Автор: ais_media

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдық мерейтойына орай Сауран ауданында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік жиынға ауданның зиялы қауымы, ардагерлер, мемлекеттік қызметкерлер мен жастар қатысты. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтап, Конституцияның ел дамуындағы ерекше маңызын атап өтті. Өз сөзінде: – Конституция — тәуелсіз еліміздің басты құндылықтарын айқындаған тарихи құжат. Ол мемлекетіміздің іргетасын бекітіп, халықтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың берік кепілі болып келеді. Бүгінгі мерейлі күнде біз өткенге тағзым етіп, болашаққа нық қадам басамыз. Ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген баршаңызға ризашылығымды білдіремін, — деді аудан әкімі. Сонымен қатар, ол облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің және өзінің атынан бірқатар мемлекеттік…

Read More

Қоғамның даму тарихына көз жүгіртсек, кез келген мемлекеттің өркендеуінде бірлік пен достық ерекше орын алғанын байқаймыз. Өйткені халық арасындағы татулықсыз, ынтымақсыз ешқандай жетістік баянды болмайды. Елдің ішкі тұрақтылығы – экономикалық қуаттылықтың да, әлеуметтік дамудың да, халықаралық беделдің де басты алғышарты. Әлемде қаншама мемлекет ішкі алауыздық пен қақтығыстың кесірінен әлсіреп, дамудан қалып отыр. Бір елде этносаралық жанжал өршіп жатса, бірінде діни бөлінушілік елді тоқырауға ұшыратуда. Осындай жағдайда Қазақстанның татулықты басты құндылық ретінде ұстануы – біздің тарихи тәжірибемізден бастау алған дұрыс шешім. Қазақ халқының қонақжайлығы мен кеңпейілдігі, өзге ұлттарға қолдау көрсету дәстүрі – бүгінгі қоғамдық келісімнің іргетасы болды. XX ғасырдағы депортациялар кезінде…

Read More

Тарих беттерін ақтарсақ, кез келген мемлекеттің дамуы мен өркендеуі халық арасындағы татулыққа тікелей байланысты болғанын көреміз. Себебі береке-бірліксіз, өзара түсіністіксіз ешбір жетістік баянды болмайды. Ел ішіндегі тұрақтылық – экономикалық қуаттың да, әлеуметтік дамудың да, халықаралық беделдің де басты тірегі. Өкінішке қарай, әлемде ішкі алауыздық пен қақтығыстың салдарынан тұралап қалған мемлекеттер аз емес. Бір жерде этносаралық жанжал өршіп жатса, енді бірінде діни қайшылық елді тығырыққа тіреп отыр. Осындай жағдайда Қазақстанның достық пен бірлікті мемлекеттік саясаттың негізіне айналдыруы – халқымыздың тарихи тәжірибесінен бастау алған кемеңгер қадам. Қазақ халқының қонақжайлығы мен кеңпейілдігі, өзге ұлт өкілдеріне қолдау көрсету дәстүрі – бүгінгі қоғамдық келісімнің іргетасы.…

Read More

Т. Рысқұлов көшесінде салынып жатқан қоғамдық кеңістік құрылысы аяқталу сатысында. Жоба демеушілердің қолдауымен және тұрғындардың ұсыныстары негізінде жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, маңайдағы кәсіпкерлік нысандарын бірыңғай дизайн-кодқа сәйкестендіріп, ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Абай ауданындағы «Тельман» шағынауданында 1200 орындық жаңа мектептің құрылысы жалғасуда. Заманауи талаптарға сай білім беру мекемесі қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. №152 жалпы орта мектеп жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі. Мектеп ауласы абаттандырылып, құрылыс компаниясына барлық жұмыстарды толық әрі уақытылы аяқтау тапсырылған. Еңбекші ауданы, Жібек жолы көшесінде орналасқан 6500 шаршы метр аумақты қамтитын қоғамдық кеңістіктің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жоба бизнес өкілдерінің әлеуметтік жауапкершілігі аясында іске асырылуда. Пергола мен әткеншектер, екі…

Read More

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Instagram парақшасында елімізде қолға алынған «Кітап оқитын ұлт» жобасына Шымкенттің ресми түрде қосылғанын хабарлады. Жоба ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың бастамасымен іске қосылып отыр. Пилоттық өңірлер ретінде Шымкент қаласы, Қарағанды және Қостанай облыстары белгіленген. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың кейінгі отырысында: «Озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу» деген болатын. Осы орайда қолға алынған жоба – ұлттың білім мен мәдениетке деген көзқарасын күшейтуге бағытталған. Әкім өз жазбасында: «Шымкент – тарихы терең, мәдениеті бай, білім саласының дәстүрі қалыптасқан қала. Сондықтан дәл осындай маңызы зор жобаның біздің шаһарда жүзеге асуы…

Read More

2025–2026 оқу жылының басталуына орай, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Respublica» партиясының Шымкент қаласындағы әйелдер қанатының облыстық филиалы бірлесіп, әлеуметтік қолдауға мұқтаж, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арнап дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясын ұйымдастырды. Бұл шараның басты мақсаты — білім алуына қажетті жағдай жасау және балаларға қолдау көрсету болып табылады. Шымкент қаласының «Достық үйі» ғимаратында өткізілген қайырымдылық іс-шара барысында 70-тен астам мектеп жасындағы балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар, соның ішінде сөмкелер, дәптерлер, қаламсаптар, бояу жиынтықтары және басқа да оқу құралдары табыс етілді. Бұл көмек балалардың жаңа оқу жылын толық дайындықпен, көтеріңкі көңіл-күймен бастауына мүмкіндік береді. Іс-шара барысында балаларға…

Read More

Бүгін Шымкент қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Айбары мықты – Ата Заң» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы, қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен этносаралық қатынастар саласындағы беделді қоғам қайраткерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы қоғамдық құрылымдардың жетекшілері мен мүшелері, сондай-ақ жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен блогерлер клубының мүшелері қатысты. Жиын барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының құқықтық және саяси мәні, мемлекеттік басқару жүйесіндегі орны, сондай-ақ қоғам өміріндегі рөлі кеңінен талқыланды. Ата Заңның тәуелсіз Қазақстанды демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет ретінде қалыптастырудағы тарихи маңызы мен айрықша үлесі ерекше…

Read More

2025 жылғы 27 тамыз күні Шымкент қаласының Абай, Қаратау, Тұран аудандары аумағында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету және көгалдандыру бағытында бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылды. Бұл жұмыстар қаланың көркеюіне және тұрғындарға қолайлы өмір сүру жағдайын қалыптастыруға бағытталған. Аталған іс-шараларға жалпы саны 100-ден астам адам және 21 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Асар, Шымсити, Қайнарбұлақ, Бозарық, шағын аудандары мен Бәйдібек би даңғылы, А2 айналма жолы, Түркістан, Темірлан тас жолы, Бақбаев, Әл-Фараби, Өтегенов, Төлеметов, Арғынбеков, Жиделібайсын, Жаңа талап, Гагарин, Бөлешев, Сырым батыр, Бәйтереков, Ерімбетов, Алматы көшелерінің бойы мен арық-атыздарды тазалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 4 450 метр ирригациялық жүйелер тазаланды. Жалпы 149 тонна қоқыс шығарылды. Аумақтардағы…

Read More

Шымкент қаласының білім саласында 2025-2026 оқу жылына дайындық аясында маңызды өзгерістер жүзеге асуда. Жаңа оқу жылына дайындық барысында 16 мектеп лицензия немесе лицензия қосымшасына өтініш беріп, білім беру қызметін жүзеге асыруға рұқсат алды. Оның ішінде 11 мектеп мемлекеттік «Келешек мектеп» жобасының аясында ашылған №140-ден №150-ге дейінгі аралықтағы жалпы орта білім беретін мектептер болып табылады. Бұл мектептер мемлекеттік стандарттарға сай сапалы білім беру және заманауи талаптарға сай инфраструктура құру мақсатында іске қосылуда. Сонымен қатар, 5 мектеп жекеменшік форматта жұмыс істеуге лицензия алып, қаладағы білім беру саласына жаңа леп әкелді. Бұл жекеменшік мектептер қатарында: • «SHYMKENT HIGH SCHOOL» ЖШС • «Зерде» мектеп-лицейі…

Read More

«Бақытты отбасы – бақытты ел» акциясы Әйелдердің құқықтарын қорғау, отбасылық құндылықтарды сақтау және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері еліміздің әлеуметтік саясатында маңызды орын алады. Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрлігі басшылығының ерекше бақылауында тұрған бұл бағытта қабылданып жатқан шаралар қоғамда зорлық-зомбылықтың алдын алуға, әйелдер мен балаларды қорғауға, сондай-ақ отбасының қоғамдағы рөлін нығайтуға бағытталған. Осы мақсатта ағымдағы жылдың 27 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында Шымкент қаласында республикалық «Бақытты отбасы – бақытты ел» акциясы өткізілетін болады. Акцияның басты мақсаты – әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ана мен баланы қорғау, отбасылық құндылықтарды нығайту және қоғамды осы мәселелер бойынша ақпараттандыру. Іс-шара барысында тұрмыстық…

Read More