«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы арқылы жыл басынан бері түркістан облысының кәсіпкерлері 274 жобаға 9,6 млрд теңге көлемінде несие алды. Өңір кәсіпкерлеріне көрсетіліп жатқан қолдау көп. Соған қол жеткізу жолдарын түсіндіру үшін облыстың қала, аудандарында семинар-кеңестер өткізілуде. Бұл туралы халықпен кездесу барысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев тапсырма берген болатын. Жеке кәсіпкерлерге арналған несиелеу бағдарламалары арқылы, яғни жеңілдетілген несие беру арқылы өңірде жаңа жұмыс орындары ашылуда. Кәсіпкерлерді қолдауға қатысты мемлекеттік бағдарламалар өңірде сәтті орындалуда. Кәсіпкерлер үшін толық қолжетімді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасын жүзеге асыруда облыс алғашқы үштіктен…
Автор: ais_media
Бүгін Түркістан облысы Түлкібас ауданында «Жаңа форматтағы кітапханалар. Жаңашыл кітапханашылар» атты Түркістан облыстық кітапханашылар слеті өтті. Алғаш рет өткен шараны Облыстық «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырды. Алдымен қатысушы кітапханашылар «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорық музейіне барды. Содан соң ашық аспан астында Жабағылы ауылдық кітапханасының жұмысымен танысты. Облыстық кітапхана басшысы Жанат Шардарбекова модераторлық еткен жиында жалпы Түркістан облысындағы кітапханалар туралы, сонымен қатар ондағы күрделі мәселелер мен даму жағдайы туралы сөз сөйледі. Мұнан соң «Түлкібас аудандық кітапханалар жұмысы: жағдайы мен жетістіктері», «Түркістан облысы кітапханаларының 2019-2022 жылдардағы жағдайы: аналитика», «Қолжазба – ғасырлар руханияты», «Балалар оқуы: дамыту және қолдау», «Кітапханашылар Сіздер үшін!», «Тың жобалар топтамасы»,…
Бүгін Түркі әлемінің рухани астанасы — Түркістан шаһарына «Еуропа-Азия» халықаралық бейбітшілік және келісім шеруі ат басын бұрды. Үш елдің, яғни Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің 16 қаласын аралауға ниетті жандар көне шаһардың көрікті жерлерін аралап, өлкеміздің тарихымен танысты. Алдымен түрлі этнос өкілдерінен жиналған 30-ға жуық марш қатысушысы Түркістандағы Қ. А. Ясауи маңындағы саябақта көк туды көкте желбіретіп, салтанатты түрде жүріп өтті. Бұдан соң ашық аспан астында арнайы ұйымдастырылған мерекелік іс-шараны тамашалады. Татулық пен бірлікті дәріптеген жиынға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев, Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Бақытжан Әшірбаев, сондай-ақ өңірдегі этномәдени бірлестік өкілдері қатысты.…
Бұған дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тарту үшін арнайы бағдарлама әзірлеген болатын. Онда мұғалімдерді қолдауға бағытталған шаралар кешені қарастырылған. Бұл туралы Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Анафия Арыстанбайқызы мәлімдеді. Оның айтуынша, лауазымдық жалақының 250% мөлшерінде ынталандыру төлемдері, оның ішінде жалақыны көтеру, тұрғын үйді жалдау ақысын және коммуналдық төлемдер шығынын өтеу көзделген. Түркістан, Атырау, Маңғыстау және Алматы облыстарына математика, физика, химия, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі мұғалімдері қажет. Педагогтер конкурс арқылы іріктеледі. Конкурсқа тиiстi бейiндер бойынша жоғары педагогикалық, жоғары кәсiптiк бiлiмi , бiлiктiлiк санаттары бар мұғалімдер, сондай-ақ оқу үлгерiмi…
Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті биыл жыл басынан 366 білім беру ұйымының 181-іне аттестаттау жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 106 балабақша, 73 мектеп, 2 колледж бар. Нәтижесінде 14 білім беру ұйымы аттестатталып, талаптарға сәйкес келмегені — 167. Бұл көрсеткіш мемлекеттік аттестаттау жүргізілген білім беру ұйымының 92,2% құрайды. Бұл туралы департамент басшысы Ғалымжан Алматов мәлімдеді. «Жыл басынан бері электрондық үкімет веб-порталының www.egov.kz, www.elicense.kz ақпараттық жүйесі арқылы 130 мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш түскен. Қаралған 130 өтініштің 22-сі қанағаттандырылып, біліктілік талаптарына сәйкес келмеген 108 өтініш кері қайтарылды. Сондай-ақ, 7 білім беру ұйымына және жаңадан ашылған 9 білім беру ұйымына лицензия және…
Түркістанда 4,8 млн. шаршы метр тұрғын үй салып, 46 мың пәтер пайдалануға беру жоспарлануда. Құрылыс сапасы қатаң бақылауда. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс алаңдарында болды. Тұрғын үй кешені мен әкімшілік ғимараттар бірге орналасқан 20 қабатты екі тұрғын үй құрылысының жұмыс барысымен танысты. Каскадты өру үлгісінде салынған көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды. Құрылысшылармен кездескен облыс басшысы құрылыс барысына оң бағасын берді. Облыс бойынша жыл басынан пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 191,5 мың шаршы метрді құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 17,7%-ға артты. Облыста тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспары 855 мың шаршы метр болып белгіленді. Облыс құрылғаннан…
Түркістан қаласында заманауи үлгідегі спорт нысандары салынып жатыр. Олардың құрылысы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тікелей бақылауында. Бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын дамыту бағытында облыс басшысының бастамасымен бірнеше жаңа спорт орталықтары бой көтерген. Спорт саласына үлкен көңіл бөлетін облыс әкімі қаладағы жаңа спорт нысандардың құрылыс алаңдарын аралады. Жауапты сала басшыларымен кездесіп, жұмыстың сапасына баса назар аударуды тапсырды. Түркістанда салынып жатқан барлық ғимараттар қаланың көркі ғана емес, тарихи келбеті мен болмысын сақтай отырып, заманауи архитектураның озық жетістіктерін пайдалануда. Ғалымдар мен кәсіби мамандардың пікірі ескеріліп, тарихи келбетін жоғалтпауға басымдық берілуде. Спорт – адам өмірінің ажырамас бөлшегі екенін жиі айтатын өңір басшысының тапсырмасымен…
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев 2023 жылы Түркістан қаласы түркітілдес елдердің туристік астанасы болуы мүмкін екенін айтты. «Түркістан — еліміздегі туристік қарқыны жоғары өңірлердің бірі. Қаланың инфрақұрылымы жыл санап дамып келе жатыр. Түркістанға көліктің барлық түрі барады. Бүгінде бұл қалада республикалық және халықаралық айтулы іс-шаралар өтіп жатыр. Әзербайжанда өткен түркітілдес елдердің туризмге жауапты министрлерінің кездесуінде Қазақстан 2023 жылы Түркістан қаласын түркітілдес елдердің туристік астанасы етіп жариялауды ұсынды. Биыл түркітілдес елдердің туристік астанасы – Баку», — деді Ержан Еркінбаев. Вице-министрдің айтуынша, биыл Түркістанға туристерді тарту мақсатында бірқатар ауқымды шаралар өткізіледі. «Жыл соңына дейін жоспарланып отырған іс-шаралардың форматы әртүрлі.…
28 жастағы Қымбат Сарыбайқызы, Раяна, Рәзия және Рәбия есімді үшемді дүниеге әкеліп,алты баланың анасы атанды. Бүгін анасының және сәбилердің жағдайы жақсарып, облыстық перинаталды орталықтан шығарылды. — Қазір үш қыздың жағдайы бір қалыпты. Алдағы уақытта да жағдайларын қадағалап, тұрақты түрде бақылап отыратын боламыз- деді перинаталды орталықтың бас дәрігері Гүлбану Жұмағалиқызы. «Керемет сезім, ештеңе айта алмаймын, қатты қобалжып жүрмін. Бүкіл перзентханаға үлкен алғыс айтамын, дәрігерлері керемет! Құдайға шүкір, жолдасым мен енем жанымда болды. Қазір үйде бүкіл отбасым күтіп отыр, өте қуаныштымын! Болашақта тағы балаларым болады деп ойлаймын», — деп Қымбат әсерімен бөлісті. Қала әкімінің орынбасары Ерлан Бақытжанұлы көпбалалы отбасыға қала әкімнің құттықтауын…
Түркістанның іргесінде құрылыс материалдарын дайындайтын зауыт іске қосылды. Жаңа кәсіпорын темірбетон өнімдерін шығарады. Құрылысы қарқынды өңір үшін жаңа зауытта жаңа технология қолданылады. Нарықта өнімге деген сұраныс өте жоғары. Зауыттың жобалық құны 1 млрд. теңгеден асады. Оның тең жартысы инвестордың өз қаржысы есебінен, қалғаны жеңілдетілген несиемен жүзеге асқан. Жаңа жұмыс орнында 20-ға жуық азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. Жобаның келесі кезеңінде мамандар саны тағы артпақ. Ол кезде шығарылатын өнім түрлері 10-ға дейін көбейеді. Түркістан облысының индустриалдық аймақтарында жалпы құны 32 млрд. теңге құрайтын, 44 жоба іске қосылып, нәтижесінде 2 368 жұмыс орны ашылды. Биыл құны 4,2 млрд. теңгені құрайтын 246 жаңа жұмыс…