Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА 3 ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ
Аймақ

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА 3 ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

01.09.2022
Жаңа оқу жылы қарсаңында Түркістан облысы, Сауран ауданында заманауи үлгідегі үш жаңа мектеп пайдалануға берілді. Бүгін 400 оқушыға арналған «Жаңа Иқан» мектебі мен 400 орындық «Дарын KZ» мектебінің және 200 орындық «Дара бала» бастауыш мектеп- балабақшасының ашылу салтанаты өтті.
Жаңа Иқандағы жаңа мектептердің физика, химия, информатика, биология кабинеттері соңғы үлгідегі техникалармен жабдықталған. «Жаңа Иқан» мектебіне 400-ге жуық оқушы қабылданып, 50-ге жуық ұстаз, 10 кіші қызметкер жұмыспен қамтылды. Ал «Дарын KZ» мектебінің алғашқы оқушылары болып 250-ден астам оқушы қабылданып, 40-қа жуық ұстаз бен 10 кіші қызметкер жұмысқа қабылданды.
Жаңа Иқандағы қос мектептің ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Ғани Құрмашұлы бұл екі ірі мектептен білімді де дарынды ұрпақ тәрбиеленіп шығатынына сенім білдіретінін жеткізді.
«Жаңа ауданымызды дамыту үшін әр салада тынымсыз еңбек етіп келеміз. Білім саласында да игі істер атқарылып, аудан құрылғалы бері бірнеше жаңа мектеп пайдалануға берілді. Сонымен қатар ауданымыздағы көптеген мектептің атауы өзгеріп, ұлт зиялыларының, батырлар мен билердің есімі берілді. Жаңа Иқанда да қос бірдей үлкен мектеп ашылып, халықтың қуанышы еселене түсті. Жаңа мектептен елімізді жаңа деңгейге көтеретін білімді де ұлтжанды ұрпақ тәрбиеленіп шығатынына сенімдімін», деді аудан әкімі.
Шорнақ ауылдық округінде ашылған «Дара бала» бастауыш мектеп- балабақшасында қазақ, орыс сыныптары, ұзартылған күн тобы, сонымен қатар балаларды түрлі өнерге баулитын домбыра, шахмат, би, т.б үйірмелер бар. Болашақта робототехника үйірмесін жетілдіру де жоспарлануда. Сондай-ақ балаларды тасымалдайтын арнайы көлік те қарастырылған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.09.2026

МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

02.09.2026

«Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

26.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.