Автор: ais_media

Түркістан облысына Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев іссапармен келді. Мәдениет саласына жауапты министр былтыр Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі аясында Аққұм ауылында ашылған «Суретшілер үйінің» жұмысымен танысты. Өңірдің талантты қылқалам шеберлерінің көрмесін тамашалады. Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Құттыбек Жақыповпен пікірлесті. Министр қазақ ұлттық гобелен өнерінің үздігі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Құрасбек Тыныбековтің туындыларымен танысты. Дәурен Әскербекұлы іссапар барысында қылқалам шеберлерімен кездесіп, жас таланттарға шығармашылық шабыт тіледі. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Read More

Түркістан қаласы маңындағы «Жасыл белдеу» аймағын алғашында 7 700 гектарға құру жоспарланса, қазір ол меже 13 629 гектарға жетіп, аталған аймақта көшеттер күтіп-бапталуда. Қазіргі таңда Түркістан қаласы мен айналасындағы жасыл екпелердің өнімділігі 65-75 пайызды құрап отыр. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Әбдуәлиев мәлімдеді. «Бүгінде Түркістан қаласының экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында қала аумағында саябақтар мен аллеялардың көлемі артып, 495 гектарға жеткен. Арық-атыздар қалпына келтіріліп, жасыл желек көптеп егілуде. Оған қоса қала аумағында көгалдандырудың жаңа технологияларын қолдану нәтижесінде көшеттердің өнімділігі артқан. Бұл – үлкен еңбектің жемісі. Жасыл алқапты көбейту бағытындағы жұмыстар республика бойынша…

Read More

«Turkistan» телеарнасы «Тұмар» ұлттық телевизия бәйгесінде топ жарды. «Үздік аймақтық телеарна» аталымы бойынша жеңіске жетті. «Тұмар» – ұлттық телевизиялық бәйгесі 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған. Биыл бұл бәйге алтыншы мәрте өтіп отыр. «Turkistan» телеарнасы – 2021 жылдың 21 наурызында қалың көрерменге жол тартты. Бұл – нәбәрі 1,5 жылдық еңбектің нәтижесі. Тәулік бойы төрткүл дүниедегі маңызды оқиғалардан хабар таратып, «Түркістан24» жаңалықтар қызметі қалтқысыз қызмет етуде. «Халық сөзі» бағдарламасы түйткілді мәселенің түйінін тарқатса, «Zoom», «Tereze», «Ашық микрофон» арызданған халықтың әр сауалын қанағаттандырып, алтын көпір орнатуда үлкен жұмыстар атқарып келеді. 1 жылдан астам уақытта телеарна 40-тан астам…

Read More

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Ағыбет елді мекенінде 1993 жылы туған ауыл жастарының демеушілігімен салынған кіші футбол алаңшасы пайдалануға берілді. Футбол алаңшасының ашылуына аудан әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков қатысып, отаншыл азаматтардың бастамасына ризашылығын білдірді. Шарада округтің төбе биі Әлмырза Еркебаев, Ағыбет ауылының биі Сейдалы Әмірбеков аудандық мәслихаттың депутаты Әбдірахман Төрехан, құттықтау сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті. Жаңа алаңда ауыл жастары арасында футболдан жарыс ұйымдастырылды. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Read More

Түркістан облысында 9-сынып түлектерін мектептен кейінгі техникалық біліммен қамтамасыз етуді ұлғайту мақсатында 2022-2023 оқу жылына жалпы саны 17 000 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілді. Бұл туралы бүгінгі брифингте Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мәлімдеді. «Талапкерлердің өтінімдерін қабылдау колледждердің қабылдау комиссияларында және www.egov.kz веб-порталы арқылы жүргізілуде. Талапкер оқуға түсу кезінде мемлекеттік грант ұтып алуға конкурсқа түсу үшін 4 колледжге, 4 мамандыққа дейін таңдай алады» — деді Дінислам Болатханұлы. Бүгінгі күнге 41 колледждің қабылдау комиссияларына 1 888 талапкерден өтініш келіп түсіп, SmartNationCollege ақпараттық платформасында тіркелуде. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Read More

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай Конгресс холл ғимаратында мерекелік іс-шара өтті. Өңірдің ақпарат саласының үздіктері бас қосқан жиында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов құттықтау сөз сөйледі. Шара барысында ақпарат саласына еңбегі сіңгені үшін «Еңбек ардагері» медалімен «Оңтүстік Қазақстан» газеті Бас редакторының 1-ші орынбасары Нұрлан Кенжеғұлов, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен «Қазақстан Ұлттық» телеарнасының Түркістан облысы бойынша меншікті тілшісі Айнұр Ақбаева және «Айғақ» телеарнасының Бас редакторы Ұлжан Наушабаева, ҚР Президентінің «Халық алғысы» медалімен «Рейтинг» ақпараттық-сараптамалық апталығының бас редакторы Бақытжан Әбдірашұлы марапатталады. Сонымен қатар аймақтағы ақпарат саласының бірқатар майталмандарына Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Грамотасы мен Алғыс хаты, Түркістан облысы мәслихатының…

Read More

Түркістан облысы Инвестиция және экспорт басқармасының ұйымдастыруымен өңірлік экспорттаушылар кеңесі өтті. Кеңеске Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ, «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы АҚ, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қаржы институттарымен жұмыс жөніндегі дирекциясы, сонымен қатар, облыстағы бірнеше ірі инвестициялық жобалардың ресми өкілдері қатысты. Түркістан облысының тауар айналымы 2022 жылдың 4 айында 428,8 млн. АҚШ долларды құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,5% — ға жоғары (418,3 млн. АҚШ). Осы кезеңде Түркістан облысынан экспорт 16,4% — ға өсіп, 264,2 млн. АҚШ долларын құрады. Шикізаттық емес экспорттың оң серпініне ІҚМ етін…

Read More

Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 136 және 137 баптарына сәйкес салық төлеушілерді бағалау және тәуекел дәрежелері бойынша оларды санаттарға бөлу арқылы тәуекел дәрежесін анықтау қарастырылған. Яғни, салық төлеушінің дербес мәліметтерін зерделеу нәтижесінде тәуекелдерді басқару жүйесі ақпараттық бағдарламасымен автоматтандырылған олардың тәуекел дәрежесі «жоғары», «орташа» және «төмен» деп бөлінеді. Бұл туралы бүгінгі брифингте Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Талдау және тәуекелдер басқармасының басшысы Сәуле Шырынбекова мәлімдеді. «Тәуекел дәрежесенің өлшемшарттарына бір жұмыскердің орташа жалақысы, шығыстар мен кірістер сомасы, салықтық жүктемесі жатады. Тәуекелдерді басқару жүйесі түрлі ақпараттық жүйелерден мәліметтерді жинақтап, талдау жүргізу нәтижесінде электронды шот фактура жазу бойынша салық есептілігіндегі сәйкессіздіктер мен қателіктерді автоматты…

Read More

Қарағанды қаласында төрт жылда бір рет өтетін Бұқаралық ақпарат қызметкерлері арасындағы дәстүрлі спартакиада аяқталды. Спорт додасына еліміздің барлық аймақтарынан сала мамандары қатысты. Журналистердің Олимпиадасына баланатын бұл республикалық жарыста Түркістан облысы құрамасы жалпыкомандалық есепте бас жүлдені иеленді. Спорттың бес түрін қамтыған сайыста ақпарат құралдары өкілдері қазақ күресі мен футбол, волейбол және үстел теннисі, бильярд спортынан республика бойынша іріктелген құрамалар бақтарын сынады. Тартысты өткен спартакиадада көш бастаған түркістандықтар қоржынында 3 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль бар. Ал, жалпыкомандалық екінші орынға Шымкент қаласының командасы қол жеткізді. Командалық үшінші орынға жергілікті Қарағанды құрамасы жайғасты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы тағайындалған кубоктармен және дипломдармен марапатталды.

Read More

2022 жылдың 21-25 маусымында елордаға еліміздің 164 ауданынан 36 мың бала арасында іріктеуден өткен «IQanat-2022» олимпиадасының республикалық слетіне 8-ші сыныптың 750 дарынды ауылдық оқушысы жиналды. Түркістан облысынан 98 ауыл оқушысы 750 оқушы арасынан топ жарып, үздік атану үшін бақ сынасты. Еліміздің ауыл оқушылары арасындағы ең ауқымды офлайн олимпиаданы сапалы білім алуға жол ашу үшін «IQanat» қоғамдық қоры ұйымдастырған. Түркістан облысынан Республикалық Олимпиадаға 98 окушы қатысты. 17 окушы IQanat High School of Burabay мектебіне өтті. 6 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Түркістан облысының оқушылары командалық есепте республика бойынша бірінші орынға ие алды. Барлық оқушыларға құнды сыйлықтар берілді. Ауыл оқушыларына арналған IQanat…

Read More