Қазақстан – экономикалық өсуі тұрақты, саяси жағдайы мен қоғамдық келісімі қалыптасқан көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет. Бүгінде дәстүрлі дін рухани өмірдің негізгі құрамдас бөлігі ретінде қоғамдық өмірден шеттетілмейді. XX ғасырдың соңында кеңестік жүйеде жаңа саяси-қоғамдық және мәдени-әлеуметтік өзгерістердің пайда болуы ұлттық танымның қалыптасуы мен рухани құндылықтардың дамуына әсер етті. Бұған осы мемлекеттердің жаппай дәстүрлі діни құндылықтары мен салт-дәстүрлеріне көңіл бөлуі дәлел болады. Бұл үрдістен Қазақ елі де қалыс қалмады, қазіргі таңда Қазақстанда діни сана-сезім дағдылы және үйреншікті құбылысқа айналды. Қазақстандық қоғамның кейбір жерлерінде дін ұлттық сәйкестіктің маңызды факторы ғана емес, қалыпты әлеуметтік тәртіпті реттейтін, нормативті-құндылықтың құрамдас бөлігіне айналды. ҚР «Діни қызмет…
Автор: ais_media
Ислам діні сансыз көп ұлттар мен ұлыстарды түрі мен нәсіліне қарамай бір шаңырақ астына біріктірген бейбіт дін. Сондықтан қасиетті Құран кәрім адамзаттық өркениетті байыта отырып, әрбір ұлттың өз болмысын сақтауын, олардың бір-бірімен тәжірибе алмасқанын құптайды. Құран тағылымы адамдарды жақын туыстар мен достарға, жолаушыларға, таныс пен бейтанысқа бірдей әділет көзімен қарауға, оларға жақсылық жасауға үйретеді. Ислам діні ақиқат пен парасаттылық, адамгершілік пен кішіпейілділік секілді кісілік қасиеттерге үгіттейтін дін болса, отан – сол қасиеттерді жүзеге асыратын, пенделерді өркениетке бастайтын ұлы ұғым. Дәстүрлі діндер пайғамбарлары әкелген иләһи тағылымдардың арасында арнайы орын алған мәселенің бірі де – отанды қорғау болатын. «Отанды сүю – иманнан»,…
Дін мен салт-дәстүрдің қазақ қоғамындағы алатын орны жоғары, ұлттық құндылықтар дұрыс қалыптасу үшін де атқарар маңызы өте зор. Дәстүрлі дін – адамдық ізгі қасиеттерімізді асқақтатса, салт-дәстүр – ұлт болып қалыптасуымыз үшін өте маңызды. Әр халықтың өзіне тән, ғасырлар бойы қоғамның дамуына байланысты ерекшеліктері болады. Еліміздің ұлан-байтақ жерді алып жатуының өзі ғасырлар бойы халқымыздың бойындағы, тазалық, батырлық пен ерлік дәстүрін тудырған. Әлемде халықтар ішінде Қазақ халқы ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарға ерекше мән берген. Дәстүр – ұлтты рухани жандандырып, оның ішкі және сыртқы келбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын сипаттар. Түрлі тарихи оқиғалар болсада дәстүрлі діннің тағылымы негізінде дін мен дәстүр – қашанда бір-бірімен…
«Ислам» сөзінің «бейбітшілік», «амандық», «тыныштық» «мойынсыну, бағыну» деген мағыналары бар. Ислам діні сансыз көп ұлттар мен ұлыстарды түрі мен нәсіліне қарамай бір шаңырақ астына біріктірген бүкіл әлемдік бауырмалдықты үйретеді. Сондықтан Ислам діні адамзаттық өркениетті байыта отырып, әрбір ұлттың өз болмысын сақтауын, олардың бір-бірімен тәжірибе алмасқанын құптайды. Елдің тұрақтылығына бүлік салғысы келетін діни ағымдарда бар. Қоғам ішінде бүлікшілік пен алауыздықты тоқтату – әрбір азаматқа міндет. Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистері біздерге осыны бұйырады. Қоғамның бірлігі мен ынтымағы үшін жеке мүддеден бас тарта білу иманның кемелдігіне жатады. Әлемдік діндердің ешбірі қоғам тыныштығын бұзуға рұқсат бермейді. Сол секілді Ислам дінінің де ең…
Дәстүрлі емес конфессияларды жабу керек, құрту керек дейтін сәуегөйлер мен дақпырт жасаушылар құқықтық-демократиялық негіздерді мойындаған әлемдік үрдіс-зайырлы мемлекеттік ұстаным шеңберінде көп конфессионалды жағдайдағы елдерде діни төзімділік пен тағаттылық таныта бейбіт қатар өмір сүруді үйрену керек-ақ. Бұл әрине көп ерік-жігер мен түсіндіруді қажет ететін ыждағаттылықты талап ететін байыпты-күрделі кешенді жұмыс. Иә, ел арасында жерімізде бұрын-соңды болмаған діни ұйымдар жайлы әңгіме бола қалса, «атойлап, аттандап» шыға келетін кетеу пайым немесе солай болып көріну арқылы біреулермен жеке есебін айырғысы келетін «пасықтар» аз емес. Мұндайға Абай хаким: «Көпте ақыл жоқ, ебін тапта жөнге сал»,-деген ғой. Әлемдік геосаяси ықпалдастықтар аясы кеңіп, қоғамда түрлі қарым-қатынастардың күрделенген тұсында…
Facebook, Twitter, Bkонтакте, Whatsapp сияқты әлеуметтік желілерді пайдаланбайтын тұтынушылар бүгінде өте аз. Әсіресе, жастар арасында бұл көрсеткіш 100 пайызға жуықтап қалады. Жастардың санасына үлгілі тәрбие дағдыларын қалыптастыруға ата-аналар мен педагогтар көп күш жұмсайды. Ол дағдылардың нәтижесін жылдар өткен соң ғана көре алады. Дәл сол тәрбие үрдісі жүріп жатқан шақта жастарды қандай мәселе мазалап жүргенін немесе оған қызықты не нәрсе екенін білу қиын. Оны сұрағанның өзінде оқушы не студент ашық айта бермейді. Өйткені, оның қолындағы смартфондағы ақпараттар дәл сол кезде оның миына шабуыл жасап жатады. Олар ол ақпараттарды сабақта немесе үйде үнемі талқыға сала бермейді. Тіпті, өз ортасында да оған баса…
Дәстүрлі Ислам дінінде кеңінен танылған діни-құқықтық ұстаным – ханафи мәзһабына негізделген Матуриди ақидасы Орта Азия аумағындағы мұсылмандармен қатар Қазақстан мұсылмандарының сан ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан дәстүрлі діни сенім танымы. Имам Матуриди Мәураннахр аймағының орталығы болған, бүгінгі Өзбекстан республикасындағы Самарқан шаһарының солтүстік-батысында орналасқан Матурид шағын елдімекенінде дүниеге келген. Имам Матуридидің толық аты-жөні – Әбу Мансур Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Махмуд әл-Матуриди әс-Самарқанди. Матуридидің азан шақырып қойған аты − Мұхаммед, лақап аты − Әбу Мансур. Матуридидің дереккөздерде туған жылы жайлы нақты мәлімет жоқ. Кейбір тарихшылар шамамен һижри үшінші ғасырдың бірінші жартысында, нақтырақ айтқанда, отызыншы жылдары яғни, 844-854 жылдар аралығында дүниеге келгенін…
Тағаттылық, төзімділік-дәстүрлі діндердің баршасына тән. Дінаралық татулықты сақтау қағидатына дәстүрлі Исламда аса мән берілген. Пайғамбарымыз хадисте: «Нағыз мұсылман – өзгелерге тілімен де, қолымен де зиян келтірмеген адам» деген. Және бір хадисінде: «Кімде-кім бір зиммиға (мұсылман елінде тұратын өзге дін өкілдері) қиыншылық көрсететін болса, мен ол адамның дұшпанымын. Ал мен кімнің дұшпаны болсам, онымен ақырет күні жеке есептесемін» деп айтқан. Басқа дін өкілдерімен тату-тәтті қарым-қатынаста болу – ислам шариғаты бұйырған іс-амалдардың бірі болып саналады. Мұхаммед пайғамбар жорық кезінде өзге дін өкілдерінің ғибадат ғимараттарын қиратпауды, дін өкілдерін өлтірмеуді, оларға қол жұмсамауды, өзге діндегілердің құдайларына тіл тигізбеуді өсиет еткен. Демек, шариғат бойынша мұсылман адам өзгелерге…
Кентау қаласына қарасты Қотырбұлақ елді мекенінде «Байсал Керім» демалыс орнында Кентау қаласының ішкі туризм саласын дамыту бойынша көшпелі семинар өткізілді. Семинарда Кентау қаласының туризм бағытын дамыту бойынша жан-жақты ақпараттар берілді. Алғы сөзді қала әкімі Рашид Аюпов бастап ашып берді. Қала басшысы Кентау туризмді дамытуға потенциалы мол өңір екенін атап өтті. «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» РММ директоры А.Ниязов қорықтың туристік бағыттағы дамуы жайында баяндама жасады. «Кентау қалалық музейі» МКҚК директоры Ж.Жиренбаев Қазақстанда кен орындарына арналған музей екеу ғана болса, соның біреуі Кентау қалалық музейі екенін атап өтті. Музейдің бүгінгі таңдағы тынысы жайында мәлімет берді. Түркістан облысы туризм басқармасының туристік қызмет саласындағы…
Түркістан облысының мемлекеттік қызметкерлері ұдайы спортпен шұғылданып, салауатты өмірді ұстанады. «Түркістан Арена» стадионында Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп тексеру департементі қызметкерлері мен Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері таңғы жаттығуын өткізді. Жаттығу соңы жолдастық футбол ойынымен жалғасып, екі команда өзара тартысты ойын өткізді. Тартысқа толы өткен матч 3:3 есебімен тең аяқталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жүзеге асқан шара жалғасын табады. Аталған шараның басты мақсаты – түрлі мемлекеттік қызметкерлер арасындағы өзара бірлікті нығайта отырып, бұқаралық спортқа баулу. Түркістан облысында бұқаралық спортты дамытуға барынша жағдай жасалуда. Облыс орталығында салауатты…