Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласында жуырда іске қосылған экскурсиялық автобусымен шаһарды аралап, туристік бағыттар мен қызмет көрсету сапасымен танысты. Экскурсия барысында облыс әкімі қаладағы негізгі тарихи-мәдени және туристік нысандарды қамтитын маршруттың мүмкіндіктерін көріп, тұрғындар мен қонақтарға ұсынылатын сервистік қызметтердің деңгейіне назар аударды. Сондай-ақ жауапты сала басшыларымен бірге туристік инфрақұрылымды жетілдіру, сервисті дамыту және келушілерге қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар талқыланды. Өңір басшысы Түркістанның туристік әлеуетін арттыруда заманауи экскурсиялық қызметтердің маңызы зор екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай жобалар қаланың тартымдылығын арттырып, туристердің өңірдің тарихи-мәдени мұрасымен жақынырақ танысуына мүмкіндік береді. Айта кетейік,«Red Bus Turkistan» экскурсиялық автобусы туристерге қаланың көрікті…
Автор: ais_media
Түркістан қаласында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік қызметтерді өздігінен алуға бағытталған жаңа форматтағы Smart Point цифрлық ХҚКО өз жұмысын бастады. Заманауи орталық азаматтардың мемлекеттік сервистермен өзара іс-қимылын барынша ыңғайлы, жылдам әрі қолжетімді етуге мүмкіндік береді. Салтанатты ашылу рәсіміне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков қатысты. Цифрлық ХҚКО мемлекеттік қызметтерді өздігінен алуға және цифрлық дағдыларды дамытуға арналған заманауи кеңістік. Smart Point концепциясы мемлекеттік қызметтерді алудың жаңа мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, яғни азаматтар тек қызмет алып қана қоймай, мемлекеттік цифрлық сервистерді өз бетінше пайдаланып, қажеттілігіне қарай мамандардан кеңес ала алады. «Түркістандағы Smart…
Бүгін Сауран ауданындағы «Шаға» өндіріс алаңында БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур ұйымдастырылды. Сапар мақсаты – ауданда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалармен таныстыру, өңірдің өндірістік әлеуетін көрсету. Тур аясында БАҚ өкілдері өндірістік алаңда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қызметімен танысып, инвестициялық жобалар жөнінде жан-жақты ақпарат алды. Алғашқы болып «BNK Group» кәсіпорны таныстырылды. Компания — ауыл шаруашылығы саласына арналған технологиялық жабдықтарды өндіретін жетекші қазақстандық кәсіпорындардың бірі саналады. Бүгінде «BNK Group» америкалық «Nelson Irrigation» компаниясымен бірлесіп, «BNK IRRIGATION» сауда белгісімен айналмалы және фронтальды жаңбырлатып суару құрылғыларын құрастырады. Сонымен қатар, кәсіпорында ауыл шаруашылығы техникалары құрастырылып, агродрондар дайындалады. Пресс-тур бағдарламасы аясында «Aqniet Holding» кәсіпорнының өндірістік әлеуеті де…
Студенты Yili Normal University из Китайской Народной Республики, обучавшиеся в Южно-Казахстанском университете имени М. Ауэзова в рамках программы академической мобильности, успешно завершили учебные курсы. С 22 студентами, прошедшими обучение на филологическом факультете в рамках данной программы, была организована итоговая встреча. На встрече выступил проректор по академическим вопросам университета Ернар Имангалиев, который поздравил студентов с успешным завершением программы. «Двери Университета Ауэзова всегда открыты для вас. Мы верим, что знания и опыт, полученные здесь, станут прочным фундаментом для вашего будущего», — отметил он. Каждому студенту, проявившему активность и успешно освоившему учебную программу, было вручено благодарственное письмо от имени ректора университета. В своем…
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде білім алған Қытай Халық Республикасының Yili Normal University студенттері оқу курстарын сәтті аяқтады. Бағдарлама аясында «Филология» факультетінде білім алған 22 студентпен қорытынды кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ернар Иманғалиев сөз сөйлеп, студенттерді бағдарламаны табысты аяқтауларымен құттықтады. – Әуезов университетінің есігі Сіздер үшін әрдайым ашық. Осында алған білімдеріңіз бен тәжірибелеріңіз болашақтарыңызға берік негіз болады деп сенеміз, – деді ол. Сондай-ақ белсенділік танытып, оқу бағдарламасын сәтті аяқтаған әр студентке университет ректорының алғыс хаты табысталды. Өз сөзінде Интернационалдандыру және рекрутинг департаментінің директоры Лаура Хасенова халықаралық ынтымақтастықты дамыту университеттің негізгі басым…
Активная молодежь Университета Ауэзова, вернувшаяся из познавательной экспедиции, посвященной 185-летнему юбилею великого просветителя и педагога Ибрая Алтынсарина, встретилась с руководством учебного заведения. В ходе 8-дневной экспедиции молодые люди совершили поездку по маршруту Шымкент – Туркестан – Кызылорда – Жезказган – Улытау – Аркалык – Костанай – Карабутак – Арал – Байконур, ознакомившись с историко-культурными местами страны. Главной целью поездки стали повышение интереса молодежи к истории края, укрепление межрегиональных связей и широкая популяризация просветительского наследия Ибрая Алтынсарина. В рамках экспедиции участники посетили исторические памятники и объекты культуры в различных регионах страны, ближе ознакомившись с их историей и поучительным наследием. Кроме того,…
Ұлы ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдық мерейтойына арналған танымдық экспедициядан оралған Әуезов университетінің белсенді жастары оқу орнының басшылығымен кездесті. 8 күнге созылған экспедиция барысында жастар Шымкент – Түркістан – Қызылорда – Жезқазған – Ұлытау – Арқалық – Қостанай – Қарабұтақ – Арал – Байқоңыр бағыттары бойынша сапар шегіп, еліміздің тарихи-мәдени орындарымен танысты. Сапардың басты мақсаты – жастардың ел тарихына деген қызығушылығын арттыру, өңірлер арасындағы байланысты нығайту және Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық мұрасын кеңінен насихаттау болды. Экспедиция аясында қатысушылар еліміздің әр өңіріндегі тарихи ескерткіштерді, мәдени нысандарды аралап, олардың тарихымен және тағылымды мұрасымен жақынырақ танысты. Сонымен қатар, жастар жергілікті тұрғындармен, білім беру…
Национальная академия наук Республики Казахстан при Президенте Республики Казахстан опубликовала новый рейтинг отечественных ученых, чьи научные публикации, индексируемые в международных базах данных Web of Science и Scopus, получили наибольшее количество цитирований (по состоянию на июнь 2026 года). Данный рейтинг является одним из важнейших показателей, отражающих качество научных исследований, их востребованность и влияние в мировом научном сообществе. По итогам рейтинга сразу несколько преподавателей и ученых Южно-Казахстанского педагогического университета имени Ө.Жанибекова вошли в число наиболее авторитетных исследователей страны. Это свидетельствует о высоком научном потенциале университета и укреплении его позиций в международном научно-образовательном пространстве. В направлении «Гуманитарные науки и искусство», включая область «Язык…
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы халықаралық Web of Science және Scopus дерекқорларындағы ғылыми жарияланымдары ең көп дәйексөз алған отандық ғалымдардың 2026 жылғы маусым айындағы жаңа рейтингін жариялады. Бұл рейтинг ғылыми еңбектердің сапасы, олардың халықаралық ғылыми қауымдастықтағы ықпалы мен сұранысын айқындайтын маңызды көрсеткіштердің бірі болып саналады. Биылғы рейтинг қорытындысы бойынша Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің бірқатар оқытушы-ғалымдары еліміздің ең беделді зерттеушілерінің қатарынан көрінді. Бұл – университеттің ғылыми әлеуетінің артып келе жатқанын және халықаралық ғылым кеңістігіндегі орнының нығайып отырғанын көрсетеді. Гуманитарлық ғылымдар және өнер бағыты, оның ішінде «Тіл және әдебиет» саласы бойынша профессор Маржан Дүйсенова еліміздің…
Түркістан қаласында туристерге сапалы сервистік қызмет көрсету және қаланың туристік инфрақұрылымын дамыту мақсатында Smart Shuttle Bus Turkistan қалалық экскурсиялық маршруты іске қосылды. Жаңа жобаның жұмысымен алғашқылардың бірі болып Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы танысты. Қала басшысы туристерге арналған заманауи «Red Bus» экскурсиялық автобусына мініп, оның жайлылығы, қауіпсіздігі және қызмет көрсету мүмкіндіктерін арнайы тексерді. Smart Shuttle Bus Turkistan жобасы Түркістанның негізгі туристік және әлеуметтік нысандарын бір маршрутқа біріктіреді. Маршрут әуежайдан басталып, теміржол вокзалы, Жаңа мешіт, Ботаникалық бақ, Мұз сарайы, Әкімшілік-іскерлік орталық, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Керуен-сарай туристік кешені, Қолөнершілер орталығы, Этноауыл, Ескек есу арнасы, Гауһар ана кесенесі және Орталық базар бағыттарын…