Автор: ais_media

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында электро-шәйнек және еден сүрткіш жабдығын құрастыратын цех өз жұмысын бастады. «Bah_Asmar» ЖШС-на қарасты өндіріс орны күніне 600-700 дана электро-шәйнек және 10 000 дана еден сүрткіш шығарады. Цех 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Алдағы уақытта жеке кәсіпкер Қ.Егембердиев өз кәсібін ұлғайтып, өндіріс қуаттылығын күніне 2 600 данаға жеткізіп, қосымша жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр. Серіктестіктің жұмысымен танысқан аудан әкімі М.Отаршиев өңірде кәсіптің көзін тапқан жас кәсіпкерлердің саны күн санап артып жатқанын айтты. «Сұранысқа ие өнімнің ең бастысы отандық екендігі көңіл қуантады. Бастысы халыққа қолжетімді бағада, сапалы болса, басты жетістік осы. Алдағы уақытта өз ісін бастаған кәсіпкерге…

Read More

Түркістан облысында Бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдында Бірыңғай есеп беру күні өтті. Түркістан облысы әкімдігі және «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырумен бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдында «бірыңғай есеп беру күні» іс-шарасы өткізілді.Іс-шараның мақсаты — кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет арасындағы іс-қимылды жақсарту, осы арқылы бизнес пен мемлекет қатынастарын реттеу мәселелерін талқылау және олар бойынша бірлескен шешімдер әзірлеу. Іс-шараға облыстық Прокуратура, Мемлекеттік істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен ұйымдардың территориялық департаменттері, Кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысып, саладағы атқарылған жұмыстар бойынша баяндамалар жасады. Жиын соңында, есеп беру қорытындысы бойынша бақылау және қадағалау органдарының, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның,…

Read More

Түркістан облысында тұрмыстық қатты қалдықтар тастайтын полигондар реттеліп, талапқа сай болуы қадағаланады. Ғарыштан түсірілім жасау арқылы 2021 жылы 347 заңсыз қоқыс орны анықталса, биыл олардың саны 400-ден асқан. Олардың жүзден астамында жұмыс баяу. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында осы түйткіл талқыланды. Өңір басшысы тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигондары қараусыз қалған аудан, қала басшыларына жұмысты ширатуды тапсырды. Тазалықты қамтамасыз ете алмай отырғандар облыс әкімінен ескерту алды. – Күл-қоқысты тазалай алмаған әкімнің басқа тірлігі туралы айтудың өзі артық. Тазалық – табалдырықтан басталады. Айналамызды таза ұстау өзі қолымызда. Мәселені бюджетке бұрып қойып, отыру – ақылға қонымсыз. Бұл тірлік – тікелей…

Read More

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркі мемлекеттер ұйымы Бас хатшысының орынбасары Мирвохид Асимовпен және Хатшылықтың жобалық директорлары Ержан Мұстафин, Шокирджон Рахматов, Эрсин Айдоғанмен кездесті. Мәртебелі меймандар Түркістан қаласында 3-4 қазан аралығында өтетін «Табаррук-Зиярат» пилоттық жобасын іске асыру жөніндегі форум жұмысына қатысу үшін арнайы келген. «Табаррук-Зиярат» пилоттық жобасы екіжақты ынтымастықты нығайтып, туризм саласын дамытуға, туристтер ағынын арттыруға бағыттылған. Өз кезегінде, аталған жоба екі елдің сонымен қатар, шекара маңындағы өңірлердің экономикалық дамуына оң серпін береді. Айта кетейік, туризмді дамыту мақсатында ағымдағы жылы Әзірбайжанда Түркі мемлекеттері ұйымына (бұдан әрі – ТМҰ) мүше елдердің туризм министрлерінің 7-ші отырысы өтті. Оның қорытындысы бойынша ТМҰ хатшылығының,…

Read More

Қазір Қазақстанда 19 министрлік бар. Ranking.kz тілді меңгеру деңгейі бойынша Қазақстан министрлерінің рейтингін жасады. Тілдерді білу көрсеткіші бойынша Ғылым және жоғары білім министрі Нұрбек Саясат көш бастады. Министр жеті тілде — қазақ, орыс, ағылшын, итальян, түрік, жапон және латын тілдерінде сөйлейді. Екінші орында Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров тұр: әрқайсысы бес тілде сөйлейді. Үздік үштікті ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова түйіндейді: әрқайсысы төрт тілді біледі. Қазақстандық 19 министрдің 12-сі ағылшын тілін біледі. Жалпы,…

Read More

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрлыбаевтың қатысуымен Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ұстаздар күніне орай мерекелік іс-шаралар туралы және білім сапасын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша брифинг өтті. – Мереке қарсаңында Түркістандағы «Балуан Шолақ» спорт кешенінде 26-27 қыркүйек облыс педагогтарының қатысуымен алғаш рет «Ұстаз барысы» өтті. Ал аудан, қалалық білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Менің алғашқы ұстазым» эссе байқауы ұйымдастырылды. «Жастардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбында республикалық жас мұғалімдер форумы өтті. Сондай-ақ, EDCRUNCH Academy «Ұлы дала мектебі» жобасының аясында облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы облыс педагогтарымен кездесті, — деді Нұржан Кеңесбекұлы.…

Read More

Кейінгі жылдары Түркістанға тартылған инвестиция көлемі 8 есе артқан. 77 мың адамға арналған көпқабатты үйлер салынды. Сонымен қатар шаһар жасыл желекке оранып, экологиялық ахуалы жақсарған. Тұрғындарды ауыз сумен және табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі шешілді деп айтуға болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан өңірі жұртшылығымен кездесуінде жұмыс сапарының негізгі мақсаты облыстағы ахуалмен танысу екенін айтып, осындай деректерді келтірді. Иә, 2019 жылдан бері облысқа 2 миллионға жуық турист келген. Кейінгі үш жылда аймақтағы өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы саласы 1,5 есе өскен. Облыста 64 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ Түркістан облысында экономиканың негізгі көрсеткіші – жалпы өңірлік өнеркәсіп өнімінің көлемі…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында экобелсенділерімен бірге Ботаникалық бақта тал егу іс-шарасына қатысқан болатын. Міне, осы бір игі істің соңында жастармен тілдескен Президент Отанды сүю адал еңбектен басталуы керек екенін айтты. «Отанды сүю осындай адал еңбектен, пайдалы жұмыстан басталады. Еліміздің әрбір азаматы еңбекқор болуы керек. Баршаңызды қол­даймын, мақтан тұтамын. Өскелең ұрпақ – біздің үмітіміз, еліміз­дің болашағы. Біз ардагер болып мәңгі билікте отырмаймыз. Менің ең үлкен мақсатым – жастарға жол беру», деді Президент Түркістан жастарына. Бүгінде Мемлекет басшысының осы бір өсиетті сөздері біздің университет студенттері арасында жиі қайталанып айтылуда. Яғни Отанды сүю адал еңбектен басталатыны жастар жадында жат­талып…

Read More

Сауран ауданы Қосмезгіл елді мекенінде орналасқан Қызыл әскер орта мектебінің мұғалімі Пернебай Арынов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Шапағат» медалін алды. Бұл ауыл мұғалімінің абыройын арттырып, мерейін өсірді. Бүгінде ұлағатты ұстаз таққан «Шапағат» медалін қызықтап көрушілер көп. Ауылдың атын шығарып, абыройын арттырған азаматтың есімін жерлестері де мақтанышпен айтып отыр. Ал, шапағаттың шарапатына бөленген ұстаз бұл марапат еңбекті еселей түсу үшін серпіліс сыйлағандығын жеткізді. «Бұл тек қана менің ғана марапатым емес, барлық Түркістан облысының ұстаздарының еңбегінің бағасы деп білемін. Еңбек ер атандырады деген осы болар» — дейді ол. Пернебай Арынов 2001 жылдан бері Қызыл әскер жалпы орта мектебінде география пәнінің мұғалімі…

Read More

Түркістанда ұстаздар мерекесіне орай ерекше білімді қажет ететін балалар арасында «Мен өмірді сүйемін» атты мерекелік іс-шара өтті. Үйде оқытылатын балаларды қуанту мақсатында ұйымдастырылған кеште қамкөңіл 17 оқушы өз өнерін ортаға салды. Тағылымды шарада ата-аналар ұстаздарға деген ақ тілегін арнап, алғыс білдірді. «Балаларға мерекелік кештің әсер еткені соншалық, олардың эмоциясынан байқалды. Мәселен, Ғ.Мұратбаев атындағы №5 жалпы орта мектебінің үйде оқытылатын 4-сынып оқушысы Әдемі Жұмабай жүрекжарды тілегін айту үшін ортаға шығып, өз ілтипатын білдірді. Жалпы облыс орталығында 284 бала үйде оқытылса, 93 оқушы инклузивті кабинетте білім алады. Оларға 20 дефектолог пен 33 ассистент білім беруде», — деді қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің…

Read More