Автор: ais_media

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында «Достық үйі» ғимаратында жиын өтті. Оған «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, «Дустлик» қауымдастығының төрағасы, Икрамжан Хашимжанов, қалалық мәслихаттың депутаты Нұрғазы Бұхарбаев, «Оқушылар сарайы» мекемесінің директоры Бақытжан Мұстафаев және зиялы қауым өкілдері қатысты. –Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас Ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауы Жаңа Қазақстанды дамытуға, оның ішіндегі әлеуметтік-экономикалық салаларды нығайтуға, халықтың әл-ауқатын арттыратын және саяси трансформацияны жүзеге асыруға жаңаша бағыт болды. Президентіміз шикізаттық мемлекеттен өндірістік деңгейге өту қажет екенін айтты. Сарапшылар тауарды шикізат күйінде нарыққа шығарғаннан, қайта өңдеп дайын өнімді саудалағанда келтіретін пайдасы 70 пайыздан жоғары екенін…

Read More

ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыру, саяси реформаларды түсіндіру бойынша Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды. AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалы Саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Ербол Байқонысов аудан тұрғындарына жаңа экономикалық саясат, адам капиталын дамыту, мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту, саяси реформаларды жан-жақты түсіндіріп берді. – Мемлекет басшысы өз Жолдауында ел дамуының алдағы басым бағыттарын жүйелі түрде белгілеп берді. Қазіргі таңда жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі бойынша жұмысты жандандыру қажет. Қала және аудандық деңгейде қоғамдық қабылдаулар жүргізілуде. Халықтың талап-тілегін басты назарға алып, тұрғындардың әлеуметтік мәселелелерін шешу міндеті тұр. Қандай мәселе болса да біз тыңдауға дайынбыз, – деді Ербол Рәбілұлы Ербол Байқонысов ендігі кезекте…

Read More

Шымқалада дәрігерлер алғаш рет сирек кездесетін дертке шалдыққан науқасқа күрделі ота жасады. №2 қалалық аурухана базасында тың әдіспен жасалған операция кезінде хирургтар наркозды қажет етпейтін, асқынуларды болдыртпайтын хирургиялық ем тәсілін қолданған. Ағымдағы жылдың 21 қыркүйек күні аталмыш ауруханада 1986 жылы туылған науқас келіп түскен. Пациенттің ауруханаға түскен кездегі шағымы сүйек буындарының ауырсынуы, дене бітімінің кішірейуі, бойының шөгуі болған. Онымен қоса науқас бүйректің созылмалы шамасыздығы салдарынан 9 жыл бойы гемодиализ қабылдаған. Тексеру барысында сондай-ақ, науқаста кальций-фосфор алмасуы бұзылғаны анықталған. Шұғыл арада дәрігерлер консилиумі құрылып, пациенттің өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлер күрделі ота жасауға шешім қабылдайды. №2 қалалық аурухана базасында науқасқа…

Read More

В Шымкенте продолжается призывная кампания по отправке новобранцев в ряды Вооружённых сил, других войск и воинских формирований Казахстана. Из данного региона воинские ряды уже пополнили более 150 новобранцев, в числе которых команды, направленные служить для охраны и обороны границ нашей страны. И все же запоминающей стала первая отправка со сборного пункта департамента по делам обороны города Шымкент в элитную Талдыкорганскую десантно-штурмовую бригаду. Переодетых в военную форму, призывников собрали в фое сборного пункта. По сложившейся традиций их поприветствовали представители ветеранских организаций города и пожелали им удачной службы. Они подчеркнули, что в современной армии нашей страны созданы благоприятные условия для прохождения срочной…

Read More

Шымкентте Қазақстанның Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары қатарына әскерге шақыру науқаны жалғасуда. Бүгінде қаланың 150-ден астам шақырылушылары әскер қатарын толықтырды, олар еліміздің шекарасында қызмет етуге аттанды. Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жинақ пунктінен Талдықорғанның десанттық-шабуылдау бригадасына алғашқы жөнелтілім жіберілді. Әскери киім киген шақырылушылар жинақ пунктінің фойесіне жиналды. Қалыптасқан дәстүр бойынша балаларды қаланың ардагерлер ұйымдарының өкілдері қарсы алып, табысты қызмет тіледі. Ардагерлер еліміздің заманауи армиясында мерзімді әскери қызметті өтеу үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалғанын атап өтіп, бір жылға жағасатын мерзімді қызметтері аяқталғаннан кейін, барлық сарбаздар жоғарғы оқу орындарына тегін түсуге және кәсіби әскери болуға мүмкіндік алатынан да…

Read More

Білімді және сауатты жастар қашан да болмасын ел болашағының айқын кепілі.  Егеменді еліміз дамыған сайын, қоғамның барлық саласында түрлі өзгерістер орын алып, алға жаңа талаптар, міндеттер мен мақсаттар қойылуда. Оның ішінде ең бастысы – келер ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатында еліміздің білім жүйесін жетілдіру жұмыстарын қарқынды жүргізу. Сапалы білімнің мызғымас тірегіне айналған әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 1934 жылы негізі қаланғаннан бері осы міндеттерді қарқынды түрде атқарып келеді. Бар білгенін шәкірттеріне үйретуге дайын тұратын профессорлық оқытушылық құрам мен болашақ өз ісінің нағыз маманы боларлық студенттердің басын қосқан Университетіміз өз беделін тек мемлекеттік деңгейде ғана емес, сондай -ақ…

Read More

Түркістан қаласында Әмір Темір атындағы №3 және Хамза атындағы №2 жалпы орта мектептерінің ұйымдастыруымен «Айбынды жастар – жаңа Қазақстанның тірегі» атты ерлік сабағы өткізілді. Оған Қарулы Күштері ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бабай Алдабергенов, Түркістан облысы бойынша Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер кеңесінің төрағасы Тұрғанбек Бегимов, Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Жандос Кулдербаев қатысты. «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы Түркістан облыстық филиалының төрайымы Аружан Шекербек, Түркістан каласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының тәрбие, идеологиялық, әскери-патриоттық жұмыстар және Қарулы Күштер ардагерлерімен жұмыс бөлімше бастығы аға лейтенант Русланжан Садықов пен Ауған соғысының ардагерлері, әскери жетекшілер және жас…

Read More

Түлкібас ауданында көкпар десе, ішкен асын жерге қоятын азаматтар аз емес. Солардың бірі – Түркістан облысының №6 спорт мектебінің түлегі, Азия чемпионы Әділет Мамыт. Ол жуырда Түркияда өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ұлттық құрама сапында әлем чемпионы атанды. Ел мақтанышын бапкерлерімен және өңірде көкпар спортының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген жандармен бірге Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт арнайы қабылдап, жеңістерімен құттықтап, сый-құрмет көрсетті. Атап айтсақ, КСРО-ның 9 дүркін чемпионы Әбілхан Дауылбаев, Түркістан облысының ұлттық спорт түрлері мектебінің директоры Ғани Ахметбаев, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы, белгілі шабандоз Жаныс Тұрсынұлы және өзге де азаматтар болды. Нұрлан Мархабатұлы ұлттық кодымыздың ажырамас бөлігі, көкпар спортының…

Read More

Түркістан облысында бірнеше инвестициялық жоба жүзеге аспақ. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды «ҚазАзот» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Бахаридин Аблазимовпен кездесіп, бірқатар жобаларды талқылады. Қазақстандағы аммиак пен аммиак селитрасын жалғыз өндіруші компания облыстың оңтүстік аймақтарында тыңайтқыш орталықтарын салу жобасын ұсынды. Ол үшін әкімдік тарапынан 3 га жер мен инфрақұрылым мәселесін шешу қолға алынбақ. – Біздің мақсат – жаңа өндіріс орындары мен кәсіпорындар ашу арқылы жұмыс орындарын көбейту. Отандық өнімді молайту, кіріс көлемін арттыру. Бюджетке ғана сенім артпай, жаңа жобаларды жүзеге асырған жөн. Бұл ретте инвестицияның маңызы зор. Сондықтан біз инвесторларға әрқашан ашықпыз және бірлесе жұмыс істеуге, қолдауға дайынбыз, – деді Дархан Сатыбалды.…

Read More

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сарыағаш ауданының тұрғындарымен жүздесті. Мақсат – елдің өтініші мен ұсыныстарын тыңдау, өткір мәселелерді талқылау. Тұрғындардың ұсыныстарын тыңдап, сұрақтарына жауап берген өңір басшысы Сарыағаш ауданын дамытуға ерекше көңіл бөлінгенін және бұл жұмыстардың әрі қарай жаңа қарқынмен жалғасатынын жеткізді. Дархан Сатыбалды сарыағаштықтарға өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен атқарылған жұмыстар жайлы баяндады. Сонымен бірге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйек айындағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауына сәйкес атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Мемлекет басшысының тарапынан қойылған міндеттер еліміздің экономикалық өсімін жеделдетіп, халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Әкімнің нәтижелі еңбек етуі халқының қолдауына байланысты екенін айтқан облыс…

Read More