По итогам 10-го сезона республиканского экологического проекта «Restart», прошедшего в городе Астане, проректор по социальным вопросам и молодежной политике Tashenev University Нурай Жакабай была признана лучшим руководителем проекта и награждена денежной премией в размере 200 000 тенге. Стоит отметить, что коллектив университета присоединился к проекту «Restart» всего 3 месяца назад. За этот короткий период студенты и волонтеры Tashenev University собрали 3500 килограммов пластиковых отходов, внеся весомый вклад в формирование экологической культуры. Кроме того, команда презентовала свой проект в сфере сортировки и эффективного управления пластиковыми отходами, который получил высокую оценку со стороны экспертов. В настоящее время Нурай Жакабай и активная участница…
Автор: ais_media
Астана қаласында өткен республикалық «Restart» экологиялық жобасының 10-маусымының қорытындысында Tashenev University әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі проректоры Нұрай Жақабай жобаның үздік жетекшісі ретінде танылып, 200 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақымен марапатталды. Айта кетейік, университет ұжымы «Restart» жобасына небәрі 3 ай бұрын қосылған болатын. Осы қысқа уақыт ішінде Tashenev University студенттері мен еріктілері 3500 келі plastic қалдықтарын жинап, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға елеулі үлес қосты. Сонымен қатар команда plastic қалдықтарын қайта сұрыптау және тиімді басқару бағытындағы жобасын ұсынып, сарапшылар тарапынан жоғары бағаланды. Қазіргі таңда Нұрай Жақабай мен жобаға белсенді қатысушы, «Бизнес және құқық» білім беру бағдарламасының студенті Ибрахим Шұғыла Әбдіразақызы жобаның…
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ «Қазақстан» мәжіліс залында Қазақстан Ғалымдар Одағының президенті, Ұлттық ғылым академиясының академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, университет Директорлар кеңесінің төрағасы Оразалы Сәбденнің «Әлем, Абай, жасанды интеллект» кітабының тұсаукесері және «Қазақстанның ұлттық идеологиясы» жобасы аясындағы дәрісі өтті. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, жоғары оқу орындарының басшылары, қоғам қайраткерлері, ардагерлер, мәдениет және өнер саласының өкілдері, мемлекеттік мекеме басшылары мен студент жастар қатысты. Жиын бейнеролик көрсетілімінен басталып, қатысушыларға жаңа кітаптың мазмұны мен негізгі идеялары таныстырылды. Іс-шараның ашылуында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Басқарма төрағасы – Ректордың міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев құттықтау сөз сөйлеп, Оразалы Сәбденнің ғылым мен қоғам өміріндегі еңбегіне тоқталды.…
4 июня в Республике Казахстан отмечается День государственных символов. Государственный Флаг, Государственный Герб и Государственный Гимн являются главными ценностями, олицетворяющими суверенитет и единство нашей страны. Они отражают историю, культуру, национальную идентичность народа и принципы независимого государства. Уважительное отношение к государственным символам – долг каждого гражданина и проявление любви к Родине. Почитая наши символы, мы укрепляем национальные ценности и идеалы государственности, воспитываем у подрастающего поколения чувство патриотизма и ответственности за будущее страны. Государственные символы являются важнейшими атрибутами, представляющими миру силу, достоинство и авторитет Независимого Казахстана. Пусть Голубой Флаг нашей страны всегда гордо развивается на высоте, а авторитет государства неизменно растет! #ДеньГосударственныхСимволов…
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран – еліміздің егемендігі мен бірлігін айқындайтын басты құндылықтар. Олар халқымыздың тарихын, мәдениетін, ұлттық болмысын және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасқан ұстанымдарын бейнелейді. Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету – әр азаматтың парызы әрі Отанға деген сүйіспеншіліктің көрінісі. Рәміздерімізді қастерлеу арқылы біз елдік мұраттар мен ұлттық құндылықтарды дәріптеп, өскелең ұрпақтың бойына патриоттық рухты қалыптастырамыз. Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіз Қазақстанның айбыны мен абыройын әлемге танытатын маңызды нышандар. Еліміздің көк байрағы әрдайым биікте желбіреп, мәртебесі асқақтай берсін! #МемлекеттікРәміздерКүні #ҚазақстанРәміздері
Түркістан облысында тұрғындарды жеке қабылдау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бүгін Азаматтарды қабылдау орталығында облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков өңір тұрғындарын жеке қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй, әлеуметтік қолдау, жер қатынастары, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы салаларына қатысты мәселелерді көтерді. Түркістан қаласының тұрғыны тұрғын үйін кепілдіктен босату мәселесі бойынша өтініш білдірсе, тағы бір қала тұрғыны әлеуметтік көмек көрсету жөнінде өтініш айтты. Сауран ауданынан келген бір топ азамат су қоймасын салу, суағар құрылысы және ауыл шаруашылығына арналған жеңілдетілген несие алуға қатысты мәселелерді көтерді. Одан бөлек, жеке қабылдауға келген азаматтар кәсіпкерлікпен айналысу үшін жер телімдерін алуды қарастыруды сұрады.…
Түлкібаста 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Көк Тудың желбірегені» атты салтанатты ту көтеру рәсімі өтті. Елдік пен егемендіктің нышаны саналатын мемлекеттік рәміздерді ұлықтауға арналған іс-шараға аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері, аудан жастары және қоғам белсенділері қатысты. Салтанатты жиын Мемлекеттік Тудың көкке көтерілуімен басталды. Сондай-ақ Елтаңба салтанатпен ортаға шығарылып, Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. Мерекелік іс-шарада аудан әкімі Асқар Естібаев сөз сөйлеп, аудан тұрғындарын Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады. – Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын және Әнұранын ерекше құрметтеп, оларды ұлттық мақтанышымыз ретінде қастерлеуі тиіс. Өскелең ұрпақтың бойына мемлекеттік рәміздерге деген құрмет пен отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру – баршамыздың ортақ міндетіміз,…
ҚР Мемлекеттік рәміздер күні Түркістан қаласында 512 отбасы, яғни 3 мыңнан астам адам баспаналы болды. Ал, былтыр облыс көлемінде 3564 азаматқа пәтер кілті табысталды. Түркістандық тұрғындардың қуанышын бөлісуге арнайы барған Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға жаңа пәтер кілттерін табыстап, ізгі тілегін жеткізді. – Баршаңызды бүгінгі жүректі тебірентер қуанышты сәтпен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – жүздеген отбасының көптен күткен арманы орындалған ерекше мереке. Қазақ халқы «Үйі бардың – күйі бар» дейді. Расында, баспана – әр отбасының бақыты мен берекесінің, тұрақтылығы мен тыныштығының негізі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықтың әл-ауқатын арттыру мен тұрғындарды баспанамен қамтамасыз етуді…
Түркістан қаласында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті. Маңызды іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, мәслихат депутаттары, мемлекеттік орган басшылары, қоғам белсенділері, спортшылар, жастар және тұрғындар жиналды. Салтанатты рәсім барысында Мемлекеттік Ту көкке көтеріліп, жиналған жұртшылық Мемлекеттік Әнұранды шырқады. Бұл – ел бірлігі мен мемлекеттік нышандарға деген құрметтің жарқын көрінісіне айналды. Облыс әкімі тұрғындарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл күннің тарихи және рухани маңызына тоқталды. – 4 маусым – Тәуелсіз Қазақстанның айбынын айқындайтын, елдігіміз бен егемендігімізді әлемге танытатын ерекше күн. 1992 жылы дәл осы күні Туымыз, Елтаңбамыз бен…
В городе Шымкент системно реализуются меры по развитию сферы образования и науки. Высшие учебные заведения мегаполиса усиливают научно-исследовательскую деятельность, уделяя особое внимание внедрению инновационных проектов и укреплению связей с производственным сектором. Это способствует повышению научного потенциала региона и открывает путь к развитию новых идей и технологий. В университетах города усиливаются интеграционные процессы, формируются совместные исследовательские проекты и единые научные платформы. Особенно активно развивается междисциплинарное сотрудничество в сферах инженерии, медицины и информационных технологий. Такое взаимодействие позволяет эффективно использовать научные ресурсы и расширяет участие в международных проектах. Поддержка молодых ученых является одним из приоритетных направлений. Сегодня реализуются грантовые программы, академическая мобильность и…