Автор: ais_media

⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бүгін елімізде – Полиция күні және Мемлекеттік қызметші күні аталып өтуде. Сондықтан, алдымен, еліміздегі полиция қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мейрамдарымен құттықтаймын. Мемлекетке қызмет ету – ең құрметті әрі аса жауапты міндет. Сіздер заң мен тәртіпті сақтауға және азаматтардың құқығын қорғауға зор үлес қосып жүрсіздер. Қазір дүние жүзі алмағайып, бұлыңғыр, яғни, өте күрделі кезеңді бастан өткеруде. Осындай құбылмалы уақытта қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, заңның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету – айрықша маңызды міндет. Сол себепті, бүгін біз алғаш рет осындай құраммен жиналып отырмыз. Құқық қорғау жүйесіндегі барлық жауапты құрылымдар жұмыла жұмыс істеуі қажет. Елімізде «Заң мен тәртіптің» қатаң сақталуына қоғам…

Read More

26 маусымда бүкіл әлем жұртшылығы Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күнін атап өтеді. Осыған орай, Шымкент қаласындағы дендросаябақта «Спорт есірткіге қарсы» ұранымен бұқаралық жүгіру өтті. Салауатты өмір салтын насихаттауды көздеген іс-шараға қала тұрғындары, спортшылар, полиция қызметкерлері, еріктілер мен белсенді жастар қатысты. Шындығында, есірткі пайдалану және оның заңсыз айналымы бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамның денсаулығын құртып, олардың тағдырын күл-талқан етіп жатыр. Бұл іс-шара нашақорлықтың жаһандық проблемасына, оның салдарына және оны еңсеруге бағытталған шараларға қоғамның назарын аудару мақсатында ұйымдастырылды. Сондай-ақ, осындай іс-шаралар арқылы азаматтардың, жас ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануына ықпал ету, есірткі қылмысының алдын алу көзделіп отыр. Шара…

Read More

Қаламызда “Shymkent Invest” фронт-офисі жұмыс жасайды. Ұйым инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын жергілікті және шетелдік инвесторларға жоба идеясы басталғаннан пайдалануға берілгенге дейін қолдау шараларымен қатар экспорттау, дамуды қаржыландыру бойынша қызметтер көрсетеді. Инвесторлар тарту және оларды қолдауға қатысты мемлекеттік қызметтер «бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асырылатын болады. Бүгінде елімізде инвесторлар үшін барлық жағдай жасалғанын, Мемлекет басшысының жарлығымен инвестициялық штаб құрылғаны белгілі. Инвесторлармен тиімді жұмыс жүргізу, сондай-ақ сала бойынша нақты бағдарлама әзірлеу қажет, ең бастысы енгізіліп жатқан жобалардың саны емес, сапасы маңызды. Айта кетейік, «Shymkent Invest» ЖШС қала әкімінің бастамасымен құрылған. Мұнда ұйым қызметкерлері инвестициялық жобаларға жан-жақты қолдау көрсетумен қатар құжаттарды дайындауға, жиналыстарды…

Read More

Көшпелі кездесудің соңғы күні қала әкімі Тұран ауданының тұрғындарымен ашық диалог орнатты. Кездесу барысында Сүлейменов, Байтұрсынов, Ақжиек, Ломоносов көшелерінің және «Қазығұрт» пен «Карл Маркс» шағынаудандарының тұрғындары көтерген мәселелер қаралды. Азаматтар көлік қозғалысы қарқынды учаскелерге балама көшелер салу, жол жүктемесін азайту үшін екінші дәрежелі көшелерді кеңейту және бірқатар көшелерге асфальт жабындысын жаңарту сынды өзекті мәселелерді атап өтті. Жер телімін заңдастыру, қоқыс шығару қызметінің жүйелілігі, заңсыз салынған ғимараттарды бұзу, шағын кәсіпкерлік нысандарының жұмысы және учаскелік полиция пункттерінің қызметі туралы да сөз болды. Сондай-ақ, әлеуметтік қолдау, медициналық қызмет сапасы, саябақ пен скверлерді күтіп ұстау, аллея мен мини-футбол алаңшасын салу мүмкіндігі, көпқабатты тұрғын үйлерді…

Read More

Кәрібаева Айнұр Мырзағалиқызы – жоғары санатты дәрігер-педиатр, еңбек өтілі – 24 жыл. Осы уақыт ішінде өз мамандығына адалдығы мен кәсіби біліктілігінің арқасында әріптестері, науқастар мен ата-аналарының зор құрметіне ие болған тәжірибелі маман. Айнұр Мырзағалиқызы – балалар денсаулығын жақсарту ісінде мол тәжірибесі бар, диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін еркін меңгерген. Әр баланың жағдайына жеке көзқараспен қарап, сапалы медициналық көмек көрсетуге әрдайым ұмтылады. Кәсіби қызметінде ұқыптылығы, жауапкершілігі мен талапшылдығымен ерекшеленеді. Қиын жағдайларда жылдам әрі нақты шешім қабылдай біледі. Жас мамандарға тәлімгерлік жасап, өз тәжірибесімен бөлісіп отырады. Ізгілігі мен адамгершілік қасиеттері балалардың тез сауығуына оң әсерін тигізеді. Ол кәсіби білімін үнемі жетілдіріп, ғылыми-тәжірибелік…

Read More

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында, Түркістан қаласында санитарлық тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында жалпы қалалық сенбілік өтті. «Таза қала – ортақ міндет» атты ауқымды акция қаланың тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға бағытталған кең көлемді флешмобтан басталды. Тазалық шарасына қала әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер, 6 сектор, коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, сондай-ақ облыстық басқармалар мен департаменттер белсене атсалысты. Жалпы саны 1000-ға жуық қызметкер сенбілікке жұмылдырылды. Қатысушылар Гауһар ана мен Бала би кесенелері аумағында, сондай-ақ Б.Майлин, А.Жангелдин, О.Жандосов көшелерінде тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбілікке 6 арнайы техника тартылып, шөптер шабылып, аяқжолдар сыпырылып, тұрмыстық қалдықтар жиналды. Нәтижесінде 7 тоннаға…

Read More

Қала күніне орай ұйымдастырылған мерекелік онкүндік аясында Астана алаңында «Той Думан Fest» фестивалі өткізілді. Іс-шара барысында 500 дроннан тұратын аэроқойылым көрсетіліп, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көрініс тарту етілді. Дрондар шоуы заманауи технологиялар мен көркемдік элементтердің үйлесімі арқылы қала аспанын түрлі түсті жарықтармен безендірді. Көпшілік назарына ұсынылған бұл көрініс көрермендердің жоғары бағасына ие болып, мерекелік кештің шарықтау шегіне айналды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш дрондар шоусы – қаланың заманауи келбетін айшықтап, тұрғындардың көңіл-күйін көтеруге бағытталған тың бастамалардың бірі. Шоу көрермендерге жоғары технология мен шығармашылықтың үйлесімін сезіндіре отырып, қала күнін ерекше есте қалдыратын мазмұнды мәдени бағдарлама болды. Мерекелік іс-шаралар қала аумағында жалғасуда. Бағдарлама…

Read More

Киелі шаһар төрінде Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның «Түркістан» атты мерекелік концерті өтті. Бұл концерт Түркістан қаласының облыс орталығына айналып, Түркістан облысының құрылғанына 7 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Арнайы қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев құттықтау сөз сөйлеп, құрмет көрсетті. – Тарихи атауы тереңнен тамыр тартатын Түркістан облысы 2018 жылы дамудың жаңа белесіне көтерілді. Мыңжылдықтар тоғысындағы рухани шаһарға облыс орталығы мәртебесі беріліп, қаланың жаңа тынысы ашылды. Табиғи дарынымен қазақтың атын әлемге танытып, «Түркістан» атауын ән әлемінде қалықтатқан Роза Қуанышқызының айтулы күнді бізбен бірге қарсы алғаны – зор мәртебе. Өзіңіздей музыка тарихында есімі алтын әріптермен жазылған өнер майталмандарының жолын ұрпаққа…

Read More

Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының қызметкерлері Еңбекші ауданы, Тоғыс тұрғын алабындағы заңсыз салынған нысанды анықтады. Нәтижесінде меншік иесіне құрылыс жүргізу барысында «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының талаптарын сақтамағаны үшін (жобалау құжаттамасынсыз, авторлық және техникалық қадағалаусыз, сондай-ақ құрылыстың басталғаны туралы хабарламасыз) 900 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Сонымен қатар аталған құрылыстың жер телімінен тыс салынған бөлігі өз еркімен бұзылды. Кез-келген ғимараттың құрылысын бастар алдын қолданыстағы заң талаптары мен құрылыс нормаларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз! Талаптардың орындалмауы ірі көлемде айыппұл салуға, нысанды мәжбүрлеп бұзуға әкеп соғуы мүмкін.

Read More

Как сказал Касым-Жомарт КемелевичТокаев забота о сохранении жизни и здоровья военнослужащих должна стать приоритетом в работе командования всех уровней. Служба в армии должна держаться на принципах обеспечения безопасности, достоинства, а также дисциплины и справедливости. С учётом этих принципов поручил Главной военной прокуратуре внедрить совместно с Вооруженными Силами, другими войсками и воинскими формированиями два новых проекта: — «Закон и порядок в армии», — «Цифровая профилактика». Цель — создать систему, где каждый военнослужащий защищён, а командир получает доверие и поддержку. Начнем с того, что будут введены современные IT-системы видеонаблюдения в воинских частях с возможностью внедрения технологий искусственного интеллекта — для автоматического анализа…

Read More