Автор: ais_media

Несиені, ең алдымен, пайда әкелетін бизнеске, яғни тиімді жобаларға беру керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте айтты. «Инфляция өскен сайын халықтың нақты табысы құнсызданып жатыр. Жұрттың табысын әлеуметтік саланың шығысы есебінен арттырудың да шегі бар. Біз осы шекке жеткен сияқтымыз. Бұған қоса, тұтыну несиелерінің көлемі артып барады. Бұл әрекет – инфляция кезінде жан бағудың амалы. Бірақ мұндай ахуалдың әлеуметтік және саяси салдары өте ауыр болуы мүмкін. Тіпті, банктердің өзіне қауіп төндіруі ықтимал», деді Президент. Мемлекет басшысының айтуынша, несиені, ең алдымен, пайда әкелетін бизнеске, яғни тиімді жобаларға беру керек. Сонда жалақысы жоғары жұмыс орындары пайда болады. Жұрттың…

Read More

Қасым-Жомарт Кемелұлы субсидиядағы жемқорлық мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Президент субсидия өзінің мақсатында жұмсалмай отырғанын, бөлінген қаражат діттеген жеріне жетпей қолды болатынын айтты. «2019-2021 жылдары өнім өңдеуге берілген субсидияны алайық. Бұл қаражаттың тең жартысы субсидия алам деушілердің 10 пайызының ғана қолына тиген. Субсидия алған кейбір пысықайлар өндірісті өркендетудің орнына бюджет қаржысын қалтасына басып, шалқып өмір сүрген. Ал қарапайым шаруалар үшін субсидия алу – қияметтің қиыны. Оның үстіне, субсидия беру жүйесі өте күрделі және қажетті мәлімет көпшілікке қолжетімді емес. Субсидия бөлуді реттейтін жаңа цифрлық жүйе бұл түйткілді шеше алмай тұр», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Read More

Президент ел экономикасын ілгерлетуде ірі кәсіпкерлердің үлкен үлес қосатынын атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы ірі кәсіпкерлерді елдегі әлеуметтік мәселелерге бей-жай қарамай, бірге атсалысуға шақырды. «Мемлекеттің қолдауына ие болып отырған ірі бизнес өкілдері айрықша рөл атқарады. «Табысты осы жерден тауып, шетелде шашу» әдетінен арылу керек. Есесіне, елдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге көбірек үлес қосуға ұмтылған жөн», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Сондай-ақ кәсіпкерлер тапқан табысын ел экономикасына салуы қажеттігін атап өтті. «Ірі кәсіпкерлер Қазақстанда тапқан табысын басқа жақта емес, өз еліміздегі бизнесін дамытуға жұмсағаны абзал. Жұмысын осы талапқа бейімдей алған ірі кәсіпкерлер нағыз ұлттық бизнес-элитаға айналады. Халықтың құрметіне бөленіп, мемлекеттің…

Read More

Әкімдер өздерінің қалаларында, елді мекендерінде жаяу жүруі тиіс. Бұл туралы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Біздің қалаларымыздың нашар көрінетінін, балалар алаңдары лайықты деңгейде жабдықталмағанын мойындауымыз керек. Шетелде болып тұрамыз. Әсіресе Шығыс Еуропада, Балқанда қалаларының бюджеті біршама аз болғанына қарамастан тартымды көрінетін шаһарлары бар. Бұл муниципалды биліктің жұмысы шығар. Дегенмен, екінші жағынан бұл сол жерде тұратын адамдардың да қарым-қатынасына байланысты. Ол бізде жоқ. Қалалықтар өздерінің үйлеріне, көшелеріне және басқаларына қалай болса солай, бей-берекет қарайтындығы сынды проблемалармен бетпе-бет келіп отырамыз. Мұндай жайт елордада да орын алып отыр. Мен елорданың жоғары мәртебесіне қалалық орталық қана емес шеткі аймақтары да…

Read More

Кентау қалалық полиция бөлімінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция лейтенанты Айжан Абдукадыр жасөспірімдерге маңызы зор ауқымды шара ұйымдастырды. Нақтырақ айтсақ №1 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Шараға Кентау қаласы қоғамдық келісім бөлімінің басшысы Ғ.Тажибаев, өзбек-этно мәдени бірлестігінің төрайымы С.Самиева, ювеналды полиция тобының инспекторы А.Бектібаев қатысты. Жиналыс «Бала тәрбиесі-баршаға ортақ!» тақырыбы аясында өтті. Спикер сала мамандары оқушыларға жақсыға еліктеп, жаманға жоламауға шақырды. Теріс әрекеттер, әлімжеттік, басқа да құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырды. Білім алып, тек биіктен көрініп, ата-ана мен мектептің озат, үлгілі оқушылары деген аттан таймауға кеңес берді. Сондай-ақ полицейлер кез келген құқық бұзушылық немесе қылмыстың, жаман…

Read More

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, 2023 жылдың 18-сәуірінен бастап республика аумағында «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Аталған акцияның мақсаты — интернет-алаяқтыққа қарсы күрес, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын өзге де құқықбұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және болған қылмыстарды дер кезінде ашу. Сондай-ақ, зиянды бағдарламаларды, арнайы техникалық құралдарды, интернет-алаяқтықты, порнографияны оның ішінде балалар порнографиясын дайындайтын және тарататын, суицидалды бағыттағы ойындарды, интернет желісіндегі өзге де құқық бұзушылықтарды насихаттайтын адамдарды анықтау болып табылады. Республика аумағында басталған «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы 20-сәуіріне дейін жалғасады. Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Read More

Түркістан облысында автогаз қымбаттамайды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Сәкен Далиев мәлім етті. Түркістан облысына сұйықтылған газдың сұранысы айына 12 000 тоннаға жуық көлемді құрайды. Ал, күнделікті тұтыну көлемі 420 тоннаның төңірегінде. Басқарма басшысының сөзінше, өңірдегі сұйытылған автогаздың көлемі жеткілікті. Алдағы уақытта да тапшылық туындамайды. «Сәуір айына 10236 тонна, мамыр айына 12359 тонна, маусым айына 10739 тонна сұйытылған мұнай газ Түркістан облысына бөлініп отыр. Бағасы да тұрақты. Түркістан облысы аумағында сұйытылған автогаздың литрі 60-65 теңгенің көлемінде сатылып жатыр. Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстарында тариф өседі деп жоспарланып отыр.…

Read More

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгеніне биыл 20 жыл толды. Осыған орай, облыс орталығында «Әлемдік мәдени мұраларды қорғау, сақтау және басқару» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. 17-18 сәуір күндері ұйымдастырылған ауқымды шараға отандық және шетелдік, атап айтқанда Түркия, Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан елдерінің тарих, реставрация, сәулет өнері, мәдениеттану салалары бойынша маман-ғалымдары, тарихи-мәдени мұраларды қорғау өкілдері, қорық және тарихи-өлкетану музейлері мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкерлері қатысты. Халықаралық жиында әлемдік мұра объектілеріндегі қалпына келтіру және басқару, оқу орындарында реставраторларды даярлау, менеджмент жоспарды әзірлеу және қолдану, тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтауға бағытталған озық технологияларды қолдану, диагностикалық-мониторингтік зерттеулер, соңғы заманауи цифрлық құрылғыларды…

Read More

Бүгін Отырар аудандық Мәдениет сарайында «Оқушылар сарайы — ЮНЕСКО» клубының директоры Индира Сарқытқызы, «Turkistan Qol Oner Одағы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері отырарлық қолөнершілермен және олардың еңбектерімен танысты. «Turkistan Qol Oner Одағы» қоғамдық бірлестігінің жұмысымен таныстырған Индира Сарқытқызы алдағы уақытта қолөнершілерді шығармашылық байланыс орнатуға, нәтижесінде шығармашылық жұмыстарын шыңдауға мүмкіндік тудыратын Одақ аясында біруге шақырды. Ұлттық қолөнерімізді, оның ішіндегі түрлі бағыттағы шеберлердің еңбектерін туристтерге, Қазақстан мен алыс-жақындағы шет елдерге танытуға арналған жобаларымен бөлісті. Шеберлер де өздері тарапынан толғандырған сұрақтарына жауап ала алды. Күрмеуі тұйықталған осы бір саланың жұмысы бір ізге түсіп жатса бәріміз үшін, әсіресе шеберлер үшін қуанышты жаңалық болар еді. Ендеше, барша…

Read More

Бүгін Жетісай аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен аудандағы аралас тілді мектептер мен арнаулы орта оқу орындарының этнос жастары арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында аудандық байқау өтті. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәртебесін көтеру, этнос өкілдері арасында қазақ тілін жетік меңгерген білімді әрі талантты жастарды анықтау, марапаттап, қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған байқауға 10 этнос жастары қатысты. Байқауға Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы С.Аташев, аудандық «Жаңа Жетісай» газетінің жауапты хатшысы Э.Өсербекова, «Тұран» мектеп-гимназиясының мұғалімі З.Асқарова қазылық етті. Байқауды Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту,…

Read More