Білім күніне орай, Түркістан облысы, Сайрам ауданында 5 жекеменшік мектеп ашылды. Оның бірі Қайнарбұлақ ауылдық округіндегі 300 орындық бастауыш сыныптарына арналған мектеп болса, қалған 1200 орынға арналған 4 жалпы орта мектеп Манкент ауылдық округінде орналасқан. Алдымен аудан әкімі Ұ.Сәдібеков, облыстың Құрметті азаматтары Ә.Досболов және С.Бараховалармен бірге Қайнарбұлақ ауылындағы 300 орындық «Бақдәулет» жекеменшік бастауыш мектебінің салтанатты ашылуына қатысып, лентасын қиды. Жаңа ғимаратқа келген бастауыш сынып ұстаздары, оқушылары мен ата-аналарына жылы лебіздерін білдірді. Сонан соң, көпшілікке ғимараттың іші таныстырылды. Ұласбек Сәдібекұлы өз құттықтауында: «Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата — аналар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты мереке – Білім күнімен құттықтаймын! 1 қыркүйек…
Автор: ais_media
Жаңа оқу жылы қарсаңында Түркістан облысы, Сауран ауданында заманауи үлгідегі үш жаңа мектеп пайдалануға берілді. Бүгін 400 оқушыға арналған «Жаңа Иқан» мектебі мен 400 орындық «Дарын KZ» мектебінің және 200 орындық «Дара бала» бастауыш мектеп- балабақшасының ашылу салтанаты өтті. Жаңа Иқандағы жаңа мектептердің физика, химия, информатика, биология кабинеттері соңғы үлгідегі техникалармен жабдықталған. «Жаңа Иқан» мектебіне 400-ге жуық оқушы қабылданып, 50-ге жуық ұстаз, 10 кіші қызметкер жұмыспен қамтылды. Ал «Дарын KZ» мектебінің алғашқы оқушылары болып 250-ден астам оқушы қабылданып, 40-қа жуық ұстаз бен 10 кіші қызметкер жұмысқа қабылданды. Жаңа Иқандағы қос мектептің ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Ғани Құрмашұлы бұл екі…
Биыл Алматыда 68 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ұлан Оңалбаев айтты. «2022 жылы 16 тұрғын үйді, яғни 1305 пәтерді немесе 68 мың шаршы метр пәтерді несиеге және жалға беру жоспарлануда. Әрі жұмыс істейтін жастар үшін ауданы 42 000 шаршы метр 1050 пәтер сатып алуға қаржы қарастырылған», — деді Ұлан Оңалбаев. Мемлекеттік бағдарламалар аясында республикалық бюджет қаржысы есебінен коммерциялық тұрғын үй құрылысын ынталандыру үшін 150 көппәтерлі үйде инженерлік-коммуникациялық желілер тартылуда. Соның нәтижесінде 7912 пәтер салынады, оның тең жартысы (50%) мемлекеттік бағдарламалар бойынша жүзеге асады. Тұрғын үй салумен қатар,…
Түркістан облысының облыстық клиникалық ауруханасының ортопедия бөлімшесі жағдайында ортопедия бөлімшесі меңгерушісінің міндетін атқарушы С.Ш. Мусаев, м.ғ.к. М.А. Худайбергеновтың қатысуымен мастер-класс өткізілді. МӘМС шеңберінде «Бұрыштық тұрақтылықпен заманауи металл конструкциясын қолдана отырып, сәуле сүйегінің дистальды эпиметафизін ашық репозициялау» отасы жүргізілді. Бұл ота сәулелі сүйектің күрделі сынуы кезінде жасалады, бұрын мұндай сынықтар консервативті емделетін. Осы арқылы қолдың белсенділігінің төмендеуі немесе күрт шектелуіне әкеліп, пациенттердің мүгедектігінің жоғарылауын артыратын. Жоғарыда аталған ота әдісін қолданған кезде оңалту кезеңі азаяды, сүйектердің синтезі жеделдейді, науқастардың мүгедектік ықтималдығын азайтады және пациенттің әдеттегі өміріне тез оралуына мүмкіндік береді.
Ормандарды сақтау және кеңейту бағытында Кешенді жоспарға сәйкес 5 жылда 110 мың гектар жерге 170 миллионнан аса ағаш көшеттерін егу жоспарланған. Жоспар сәйкес, 2021 жылы 14 619,4 га жерге 18,707 млн. ағаш көшеттері отырығызылса, 2022 жылы 16 940 га жерге 22 млн. ағаш-көшеттерін отырғызу жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылуда. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда Түркістан қаласының айналасынан құрылған «Жасыл белдеудің» жоспарланған 29 511 гектар жер көлемінің 13 629 гектары орындалды. Орман мекемелерінің тұқымбақтарында 30 млн. көшеттері өсірілуде. Алдағы уақытта көшет санын 50-60 миллионға жеткізу жоспарланған. Сонымен бірге Түркістан – Шәуілдір тас жолының екі жағына 50 шақырым…
Түркістан облысында облыстың су айдындарындағы балықтың табиғи қоры 14,1 мың тоннаны құрайды (ғылыми дерек), яғни облыстың балық өндіру потенциялы жоғары деңгейде. Тауарлы балық өндіру бойынша 2020, 2021 жылдары республикада көш бастады. ҚР Үкіметінің балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасына сәйкес, 10 жылда облыста тауарлы балық өндірудің көлемін 20 мың тоннаға жеткізу мақсатында жұмыстар атқарылуда. Бүгінде, резервтегі су айдындарын бекітіп беру, заңдастыру облысаралық балық шаруашылығы инспекцияларының құзырында. Заңға сәйкес, 2022 жылға дейін балық шаруашылығын дамытуды субсидиялау Ауыл шаруашылығы басқармасымен жүргізілген. Бүгінде Табиғи ресурстар басқармасының құзыретіне берілуіне байланысты, Заңдастыру толығымен аяқталды. Түркістан облысы аумағында тауарлы балық өсіруге жарамды 134 өзен-көл…
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеу Түркістан қаласына келіп, Түркістан облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысына қатысты. Әлихан Смайылов депутаттарға ҚР Президентінің Түркістан облысының әкімі қызметіне Ұласбек Сәдібеков пен Дархан Сатыбалдының кандидатураларын қарауға енгізу туралы хатын оқып берді. Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша 286 депутаттың 200-і Д.Сатыбалдының кандидатурасына дауыс берді, 86 депутат Ұ.Сәдібековті таңдады. Сессиядан кейін облыс активінің отырысы өтті. Жиында Әлихан Смайылов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығын оқып берді. Президент Жарлығымен Түркістан облысының әкімі болып Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы тағайындалды. Ел Президенті Шөкеев Өмірзақ Естайұлына аймақ басшысы қызметіндегі көп жылғы жұмысы…
Премьер-Министр ҚР Президенті өңір басшылығының алдына азаматтардың әл-ауқатын арттыру, туризмді, агроөнеркәсіп кешенін және басқа да салаларды дамыту бойынша міндеттер қойғанын атап өтті. Мәселен, Түркістан облысын дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары аясында бірқатар маңызды жобаларды іске асыру көзделген, оның ішінде жаңа өнім шығару, жолдарды жаңғырту, тұрақты жұмыс орындарын құру және жалпы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жабалар бар. «Өңір басшылығы экономиканы барынша әртараптандыру бойынша жұмысты жандандыруы қажет. Тұрғындарды жұмыспен қамтып, азық-түлік өнімдері бағасының өсуін тежеу, халықты газбен және сумен жабдықтау, сондай-ақ мектептегі орын жетіспеушілігін жою мәселелеріне бірінші кезекте назар аудару қажет», — деді Премьер-Министр. Бұл орайда Үкімет басшысы облыс…
Жeтісудің төріндe Қазақ хандығы болып құрылып тарихи қалыптасу барысында бүгінгі Қазақ Eлінe айналғанша күрдeлі конглeмeрат рeтіндe қалыптасты. Қазіргі уақытта оның құрамына 100-дeн астам бір-бірінe ұқсамайтын дәстүрлeрі саналуан, бірнeшe діни-конфeссионалдық бірлeстікт eрден тұратын этностар кіреді. Осындай әртeктілік жағдайында әлeмді алаңдатып отырған ұлтаралық, дінаралық қақтығыстарға ұшырамай, халықтардың бeйбіт қатар өмір сүруінe мүмкіндік бeрeтін eң дұрыс шeшім қандай дeгeн сауал әрбір саналы Қазақ Eлінің eртeңін ойлайтын азаматтарының ойында жүрeрі сөзсіз. Өткeн күннің тарихы дәлeлдeп бeргeндeй Ғылымда «толeранттылық» атауымeн бeлгілі ұғым, осы жeрдe маңыздылыққа иe болады. Бүгінгі күні толeранттылық рухани-өнeгeлі катeгория рeтіндe қазіргі қоғам үшін өзінің тарихи, діни, социомәдeни өзeктілігін айқын аңғартуда. Өткeн ғасырда…
Александриялық салафилер мектебі – өткен ғасырдың жетпісінші жылдары египеттік студенттердің белсенділігі нәтижесінде пайда болған «Әл-жамаға әл-исламия» ұйымынан бөлініп шыққан студенттерден құралған ұйым. Сол кездегі «Әл-жамаға әл-исламия» ұйымының көптеген өкілдері Мұсылман бауырлар (МБ) қозғалысының мүшелігіне кіре бастады. Қазіргі таңда бұл ұйымның әйгілі уағызшылары – Мухаммад Хассан, Мухаммад Хусайн Яъқуб және Абу Исхақ Хуайни. Олар Египеттің және басқа елдерге тиесілі кабельді телерадио арналарда, интернет платформаларында белсенді насихат жұмыстарын жүргізетін уағызшылар ретінде араб әлеміне өте танымал. Александрия салафилері өздерін елдің саяси өмірінен алшақ деп көрсеткісі келгенімен, саяси үдерістерге ықпалын тигізіп жатқандығы белгілі. Олар «Ансар ас-сунна» салафилеріне қарағанда Египеттің саяси өмірін талқылауда көбірек белсенділік танытады.…