Автор: ais_media

Түркістан облысында экономиканың негізгі көрсеткіші – жалпы өңірлік өнеркәсіп өнімінің көлемі 534 млрд. теңгені құрап, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 125 млрд.теңгеге өскен. Түркістан облысының 2022 жылдың 8 айында облыстың өнеркәсіп әлеуетін дамыту мақсатында жалпы құны 12 млрд. 700 млн. теңгеге 26 инвестициялық жоба іске қосылып, 936 жұмыс орны ашылды. Облыс үшін маңызды ірі жобаларды іске асыруды жоспарланып отыр. Атап айтқанда, каустикалық сода, ПВХ, карбид кальций, цемент өндіретін, 5 класты мотор майы мен мұнай өнімдерін өндіретін және фосфорит өңдеу зауыты іске қосылады. Ауыл шаруашылығы саласында 477 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 4%-ға артты. Егістікті әртараптандырудың нәтижесінде көкөніс, бақша,…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркістан облысында биылғы 8 айда атқарылған жұмыстар туралы есеп берілді. Дархан Сатыбалдының айтуынша, экономиканың негізгі көрсеткіші – жалпы өңірлік өнеркәсіп өнімінің көлемі 534 миллиард теңгеге жетіп, 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 125 миллиард теңгеге өскен. Облыста жалпы құны 12,7 миллиард теңгені құрайтын 26 инвестициялық жоба іске қосылып, 936 жұмыс орны ашылған. Ауыл шаруашылығы саласында 477 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, былтырмен салыстырғанда көрсеткіш 4 пайызға артты. Түркістан аумағында бірқатар су нысандарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жоспардағы шаралар іске асырылғаннан кейін ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1 триллион теңгеге жетті. Сондай-ақ жыл басынан бері 486 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға…

Read More

Биыл халық жазушысы, қазақ әдебиеті мен журналистика саласында өшпес із қалдырған белгілі қаламгер Шерхан Мұртазаның туылғанына 90 жыл толды. Түлкібас ауданындағы Шерхан Мұртаза атындағы мектепте Шерхан Мұртаза атындағы қайырымдылық қордың ұйытқы болуымен «Тұғыры биік тұлға» атты ғылыми-танымдық конференция өтті. Оған Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары М.Жанесен, аудан және Жамбыл облысының белгілі ғалымдары мен жазушылары және аудан зиялылары, мұғалімдер қатысты. «Түркі әлеміне қызметі үшін сыйлықтың лауреаты», Абайтанушы М.Мырзахметұлы бастаған бір топ ғалымдар мен жазушылар, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Филология және журналистика» кафедрасының профессоры М.Көпбаева, Тараз қаласындағы Шерхантану ғылыми зерттеу орталығының директоры Қ.Тамабаева, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Филология және журналистика» кафедрасының…

Read More

Түркістан облысында суармалы жерлерді күтіп ұстау мәселесі бүгінде маңызды болып тұр. Сенатор Әли Бектаев Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың атына депутаттық сауалында өңірдегі проблемаларды көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Сенатордың айтуынша, облыстың Шардара, Арыс және Отырар аудандарында 440 мыңнан астам адам тұрады. Олардың көпшілігі егіншілік саласында жұмыс істейді. Сонымен қатар, 74 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлерін суару үшін олар суды Шардара су қоймасынан 1970 жылдары салынған Қызылқұм магистралды каналы арқылы алады. «Осы су қоймаларынан тарайтын каналдар мен су жүйелерінің жағдайы өте нашар. Жарты ғасырға жуық үздіксіз қызмет етіп келе жатқан Қызылқұм магистралды каналының пайдалы әсерінің коэффициенті 0,60-ты ғана құрайды. Жыл сайын су…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында отбасылардағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға аса назар аударды. Тұрмыстық жағдайда зорлық-зомбылық құрбаны болғандарға қоғам болып көмек беруіміз қажеттігін айтты. Осы мақсатта, Төлеби ауданының орталығы Ленгір қаласында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен отбасын қолдау орталығы ашылды. «Үміт үйі» атауына ие болған орталық ең алдымен тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек беріп, қиын жағдайға душар болған ересектер мен балаларға психологиялық қолдау көрсетеді. Ауданның кез келген жастағы тұрғыны, күйзеліске ұшыраған отбасылары әлеуметтік-құқықтық көмек ала алады. Тұрмыстық жанжалдың құрбандары уақытша паналайтын орын 5 бөлмеден тұрады. Аталған орталық Түркістан облысына қарасты…

Read More

Бүгін Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен 8-ші рет өткізіліп отырған облыстық «Мерейлі отбасы — 2022» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті. Шаңырақтың береке-бірлігін насихаттаған мерейлі шарада сөз алған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев жеңімпаздарды арнайы құттықтап, байқауда белсенділік танытқан барлық отбасыға алғысын білдірді. — Дана халқымыз «Отан — отбасынан басталады» деген ұлағатты сөзді текке айтпаған. Отбасы қай заманда болсын мықты мемлекеттің негізі болып саналады. Биыл ұлттық байқауға қатысу үшін Түркістан облысынан 116 отбасы өтініш білдірді. Облыстағы барлық аудан, қалаларда ұйымдастырылған байқаудың алғашқы кезеңінде 26 отбасы жеңімпаз атанды. Арнайы комиссияның шешімімен отбасылар анықталып,…

Read More

Бәйдібек ауданы, Алмалы ауылдық округіне қарасты Бәйдібек ата елдімекеніндегі жаяу жүргіншілер көпірі жөндеуден өтті. Аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков «Ауыл ел бесігі» жобасы бойынша атқарылып жатқан істермен танысу барысында аталған елдімекендегі жөндеуден өткен жаяу жүргіншілер көпірінде болды. Әкімнің мәлімдеуінше, жаяу жүргіншілер көпіріне аудандық бюджеттен қаржы бөлінген. Жаңа көпірге арнайы бетон құйылып, екі жағына тіреуштер қойылып, тұрғындардың қауіпсіздігі қарастырылған. Бәйдібек ата елдімекеніндегі аталған көпірді жөндеуден өткізіп беру жөнінде аудан әкімінің округ тұрғындарымен есеп беру кездесуінде тұрғындар тарапынан мәселе етіп көтерілген болатын. Елдімекен тұрғындарының өтініші қанағаттандырылып, көпір пайдалануға берілді. Айта кетейік, Бәйдібек ата ауылында бүгінгі таңда 1500-ден аса халық тұрады. Елдімекенде ақыл-парасатымен, ерлік…

Read More

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы 20 қарашада тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы 2022 жылғы 21 қыркүйек Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасына тағайындалсын. 2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын. 4. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін уақытында жасауды және дұрыстығын қамтамасыз етсін, Орталық, аумақтық және…

Read More

Түркістан облысына көктемгі әскерге шақыруға берілген тапсырыс сапасы мен саны 103,1 пайызға орындалды. Атап айтқанда, Отан алдындағы борышын өтеуге Қарулы күштер қатарына 60 адам, Мемлекеттік күзет қызметіне 3 адам, Ұлттық ұланға 2 адам берілген тапсырыстан артық жіберілді. Алдағы күзгі әскерге шақыру жоспарына сәйкес, облыстан барлығы 2200-ге жуық азамат әскерге шақырылуы тиіс. Бұл жоспарды сапалы орындау үшін өңірімізден 14 000-ға жуық адам зерделеуден өтуі керек. Бүгінде олардың 700-ге жуығы іріктеліп, жеке істері жинақталуда. Отан алдындағы борышын өтеуге Қарулы Күштер қатарына 60 адам, Мемлекеттік Күзет қызметіне 3 адам, Ұлттық ұланға 2 адам жіберілді. Түркістан облысы әкімінің орынбасары, облыстық шақыру комиссиясының төрағасы Ұлан…

Read More

Бұл туралы бүгін өткен брифингте Түркістан облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Роза Сариева айтты. «Облыста барлық орталықтандырылған жылу қазандықтарының жұмысы кестеге сай атқарылуда. Кентау қаласында орналасқан ЖЭО-5-те дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ол жылыту маусымы басталғанға дейін толық аяқталады. Сондай-ақ, орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген 626 көпқабатты тұрғын үйдің 600-і жылыту маусымына әзір, қалғандарында дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ал 2 561 бюджеттік мекеме мен әлеуметтік нысан 100 пайыз дайын», — деді Роза Олжабайқызы. Спикердің сөзінше, өңірде жалпы көмір отынының қажеттілігі 907,6 мың тонна, тасымалданғаны 423,1 мың тонна. Оның ішінде: коммуналдық-тұрмыстық қажеттілігі — 249,2 мың тонна. Тасымалданғаны — 142,8 мың тонна.…

Read More