Автор: ais_media

«Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасты жұмысқа орналастыруымыз керек». Бұл Президенттің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауында берген тапсырма болатын. Осы мақсатта, Шымкент қаласында өткен жылы 2413 жас жұмыспен қамтылған. Оның ішінде өз мамандығы бойынша «Жастар практикасы» жобасы аясында жұмыс орындарына 2125 жасқа жолдама берілген. NEET санатындағы 288 жас «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында жұмыспен қамтылған. Биыл мемлекеттік бағдарламалардың аясында шаһарда 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланса, оның 16 425-і жас буын. Атап айтқанда, 4 167 субсидияланатын жұмыс орындарына жолданады. Оның ішінде,…

Read More

Елімізде халықтың мемлекеттік қаржыны басқару мен бақылауға қатысуына бағытталған бастамалар қолға алынған. Соның бірі – «Халық қатысатын бюджет» жобасы. Шымкентте аталған жоба аясында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Бұл орайда тұрғындар өз ұсыныстарын жасау арқылы жергілікті бюджеттің қалыптасуына да өз үлестерін қосып жатыр. «Халық қатысатын бюджет» жобасымен 2021 жылдан бері аудан әкімдіктерінде халықтың қатысуымен жаңадан балалардың ойын, спорт алаңшалары, демалыс аймақтары ашылды. 2022 жылдың өзінде қала аумағында 158 жобаға 3 901,8 млн. теңге қаралған. Бұл өз кезегінде Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық функционалдық тобы қаржысының 7,3 пайызын құрайды. Мемлекет Басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында «Халық қатысатын бюджет» жобасы тиімді іске асырылып жатыр.…

Read More

Биыл Түркістан облысындағы индустриалды аймақтарда 13 инвестициялық жобаның жүзеге асуы жоспарланып отыр. Өнеркәсіп алаңының іске қосылуы 375 адамның жаңа жұмыс орнымен қамтылуына мүмкіндік береді. Жалпы, өңірде 9 индустриалды аймақ орналасқан. Олардың жалпы аумағы — 538 гектар. Соның ішінде Түркістан, Кентау қалалары мен Созақ, Ордабасы, Мақтаарал, Қазығұрт аудандарында инвестициялық жобалар жүргізіліп жатыр. Ал, Бәйдібек, Түлкібас, Шардара индустриалды аймақтарында инфрақұрылым жұмыстарының құрылысы жүргізілуде. Жобалардың жалпы құны — 5,8 млрд. теңге. Бүгінгі таңда аталған индустриалды аймақтарда құны 44,4 млрд. теңге болатын және 3092 жұмыс орнын құрайтын 63 жоба орналасқан. Соның ішінде қазіргі таңда іске қосылған 44 жобада 2500-ге жуық адам қызмет етіп жатыр.…

Read More

Түркістан облысының поилцейлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жол бермеу мақсатында жүйелі түрде жұмыс жүргізіп келеді. Осы бағытта Созақ аудандық полиция бөлімі Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Айжан Манапова маңызы зор шара ұйымдастырды. Аудан аумағында мүдделі мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында тұрғындар көп жиналатын орындарда әйелдерге профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ зорлық-зомбылықтан зардап шеккен жағдайда не істеу керектігі, іс-қимыл алгоритмі жазылған ақпараттық 100 дана жадынамалар таратты. Өз кезегінде полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылық деректерін байқасаңыз, немесе құрбаны болсаңыз, «102» нөміріне, немесе дағдарыс орталығына хабарласыңыздар деп ескертеді.

Read More

Түркістан облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Түркістан қаласында орналасқан №18, №11, №5 жалпы білім беретін мектептердің оқушыларымен кездесу өткізді. Іс-шараның басты тақырыбы- экстремизм көріністерінің алдын алу. Полицейлер оқушылармен әңгімелесу барысында, шетелдік экстремистік идеологияның таралуына жол бермеу, жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу және экстремизмге қарсы іс-қимыл әдістеріне ерекше назар аударды. Сондай-ақ оқушыларға экстремистік бағыттағы құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік бары түсіндірілді. Кездесу соңында тәртіп сақшылары оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Жасөспірімдер өз кезегінде тәртіп сақшыларына өзекті және танымдық кездесу үшін алғыс білдірді. Ал ұйымдастырушылар мұндай алдын алу шаралары алдағы уақытта да жалғасын табады деп атап өтті.

Read More

Туа біткен ерін, таңдай жырығы және альвеолярлық өскіні бар науқастарды емдеу – өте өзекті мәселе. Бұл – күрделі туабітті патологиялардың бірі. Түркістан қалалық орталық ауруханасына Астана қаласының Ұлттық ғылыми ана мен бала денсаулығы орталығының жетекші маманы, Мәскеудегі Д.Рогачев атындағы балалар гематологиясы, онкология және иммунология, ұлттық медициналық зерттеу орталығында үздіксіз бірнеше рет тәжірибесін шыңдаған білікті маман Қанағат Қожамжаров жұмысқа қабылданып, алдағы уақытта тұрақты түрде аталған проблемалармен айналысады. Түркістан қалалық орталық ауруханасында 2022 жыл басынан аталған жақ-бет хирургиясында жасалған күрделі қалпына келтіру және пластикалық ота түрлері – 30. Атап айтқанда, хейлопластика, реконструктивті хейлоринопластика, уранопластика, палатопластика, анкилопластика, альвеопластика, френулопластика және тағы басқа оталары…

Read More

Түркістан қаласындағы «Olympic center» спорт кешенінде КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, бокстан ұлттық құраманың бас бапкері болған Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған ХХІХ халықаралық турнир басталды. Ересектер арасында бокс додасының ашылу салтанатында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев даңқты боксшы әрі бапкер тұлғаның есімі тарихта мәңгі қалатынына, дәстүрлі турнирдің маңыздылығына тоқталса, бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов та қатысушыларға сәттілік тіледі. Әбдісалан Нұрмахановтың жары Күлпәш Ғалымжанқызы бокс қайраткері туралы ой қозғады. Дүбірлі сайысқа Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Камбоджа, Моңғолия, Куба елдерінен және еліміздің барлық аймағынан жұдырықты жігіттер қатысып жатыр. Рингте боксшылар 13 салмақ…

Read More

Түркістан облысы, Келес ауданының шаруалары егін егу саласында жаңа технологияларды енгізумен қатар өнімнің жаңа түрлерін алуды жолға қоюда. Солардың бірі – Зупарәлі Пардақұлов. Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Бозсу ауылының тұрғыны өзі төрағалық ететін «Қуаныш» шаруа қожалағы аумағындағы 8 гектар суармалы егістік алғабының 0,5 гектарына асхана асқабағы (кабачки) өнімін егіп, еліміздегі ірі қалалардағы сауда орындарына сатуда. – Қаңтар айында өнімімізді егіп, бүгінде базарға шығарудамыз. Өнімге сұраныс жоғары. Бұрындары ауылымызда бұл өнімнің түрін екпеуші едік. Жеріміздің құнарлы болуының арқасында жаңа дақыл жерсініп, мол түсім беруде, – дейді шаруа қожалығының төрағасы. Шаруа жыл сайын өзіне қарасты жерге қырыққабат, шалғам, картоп сынды көкөністерді егеді.…

Read More

Шымкентте жұмысшы және кәсіби мамандықты дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған «WorldSkills Shymkent – 2023» Халықаралық чемпионатының аймақтық кезеңі бастау алды. Кәсіптік техникалық мамандықтардың деңгейін арттыратын бұл жобаға Қазақстан 2015 жылы алғаш рет қатысып, халықаралық деңгейде жүлделі орын иегері болған еді. Жоба аясында қоғамға ең қажетті маман иелерінің біліктілігін арттыру көзделген. Сәуірдің 17-21-і аралығында өтетін чемпионаттың аймақтық кезеңі Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, кәсіпорындармен бірлесе отырып, материалдық техникалық жабдықталған, қаланың 13 жетекші колледжі базасында өтпек. – «WorldSkills» чемпионатының аймақтық кезеңіне 45 құзыреттілік бойынша 204 үміткер қатысуда. Чемпионат ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, өндірістік және инженерлік технологиялар, қызмет көрсету саласы, білім…

Read More

2023 жылғы 11 мен 16-сәуір аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына 5727 әр түрлі сипаттағы қоңыраулар шалынған. Оның 2592 тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 11 қылмыс ашылған. Оның ішінде: ұрлық — 6, тонау – 1, басқа да — 4. Бейнебақылаулар заңбұзушылықтың алдын алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізіп келеді. Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 1058 жайт анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде: нөлдік төзімділік бойынша – 261, жол ережесін бұзған – 635, одан басқа да 105 жайт анықталды. Шымкент қаласы Полиция департаментінің…

Read More