Автор: ais_media

Бүгін М. Әуезов атындағы ОҚУ-не Орталық Азия білім беру аккредитациясы қауымдастығының (САААЕ) сарапшысы М.М. Бүркітбаев пен ғылым және білім беру үдерістерін ұйымдастыру мен басқару саласының консультанты, IT сарапшы М.М.Акоев жұмыс сапарымен келді. Басшылық құраммен өткен кездесуден кейін сарапшылар Жоғары мектептер, факультет декандары және құрылымдық бөлім басшыларымен кездесті. Кездесуде сарапшылар университеттің халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ғылыми жарияланымдардың сапасын жақсарту және әлемдік рейтингтердегі көрсеткіштерді көтеру мәселелері бойынша маңызды ұсыныстарын ортаға салды. Атап айтқанда, факультеттер деңгейінде жұмыс берушілердің байланыс базасын қалыптастыру, түлектермен жүйелі жұмысты күшейту және олардың кәсіби жетістіктерін қадағалау тетіктері талқыланды. Сонымен қатар, университеттің ғылыми дәйексөзделу көрсеткішін арттыру, зерттеушілерді жоғары рейтингті…

Read More

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне Орталық Азия білім беру аккредитациясы қауымдастығының (CAAAE) сарапшысы, университеттің Директорлар кеңесінің төрағасы Мұхамбетқали Бүркітбаев және ғылым мен білім беру үдерістерін ұйымдастыру мен басқару саласының халықаралық консультанты Марк Акоев жұмыс сапарымен келді. Сапардың негізгі мақсаты – университеттің стратегиялық дамуын талқылау, халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштерді жақсарту және ғылым мен білім беру сапасын арттыруға бағытталған тәжірибе алмасу. Іс-сапар аясында сарапшылар университеттің басшылық құрамымен кездесу өткізді. Басқосуда Басқарма Төрағасы – ректордың міндетін уақытша атқарушы Ғани Бесбаев мәртебелі қонақтарға алғыс білдіріп, мұндай кездесулердің жоғары білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерді талқылауға, жаңа бастамаларды бірлесіп іске асыруға және халықаралық тәжірибені енгізуге зор…

Read More

В Южно-Казахстанском педагогическом университете имени Өзбекәлі Жәнібекова начал работу курс повышения квалификации профессорско-преподавательского состава на тему «Эффективное использование искусственного интеллекта в образовательном процессе». В рамках курса, организованного ТОО «International Project Management Consulting Group», ставшим победителем по итогам государственных закупок, преподаватели университета развивают практические навыки внедрения инструментов искусственного интеллекта в образовательный процесс, разработки учебно-методических материалов, совершенствования научно-исследовательской деятельности и эффективного использования цифровых технологий. Практические занятия, проходящие в офлайн-формате, продлятся до 30 июня. После завершения курса специалисты компании продолжат консультативное сопровождение участников до конца года с целью оказания дальнейшей поддержки. Кроме того, преподавателям будет предоставлена специальная образовательная платформа, обеспечивающая возможность непрерывного профессионального…

Read More

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыруға арналған «Жасанды интеллектті білім беру үдерісінде тиімді пайдалану» тақырыбындағы курс өз жұмысын бастады. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған «International Project Management Consulting Group» ЖШС ұйымдастырып отырған курс аясында университет оқытушылары жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісіне енгізу, оқу-әдістемелік материалдар әзірлеу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру және цифрлық технологияларды тиімді пайдалану бағыттары бойынша тәжірибелік дағдыларын дамытуда. Офлайн форматта өтіп жатқан практикалық сабақтар 30 маусымға дейін жалғасады. Курсты аяқтағаннан кейін де қатысушыларға қолдау көрсету мақсатында компания мамандары жыл соңына дейін консультациялық сүйемелдеу жұмыстарын жүргізбек. Сонымен қатар оқытушылардың үздіксіз білім алуына мүмкіндік…

Read More

Шымкент қаласы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтықпен айналысқан ұйымдасқан топтың заңсыз әрекетін тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қаскөйлер WhatsApp мессенджері арқылы кең таралған алаяқтық схеманы қолданған. Олар азаматтарға туысы, досы немесе жақын танысы болып хабарласып, түрлі сылтаумен шұғыл түрде ақша аударуды сұраған. Алданған тұрғындар көрсетілген шоттарға қаражат жіберіп отырған. Жәбірленушілердің бірі – жергілікті тұрғын. Ол өзіне досының атынан шұғыл қаржылай көмек сұраған хабарлама келгеннен кейін, еш күмәнданбастан көрсетілген есепшотқа 3,5 миллион теңге аударған. Кейін алаяқтықтың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінген. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер алты күдіктіні анықтады. Тінту барысында жалдамалы пәтерден қылмыс жасау кезінде пайдаланылған 19 SIM-карта,…

Read More

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында жергілікті ұлт өкілі емес әскери қызметшілер арасында дәстүрлі «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқауының екінші кезеңі өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, қазақ тіліне деген құрметті арттыру, әскери қызметшілерді мемлекеттік тілді жетік меңгеруге ынталандыру және осы бағыттағы озық тәжірибені кеңінен тарату. Аталған байқау Ұлттық ұланда бірнеше жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Жыл сайын оның мазмұны жаңарып, қатысушыларға қойылатын талаптар күшейтілуде. Тілдік білімді ғана емес, қазақ халқының тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін және отансүйгіштік құндылықтарды дәріптейтін бұл сайыс жеке құрамды тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Байқауға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты Алматы, Шымкент, Түркістан,…

Read More

В региональном командовании «Оңтүстік» Национальной гвардии Республики Казахстан состоялся второй этап традиционного конкурса «Государственный язык – мой язык!» среди военнослужащих некоренной национальности. Основной целью мероприятия является популяризация государственной языковой политики, повышение уважения к государственному языку, мотивация военнослужащих к его глубокому изучению, а также распространение положительного опыта по обучению казахскому языку. Данный конкурс проводится в Национальной гвардии на протяжении нескольких лет. Ежегодно его содержание совершенствуется, а требования к участникам становятся более высокими. Конкурс направлен не только на проверку знаний государственного языка, но и на пропаганду истории, культуры, традиций казахского народа и патриотических ценностей, играя важную роль в воспитании личного состава. В…

Read More

«Әділет» партиясы өңірлік филиалдар желісін құрып, мемлекеттік тіркеуден толықтай өткізді. Аумақтық бөлімшелер еліміздің барлық облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында құрылды. Келесі кезең – филиалдардың басқару органдарын жасақтау: төрағалар мен басшылық органдарды сайлау, сондай-ақ бастауыш партия ұйымдарын құру. Аумақтық желіні қалыптастыру – партияның ұйымдастырушылық құрылымын дамытудың маңызды кезеңі. Бұл қадам азаматтармен тікелей байланыс орнатуға және партия бастамаларын жергілікті деңгейде дамытуға мүмкіндік береді. Еске салсақ, өңірлік филиалдарды құру туралы шешім «Әділет» партиясының ІІ съезінде қабылданып, тиісті Ережемен бекітілген болатын. Құжатта партияның өңірлік құрылымдарының құқықтық мәртебесі, жұмыс тәртібі, басқару және ішкі бақылау жүйесі айқындалған. «Әділет» партиясы мемлекеттік тіркеуден 2026 жылғы 1…

Read More

– Сізге Өзбекстан Президентінің ізгі сәлемін жеткізуді зор мәртебе санаймын. Шавкат Миромонович Қазақстанмен көпжоспарлы ықпалдастықты тереңдетуге ерекше мән береді. Сонымен қатар жоғары деңгейдегі уағдаластықтар мен бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысын айрықша бақылауда ұстайды. Өзбекстан мен Қазақстан Орталық Азиядағы тұрақтылық және орнықты даму жолында бірге жұмыс істеп жатыр. Оның нәтижесі байқалады. Біз бірлесе отырып, аймақ үнін жаһандық аренаға жеткізе аламыз. Өзбекстан бүгінде бауырлас Қазақстанда жүргізіліп жатқан өзгерістерді құптайды. Қазақстан – сенімді одақтасымыз. Бұл жайында ұдайы айтып келеміз, – деді Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы. ✔️Кездесу барысында екі елдің сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы серіктестігін одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстанда…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваның сапары Астана мен Ташкенттің стратегиялық серіктестігін ілгерілету тұрғысынан ерекше мәнге ие екенін атап өтті. – Сіздің сапарыңыз Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ортақ ынтымақтастықты дамыту үшін өте пайдалы болады деп санаймыз. Біздің саяси жүйелерімізде президент әкімшіліктері айрықша рөл атқарады. Мен әкімшіліктер арасындағы жұмыс қатынастарының жанданғанын әрдайым қолдаймын. Бір-бірімізбен байланыстарымыз артқан сайын Орталық Азиядағы тұрақтылық, өңірлік ықпалдастық нығая түседі. Өйткені Қазақстан да, Өзбекстан да тұтас көрсеткіштер бойынша ірі мемлекеттер саналады. Елдеріміз қазір дамудың бетбұрыс кезеңінде тұр. Бізге бейбітшілік пен қауіпсіздік қажет. Сонда ғана реформаларды сәтті іске асыра аламыз, – деді Президент. ✔️Мемлекет басшысы 2026 жыл Қазақстанда Цифрландыру және…

Read More