⚡️Президент: «Мемлекет пен қоғам тұтастығын нығайту – Қазақстан үшін алдыңғы қатардағы міндеттің бірі» «Ең алдымен, баршаңызды алқалы жиынның ашылуымен құттықтаймын! Қадірлі меймандарға осы форумға арнайы келгендері үшін алғыс айтамын. Сіздерді Астана төрінде көргеніме ризамын. Жаңа ғана форум тақырыбы бойынша өзекті ойлар мен құнды пікірлер айтылды. Алдағы уақытта Үкімет бұл жұмысты міндетті түрде назарда ұстайды. Шын мәнінде, бүгінгі жиынның мән-маңызы айрықша. Мемлекет пен қоғам тұтастығын нығайту – Қазақстан үшін алдыңғы қатардағы міндеттің бірі. Еліміз тұрақты дамуы үшін халық пен билік арасында өзара сенім және келісім болуы керек. Бұл – мызғымас қағида. Бірақ мұндай келісім өздігінен пайда болмайтыны анық. Қоғамдық келісім, бұл…
Автор: ais_media
Мемлекет басшысы «Әкімшілік әділет және оның құқық үстемдігін қамтамасыз ету ісіндегі рөлі» атты халықаралық форумда сөз сөйледі ** Глава государства Касым-Жомарт Токаев выступил на международном форуме «Административная юстиция и ее роль в обеспечении верховенства права» t.me/aqorda_resmi
Осы қағиданы басшылыққа ала отырып, Шымкент қаласы аумағындағы қылмыстық ахуалды жақсарту, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, отбасындағы зорлық-зомбылық фактілерін азайту және болдырмау мақсатында Департамент бастығының нұсқауына сәйкес 5–14 маусым аралығында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара барысында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқықтық мәдениетті арттыруға ерекше назар аударылады. Егер сіз отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында орын алған құқық бұзушылық немесе қылмыс фактілерінің куәгері болсаңыз, дереу «102» арнасына хабарлауыңызды сұраймыз. Заң талаптарын сақтау мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету – әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Шымкент қаласындағы №65 орта мектепте полиция қызметкерлері жоғарғы сынып оқушыларымен «Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақтың кепілі» тақырыбында профилактикалық кездесу өткізді. Іс-шараға 150-ден астам оқушы қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Полицейлер оқушыларға құқыққа қарсы әрекеттер үшін жауапкершілік, қоғамдық орындарда, әлеуметтік желілерде қауіпсіздік ережелері, сондай-ақ заңды сақтау мен өзгелердің құқықтарын құрметтеудің маңыздылығы туралы айтты. Ашық диалог барысында оқушылар қызықтырған сұрақтарын қойып, полиция қызметкерлерінен кәсіби жауап алды. Мұндай кездесулер өскелең ұрпақ арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және заңға бағынатын, жауапты азаматтарды тәрбиелеуге ықпал етеді.
Бүгін табиғатты қорғауға арналған ең маңызды халықаралық күндердің бірі, Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Бұл күннің басты мақсаты қоғам назарын қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аударып, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру болған. Қазақстанда да экология мәселесі мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызын үнемі атап өтіп келеді. Президент бастамашы болған «Таза Қазақстан» жобасы бүгінде қоғамды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үндейтін маңызды бастамаға айналды. Осы айтулы күнге орай, Шымкентте салтанатты іс-шара өтіп, табиғатты қорғау саласының дамуына үлес қосқан үздік мамандар марапатталды. Бүгінгі өткен жиында сөз сөйлегендер экология мәселесі тек мемлекеттік органдардың ғана емес,…
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбектің төрағалығымен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде биыл іске асырылатын инвестициялық жобалардың ағымдағы жағдайы және облыс аумағында жүзеге асырылуы жоспарланған инвестициялық жобаларға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Жиын барысында жауапты сала басшылары мен аудандар мен қалалардың әкімдері және жоба бастамашылары жобалардың іске асу барысы, дайындық деңгейі, туындаған мәселелер бойынша баяндап, өзекті мәселелерді шешу жолдары қаралды. Қанат Қайыпбек жауапты тұлғаларға инвестициялық жобаларды уақтылы әрі сапалы жүзеге асыру, оларды сүйемелдеу тетіктерін күшейту және туындаған кедергілерді жедел шешу бойынша бірқатар тапсырма берді. – Инвестициялық жобалардың әрқайсысы уақытылы әрі сапалы жүзеге асырылуы тиіс. Туындаған кедергілерді созбалаңға салмай, жедел…
Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласы тұрақты оң даму динамикасын көрсетуде. 2026 жылдың 4 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 206 млрд теңгені құрап, өсім 111,3 пайызға жетті. Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі артты. 4 айда 56,4 млрд теңге инвестиция тартылып, жоспар 1,8 есе артығымен орындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров баяндады. Облыс басшысы көктемгі дала жұмыстарының қорытындысы және АӨК дамуына тоқталды. Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дақылдарын өткен жылмен салыстырғанда 8 мың гектарға ұлғайтылып, жалпы 919 мың гектарға егілді. Оның ішінде, жаздық дақылдар 536 мың гектар, күздік егіс 208…
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласын дамыту жөніндегі бастамалары аясында және Мемлекет басшысының 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялауына орай Түркістан қаласында тарихи маңызы бар ғылыми-технологиялық жоба жүзеге асырылды. Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, Түркістан қаласы Оқушылар сарайының 5 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған «YasSat-2026: Түркістаннан ғарышқа қадам» жобасы бойынша оқушылар өз қолдарымен құрастырған наноспутникті атмосфераның төменгі қабатына сәтті ұшырды. Бұл жоба өскелең ұрпақтың ғылымға, инновацияға, инженерияға, робототехникаға және ғарыштық технологияларға қызығушылығын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар оқушылардың теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануына мүмкіндік беріп, ғылыми-зерттеу, конструкторлық және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға жол ашты. Салтанатты іс-шараға…
Түркістан облысында қатты тұрмыстық қалдықтарды (ТҚҚ) басқару және қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының инвесторларды тарта отырып, ірі қалаларда ТҚҚ өңдеу зауыттарын салуды жандандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда Түркістан облысындағы 36 мекеме қоқыс жинау және тасымалдаумен айналысса, 15 кәсіпорын қоқысты сұрыптау, 5 кәсіпорын қайта өңдеу жұмыстарын жүргізуде. 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және Экологтар күніне орай бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған пресс-тур ұйымдастырылды. Пресс-тур барысында журналистер Кентау қаласында орналасқан «Қаратау Полимер» ЖШС-нің өндірістік қызметімен танысты. Кәсіпорын 2016 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді. Компанияның басшысы – кәсіпкер Ұлықбек Рахымжанұлы.…
Азаматтардың интернет-алаяқтықтан сақтану деңгейін арттыру және құқықтық сауаттылығын күшейту мақсатында Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері аудан аумағында профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында тұрғындарға интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың кең таралған түрлері, күмәнді сілтемелер мен жалған хабарламалардан қорғану жолдары, жеке деректер мен банк картасы мәліметтерін бөгде адамдарға бермеу қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар, азаматтарға белгісіз нөмірлерден түскен қоңырауларға сақтықпен қарау, күмәнді интернет-сайттар арқылы қаржылық операциялар жасамау және алаяқтық белгілері анықталған жағдайда дереу полиция органдарына хабарласу жөнінде ұсыныстар берілді. Еңбекші ауданы Полиция басқармасы тұрғындарды қырағылық танытуға және жеке деректердің қауіпсіздігін сақтауға шақырады. #заңментәртіп