«Террор» және «терроризм» терминдері «қорқыту, үрейлендіру, шошыту, қаймықтыру» мағынаны білдіреді. Қалыптасқан анықтамаларға сәйкес террор – дүйім жұртты үрейлендіру, қоғам мен тұлғалардың психологиясына соққы беру және жасалған амал арқылы адамдардың зәресін ұшыру. Мамандарының пайымдауынша, «террор» термині орасан зор үрей салатын және жекелеген адамдарды қаймықтырып, тоздыратын іс-әрекетті, амалды білдіреді. Ал, «терроризм» дегеніміз саяси-идеологиялық мақсаттарға жету үшін іс жүзіндегі билікті, режимді заңнан тыс жолдармен құлату үшін ұйымдасқан, жүйелі және жалғасты террорлық іс-әрекеттерді қолдану болып табылады. Н.Ә.Назарбаев «Сындарлы он жыл» атты еңбегінде «Терроризм деген не? Терроризмнің иесі кім? Террордың мақсаты қандай?» деген сұрақтарға жауап бере келе, қазіргі кезде белең алып бара жатқан терроризмнің пайда…
Автор: ais_media
«Хизб-ут-Тахрир» партиясы ұйымын Палестинада дүниеге келген Такиу-д-Дин Набхани (1908-1977) құрды. Ол сенімі бойынша ауытқушы мутазиля (мутазалиттер – барлық мәселелерде ақылға жүгінетіндер) ағымына жатады. Т.Набхани әл-Азхар университетін бітіргеннен кейін Палестинаға оралып мұғалім, судья болып жұмыс істеген. 1952 жылы өз партиясын құрып, қалған өмірін оны басқаруға, партияның мәдени және идеологиялық бастауы болып табылатын еңбектер шығаруға арнады. «Хизб-ут-Тахрир» үгітінің басты мақсаты халифатты қалпына келтіру болып табылады. Өздері ашық мәлімдейтіндей, олардың әдістері және міндеттері тек саяси сипатқа ие. Хизбутшылардың пікірінше, ислам тек халифат шеңберінде ғана өмір алады, ал мұсылмандарды тек халиф қана басқаруы керек. Олар қазіргі пішімдегі мемлекетте үгіт-насихат (жақсылыққа шақыру және жамандықтан тыю)…
Әрбір мемлекеттің діни білім беру жүйесінің қалыптасуындағы басымдықтарды бірінші кезекте мемлекет құрушы ұлттың діни қатыстылығы айқындайтыны белгілі. Мұсылман қазақ ұлтының отаны – Қазақстандағы діни білім беру жүйесі соңғы жүзжылдықтарға дейін бірыңғай ислами арнада дамыды. Қазіргі жастардың шетелде білім алып, болашағына сеніммен қарап, Отанына керекті маман боламын деген ұмтылыстары діни оқу орындарынан бөлек құптарлық іс. Өкінішке орай, Таяу Шығыс елдерінде соңғы жылдардағы әртүрлі діни ағымдардың белсенділігінің артуы мен дінаралық қақтығыстардың белең алуы, террористік ұйымдардың ашық әрекет етуі себебінен қоғамдық-саяси және діни ахуал күрделеніп кетті. Бұған қоса, қазіргі таңда түрлі сипаттардағы кереғар діни ағымдардың қызметі ашық жүргізіліп, олар басқа елден білім алу…
Ғаламтор — дүниенің әр түкпіріндегі тұтынушылардың бір-бірімен мәліметтер алмасуына тиімді құрал. Өзіміз білгіміз келген қажетті мәліметтердін жауабын, ғаламтордан тез әрі оңай табамыз. Түрлі ғаламтор желілерінің арасында адамға пайдасымен қоса, зиянын тигізетін ақпараттар жетерлік. Соның бірі – діннің атын жамылған деструктивті діни ағымдардың идеологиясын құрайтын ақпарат көздері. Ғаламтор желісімен таратылатын радикалды бағыттағы діни идеологиялардың көздейтіні – халыққа белгілі бір сенімдерді ұялату және өз ұйымдарына мүмкіндігінше көп пікірлес адамдарды тарту. Қазіргі ақпараттық қоғамда ұйымдар үшін әлеуметтік желілер арқылы насихат жұмысын жүргізу тиімді болып отыр. Деструктивті діни ұйымдар идеологияны тарату мақсатында танымал «ВКонтакте», «YouTube», «Facebook» және «Instagram» желілерін көп қолданады. Бүгінгі таңда радикалды діни…
Кез келген мемлекеттің, қоғамның өзіндік ерекшеліктері болады. Ол ғасырлар бойы қалыптасып отыратын мемлекеттің мүддесімен, ұлттың тарихымен және өмір сүру тәжірибелерімен тығыз байланысты. Яғни мемлекеттің, оның қоғамының ерекшеліктерін айқындап отыратын ұлттық құндылықтар. Ұлттық құндылықтар болмаса мәдениет, дін мен дәстүр, қоғамдағы тұрақтылықты, рухани тұтастықты айқындап отыратын ұлттық бірегейлік сақталмайды. Бұның барлығы ұрпақ санасында өмір сүретін ұлттық құндылықтар туралы ұғымға тікелей тәуелді. Ұлттық құндылықтардың қатарына дүниетаным, ана тілі, ұлттың ділі, дәстүрі, мәдениеті, діні, ұлттық өнер түрлері, атамекен, осы атамекенде жер рухын негіздеп отыратын ата кәсіп түрлері, білім, ғылым және т.б. жатады. Бір сөзбен айтқанда ұлттың табиғи ортасына сай өмір сүрудегі қол жеткізген тәжірибелері…
Дін – қоғамның ең қажетті саласы. Дінді күнделікті өмірден бөліп қарау мүмкін емес. Себебі дін – имандылықтың кепілі. Сол себепті егеменді ел болып қалыптасуымызда өсіп-өркендеуінде діннің алатын орны ерекше. Бүгінде қоғамдық-саяси өміріндегі діннің асыл рөлі артып келеді. Діндар мен діни бірлестіктердің саны үнемі өсіу үстінде. Бүгінде қазақ жерінде 130- ға жуық ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Еліміз конфессияаралық және конфессияаралық әртүрлілік бар әлемдегі санаулы елдердің бірі. Еліміздің дінаралық келісім мен үнқатысудағы құнды тәжірибесі әлем назарын өзіне аударып отыр. Олардың барлығын ортақ мүдделер мен келісімді нығайта түсетін мақсаттар біріктіреді. Дегенмен де, ел ішінде біздің өмірімізді сынап қоғамды оның ішінде…
Қазіргі әлемдегі терроризмге, экстремизмге және оның құбылыстарына қарсы күрес жеке мемлекеттер мен жалпы әлемдік қоғамдастық үшін маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Мұны соңғы кездері жаһандық құбылысқа айналып, жеке және ұлттық бірегейлікті өзгертетін лаңкестік әрекеттердің көлемі мен сипатымен түсіндіруге болады. Осыған орай, терроризм мен діни экстремизмді жеңу мен жоюдың барабар әдістері мен тетіктерін әзірлеу үшін осы құбылыстардың мәнін нақты анықтау қажет. Дін – барлық әділетсіздік пен жалғандыққа қарсы күрестің рухани негізі. Демек, діни экстремизм әртүрлі елдерде адам өмірінің әртүрлі кезеңдерінде, әртүрлі діни нанымдар аясында орын алып, діни наным-сенімдерді жүзеге асыруға қайшы келеді және кедергі жасайды. Сонымен қатар, режим мен қақтығыстар көбінесе…
Қазіргі таңда мемлекетке, қоғамға, жанұяға қауіп төндіріп отырған, адам денсаулығына түзелмейтіндей зиян келтірген теріс пиғылды діни ағымдардың қызметі алаңдатушылық туындатуда. Деструктивті діни ағымдар өз жақтаушыларын пайдалана отырып, үстемдігін күшейту үшін, діни, діни-саяси, денсаулық сақтау, ағартушылық, ғылыми-танымдық, мәдени және басқа да іс-шаралар арқылы өздерінің ниеттерін жасырын насихаттайтын авторитарлық ұйым болып табылады. Дін атын жамылған ағымдар өздеріне жаңа мүшелерді тартып, олардан түскен ақпараттарды бақылауда ұстайды. Сондай-ақ, бейэтикалық тәсілмен жеке тұлғаны бағындыру арқылы, психологиялық қысым көрсету, қорқыту және мүшелерді ұйымда ұстап қалудың өзге де жолдарына сүйенеді. Осылайша олар тұрмыс қалпын және адамның еркін, ақпараттық дүниетанымды таңдау құқығын бұзады. Заңсыз әрі мамандандырылмаған медициналық қызметпен…
«Экстремизм» (extremus) – латын тілінен енген термин, сөздік мәні «соңғы, шеткі» деген мағынаны білдіреді, саяси мағынасы экстремизм бойынша – бұл шектен шыққан көзқараспен және іс-әрекетімен ерекшеленетін күрделі әлеуметтік құбылыс. Сонымен қатар, ашық немесе жанама түрде зайырлы қоғамдағы демократияны жоққа шығаратын саяси қызмет түрі. Діни экстремизм ұғымы – шынайы діннің негізгі қағидаларынан, қазіргі қолданыстағы ұлттық заңнамалардың және халықаралық құқықтың қағидаттарынан тыс шектен шығу дегенді білдіреді. Арнайы сөздік бойынша «діни экстремизм – басқа діндерді ұстанушы адамдарға төзімсіздік танытып, соған сәйкес қоғамға қарсы, көбінесе құқыққа қайшы, соның ішінде азаматтарға қарсы күш қолдану әрекеттеріне шақыру». Діни экстремизм ұғымына Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 2 ақпанында…
«Әс-сәлафия» араб тілінде «алдынғы өткендер, бұрынғылар» яғни «бұрын өмір сүрген бабалар, ізгілер, аталар» деген мағына береді. Терминдік мағынасында «ізашарлар, жол салушылар, негізін қалаушылар» деген мағыналары бар. Ал, теологиялық қолданыстағы «әс-сәлафу салихин» — «ең қайырлы буын» ретінде Мұхаммед пайғамбардың сахабалары, олардың көзін көргендер «табиғин» және табиғиндерге ерген «әтбаға әт-табиғиндер» болып үш ғасырда өмір сүргендер есептеледі. XIII ғасырда Тақиуддин ибн Тәймия фиқһ ғылымында дәстүрлі жол қалыптастырған Ханафи, Малики, Шафиғи, Ханбали мәзһабтарды бидғатшылар деп сипаттап, псевдосәлафилік идеологияның негізін қалыптастырды. Осы идеология қазіргі псевдосәлафилік қозғалыстың философиялық танымына айналды. Псевдосәлафилік ілім XVIII ғасырда Сауд Арабиясы әмірлігінің қалыптасу кезеңінде Мұхаммад ибн Абдулуаһаб әт-Тәмими (1703-1792 ж.) бастаған…