«Ұлы дала елі» орталығында ақын Сырбай Мәуленовтың 100 жылдығына орай «Түркістаным — Тұраным» қалалық ақындар айтысы өтті. Түркістан қалалық әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған жыр додасына 10 айтыскер ақын 5 жұпты құрап қатысты. Жас ақындардың өнерін бағалап, әділ төрелігін танытар қазылар алқасының құрамында айтыскер ақын, «Алтын домбыра» иегері Бекарыс Шойбеков, Түркістан қаласының Құрметті азаматы, «Профессор Құлбек Ергөбек зияткерлік бастауыш мектебінің» құрылтайшыларының бірі – Баян Адырбек, айтыскер ақын, «Өнер» мектебінің директоры Тұрар Тлеулиев болды. Дүбірлі айтыста ақындар Сырбай Мәуленовтың 100 жылдығын тақырыпқа арқау етіп, жырдан шашу шашты. Бір-біріне өткір сұрақтар қойып, ұтымды жауаптар қайтарды. Айтыс нәтижесі бойынша Бас жүлдені «Өнер» мектебінің қатысушысы Мейіржан…
Автор: ais_media
Қадірлі ұстаздар! Баршаңызды Ұстаздар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға деген сөзі бар. Себебі, ұстаздық – адал еңбекті талап ететін жауапты миссия. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда Түркістан тұрғындарымен кездесуде шаһарға қолдау жалғасатынын айтты. Президент «Былтыр қалаға Түркі әлемінің рухани астанасы деген мәртебе берілді. Ал, біз киелі шаһарды рухани және тарихи елордамыз десек, дұрыс пайым болатынына күмәнім жоқ. Сондықтан, Үкімет таяу арада Түркістан қаласына осындай мәртебе беру мәселесіне қатысты лайықты шешім қабылдайды деп ойлаймын» деген болатын. Бұл ретте аймақты дамытатын білікті ұрпақ тәрбиелеуде сіздерге үлкен міндет жүктеліп отыр. Сондықтан біз білім саласын дамытуға басымдық…
Түркістандағы жаңа тұрғын үй кешендері мен жаңа нысандардың құрылысы бір сәтке де тоқтамауы керек. Ол үшін облыс әкімдігі тарапынан тиісті қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, инфрақұрылым, құжаттандыру мәселелері назарда болады. Шаһардағы құрылыс нысандарын кезекті рет аралаған облыс әкімі Дархан Сатыбалды мердігерлермен кездесіп, жұмыстарды ширатуды тапсырды. Әр нысанның жұмыс барысын бақылап, кестеден кешікпеуін қадағалады. – Құрылыс барысында кездесетін кедергілерді айтыңыздар. Саралап, әкімдікке тиісті мәселелерін жедел шешуге әзірміз. Тұрғын үй құрылысы өз уақытында аяқталғаны жөн. Өйткені абаттандыру жұмыстары да жоспарға сай жүргізілуі керек. Құрылыс пен абатандыру жұмыстары үйлесімді атқарылуы тиіс, – деген Дархан Сатыбалды әрбір нысандағы жауапты мердігермен сөйлесті. Отандық құрылыс материалдарына басымдық…
Бүгін Түркістан облысында алғаш рет «GASTRO FEST TURKISTAN — 2022» ауқымды фестивалі өтті. Облыс орталығында өткен іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қатысып, фестиваль аясында халықаралық туризм күніне байланысты сала қызметкерлерін Алғыс хаттармен марапаттады. Гастрофестиваль – Түркістан қаласының көрнекі белгісіне айналатын, өңірдегі қоғамдық тамақтандыру саласын дамытуға және гастрономиялық брендін қалыптастыруға үлес қосу мақсатында ұйымдастырылған аймақтағы ауқымды аспаздық шара. Қаланың 25-тен астам мекемесі гастрофест қонақтарына ұлттық, жергілікті және көше тағамдарын, десерттер мен сусындар дайындады. Фестивальдің айрықша ерекшелігі — авторлық рецепт бойынша дайындалған көше тағамдары форматындағы дәстүрлі тағамдар ұсынылды. Фестиваль мәзірінде қонақтар қайта ойластырылған әлемдік хиттерді де сынап көрді. «Жергілікті халықтың…
Бүгін Түркістан қаласында зейнеткерлерге арналған орталық ашылды. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында зейнеткерлерге дәрігердің бақылауы мен кеңесі бойынша психологиялық көмек, тұзды бөлме, сенсорлық бөлме, массаж, сауықтыру-гимнастика, ЛФК кабинеті, еңбек терапия, фитотерапия, ағартушылық кабинет, акт залы, кітапхана алаңы, бильярд және теннис ойын алаңы, қосымша би, ән т.б үйірмелері қызмет етеді. Орталықтың ашылуына қатысқан қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков қарияларға жүрекжарды лебізін білдірді. — Бүгінгі бейбіт күніміз — Сіздердің кешегі еңбектеріңіздің жемісі. Баршаңыз кейінгі ұрпаққа жайлы орта үшін тер төктіңіздер, енді біз Сіздерге қызмет етеміз. Мен мүмкіндігінше жиі келіп, өздеріңіздің жағдайларыңызды біліп тұрамын, — деді шаһар басшысы. Бір қолданысы 10 классикалық массажға тең…
Түркістанда Халықаралық қарттар күні мерекесі аталып өтті. Салтанатты іс-шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, өңір ақсақалдары мен ардақты әжелерін құттықтап, құрмет көрсетті. – Баршаңызды 1 қазан — Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақ халқында «Қарты бар ел қазыналы ел» деген нақыл сөз бар. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда Түркістан тұрғындарымен кездесуде шаһарға қолдау жалғасатынын айтты. Бұл ретте өңірді дамытуда сіздердің де еңбектеріңіз мол. Облыста 179 мыңнан астам ардагеріміздің әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында әр түрлі бағытта жұмыстар атқарылып, мәдени-рухани өмірге белсене араласуларыңызға қолайлы жағдай жасалуда. Мерейлі мерекеде баршаңызға…
Келес ауданының орталығы Абай ауылында 1500 оқушыға лайықталған мектеп салынады. Ол үшін арнайы жер телімі ажыратылды. Одан бөлек тағы бір мектептің құрылысы жүруі жоспарлануда. Аталған құрылыс нысаны «Жайлы мектеп» жалпыұлттық жобасы аясында жүзеге аспақ. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Абай ауылының тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді. Аудан орталығында орналасқан «Жеңіс» саябағында өткен кездесуге қатысқан тұрғындар көкейіндегі сауалдары мен ұсыныстарын жолдады. Аудан әкімі алдымен өткен кездесуде айтылған мәселелердің нәтижесімен бөлісті. Өткен кездесуде тұрғындар Абай ауылы аумағында ауыз суды тәулік бойы үзіліссіз беру мәселесін көтерген болатын. Бұл мәселе бойынша биыл Абай ТСЖ насос станциясынан ұңғыма орнын қазу жұмыстары жүргізілді. 2023 жыл басында…
Бүгін Сарыағаш қаласында заманауи үлгідегі автокөлік бөлшектерін саудалауға арналған «TOLEGEN ATA AVTOMARKETI» ашылды. Сауда орталығының ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхит Отаршиев арнайы қатысып, лентасын қиды. — Бүгін ауданымызда заманауи үлгідегі автобөлшек сауда орталығы ашылып отыр. Жыл сайын аудан кәсіпкерлері өз кәсібін ашып, көптеген жұмыстар атқаруда. Сондықтан біз осындай азаматтарды қолдауымыз керек. Алдағы уақытта аталған нысан 400-ге жуық аудан тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып, жұмыссыздық мәселесін шешуге өз септігін тигізері сөзсіз, – деді аудан әкімі. Сауда орталығы ғимаратының жалпы алаңы — 5200 шаршы метр. Мұнда 156 сауда дүңгіршегі орналасып, тұрғындарға ыңғайлы жағдайлар жасау мақсатында жеделсаты (лифт) және эскалатормен қамтамасыз етілген. Айта кетсек,…
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды құрылыс мерзімінен кешіккен нысандарды жаппай тексеріп, міндеттемелерге құлықсыздық танытқандарды құзырлы органдардың құзыретіне тапсыруды жүктеді. Түркістандағы бірнеше тұрғын үй құрылысын аралаған облыс басшысына жауаптылар жұмыс барысында кездескен кей кедергілерді еңсере алмағанын алға тартты. Құрылыс материалдарының қымбаттап, шекарадағы шектеулердің болғанын айтты. Алайда аймақ басшысы істің соңын сиырқұйымшақтатып жіберген әлеуметтік маңызы зор нысандардың жауаптыларына компанияның тәуекелге барып, құрылысқа кіріспес бұрын оның қаншалықты тиімді екенін зерделейтінін еске салды. — Сіздерді мәжбүрлеген ешкім жоқ. Мерзімнен кешігіп, салбырлыққа салынып жүргендерге ескерту берілген. Ертеңін ойламай, бірнеше нысанды мойнына алып, жөнімен бітіре алмай отырғандарға кешірім болмайды. Маған сылтау айтудың қажеті жоқ. Бұл -…
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыс орталығындағы құрылыс алаңдарын аралап, мердігерлермен кездесті. Құрылыс жұмыстарын күшейтуді жүктеді. Сапаны басты назарға алуды міндеттеді. Түркістан қаласына кіреберісте әлемдегі озық тәжірибелерді ұштастырған еңселі мешіт бой көтерді. Ислам орталығының жалпы көлемі – 20 мың шаршы метр. Мешіт құрылысының монолит құю жұмыстары толық аяқталып, өазіргі таңда қасбетін әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сәулеті ерекше Ислам орталығының ішкі және сыртқы безендірілуі шығыс нақышында жүргізілген. Жоба жан-жақты зерделеніп, әлем елдеріндегі озық тәжірибелер ескерілген. Мешіт іргесінің берік болуы үшін өзіндік технология әзірленген. Бұдан бөлек, Дархан Сатыбалды жеке инвесторлар есебінен бой көтерген жаңа нысандардың құрылыс барысымен танысты. «Medina Plaza» қонақүйінің құрылысы…