Шымкент қаласында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының III спартакиадасы өтті. Төрт жылда бір рет өткізілетін жарысқа еліміздің 18 өңірінен келген 800-ден астам спортшы бақ сынады. Сурдлимпиада спортшылары жарыста спорттың 11 түрінен 150 медальды өзара сарапқа салды. Спартакиадаға Түркістан облыстық мүгедектерге арналған «Сауран» спорт клубының спортшылары қатысып, жүлдегер атанды. Облыс намысын қорғаған сайыпқырандар 3 алтын, 3 күміс, 5 қола медаль иеленді. Спорт клубының директоры Абай Ізтілеуұлының айтуынша, өңіріміздің мықтылары саналатын спортшылар дойбы, қол күресі, таеквондо, еркін және дзюдо күресі спорт түрлері бойынша сынға түскен. Тарқатып айтсақ, Жасұлан Сейілханов қол күресінен, Әліби Қаныбеков дзюдо күресінен, Бақытжан Баданов дойбыдан чемпион атанды.…
Автор: ais_media
Қ.Жандарбеков атындағы аудандық Мәдениет үйінде «Жайдарман» сайысы өтті. Әзіл додасына Қызылорда, Алматы, Шымкент, Атырау секілді өңірлерден жастар келіп, өнерлерін көрсетіп, бақ сынасты. Ойынның ашылу салтанатына аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков арнайы қатысып, барлық команданың ойыншыларына сәттілік тіледі. Кешті «Жайдарманның» негізін қалаушы, «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Президенті Есен Елеукен жүргізді. Әділ қазылар ретінде «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы мен Шымкент қаласы филиалдарының жетекшісі Марат Достаев бастаған беделді жастар қатысты. Сайысқа облыс және қалалардан 8 команда жинақталып, 60-тан астам жайдарман ойыншылары өнерлерін паш етті. Жалынды жастардың арасында тек тәжірибелі топтар емес, жас құрамалар мен түрлі лигалардың…
Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев бірқатар кәсіпкерлерге Төлеби ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған мерекелік төсбелгі мен аудан әкімінің «Алғыс хатын» табыс етті. Кездесу Төлеби ауданы әкімдігі ғимаратында өтіп, жеке ісін бастап, табысқа жеткен, қиындықтарға қарамастан жұмыс орындарын ашып, көптеген адамға көмектескен азаматтарды аудан басшысы Төлеген Тұртайұлы мерекемен құттықтап, алғысын жеткізді. Өз бизнесін ашып, қоғам дамуына үлес қосқан, қайырымдылық іс-шараларды, бизнес жүргізудің әлеуметтік және этикалық практикасын ілгерілеткен азаматтардың еңбегі аталып өтілді. — Бүгінгі күні аудан аумағында 8 мыңға жуық кәсіпкерлік субьектісі тіркеліп, жұмыстарын атқаруда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында еліміздегі кәсіпкерлік саласын дамытуға…
Түркістан облысында құрылысы ұзаққа созылған мектептерге жауапты мердігерлермен келісімшарт бұзылды. Олар Жетісай, Отырар және Қазығұрт аудандарында орналасқан. Бүгінгі таңда жобалық-сметалық құжат түзетіліп, сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін, мердігер мекемені анықтап, құрылыс жұмыстары жалғасатын болады. Түркістан облысында биыл 59 мектептің құрылыс жұмыстарын жүргізуге 20,7 млрд. теңге қаржы қаралған. Жыл соңына дейін 59 мектептің 21-ін пайдалануға беру жоспарланған. Бұдан былай жұмысына жауапсыз қараған жосықсыз мердігерлермен жұмыс жалғаспайды. Олардың өз міндетін қалай орындағаны сараланып, қырағы қадағалауда болады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды осы лауазымға тағайындалғаннан кейінгі алғашқы апталық аппарат отырысын өткізіп, білім нысандарының құрылысын мұқият бақылауды тапсырды. Олардың сапасына қадағалауды күшейтуді жүктеді. –…
Бүгін Түркістан облысы әкімдігінде өткен мәжілісте облыс әкімі Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауының негізгі бағыттарына тоқталды. – Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 1-қыркүйегіндегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауын жариялап, реформалардың нақты 5 бағдарын айшықтап берді. Олар: Жаңа экономикалық саясат; Нақты секторды дамыту; Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция; Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту, Заң және тәртіп. Жолдауда Мемлекет басшысы халықтың көкейінде жүрген өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша шешімдерді ұсынып, тапсырмалар берді. Жолдаудағы тапсырмаларды жүзеге асыруда белсенділік және табандылық қажет, – деген Д.Сатыбалды бұл тапсырмалар ел әлеуетін көтеруге…
Жетісайдағы «Күлпаршын» орталық базары өрт қалдықтарынан тазартылып, жекеменшік базардың құрылыс жұмыстары басталды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен құрылыс жұмыстарының барысымен облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаев танысып, кәсіпкерлермен кездесті. Базар аумағын аралап, базар басшылығына сауда нүктелерін кәсіпкерлерге жылдың төрт мезгілінде сауда жасауға қолайлы, өрт қауіпсіздігі толықтай сақталатындай етіп салынуды басты назарда ұстау керектігін жеткізді. Қазіргі таңда жаңа базар құрылысына 15 арнаулы техника жұмылдырылған. Құрылыс жұмыстарымен «TAYMAS» ЖШС мен «Нұр-Л» ЖШС компаниялары айналысуда. Негізінен өрт талаптарын сақтау мақсатында «МПК ПРОЕКТ» ЖШС компаниясы су жүйелері мен кәріз жүйелерінің құрылысын жүргізуде. Сонымен қатар облыс әкімінің бірінші орынбасары орталық базардан бөлек зардап шеккен…
Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыс орталығындағы 10-ға жуық құрылыс нысанын аралап, жұмыс барысымен танысты. Өңір басшысы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс алаңында болып, мердігерлер мен жауаптыларға бірқатар тапсырма берді. Әрбір құрылыстың сапалы жүргізілуінің қатаң бақылауда болатынын айтып, бұл бағыттағы жұмыстардың қашанда назардан түспеуін ескертті. -Түркістандағы құрылыс қарқыны бәсеңдемейді. Ең алдымен сапаға қойылатын талаптар жоғары. Қажет болған жағдайда құрылыс нысандарына қосымша күш тартылады,- деді облыс әкімі. Түркістандағы тұрғын үйлерге сұраныс көп. Баға тұрақты. Әкім олардың сейсмикалық жағдайын бақылауда ұстауды, баспаналардың талапқа толық сай салынуын қадағалауды ескертті. Әкімшілік — іскерлік орталықта 60 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Облыс басшысына Түркістан қаласы…
Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыс орталығындағы 10-ға жуық құрылыс нысанын аралап, жұмыс барысымен танысты. Өңір басшысы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс алаңында болып, мердігерлер мен жауаптыларға бірқатар тапсырма берді. Әрбір құрылыстың сапалы жүргізілуінің қатаң бақылауда болатынын айтып, бұл бағыттағы жұмыстардың қашанда назардан түспеуін ескертті. -Түркістандағы құрылыс қарқыны бәсеңдемейді. Ең алдымен сапаға қойылатын талаптар жоғары. Қажет болған жағдайда құрылыс нысандарына қосымша күш тартылады,- деді облыс әкімі. Түркістандағы тұрғын үйлерге сұраныс көп. Баға тұрақты. Әкім олардың сейсмикалық жағдайын бақылауда ұстауды, баспаналардың талапқа толық сай салынуын қадағалауды ескертті. Әкімшілік — іскерлік орталықта 60 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Облыс басшысына Түркістан қаласы…
Жетісайдағы «Күлпаршын» орталық базарынан 580 жүк көлігімен 3150 тонна қоқыс шығарылды. Жекеменшік базар өрт қалдықтарынан тазартылды. Базарды қалпына келтіру жұмыстары екі ауысымда, тәулік бойы жүргізілді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыға Жетісай базарының бүгінгі жағдайы баяндалды. Облыс әкімі нақты тапсырмалар берді. Аталған оқыс оқиға қайталанбауы үшін аудан, қалалардағы барлық базарлардың талапқа сай жұмыс істеуін қадағалап, қауіпсіздік шараларын тексеруді тапсырды. Өртенген базардың жаңа жобасы жасалды. Сауда нүктелері қолайлы әрі қауіпсіз етіп салынады. Оны тездетіп іске қосу үшін нысан аумағы 6 секторға бөлініп, әр секторда Жетісайға жақын орналасқан Мақтаарал, Сарыағаш, Келес, Шардара, Жетісай және Қазығұрт аудандарының құрылысшылары жұмыс істейді. Базардың инфрақұрылымы жақсарып, жолы…
Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев көпбалалы аналармен кездесті. Кездесу барысында аудан әкімі атынан көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен құттықтап, салтанатты түрде табыс етті. – Құрметті көпбалалы аналар, аяулы жандар, ардақты аналар! Сіздер үшін бүгін қос бірдей қуанышты күн. Марапаттарыңыз Білім күні мерекесімен қатар келіп тұр. Биыл ауданымызда мектептің табалдырығын 5 мыңнан аса оқушы аттады. Өткен жылға қарағанда оқушы саны артуда. Осындай жетістіктерге қол жеткізіп отырған сіздердің үлестеріңіз бен өлшеусіз еңбектеріңіздің арқасында деп білемін. Жыл сайын көпбалалы аналар мен балаларды қолдау мақсатында мемлекет тарапынан қамқорлықтар көрсетіліп келеді. «Отан отбасынан басталады» демекші, сіздер ұрпақты дүниеге әкеліп, мейірім сыйлап,…