2 қыркүйектен бастап «Медициналық пойыздар» жобасы Түркістан облысында. Пойыздың білікті қызметкерлері алдымен Шойтөбе станциясының тұрғындарын қабылдайды. Заманауи медициналық техникамен жабдықталған «Жәрдем» консультативтік-диагностикалық пойызы Түркістан облысында бір ай бойы болып, 16 шалғай елдімекендегі мына станцияларға барады: 2-3 қыркүйек – Шойтөбе, 4-5 қыркүйек – Темір, 6-7 қыркүйек – Талдықұдық, 8-9 қыркүйек – Шағыр, 10-11 қыркүйек – Монтайтас, 12-13 қыркүйек – Шанақ, 14-15 қыркүйек – Шеңгелді, 16-17 қыркүйек – Жылға, 18-19 қыркүйек – Дарбаза, 20-21 қыркүйек – Қалаш, 22-23 қыркүйек – Бадам, 24-25 қыркүйек – Игілік, 26-27 қыркүйек – Қызылсай, 28-29 қыркүйек – Ынтымақ, 30 қыркүйек-1 қазан – Сас-Төбе, 2-3 қазан – Көктерек.…
Автор: ais_media
Былтыр оңтүстік өңір тұрғындары «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен Павлодар облысына қоныс аударған болатын. Ал жалпы 2021 жылы Солтүстік өңірлерге Түркістан облысынан 847 отбасы, яғни 3779 тұрғын көшіп барған. Бұл жалпы республика бойынша көшкендердің 30 пайызын құрайды. Оның ішінде Павлодар облысына – 550 отбасы (2700 адам), Солтүстік Қазақстан облысына – 206 отбасы (837 адам), Қостанай облысына – 55 отбасы (161 адам), Шығыс Қазақстан облысына – 36 отбасы (81 адам) көшкен. Олардың 1869-і еңбекке қабілетті, ал тұрақты жұмыспен қамтылғандары 1294 адам. Сонымен қатар 397 адам жеке кәсібін ашса, ал қалған 178-і үй шаруасында. Қазіргі таңда олар баспанамен және тұрақты жұмыспен қамтылып, көші-қон субсидиясына…
Түркістан облысы, Келес ауданында орналасқан №25 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің 1982 жылғы түлегі Андрей Лавкард Келес ауданында тұратын 2 жастағы қыздың еміне 1 млн. теңге қаржылай көмек көрсетті. Сыныптастарымен кездесуге Германиядан келген түлектің мектеп бітіргеніне 40 жыл болған. Екі көзі дертке шалдыққан қызға Ташкентте жұмыс істейтін үндістандық дәрігер ота жасауға келісім берген. Айсараға «Абай» Келес аудандық ауруханасы ШЖҚ МКК бастауыш кәсіподақ ұйымы төрайымы Ештаева Гүлмира да көмек қолын созған. – Кәсіподағымыз қашан да мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп тұрады. Кәсіподақ – азаматтық қоғамның ажырамас бөлігі дер едім. Биыл біздің ұйым сондай-ақ, 1-сыныпқа баратын 150-ден аса оқушыға да мектеп сөмкелерін таратты.…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру бойынша үкіметтік емес ұйым, жастар, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестік өкілдері мен облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты коммуналдық мемлекеттік мекеме мамандарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Жиында, «Ақпараттық талдау орталығы» КММ директоры, тарих ғылымдарының докторы Сейдулла Айкөзов, «Бітімгер» медиаторлар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Бейсенбаев, облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Дінислам Бимаханбетов, Қарнақ ауылдық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы, жеке кәсіпкер Бекзат Хабибов, өзбек этномәдени орталығының мүшесі Зулпархан Чалданов Жолдауда айтылған негізгі бағдарлар туралы өз ойларымен бөлісті. «Бітімгер» медиаторлар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Жармаханұлы «Ел…
Ақтау қаласында парапауэрлифтингтен ҚР чемпионаты өтті. Ел чемпионатына республикамыздың барлық аймағынан 200-ге жуық спортшы қатысты. Спартакиадада Түркістан облысының көру қабілеті зақымданған спортшылары командалық есепте 1 орын алды. Атап айтқанда, Мұхтар Қалменов, Зәуре Әйтек, Бағланбек Оналбек, Фахриддин Нарзулла, Ақтолқын Сейілбек, Дилором Дыханова алтыннан алқа тағынды. Нұрдәулет Әділбеков пен Сүйініш Еркінов күміс, Абзал Шакеев қола жүлдегер атанды. 6 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль иеленген параспортшылар Түркістанға оралды. Облыс намысын қорғаған спортшыларды Түркістан облысының мүгедектерге арналған “Сауран” спорт клубының ұжымы, туған-туыстары мен жанкүйерлер күтіп алды. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Былтырдан бастап Алматы әкімдігі клиникалық мамандықтар бойынша дәрігерлерді резидентурада оқытуға қаржы бөліп келеді. Резидентура – бұл жоғары оқу орнынан кейінгі тереңдетілген медициналық білім беру, даму мен кәсіби өсудің мүмкіндігі. Гранттар сұранысқа ие мамандықтарға бөлінеді, қалада медицина кадрларының тапшылығын төмендетуге бағытталған. Қазір 2021 жылы оқуға түскен 108 адам резидентурада оқып жатыр. Биыл байқауға 284 үміткер қатысты. Әкімдік грантын 120 адам иеленді. Оқу мерзімі – 2-3 жыл. Келісім-шартқа сәйкес, олар өз мамандығы бойынша қаланың медициналық мекемелерінде 5 жыл бойы жұмыс істеуге тиіс. Гранттың көпшілігі анестезиология және реаниматология, жұқпалы аурулар, педиатрия және офтальмология мамандықтарына бөлінген. 2023 жылға резидентураға 130 грант және «Эпидемиология» мамандығы…
Алматы қаласын абаттандыруға қатысты ұнаған жобаға дауыс бере аласыз. «Халықтың бюджетке қатысу» бағдарламасы аясында Алматыны жақсарту және дамыту бойынша қала тұрғындарының ұсыныстарын қабылдау мен іріктеу өтті. Ұсыныстың жартысынан көбі аула мен қоғамдық орынды абаттандыруға арналған. Атап айтқанда, спорт және балалар алаңы мен күрке орнату, гүл бақтарды көгалдандыру және жөндеу. Сараптамалық іріктеуден өткен идеялар budget.open-almaty.kz сайтында жарияланды. Енді қала бюджетін қайда жұмсау керектігін алматылықтардың өздері шешеді. Бұған Алматыда тұрақты тіркелген тұрғындар ғана дауыс бере алады. Өзіңізге ұнаған үш жобаға дейін таңдайсыз. Дауыс беру 19 қыркүйекке дейін жалғасады. budget.open-almaty.kz сайтындағы өтінімдермен танысыңыз, қай идеяға дауыс берер едіңіз, пікір жазыңыз.
Қасым-Жомарт Тоқаев облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен жиын өткізді. Кеңесте өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен өзекті проблемалары талқыланды. Сонымен қатар Жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Президент Үкімет пен әкімдерге елдің әлеуметтік мәселелерін жедел реттеу және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шаралар қабылдауды тапсырды. Әкімдіктерге инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлікті қолдау туралы міндеттер жүктеді. Мемлекет басшысы өңір басшыларына жылыту маусымына дайындықты күшейтуді және күзгі егін жинау науқанын жоспарға сай сапалы орындауды тапсырды. Мемлекет басшысы әкімдердің азаматтармен кері байланысты күшейтуі қажет екенін атап өтті. Кеңес соңында Президент Қазақстан халқына арналған бүгінгі Жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге асыру…
Осы оқу жылынан бастап Алматыдағы мектептер толықтай бір немесе екі ауысыммен білім алуға көшеді. Мәдениет шағын ауданында 1500 орынды мектептің ашылуы қаладағы жалғыз үш ауысымды мектеп мәселесін шешуге жол ашты. №191, №146, №125 мектептерге жапсаржай салу арқылы оқушылар саны 875 орынға көбейді. Жыл соңына дейін бес мемлекеттік және екі жеке меншік мектепті пайдалануға беру, сонымен қатар қазіргі қолданыстағы оқу орындарына үш қосымша жапсаржайдың құрылысын аяқтау жоспарға енген.
Түркістан облысының Келес ауданында бір күнде 2 мектеп пайдалануға берілді. Біреуі — Ақтөбе ауылдық округінің Ынтымақ ауылында, екіншісі – Қошқарата ауылдық округінің Жамбыл елді мекенінде. Екеуі де 300 орынға лайықталған, замануи үлгіде салынған. Жаңа оқу жылын жаңа білім ошағында бастаған Ынтмақтық оқушылардың қуанышында шек жоқ. Мұнда спорт зал, асхана және қажетті құралдармен жабдықталған пәндік кабинеттер бар. Жаңа типтік мектептің жалпы алаңы 3025 шаршы метрді құрайды. Мектеп ғимараты 3 қабатан тұрады. Бүгін аталған білім ошағының ашылу салтанаты өтіп, Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев арнайы қатысты. Салтанатты шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізіліп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады. Аудан әкімі құттықтау…