Автор: ais_media

Осыдан төрт жыл бұрын қайта құрылған Келес ауданының әлеуметтік — экономикалық дамуына ерекше көңіл бөлінген. Бұл жұмыс жаңа қарқынмен жалғасады. Осылай деген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ауданға арнайы барып, келестіктермен жүздесіп, маңызды мәселелерді бірге талқылады. Тұрғындардың ұсыныстарын тыңдап, барлық сауалдарына жауап берді. Ауданның тыныс-тіршілігімен танысып, халықпен жүздескен облыс әкімі бірде-бір мәселенің назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен атқарылған жұмыстар жайлы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйек айындағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауына сәйкес облыста жоспарланған және атқарылатын жұмыстар барысын баяндады. Осыған дейін облыс басшысымен кездесуде тұрғындар көтерген мәселелердің басым бөлігі шешімін тапқан. Кездесуде және жеке қабылдауда тұрғындар…

Read More

Былтыр Түркістан облысында туристер үшін іске қосылған «Amazing Turkistan» қосымшасы жаңа бөлімдермен толығып жатыр. Қосымша арқылы қолданушылар әуе рейстері мен пойыз кестесін біле алады. Бұл туралы Түркістан облысы цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, архивтер басқармасының басшысы Елнұр Өтебаев мәлімдеді. Енді бұл жүйе түрік тілінде де ақпарат береді. Бұған дейін қолданушыларға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ақпарат беріп келген. Жүйені бүгінгі күнге дейін 80 мыңға жуық адам жүктеп алған. – Мұнда келушілер үшін онлайн гид, такси, дүкен, дәріхана, «Халық қатысатын бюджет», мейрамханалар, қонақүйлер, такси бөлімдері жүйелі жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, “109 – Бірыңғай байланыс орталығына” да аталған қосымша арқылы сауал жолдауға болады.…

Read More

Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтау үшін «URKER – 2022» Ұлттық бәйгесіне өтінімдер қабылдау басталды. Бұл туралы байқаудың ресми сайты (https://urker-awards.kz/) хабарлады. Республика аумағында медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық және өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар бәйгеге қатыса алады. Өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 30 қыркүйектен бастап 19 қазанға дейін жүзеге асырылады. Конкурстық жұмыстар 2021 жылғы 2 маусым мен 2022 жылғы 29 қыркүйек аралығында жарияланып, басылымда, интернет-ресурста жариялануы немесе радиоэфирге шығуы тиіс. Әр үміткер бәйгенің тек екі номинациясына қатысуға құқылы. Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 10 номинация бойынша қабылданады: Жылдың үздік сұхбаты Жылдың үздік репортажы Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал Жылдың үздік журналистік зерттеуі…

Read More

Тазы мен төбетті сақтау және қалпына келтіру мәселелері бойынша жеке заң әзірленетін болады, деп хабарлайды. Бұл туралы Президент Іс Басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды. Хабарламада айтылғандай, ҚР Президентінің Іс Басқарушысы Айбек Дадебаев қазақтың ұлттық ит тұқымдарын сақтау және қалпына келтіру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кездесуде мемлекеттік органдардың өкілдері бір ай ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, жоспарланған іс-шаралар туралы айтып берді. Сараптамалық қоғамдастықпен (оның ішінде кинологтармен, ғалымдармен) талқылауларды ескере отырып, тазы мен төбетті сақтау және қалпына келтіру мәселелері туралы жеке заң әзірлеу туралы шешім қабылданғаны атап өтілді. Осыған байланысты, кеңес қорытындысы бойынша ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне (Ұлттық ит…

Read More

Елімізде жылыжай шаруашылығы дамып келеді. Тағы бір қуанышты жаңалық, жылыжай шаруашылығына қажетті заттар Түркістан облысында шығарылады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданына жұмыс сапарында сол кәсіпорынға барып, жай-күйімен танысты. Келес ауданы, Ораз ата елді елді мекенінде орналасқан «Келес Пласт» ЖШС қайта өңдеу цехында пленка, пресс жіп, жылыжайға арналған қысқыш, көшет өсіруге арналған стакан өнімдері шығарылады. Жергілікті тұрғын Нұржан Умаров жетекшілік жасайтын кәсіпорында жылыжай шаурашылығына қажетті заттар шығарылып, шаруалар арасында сұранысқа ие болып отыр. Жобаның жалпы құны – 150 млн. теңге. Кәсіпкер өз қаражаты есебінен 127 млн. теңге жұмсаса, ал несие қаражаты есебінен 23 млн. теңге алып, жобаны жүзеге асырған. Кәсіпорын…

Read More

3-7 қазан аралығында Түркістан облыстық «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «FarUp zhastar» жобасы аясында «ZhasTimes – біз бастаймыз» апталығы өтті. Апталық аясында кітапхана жастары түрлі бағытта бірнеше шара өткізді. Атап айтсақ, «Денсаулық – active life» тақырыбында кітапхана қызметкерлері бой сергіту мақсатында оқырмандармен бірге дене жаттығуларын жасап, зор серпін сыйлады. Ал «Адалдық – ардың ісі» атты жәрмеңке өздері дайындаған тәттілерді қолжетімді бағада сатып, түскен қаржыны «Жақсылық жасауға асық» жәшігіне салып отырды. «Айналаңды гүлдендір» бағыты бойынша кітапхана қызметкерлері бірлесіп бөлме гүлін отырғызды. Осылайша білім алушылар мен оқырмандар үшін таза тынысты әсем жағдай жасауға ат салысты. «BusTimes» бағыты бойынша кітапхана жастары қоғамдық көліктегі…

Read More

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында ерекше зәрулігі бар жандардың қатысуымен «Өмірді сүй» атты мәдени, әдеби-сазды мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты іс-шара өнерлі ерекше зәрулігі бар жандардың қолөнер туындыларының көрмесімен бастау алып, концерттік бағдарламаға ұласты. Аудан әкімі Нұрлан Байғұт қайсар жандарды арнайы құттықтап, құрмет көрсетті. – Қандай қиындық болмасын төзімділік танытып, мойымай, алдыға қойған мақсаттарына нық қадам басып жүрген сіздер – біздің мақтанышымызсыздар. Алдағы уақытта жақсылықтардың ғана куәсі болып жүре берулеріңізге тілектеспін. Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт пен шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін, – деді аудан басшысы. Концерттік бағдарлама барысында ерекше зәрулігі бар жандар ән айту, би билеу, ұлттық аспаптарда ойнау, өленді мәнерлеп…

Read More

Биыл 20 қарашада ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Президент сайлауына кандидаттарды тіркеу 23 қыркүйектен басталды. Кандидаттарды тіркеу 11 қазан күні кешкі сағат 18:00-де аяқталады. Орталық сайлау комиссиясы 23 қыркүйек пен 21 қазан аралығында үміткерлердің Конституция мен сайлау заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді. Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары 21 қазанда басталып, 18 қарашада аяқталады. 19 қараша – тыныштық күні. 20 қараша күні сайлаушылар Қазақстан Президентін жеті жылға және бір мерзімге ғана сайлайды. 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан сайлаушыларының тізіміне 11 827 277 азамат енген. Түркістан облысында 19 қыркүйектегі ақпарат бойынша 1 168 475 сайлаушы тіркелген. Өңірде барлығы 919 сайлау учаскесі…

Read More

Бүгін «Балалар жылына» орай Түркістан қаласындағы «Фараб» кітапханасының концерт залында облыстық балалар ән байқауы өтті. Аталған байқау Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы «Бал таңдай» балалар өнер фестивалі аясында ұйымдастырылды. Салтанатты шараны Түркістан облысы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Темірхан Асылхан ашты. «Ел іші – өнер кеніші» деп халқымыз текке айтпаған. Бүгінгі өнер байқауының мақсаты — өңірдегі шығармашыл, дарынды жастарды анықтау және оларға қолдау көрсету. Сонымен қатар, эстрадалық ән өнерін дамытып, руханиятымызды көтеру. Осылайша қазақ композиторларының шығармаларын заманауи бағытта жаңғырта аламыз», — деді А.Темірханұлы. Байқауға қатысушылар ереже бойынша отандық композиторлардың әндерін және еркін тақырыпта бір шығарма орындауы тиіс. Шара соңында қазылар…

Read More

Түркістан облысының ұлттық спорт түрлері мектебінің ұжымы жуырда Түркияның Изник қаласында өткен IV-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынынан оралған жеңімпаз түркістандық өрендерге құрмет көрсетті. Жиында сонымен қатар халықаралық додалар мен Әлем Кубогінде жүлде алған спортшылар да марапаттан шет қалмады. Көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы 4-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынында бас жүлдені иленген болатын. Отандастарымызды жеңіске бастаған бұл доданың ақтық сынында Қырғызстан құрамасымен жауапты кездесу барысында Түркістан облысының талантты көкпаршысы Әділет Мамыт екі бірдей салым тастап, қазақстандық шабандоздарды алға сүйреді. Еліміздің ең таңдаулы көкпаршылары құрамасында облысымыздың төрт спортшысы Арман Жамалбеков пен Абылайхан Нышанбеков, Дәулет Айтан пен Әділет Мамыт өнер көрсетіп, ел намысын қорғады. Әр төрт…

Read More