Автор: ais_media

Биыл Шымкент қаласын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі толығымен шешімін табады. Ол үшін биыл қаладағы 5 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүріп, жыл соңына дейін аяқталады. Нәтижесінде 72 мыңнан астам адам орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына арнап өткізілген баспасөз туры барысында Шымкент қаласы әкімдігі энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Арман Әбдіқалықов мәлімдеді. Ауыз су құбыры тартылып жатқан елді мекендердің бірі – Қайнарбұлақ. Бұл жерде бүгінде ауыз су кесте бойынша сағаттап берілде. –Қайнарбұлақ елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен 6,7 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде өткен…

Read More

Бүгін осындай тақырыппен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында түсіндірме жұмыстары басталды. Ең алдымен медиация қызметін дәріптеу және психологиялық қолдау бағытында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жастары арасында тренинг ұйымдастырылды. Медиация – бұл адам құқығына, бостандығына құрметті арттыруға, өркениетті азаматтық және тұлғааралық қатынастарды қалыптастыруға, қоғамдық келісімді нығайтуға, конструктивтік сұхбат жолымен әлеуметтік, өзге де келіспеушіліктерді, жанжалдар мен дауларды шешуге бағытталған институт. Түсіндірме жұмыстарына «ЕуроАзиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Ақшегірова Лаура Мұратқызы және оның орынбасары Абдукаримова Салтанат Егізбекқызы қатысып, жастарға «Медиация»ұғымы мен қызметін кеңінен дәріптеді. – Шын мәнінде, медиация – бұл «Не істеу керек?», басты мәселе «Кім кінәлі?» деген сауалдарға жауап…

Read More

Түркістан облысында жалпы егіс алаңы артып, 860 мың гектарды құрады. Өңірде көктемгі дала жұмыстары белсенді жүруде. Егістікті әртараптандыруға сәйкес дәнді дақылдардың егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 4,3 мың гектарға артып, 318 мың гектарға жеткізілді. Сондай-ақ мал азықтық дақылдары, көкөніс, картоп, бақша дақылдары артты. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық кеңесте көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы баяндалды. Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің тапшылығын тудырмау мақсатында биыл ерте пісетін қырыққабат 7,5 мың гектарға, сәбіз 1,2 мың гектарға, пияз 1,9 мың гектарға, картоп 9 мың гектарға егіледі. Болжам бойынша сәуір-шілде айлары аралығында 459,3 мың тн. өнім жинау жоспарлануда. – Дала жұмыстары бойынша…

Read More

Түркістан облысында 3,5 млн. 144 мың гектар орман қоры жері бар. Оның 50 %-ға жуығы орманмен көмкерілген. Өткен жылы орманды молайту шаралары бойынша 16 200 гектар жерге мәдени орман екпелерін жүргізу жоспарланып, толығымен орындалды. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында республика аумағында экологиялық ахуалды жақсарту үшін 2 млрд. ағаш көшеттерін отырғызу тапсырылған болатын. Осыған орай биыл Түркістан облысында 32, 6 млн. дана тал егіледі деп жоспарланып отыр. – Түркістан облысының климатына байланысты көшеттердің жерсінуі 50 %-дан аспайды. Табиғи ерекшеліктері өте ұқсас Атырау мен Маңғыстау облыстарындағы жерсіну көрсеткіштерімен тең болып шықты. Ал өзге өңірлерде 70% төңірегінде. Алда облыс орталығының айналысындағы 20 мың…

Read More

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы «Тұран су» МКК меншігіндегі су жүйелерінің жағдайымен танысты. Мақсат – көктемгі егістік науқанына дайындықты пысықтау, шаруаларды ағын сумен қамту ісін жүйелеу. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша шаруаларды ағын сумен қамту ісі тұрақты бақылауда. Еліміздегі суармалы алқаптардың 4/1 бөлігі Түркістан облысына тиеселі. Сондықтан ағын су мәселесі өте өзекті. 2019 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында су нысандарының экожүйесін сақтап, оны үнемді пайдалану үшін аса маңызды каналдар қайта жаңғыртылатынын айтқан еді. Сонымен бірге жаңа технологиялар мен цифрландыру арқылы суды үнемдеуге көшіруді тапсырды. Бұл ретте осы су нысандарын жергілікті деңгейде тиімді пайдалану арқылы Ордабасы, Отырар, Бәйдібек, Сауран аудандары…

Read More

Түркістан облысы, Сайрам ауданында 11 гектар жерді қамтитын, облыстағы ең ірі жылыжай кешені бар. Облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы аталған жылыжайда болып, жұмысымен танысты. Бұл жылыжай өнімдері ел аумағында және Ресей еліне экспорттауға бағытталған. Облыс әкімінің орынбасары газ, су, электр жарығы сияқты коммуналдық қызметтердің қолжетімділігіне тоқталып, шаруалармен пікір алмасты. Қыс мезгілінде газ қысымы төмендеп немесе мүлдем өшіп қалған жағдайда баламалы дизельді жылыту жүйелерін іске қосып, жұмысты жалғастыруға болатыны да айтылды. «ЭкоИнвест» жылыжай кешенінің жалпы аумағы 21 гектарды құрайды, қазіргі таңда 11 гектар жерді қамтып, оның 5 гектар жеріне қызанақ, 6 гектар жерінде қияр өсуде. Алдағы жылы қалған 10 гектар жылыжай…

Read More

Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі-терроризмге қарсы комиссия аппаратының жетекшісі Илхам Абулхайровтың төрағалығымен кезекті мәжілісі өткізілді. Мәжіліске облыстық терроризмге қарсы комиссия аппаратының мүшелері және қала, аудан әкімдерінің жауапты орынбасарлары, құзырлы мекемелердің өкілдері қатысып, күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Күн тәртібіне сәйкес, «Созақ, Сауран аудандары мен Түркістан қаласының ТҚК жұмыс топтарының 2022 жылы атқарған жұмыстарының қорытынды есептері» бойынша тиісті аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары баяндады. «Түркістан облысында балалар мен жастардың жат ағымдарға қарсы иммунитетін қалыптастыруға, патриотизм мен ұлт жанашырлары ретінде тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралар» аясында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Е.Бектаев хабарлама жасады. Мәжіліс соңында аудан, қалалық деңгейдегі ТҚК жұмыстарының сапасы жөнінде мәселелер талқыланып, терроризм…

Read More

Қазақтың мемлекет қайраткері, этнограф, тарихшы Өзбекәлі Жәнібековтың атымен аталған №4 лицей-интернаты бүгінгі таңға дейін қаншама дарындарды түлепіп ұшырған білім ұясы. Бүгінде 950-ге жуық оқушы баланы қамтып отырған мектепке 2020 жылы «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде лицей-интернатына және 5 жатаханасына күрделі құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген болатын. Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернаты «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасы аясында заман талабына сай құрал-жабдықтармен қамтылып, оқу бөлмелері жаңартылды. Бұл игі іс «Білім беруді тұрақты дамыту қоры» мен «Қазақстан халқына» қоры және Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымының қолдауымен жүзеге асып отыр. Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы және…

Read More

20-22 наурыз күндері І «KAZAGRO/ KAZFOOD TURKISTAN» халықаралық көрме-жәрмеңкесі өтеді. Наурыз мерекесінде өтетін маңызды іс-шараға Түркия, Ресей, Өзбекстан, Венгрия бастаған жалпы 20-ға жуық мемлекеттен делегациялар келіп қатысады деп жоспарланып отыр. Сонымен бірге еліміздің барлық өңірінен ауыл шаруашылығы саласының өкілдері, инвесторлары, тауар өндірушілері қатыспақ. Түркістан облысының әкімі аталған көрме-жәрмеңкені ұйымдастыру жұмыстары бойынша жиын өткізіп, дайындық жұмыстарын пысықтады. – Түркістан қаласын Түркі әлемінің рухани-мәдени орталығына айналдыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл көрме-жәрмеңкені жоғары деңгейде ұйымдастыруға күш саламыз. Наурыз мерекесінде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу мәселесін де қарастырамыз. Ауыл шаурашылығы, кәсіпкерлік салаларын дамытуға бағытталған бастамаларға қолдау көрсетіледі, – деді Дархан Сатыбалды. 25 жылдан бері…

Read More

Бүгін Шымкент қаласындағы Әл-Фараби кітапханасында «Шетел архиві деректеріндегі Қазақстан тарихы: мәселе және жобалар» атты республикалық ғылыми тәжірибелік конференция өтті. Аталған конференция архившілер күні мерекесіне орай ұйымдастырылған. Іс-шараны Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Бауыржан Орынтаев ашып, жүргізіп отырды. Жиында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш сөз сөйлеп, жиынға қатысушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады. —Архив саласындағы өзекті мәселенің бірі ретінде қолданыстағы ғимараттардың құжаттарға толып келе жатқанын айтуға болады. Осыны ескере отырып, комитет бүгінде 200 мың, 500 мың және 1 миллион құжатқа арналған архив ғимараттарының типтік жобалық-сметалық құжаттарын…

Read More