Автор: ais_media

«Біз шын мәнінде еңбекқор ұлт болуға ұмтылуымыз керек» Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысы жұртшылығымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. «Жастарымыз үш нәрсенің айрықша маңызды екенін түсінуі керек. Бұл – терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет. Біз құрып жатқан әділетті қоғамда еңбек адамы ең бірінші орында тұруы керек деген ұғымды жастарымызға түсіндіру қажет. Себебі, отаншылдық дегеніміз, ең алдымен, іскерлік, еңбекқорлық. Құр сөзден ештеңе шықпайды. Азаматтарымыз алдымен отбасын асырап, балаларына қамқор болуы керек. Оларға адал еңбегімен, алғырлығымен нәпақасын тауып беруі қажет. Біз шын мәнінде еңбекқор ұлт болуға ұмтылуымыз керек. Әлемде еңбексүйгіш халықтар аз емес. Бұл қасиет, тіпті,…

Read More

Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтауға бағытталған «URKER – 2022» ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен мәлім еткендей, байқауға медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық және өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар қатыса алады. Өтінімдер 30 қыркүйек – 19 қазан күндері қабылданады. Конкурсқа жолданатын жұмыстар 2021 жылғы 2 маусым 2022 жылғы 29 қыркүйек аралығында баспа басылымында, интернет-ресурста жариялануы немесе радиоэфирде шығуы тиіс. Әр үміткер бәйгенің тек екі номинациясына қатысуға құқылы. Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 10 номинация бойынша қабылданады: 1. Жылдың үздік сұхбаты 2. Жылдың үздік репортажы 3. Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал 4. Жылдың үздік журналистік зерттеуі 5.…

Read More

Түлкібас ауданында газбен қамту көрсеткіші 99,8 пайызды құрайды. 13 мыңнан астам халқы бар ауданда елдімекендердің дені көгілдір отынмен қамтылған. Бір ғана шалғайда орналасқан Иірсу ауылы табиғи газбен қамтылмаған болатын. Қазірті таңда ауылда 19 шақырымға жуық газ құбыры тартылып жатыр. Ауылдың ең қиын таулы 15 шақырымға жуық учаскесіне құбыр тарту жұмыстары аяқталып, енді ішкі көшелеріне газ құбыры жүргізілуде. Аудан әкімі Нұрлан Байғұт жауапты мамандармен бірге нысандарды аралап, жұмысты сапалы әрі мерзімінде аяқтау мақсатында біршама тапсырмалар жүктеген. Айта кетсек, аудан әкімі елді мекеннің даму перспективасын ескеріп, қосымша үйлер түсетін жерлерге құбыр бөлігін қалдыру мәселесін назардан тыс қалдырмаған.

Read More

«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы бойынша Түркістан облысында 86 мектеп салу жоспарланған. Президенттің төрағалығымен өткен Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңесте қаралған «Жайлы мектеп» жалпыұлттық жобасын іске асыру мәселесі бойынша Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды салаға жауапты басшылардың басын қосып, нақты тапсырмалар берді. Жаңа үлгідегі мектептер салу үшін жер телімдерін бөлу, инженерлік жүйелерін жүргізу, педагогтермен қамту және уақытында құрылысын аяқтау сынды тапсырмалар міндеттелді. Осы арқылы үш ауысымды, апатты, ескірген мектептер санын жою жоспарға қойылған. – Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңесте 2023 жылы басталуы тиіс мектептер үшін жер учаскесін бөлу және қажетті инфрақұрылымға қосу жөніндегі барлық мәселені бір ай ішінде…

Read More

Республика көлемінде алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің марапаттау рәсімі Түркістан облысында салтанатты түрде өтті. Аламан бәйгеге Қазақстан бойынша 19 өңірдің шабандоздары қатысты. Астанадан бастау алған аламанда шабандоздар 1200 шақырымды бағындырды. Салтанатты шарада сөз алған ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев үздіктер мен жанкүйерлерді құттықтап, іс-шараның маңыздылығына тоқталып өтті. — Бұл — бұрын-соңды болмаған марафон-бәйге. Сондай-ақ, отандық спортымыз үшін де, руханиятымыз үшін де теңдесіз тарихи оқиға. Тақымында тұлпары тулаған қайсар жігіттеріміз жігер танытты, намысты қолдан бермеуге бар күшін салды. Іс-шараға атсалысқан барша қауымға алғысымызды білдіреміз. Жеңіске жеткен командаларды шын жүректен құттықтаймыз! — деді министр. «AMANAT» партиясының Атқарушы…

Read More

Бұл туралы бүгін өткен брифингте Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы М.Көкенов айтты. «Жеке тұлғалардың мүлік салығының төлеу мерзімі салық салу обьектілерінің орналасқан жері бойынша есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей жүргізіледі. Яғни, 2021 жыл үшін жеке тұлғалардың жер және мүлік салықтарын төлеу мерзімі осы жылдың 1 қазанында аяқталады. Осыған орай, облыс тұрғындарын салықтарын мерзімінде төлеуге шақырамын. Салықты төлеу мерзімінен кешіктірген жағдайда төлеуге міндетті соманың 1,5 пайызы өсім болып қосылады», — деді Мейрамбек Байқадамұлы. Спикердің сөзінше, жеке тұлғалардың жер және мүлік салығына 2021 жыл үшін 324 895 жеке тұлғаның 672 631 салық салу…

Read More

Бүгін Сарыағаш ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 1 қазан — Қарттар күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Сарыағаш қаласында орналасқан «Кәусар холл» салтанат сарайында дастархан жайылып, аудан қарттарына құрмет көрсетілді. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында қарттарға, сонымен қатар мүгедек жандарға баса назар аударып, зейнетақы мен жәрдемақының сатылап көтерілуіне, оларға деген қамқорлықтың арта түсуіне жағдай тудырып отыр. Өмірден көргені мен тоқығаны мол қарияларымыз – біздің баға жетпес байлығымыз. Сіздерге қамқорлық жасау – біздің перзенттік парызымыз. Баршаңызға мықты денсаулық, әр отбасыға береке, бірлік, мейірім мен шуақты ғұмыр тілеймін. Мерейлі мерекелеріңіз құтты болсын! — деді аудан әкімі М.Отаршиев мерекелік…

Read More

ТҮРКІСТАНДА БОКСТАН СЕЙІЛХАН САТТАРХАНҰЛЫН ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР БАСТАЛДЫ Өнегелі өмірін шаһар дамуына арнаған, Түркістан қаласының Құрметті азаматы Сейілхан Саттарханұлын еске алуға арналған бокстан жасөспірімдер арасындағы ашық турнир басталды. Жиынға қала әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев, спорт саласында елеулі еңбек еткен азаматтар, түрлі сала өкілдері мен Сейілхан Саттарханұлының жұбайы қатысты. Шараның ашылуында сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары Ерлан Бақытжанұлы спорттық шараның маңыздылығына тоқталды. «Сейілхан ағамыздың өнегелі өмірінде жасаған игі істері көпке үлгі-өнеге. Бүгінгі шараның мақсаты — жастар арасындағы спортты дамыту. Осындай арда азаматтардың атқарған абыройлы істерінен үлгі көрсету», — деді қала әкімінің орынбасары. Айта кетейік, Сейілхан Саттарханұлы – бокстан Сидней Олимпиадасының…

Read More

Бүгін танымал қазақ жазушылары Мұхтар Әузовтің, Шерхан Мұртаза мен Оралхан Бөкейдің туған күні. «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы қазақтың бас ақынына қара сөзбен мәңгілік ескерткіш орнатқан Мұхтар Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйек күні бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс болысындағы Қасқабұлақ деген жерде дүниеге келген. Бала күнінде Семей қаласындағы медреседе, кейін бес кластық орыс мектебінде, 1915–1919 жылдары мұғалімдер семинариясында білім алған. 1917 жылы семинарияда оқып жүрген кезінде халық аңызы бойынша «Еңлік–Кебек» пьесасын жазады. Ал 1921 жылы жазылған «Қорғансыздың күні» атты алғашқы әңгімесімен әдебиетке түбегейлі бет бұрды. Семейде, Орынборда әр түрлі қызмет істей жүріп, Алаш партиясының көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов сияқты…

Read More

20 қарашада өтетін президент сайлауы кезінде мүгедек және ерекше күтімді қажет ететін жандарға жағдай жасау туралы қаулы бекітілді. «Жергілікті атқарушы органдар дауыс беруге арналған ғимаратқа кіреберісте тұтқа, пандус, сондай-ақ басқа да қажетті керек-жарақты (уақытша ғана рұқсат етіледі) қарастыруы тиіс. Дауыс беруге арналған ғимарат мүгедек жандар үшін барынша қолжетімді болуы қажет. Мүмкіндігінше дауыс беру кабиналары ғимараттың бірінші қабатында орналасқаны жөн. Ал жоғары қабатта болса, мүгедек азаматтардың көтерілуіне жағдайы жасалуы тиіс», — деді орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова. Осылайша ОСК мүшелері президент сайлауы кезінде еліміздің барлық өңірінде мүгедек жандарға жағдай жасау туралы қаулы қабылдады. «Дауыс беру ғимаратында тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған…

Read More