға қойған міндеттері – мемлекетіміздің жаңа дәуірдегі дамуының берік іргетасы. Бұл мақсаттарға жету үшін әрқайсымыз табандылықпен еңбек етіп, елдің игілігіне үлес қосуымыз қажет. Мемлекет басшысы Жолдауын талқылау жөніндегі кеңесте сөйлеген Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков осылай деді. Қала әкімдігінде өткен кеңеске түрлі мемлекеттік орган өкілдері, қалалық мәлихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, зиялы қауым өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары, білім, мәдениет және өзге де сала өкілдері қатысты. – Президентіміздің әрбір Жолдауы ел дамуының нақты бағытын айқындап, халықтың болашаққа деген сенімін нығайтады. Мемлекет басшысы өз Жолдауында еліміздің экономикалық өркендеуіне, әлеуметтік тұрақтылығына, ғылым мен технологияны дамытуға, әділетті қоғам орнатуға қатысты өзекті мәселелерді…
«Ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру қажет. Бұл салаға тың серпін беру үшін мемлекет соңғы жылдары реформа жүргізіп жатыр. Қомақты қаражат бөлінуде, биыл шаруаларды қолдауға бір триллион теңге жұмсалды. Қажетті несиелер уақытында берілді. Мұндай ауқымды қолдау елімізде бұрын-соңды болмаған. Бірақ, агроөнеркәсіптің орасан зор әлеуетін толық ашуға бұл шаралардың әзірге жеткіліксіз екені анық. Мәселе – қаражаттың көлемінде емес, ең бастысы, оны тиімді пайдалану қажет. Озық агроэкономикаға көшу үшін Үкіметтің нақты жоспары болуы керек. Қазір ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдейтін бірқатар ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Оған отандық және шетелдік инвесторлар қатысуда. Инвестицияның жалпы көлемі 2 миллиард доллардан асады. Үш мыңнан астам жұмыс…
«Елімізде ауқымды аэро-геофизика зерттеулері әбден ескірген. Цифрлық құралдарды пайдалана отырып, жер қойнауының заманауи картасын жасайтын уақыт келді. Мұндай қадам кен орындарының әлеуетін жаңа сапалық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді. Бұл жұмысқа да халықаралық сарапшыларды тартуға болады. Әрине, ғылыми негізі болмаса, барлау жұмысын ойдағыдай жүргізу мүмкін емес. Келесі жылдың ортасына дейін озық халықаралық стандарттарға сай сертификаты бар зертхана ашу керек. Оны Ұлттық геологиялық қызметтің базасында құрған жөн. Жер қойнауына қатысты мәліметтің бәрін, ең алдымен, жасанды интеллектіні енгізу арқылы жүйелеп, цифрландыру қажет. Геологиялық барлау саласы ауқымды инвестицияға мұқтаж. Үкімет бұл өзекті мәселені ескеру керек. Геологиялық барлау және жер қойнауын игеру саласындағы реформалардың заң…
Бұл бағытта соңғы бес жылда бірқатар жетістік бар деп айтуға болады. Өңдеу өнеркәсібінің жалпы қосымша құны екі есе өсіп, 17 триллион теңгеге жуықтады. Ал, оның жалпы ішкі өнімдегі үлесі 12,4 пайызға жетті. Былтырдың өзінде 163 жаңа өндіріс іске қосылды. Соның нәтижесінде 12,5 мың тұрақты жұмыс орны пайда болды. Мысалы, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Атырау облыстарында машина жасау және металлургия саласындағы ірі кәсіпорындар ашылды. Биыл Алматыда әртүрлі автокөліктер шығаратын Қазақстандағы ең үлкен өндіріс орны жұмысын бастады. Бірақ бұл, әрине, жеткіліксіз. Экономиканы әртараптандыруды тың қарқынмен жалғастыру керек. Ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті, терең өңделген өнім шығаруға басымдық берілуге тиіс. Қазір бұл жұмыс…
«Тағы бір мәселе. Өңірлерге инвестиция тарту барысында арнайы экономикалық аймақтар айрықша рөл атқарады. Алайда олардың көбінің жұмысы мәз емес. Бұл мәселе бойынша әңгімелер талай рет айтылды. Үкімет арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігін арттыру үшін терең сараптама жасап, түбегейлі шаралар қабылдауға дайын болуы керек. Арнайы экономикалық аймақтарды басқаруға жеке компанияларды, қажет болса, шетел компанияларын тартуға болады. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар аймақтардың экономикалық өсімін арттыратын қозғаушы күш болуға тиіс. Бірақ көбі коммуналдық мүліктерді басқарумен және аса маңызды емес жобаларды жүзеге асырумен шектеліп отыр. Олардың аймақ экономикасына әсері шамалы. Үкімет осындай корпорацияларды толыққанды даму институтына айналдыруы керек. Инвестиция тарту – орталық атқарушы органдардың ғана міндеті емес.…
«Қарқынды өсіп келе жатқан көптеген мемлекетте даму көшінің басында жүретін қалалар инвестициялар мен технологияларды өзіне тартатын полюске айналған. Алатау қаласы еліміздің жаңа іскерлік және инновациялық орталығы болуға тиіс. Жалпыұлттық маңызы бар осы жобаны жүзеге асыру үшін арнайы жер бөлінді, бастапқы жоспарлау жұмысы аяқталды, инфрақұрылымның негізгі желілері қосылды. Жақында Қытайға барған сапарымда әлемнің жетекші компанияларымен құны миллиардтаған қаржы тұратын келісімдер жасалды. Шэньчжэнь жаһандық технополисін салуға қатысқан сондай компанияның бірі енді Alatau City жобасын жүзеге асыруға тікелей атсалысады. Келесі қадам – Alatau City-дің мықты институционалдық негіздерін қалыптастыру. Қаланы ел Үкіметіне тікелей бағынатындай етіп, оған арнайы мәртебе беру туралы жарлықты он күн ішінде…
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың тікелей тапсырмасына сәйкес, Сауран ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін жаңа жобаларды іске асыру бағытында маңызды қадам жасалуда. Осы негізде Иассы ауылдық округінде ірі кондитерлік цехтардың басын біріктіретін жаңа өндірістік кластер — «ДәмОрда» құрылысы басталады. Бұл жоба аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың бастамасымен қолға алынып, өңірдің экономикалық дамуына серпін бермек. Аталған жоба аясында бүгін инвесторлар мен жеке кәсіпкерлердің қатысуымен кеңейтілген жиын өтті. Онда үш жақты меморандумға қол қойылып, өндірістік аймақ үшін арнайы жер телімі бөлінді. Шараға Түркістан облысының Кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметовте қатысып, жобаның маңыздылығына тоқталды. ««ДәмОрда» құрамына бірнеше ірі кондитерлік және тағам өндірісімен…