Дүниежүзілік экология және қоршаған ортаны қорғау күніне орай Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының еріктілері, Тұран аудандық төтенше жағдайлар басқармасы және қаланың тазалығына бейжай қарамайтын қала тұрғындары «Табиғатым байлығым» атты акция өткізді. Экологиялық акцияға қатысушылар Қазығұрт шағын ауданындағы орман шаруашылығына барып, қоқысты шығарып, тазалық жұмыстарын жүргізді. «Акция өткізілетін орын бекерге таңдалған жоқ. Біз орман шаруашылығының ерекше қорғалатын аумағын, бұрынғы Комсомол көлінің маңын тазартамыз. Бұл акция Экология күніне арнап өткізіліп отыр. Оған Жастар ресурстық орталығының еріктілері мен қоғам белсенділері қатысты», — дейді жастар ресурстық орталығының өкілі Дана Ерханова. Қазір ағаш егілген қыраттың шөбі қурап тұр. Алда-жалда бұл жерде өрт шықса, оны сөндіру…
Автор: ais_media
№16 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байкісі Ұлдаш Өсерқызы 23 жылдан ұстаздық етуден жалықпай, еңбек етіп келеді. 2002 жылы «ШГЭУ» колледжінде бастауыш сынып мұғалімі және 2006 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын бітірген. Ұлдаш Өсерқызының жауапкершілігі жоғары, үздіксіз дамуға ұмтылатын, білім беру ісіне шын ниетімен қарайтын ұстаз. Ізденімпаз, кәсіби тұрғыда дамуға және басқалармен тәжірибе бөлісуге дайын тұрады. Қазіргі таңда өзінің еңбек жолында өзі де оқушылары да қалалық, республикалық түрлі байқаулар мен олипиадалардың иегері. 2023 жылы Оқу-ағарту министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталса, 2024 жылы Оқу-ағарту министрінің «Ы.Алтынсарин төсбелгісімен марапатталды. Мұғалім бақыты…
Шымкент қаласындағы «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай алғаш рет ұйымдастырылған «Достық әуендері» заманауи ұлттық музыкалық конкурсы жеңiмпаздарының қатысуымен салтанатты марапаттау гала-концерті өтті. Байқауға қатысушылардың өнерін еліміздің мәдениет саласының майталмандары бағалады. Атап айтқанда, ҚР Мәдениет саласының қайраткері, «Еңбек Даңқы» төсбелгісінің иегері Сайлаубек Лесбаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Айжан Таженова, ҚР Мәдениет қайраткері Абылайхан Оспанов, Халықаралық Шанхай фестивалінің Бас жүлде иегері Әлден Жақсыбеков, ҚР Мәдениет қайраткері Азиза Исаева төрелік етті. Ән мен үндестік, өнер мен ұлттар достығы әсем тоғысқан кеште сөз алған Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Нұркен Әлімқұлов конкурсқа қатысушылар…
Город Шымкент стал первым регионом, где стартовала инициатива по поддержке отечественного бизнеса со стороны одного из крупнейших нефтедобывающих предприятий страны — компании «Тенгизшевройл». В ходе визита делегации в город состоялась выставка продукции шымкентских товаропроизводителей, а также переговоры с предпринимателями. Аким города Габит Сыздыкбеков провёл встречу с представителями компании и местными предпринимателями. По итогам переговоров были подписаны четыре меморандума о сотрудничестве и поставке продукции. К числу новых партнёров «Тенгизшевройл» присоединились местные компании: ТОО «Барыс-2007», ТОО «Baiterek Agro» и ТОО «Intermilk Kazakhstan». Кроме того, заключён контракт между ТОО «Hill Corporation» и «Тенгизшевройл» на поставку смазочных материалов. Подобные соглашения, особенно off-take контракты, открывают…
Бүгін Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифинг барысында «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің көркемдік жетекшісі Қуанышбек Төлеген мырза және ансамбльдің бас балетмейстері Ақмарал Әбдікәрімқызы төмендегідей мәлімдеме жасады. 2025 жылдың 5 маусымында Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР еңбек сіңірген «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі гастрольдік сапармен келді. Ауқымды мәдени шара ансамбльдің 70 жылдық мерейтойына арналған және «Би керуені» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр. Іс-шара аясында күндізгі уақытта хореография саласының мамандарына және жас өнерпаздарға арналған шеберлік сағаттары ұйымдастырылады. Шараның негізгі мақсаты – тәжірибе алмасу, шығармашылық байланысты дамыту және кәсіби білім мен дағдыны арттыру. Мастер-класстар Шымкент қаласындағы “Қызғалдақ…
Білім мен тәрбиені қатар ұштастырып, шығармашылықпен жұмыс істеп келе жатқан білікті педагог – Алмаганбетова Света Мінсізбайқызы. Ол 1970 жылдың 4 ақпанында Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген. 1990 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтын «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша тәмамдап, 2021 жылы Орталық Азия Инновациялық университетінен педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін иеленді. Света Мінсізбайқызы – еңбек жолын 1991 жылы бастап, бүгінде 33 жылдық педагогикалық өтілімен тәжірибелі, шығармашыл ұстаз ретінде танымал. 2020 жылдан бері Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияда бастауыш сынып мұғалімі қызметін абыроймен атқарып келеді. Білім мен біліктілікті басты ұстаным еткен ұстаз шәкірттерін тек сапалы білімге ғана емес, адамгершілік…
Қазақстан Республикасы бойынша экологиялық мәдениетті арттыру және елді мекендердің тазалығы мен көркеюіне үлес қосу мақсатында ұйымдастырылып келе жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы Түркістан қаласында да өз жалғасын тапты. Осы игі бастама аясында Түркістан қаласында кезекті жалпықалалық сенбілік өтті. Бұл шара қаланың санитарлық жағдайын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Ауқымды экологиялық акцияға Түркістан қаласы әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер мен 6 сектордың қызметкерлері, облыстық басқармалар мен департаменттердің өкілдері, коммуналдық мекемелер және түрлі сала қызметкерлері белсенді қатысты. Сонымен қатар, ерікті түрде келген қала тұрғындары да сенбілікке атсалысып, туған қалаларының көркеюіне үлес қосты. Жалпы саны 800-ден астам адам қатысып,…
Шымкент қаласындағы ең биік Ту тұғырында мыңдаған жүрек бір ырғақта соғып, Мемлекеттік гимн әуеледі. Сағат 11:00-де қала аспанын шарлаған осы ерекше сәт елдің бірлігі мен патриоттық рухының символына айналды. Бұл кең ауқымды акция Мемлекеттік рәміздер күнінің басты оқиғасына айналып, шын мәнінде біріктіруші шара болды. Алаңға қаланың түкпір-түкпірінен ақсақалдар, студенттер, мәслихат депутаттары, әртістер, ұстаздар, балаларымен келген аналар жиналды. Мыңдаған дауыс бір арнаға тоғысып, бұл хорда құрмет, мақтаныш және Отанға деген сүйіспеншілік сезілді. Гимн орындалмас бұрын алаңда мерекелік шеру өтті. Көк байрақтың жүздеген үлкен және шағын нұсқалары желбіреп, алаңды рухқа бөлеп өтті. Артынша кенет тыныштық орнап, сол сәтте жүректер үндескендей, Гимн шырқалды.…
У подножия самого высокого флага Шымкента разлился мощный хор, сотканный из множества голосов. В 11 утра здесь зазвучал Государственный гимн — живьем, в унисон, словно единое дыхание города. Эта масштабная акция стала центральным событием Дня государственных символов, по-настоящему объединяющим. На площадь стекались люди со всех концов города — аксакалы, студенты, депутаты маслихата, артисты, педагоги, мамы с детьми. Голоса сливались в одно — в этом хоре было всё: уважение, гордость, любовь к Родине. Гимну предшествовал праздничный парад. Площадь накрыла волна знамен: сотни больших флагов и мини-версии. Затем — внезапная тишина. И в этот миг, словно по внутреннему зову, зазвучал гимн. Не…
Еңбекті өмірінің мәніне балаған, жас ұрпақтың жүрегіне жарық сәуле себуді мұрат тұтқан жан – №23 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Алдасүгірова Жазира Ескерқызы. Ол – ұстаз болудың зор жауапкершілігін жүрекпен сезініп, әр баланың болашағына үлкен үмітпен қарайтын, ұлағатты ұстаз. Жазира Ескерқызы – шәкірт тәрбиелеуді жай ғана мамандық емес, өмірлік миссия деп түсінетін жан. Сабырлы да салмақты болмысы, әр іске байыппен қарайтын мінезі, ұйымдастырушылық қабілеті мен кәсіби шеберлігі оның әр ісінен көрініс табады. Ұстаз бақыты – шәкірт алғысы десек, ол осы бір биік мәртебеге лайықты, сан мәрте шәкірт ризашылығына бөленіп жүрген бақытты педагог. Жазира Ескерқызының адамгершілікке толы өмір жолы мен еңбектегі табандылығы,…