Автор: ais_media

Бүгін шаһар басшысы Мұрат Әйтенов қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Қамқорлық» №8 балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмысымен танысты. Аталған мекеме биыл “Балалар жылы” аясында ашылып отыр. Мұнда психоневрологиялық ауытқулары бар 1,5-тен 18 жасқа дейінгі балаларға жартылай станционарлық жағдайда күндізгі 4 сағаттық тегін арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерін көрсетеді. 110 баланы қабылдауға арналған. Орталықта кәсіби мамандандырылған психиатр, невропатолог, логопед-дефектолог, психологтар қызмет көрсетеді. Қажетті барлық жағдай жасалған. Интерактивті, АВА топтық және жеке қабылдау бөлмелері, сондай-ақ, қосалқы білім беру, лего және робототехника тігін шеберханасы, АРТ-терапия, ағаш шеберханасы, музыкалық кабинеттермен қамтылған. Мекеме жұмысымен танысқан қала әкімі ерекше қамқорлықты қажет…

Read More

Сегодня министр информации и общественного развития РК Дархан Кыдырали в Шымкенте провел встречу с председателями этнокультурных объединений и общественных структур при Ассамблее народа Казахстана города Шымкент. Д.Кыдырали ознакомился с деятельностью площадки «Бірлік алаңы», созданной на базе городского Дома дружбы, за круглым столом министр выслушал мнения лидеров представителей этнических групп города Шымкента по вопросам укрепления межэтнических отношений. Министр информации и общественного развития РК высокого оценил работу региональной ассамблеи в реализации государственной политики общественного согласия и общенационального единства, поблагодарил жителей Шымкента за вклад в упрочение национального единства. — Жители южного региона страны всегда выступают инициаторами добрых дел, которые отражают наш национальный характер.…

Read More

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Шымкентте қалалық Қазақстан халқы Ассамблея жанындағы қоғамдық құрылымдардың жетекшілерімен, этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен кездесті. «Достық үйі» базасындағы «Бірлік алаңының» жұмысымен танысып, жергілікті этнос өкілдерімен «дөңгелек үстел» басында ашық пікір алмасты. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат аясында бірлесе атқаратын жұмыстарға тоқталған министр үшінші мегаполис тұрғындарының берекелі бірлік жолын жалғап отырғанына алғыс айтты. – Ұлысымыздың ұйытқысы атанған оңтүстік жұртшылығы әрдайым игі істердің бастамашысы болып отыр. Қалалық ассамблея мүшелері қоғамдағы тұғырлы татулығымызды бекемдеп, қайырымдылық бағытындағы жұмыстарға тұрақты атсалысуда, деді Дархан Қуандықұлы. Жиында Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы, қалалық ҚХА төрағасының…

Read More

Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті», — деп бірінші ұстаз Аристотель айтқандай, білім мен өнер сіздің болашағыңыздың жарқын болуына бірден-бір кепіл. Білім жайында жер бетіндегі ақын-жазушының бәрі де қалам тербеді. Ұлағатты ой айтып, нақыл, қанатты сөздері бізге мұра болып қалды. Жалпы, Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік –экономикалық дамуында жетекші рөл атқарады және оны айқындай түседі. Ал бүгінгі қазақ мектебінің бүгіні мен ертеңі, оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейі шешуші дәрежеде мұғалімге, ата-анаға және қоғам қауымдастығына жүргізілген жұмыстарға, ізденіске байланысты. Шымкент қаласы білім басқармасының білім көкжиегінде алар орны бөлек. Бұрын Шымшаhарда мемлекеттік білім беру ұйымдары екі жүзге жуық болатын. Демографиялық өсімнің…

Read More

Шымкент қаласының «Шымкент» командасы әйелдер арасындағы футболдан осымен 11-ші рет Қазақстан чемпионы атанды. 25 қазан — Республика күні мерекесіне орай Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы орталық стадионда ел чемпиондарын марапаттау рәсімі өтті. Оған Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов пен Қазақстан футбол федерациясының президенті Ә.Барменкұлов қатысып, спортшыларды жеңістерімен құттықтады. Мұрат Дүйсенбекұлы Шымкент қаласының атын республика көлемінде ғана емес, халықаралық аренада танытып жүрген футболшы аруларға алғысын білдіріп, Қазақстан чемпионатының кубогін салтанатты жағдайда табыс етті. Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен өнер көрсетіп жүрген бұл команда Қазақстан кубогін 12 рет жеңіп алған. Сондай-ақ, УЕФА Чемпиондар Лигасының 1/8 финалында үш рет өнер көрсетіп, Еуропаның үздік 20 командасының қатарына…

Read More

Бүгін ерекше жандар үшін ерекше фестиваль ұйымдастырылды. Көрме орталығында ерекше қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдерді қолдау мақсатында ұйымдастырылған «Кездесуге қадам» күзгі шығармашылық фестиваліне Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш. Мұқан қатысып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. — Ерекше жандардың қолынан шыққан туындыларды көріп, ерекше әсер алдым.«Балалар жылында» айтулы шығармашылық фестиваль ұйымдастырылып отырғанына қуаныштымын. Шығармашылық пен ізденіс балалардың дүниетанымын жан-жақты дамытуда үлкен рөл атқарады.«Кездесуге қадам» жасап, ұйымдастырып отырған қоғамдық ұйымдарға, атсалысқан білім ұйымдарына, ата-аналарға алғыс білдіремін. Шымкент қаласының әкімдігі әрдайым Сіздердің бастамаларыңызды қолдайды, — деді Шыңғыс Жұмабекұлы. Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен және «ARMAN ALANI» Қазақстан коалициясының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға Шымкент қаласы білім басқармасына…

Read More

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы ұйымдастырған «Мың жүйрік» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Онлайн түрде өткен байқауға этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді еркін меңгерген балалары қатысты. Республиканың барлық өңірлерінен 5-12 жас аралығындағы 531 бала өтініш беріп, олар 4 бағыт бойынша бақ сынады. Атап айтқанда байқау «Ертегі әлеміне саяхат», «Тұлғалар тағылымы», «Мен ұнататын мамандық» және «Туған өлкеге тағзым» тақырыптары бойынша өтті. Қазылар алқасы балалардың жұмыстарын қарап шығып, үздік 10 оқушыны жеңімпаз деп таныған. –«Мың жүйрік» республикалық байқауын осымен екінші рет ұйымдастырып отырмыз. Бұл байқаудың мақсаты Мемлекет басшысының қазақ тілін ұлтаралық қатынас тілі ретінде ілгерілету жөніндегі тапсырмасымен үндесіп,…

Read More

«Келесі жылдан бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысын көбейтіп, жүктемесін азайту көзделіп отыр. Себебі, балабақша — білім беру саласының іргетасы. Сонымен қатар, балалардың тамақтану нормативі мен балабақшаға орналасу кезегі де қайта қаралады». Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағанбетов Шымкент қаласының білім саласының өкілдерімен кездесу барысында мәлімдеді. Еліміздің бас ұстазы өз баяндамасында мектепке дейінгі оқыту және орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру, балалардың құқығын қорғау мен педагог мәртебесі жайында сөз қозғады. — Елімізде «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданып, бүгінде мектеп мұғалімдерінің қосымша жүктемесі азайтылды. Яғни, әр мұғалім бір жұмыс күнінде екі құжатты ғана толтырады. Оның бірі – сабақ жоспары, екіншісі…

Read More

ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру және түсіндіру бойынша «Нашақорлық – қоғам дерті» тақырыбында кездесу өтті. Қаратау ауданының жастармен жұмыс жүргізу бөлімі ғимаратында болған жиынға мемлекет және қоғам қайраткері Еркін Тұрниязұлы, Шымкент қаласының құрметті депутаты Хайрулла Сәрсенов, Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығының басшысы Бекзат Төлебай және студенттер қатысты. Күн тәртібінде талқыланатын мәселе бойынша спикерлер «Нашақорлық – қоғам дерті» тақырыбында студенттерге түсіндірме жұмысын жүргізіп, зиянды нәрседен аулақ болуға шақырды. –Тәуелсіздігімізді алғанға дейін нашақор деген сөз жат ұғым еді. Зиянды затқа тәуелділік адам тағдырын құртып қана қоймай, бір отбасыны қиратуы мүмкін. Президент Жолдауда бұл мәселені де назардан тыс қалдырған жоқ. Мемлекет басшысының айтуынша,…

Read More

Әділетті Қазақстанда әр азаматтың өтініш-тілегі тыңдалады. Оның ішінде кәсіпкерлер мен қаржы ұйымдары арасындағы байланысқа баса назар аударылады. Бұл туралы «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының Шымкент қалалық филиалында өткен дөңгелек үстел жиынында айтылды. Басқосуға Шымкент қалалық қоғамдық кеңесінің мүшелері Мырзахмет Сынабаев, Рүстем Әшетаев, Азат Әміртай және жергілікті кәсіпкерлер келді. Кездесуде ҚР Президентінің Жолдауы аясындағы кәсіпкерлікке қолдау және дамыту тетіктері сөз болды. – Қалалық қоғамдық кеңес үкімет пен халықтың арасындағы «алтын көпір» рөлін атқарып жатыр деуге болады. Мысалы, бір жағынан, азаматтардың өтініштерін билік өкілдеріне жеткізу болса, екінші жағынан, құқықтық-нормативтік актілерді, жаңашылдықтарды халық арасында түсіндіру де бар. Мемлекет басшысы Жолдауында экономика, оның ішінде кәсіпкерлікке баса…

Read More