Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР АУДАНЫНДА АЛҒАШҚЫ ЗАМАНАУИ ТІРЕК МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ
    Аймақ

    ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР АУДАНЫНДА АЛҒАШҚЫ ЗАМАНАУИ ТІРЕК МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

    06.02.2023
    Қазақтың мемлекет қайраткері, этнограф, тарихшы Өзбекәлі Жәнібековтың атымен аталған №4 лицей-интернаты бүгінгі таңға дейін қаншама дарындарды түлепіп ұшырған білім ұясы.
    Бүгінде 950-ге жуық оқушы баланы қамтып отырған мектепке 2020 жылы «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде лицей-интернатына және 5 жатаханасына күрделі құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген болатын. Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернаты «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасы аясында заман талабына сай құрал-жабдықтармен қамтылып, оқу бөлмелері жаңартылды. Бұл игі іс «Білім беруді тұрақты дамыту қоры» мен «Қазақстан халқына» қоры және Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымының қолдауымен жүзеге асып отыр.
    Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы және аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов жабдықталған заманауи сыныптармен танысты. Басқарма басшысы мен аудан әкімінің орынбасары жаңартылған білім ордасын толықтай аралап, материалдық-техникалық базасын көріп өз бағаларын берді.
    – Түркістан облысының білім сапасын көтерген жағдайда жалпы Қазақстанның білім сапасы биікке көтерілмек. Себебі әрбір бесінші бала Түркістан облысында дүниеге келеді. Қазақстанға немесе шет елге шығып, елімізді танытатын да – осы жас ұрпақтарымыз. Ал зияткерлік мектебінің тәжірибемен бөлісуі – біз үшін өте маңызды. Кез-келген жабдықты орнатуға болады, бірақ бұл әріптестіктің орны айрықша. Тірек мектептерге жалпы бірге жұмыс істеу, балаларға бағыт-бағдар беру, мұғалімдердің біліктілігін арттыру, директорларға осы мектептерді басқарудың жаңа тетіктерін үйрету сияқты іс-шаралар атқарылады. Өңірімізде дәл осындай тірек мектептерінің қатары көбейе бермек. Бұл –алғашқысы. Ары қарай да бізге қолдау білдірген серіктестермен іскерлік қатынастарымыз нығая түспек, – деді Дінислам Болатханұлы.
    — Өткен жылдың басынан бері жоба аясында білім сапасын арттыру мақсатында мектептің материалдық-техникалық базасы жабдықталды.
    Ғимараттан «IT – кабинеті, ART-studio кабинеті, Робототехника кабинеті, STEM кабинеті, Домбыра кабинеті және жабдықталған Спорт зал» кабинеттерімен қамтылды.Енді міне заманауи үлгідегі құралдармен жабдықталған Ө.Жәнібеков атындағы лицей-интернаты нағыз білімнің ордасы болады деген ойдамыз. Осында оқитын оқушылар заман талабына сай жақсы, терең білім алады деп сенемін, — деп Айдос Құлмаханов сенімін жеткізді.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026

    «Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

    26.08.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

    14.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    МИРАС ТӨЛЕБАЕВ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ КӨЛЕМІ 84,4%-ҒА ӨСТІ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КАДР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫЙ-ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.