Автор: ais_media

Бүгін Әл-Фараби ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен М.Тынышпаев атындағы QazATK колледжінің жастарына А.Пушкин атындағы әмбебап кітапханасында экскурсия ұйымдастырылды. Мақсаты – болашақ жасөспірімдерге қаламыздағы белгілі орындар мен тарихи мекендерді кеңінен насихаттау, ұлттық руханиятымызды кеңінен дәріптеу. Кітапхана ғимаратын аралаған жастар кітапхана тарихымен, онда қандай кітаптар мен мерзімді басылымдардың сақталатындығы туралы және кітапхананы пайдалану ережелерімен танысты. –А.С.Пушкин атындағы кітапхана 1899 жылы орыстың ұлы ақынының 100 жылдық мерейтойына орай ашылған. Қала тұрғындарының өздері қаржы жинап, қоғамдық кеңес үйінің ғимаратын салды. Ол жерде басында би кештері, әуесқой театр әртістерінің қойылымдары көрсетілген, — деді кітапхана меңгерушісі.

Read More

Облыстың бас полицейі Мұрат Қабденовтің бастамасымен «Жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алуға бағытталған шаралар туралы» жедел кеңесті аудандарда өткізу жоспарланған. Осыған сәйкес аталған маңызды шара Кентау қалалық және Сауран аудандық полиция бөлімдерінде ұйымдастырылды. Жиынға Түркістан облысы ПД Кадр саясаты басқармасының бастығы М.Асқаров, оның орынбасары Е.Шамшат, жеке құрам инспекциясының бастығы Д.Тұрлыбеков, ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Жанқожаев пен жеке құрам қатысты. Іс-шарада М. Асқаров: «Бүгінде қоғамымызда полицияның имиджіне кері әсерін тигізетін жағдайлар орын алуда. Осы ретте жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге бағытталған жұмыстарды қатаң бақылауға алыңыздар деп ескертемін!»-деп атап өтті.…

Read More

Түркістан облысының полицейлері балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында, 1 айға жоспарланған «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» атты акция өткізуде. Осы бағытта Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірқатар іс-шаралар атқаруда. Атап айтсақ, балалардың көшелерде және жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын үйретуге білім ошақтарына барып, мектеп оқушыларына профилактикалық, танымдық сабақтар өткізді. Жасөспірімдерге өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көшеде жүру ережелері мен жолда жүру тәртібін түсіндірді. Жолдан өтерде ұялы телефон қолданбау, құлаққап пайдаланбау керектігі ескертілді. Тәртіп сақшылары ата-аналарға өздерінің ұл-қыздарына үнемі жолда жүру ережелерін ескертіп, үйретіп отыруға шақырады.

Read More

Бүгін М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде Манап Өтебайұлының туғанына 85 жыл толуына орай, «Дәстүрлі тәрбие – сапалы білім» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. «Қазақстан Республикасы Білім беру саласының үздігі», «Құрмет белгісі», «Парасат» орденінің иегері және өңіріміздің Құрметті азаматы, меценат – Өтебаев Манап Өтебайұлы – өз ортасында дара тұлғаға айналған, жұлдызы жарық, біртуар қазақтың азаматы болатын. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген қазақ халқының дана сөзі осы жиынның мақсаты десек қателеспейміз. Аптал азаматтың өмірі мен өнегесін, жастарды тәрбиелеудегі орнын кейінгі ұрпаққа кеңінен насихаттап, ұстаздық жолы мен түрлі салалар бойынша атқарған жұмыстарын дәріптеу мақсатындағы іс-шара тағылымы мол ұстазды еске алумен басталды. Жиында…

Read More

15 сәуір — «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» ғашықтар күніне орай, қалалық Жастар ресурстық орталығында «Бозбала мен бойжеткен – 2023» байқауы өтіп жатыр. Бұл сайыс — жастардың бойына әдептілік, ізгілік, адалдық секілді қасиеттерді сіңіру және қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрін ұмыт қалдырмауға бағытталады. ⁣⁣ ⁣⁣⠀ Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен байқауға жарасымды 8 жұп қатысты. Сахна төрінде сөз алған орталық басшысы Мағжан Исахов баршаны айтулы мерекемен құттықтап, салтанатты кештің шымылдығын түрді.⁣⁣⠀ ⁣⁣⠀ Төрт кезеңінен тұратын байқауға қатысқан жұптар керемет көңіл-күймен өз өнерлерін паш етті. Алғашқы кезеңінде әр жұп қазақи үлгідегі киіммен, ұйымдастырушылар әзірлеген…

Read More

«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қаласы бойынша филиалы халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жыл басынан бері ең көп сұратылған мемлекеттік қызметтердің рейтингін жасады. Үшінші мегаполисте жыл басынан бері халық арасында ең көп сұранысқа ие қызметтің бірі – автокөлікті қайта тіркеу қызметі болып анықталды. Алдын ала есептеулер бойынша шымкенттіктер 59 мың көлікті қайта тіркеген. Ал екінші орында – электронды цифрлық қолтаңба беру қызметі. Жыл басынан Шымкент ХҚО-ларында 44 мыңнан астам ЭЦҚ берілген. Үшінші орынға жеке куәлік пен паспорт беру қызметі жайғасты. Аталған құжаттарды 42 мыңнан астам азамат рәсімдеген. Жүргізуші куәлігін алуға немесе ауыстыруға деген ұмтылыс біздің рейтингімізде төртінші орында тұр. Шымкент қаласы…

Read More

Мемлекет басшысы өз Жолдауында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, соның ішінде агроөнеркәсіптік кешенін субсидиялаудың ұзақ мерзімді жаңа тәсілдерін әзірлеуді тапсырды. Кәсіпкерлерге жерді жедел әрі ашық бөлудің тиімді әдістерін тұжырымдау жөнінде Үкімет алдына міндеттер қойған еді. Президент тапсырмасына сәйкес, агроөнеркәсіптік кешенде мемлекеттік қолдауды жетілдіру мақсатында Шымкент қаласында жұмыс тобы құрылған. Бүгінде жұмыс тобы осы салада сыбайлас жемқорлық тәуекелін болдырмау үшін арнайы талдау жүргізіп, агроөнеркәсіптік кешенді ұзақ мерзімді субсидиялауға қатысты ұсынысын енгізген. Жылдан-жылға халық саны өсіп отырған Шымкент қаласында егістік алқаптар қысқарып келеді. Сала мамандары алдағы уақытта жылыжай кешенімен бірге мал шаруашылығына басымдық беріледі дегенді алға тартады. Қазір қала аумағында 204 гектар жылыжай кешені…

Read More

«Еліміздің басты құндылығы – адам». Бұл Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтқан сөзі. Президент бұл Жолдауда әрбір қазақстандықтың сапалы өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында ауқымды тапсырмалар берді. Оның ішіндегі ең басты бағыт ұлт саулығына арналып отыр. Мемлекет басшысы Жолдауда «…еліміздегі 650 елді мекенде емдеу мекемесі жоқ. Алдағы екі жылда бұл ауылдарда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етіледі» деген болатын. Әрине, Шымкент — республикалық маңызға ие, миллионнан астам тұрғыны бар қала. Дегенмен, демографиялық және урбанизациялық өсім есебінен денсаулық сақтау саласында да бірқатар қажеттіліктер туындап отыр. — Шымкентте медициналық көмектің…

Read More

Биыл Шымкентте «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында – 324 арендалық пәтер, жұмыс істеп жүрген жастарға – 888 пәтер, несиелік негізде – 1919 пәтер беру жоспарланған. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Өтебаева мәлімдеді. 2022 жылы Шымкент қаласында жұмысшы жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру бағдарламасы аясында 857 жас қоныс тойын тойлаған. Биыл 888 жасты арендалық баспанамен қамту көзделіп отыр. Конкурсқа өтінімдер қабылдау, өңдеу, келісімшартқа тұру жұмыстары толықтай электронды нұсқада жүргізілетін болады. Айта кетейік, биылдан бастап 35 жасқа дейінгі азаматтар жастар санатына жатқызылып, баспанамен қамтылуда мемлекеттік қолдауға ие болды. Бұған дейін жастар…

Read More

Шымкентте өңірлік Qamqor бағдарламасы аясында несиелеу үшін алғашқы транш 3 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Өтебаева мәлімдеді. – Биыл Шымкентте тұрғын үймен қамту мәселесін шешуде өңірлік Qamqor бағдарламасы іске қосылды. Аталған бағдарламаны жүзеге асыруда 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға басымдылық беріледі. Тұрғын үйді бастапқы нарықтан немесе қайталама нарықта да үміткерлер өздері тауып, сатып ала алады. Қарыздың максималды сомасы 20 млн теңгені құрайды. Кредит бойынша алғашқы жарна 10 пайыз, жылдық мөлшерлеме 5 пайыз, одан әрі жылдық 3,8 пайызға дейін төмендейді. «Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің» арқасында ипотека мөлшерлемесін төмендетуге болады,–…

Read More