Автор: ais_media

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков еліміздің Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Болатқызына депутаттық сауал жолдады. Депутат министрге жолдаған сауалында Кентауды экологиялық аймақ деп тану арқылы 100 мың халықтың өмір сүру сапасын жақсарта аламыз деген пікірін жеткізді. «Түркістан облысының Кентау қаласындағы экологиялық жағдай күннен күнге күшейе түсіп жатыр. Бұл мәселеге негізгі себептің бірі — қаланың Арал аймағына жақын орналасқандығы. Арал маңындағы қазақстандық бөліктің қарқынды шөлге айналуы халықтың әл-ахуалының қолайлы шарттарының жойылуына, атап айтқанда аурушаңдықтың артуына алып келіп жатыр. Осы себептер бойынша Қызылорда, Түркістан және Ақтөбе облыстарының кейбір аймақтары экологиялық апат аймақтары болып танылды. Ал, сол сәтте Кентау қаласы мен…

Read More

Биыл 21 сәуірде үш күндік Ораза айт мерекесі басталады. Ораза айт – қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін мейірімділіктің, игіліктің, бірліктің, қайырымдылықтың мейрамы саналады. Сондай-ақ, 21 сәуір – Рамазаннан кейінгі Шәууәл айының бірінші күні болып есептеледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан қаласының бас имамы Мухамеджан Жумадуллаев мәлімдеді. Сондай-ақ бас имам Рамазан айындағы қайырымдылық іс-шаралары және Ораза айт намазының уақыты жайында баяндады. Спикердің сөзінше, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміз бойынша мешіттерде оқылатын айт намазының кестесін жариялады. Биыл Түркістан облысы бойынша Ораза айтының намаз уақыты таңғы 07:30-ға белгіленген. «Барша мұсылман баласын ұлық мерекеміз – Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын! Ораза…

Read More

Бүгін Алматы қаласындағы кәсіби «Атакент» көрме кешенінде KITF «Туризм және саяхат» 21-ші Қазақстандық халықаралық көрмесінің ашылу салтанаты өтті. 3 күнге созылатын шараға 19 мемлекеттің туристік бизнес өкілдері қатысуда. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін көрмені ұйымдастырудағы басты мақсат – мемлекеттер арасындағы халықаралық туризмды дамыту. Шара барысында жаһанның сан тарапынан келген бизнес өкілдері мен Қазақстанның өзге де облыстары павильондарын өз аймағының ерекшелігін көрсететін түрлі тағамдар мен заттарға толтырған. KITF Қазақстандық халықаралық көрмесі елімізде 2001 жылдан бері өткізіліп келеді. Экспозиция туризм бойынша Орта Азиядағы ең ірі кәсіби алаң және елдегі туризм саласының басты оқиғасы болып табылады. Көрме индустриясының сарапшылар тарапынан KITF көрмесіне, B2B…

Read More

Түркістан облысына қарасты аудан, қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен бірлесіп «Халықты жұмыспен қамту орталығы мамандары» мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық — түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 17 аудан, қала бойынша 6 қала, 3 кент, 46 ауыл округ, 3 ауыл, 6 орталық базар мен 51 елдімекенде кездесулер ұйымдастырылған. Жалпы Түркістан облысы бойынша мемлекеттік бағдарламалар 7283 жас арасында қамтылған. Түсіндірме жұмыстары жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік бағдарламалары мен тұрғын үй жөнінде ақпараттармен таныстыру мақсатында жүргізілген. Насихат жұмыстары барысында аудан, қала жастарына «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны», «Қоғамдық жұмыс», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Бастау-Бизнес» және «Ұрпақтар келісім-шарты» жөнінде мәліметтер берілген. Бұдан бөлек, ҚР Еңбек…

Read More

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өткізіліп жатқан «Қоныс аудару» жәрмеңкесі бүгін Сайрам ауданында жалғасты. Онда Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Абай облыстарының жұмыс берушілері сайрамдықтарға бос жұмыс орындарын ұсынып, қоныс аударған жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмектер, көшу шығындарын өтеу бағдарламалары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Халқы тығыз орналасқан Сайрам ауданының азаматтарына жалпы 3934 вакансия ұсынылды. Сұранысқа ие мамандықтар қатарында медицина, білім, көлік, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы және өзге де салалар бар. Ақсукент ауылында ұйымдастырылған ауқымды жиынға 500-дей жергілікті тұрғын белсенділік танытып, қатысты. Теріскейлік атануға ниеттілердің саны бұрынғыдан да артқаны байқалды. – Мен қазіргі таңда ақылы қоғамдық негізде жұмыс істеймін. Мамандығым – тауартану…

Read More

Түркістан облысына қарасты аудан, қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен бірлесіп «Халықты жұмыспен қамту орталығы мамандары» мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық — түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 17 аудан, қала бойынша 6 қала, 3 кент, 46 ауыл округ, 3 ауыл, 6 орталық базар мен 51 елдімекенде кездесулер ұйымдастырылған. Жалпы Түркістан облысы бойынша мемлекеттік бағдарламалар 7283 жас арасында қамтылған. Түсіндірме жұмыстары жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік бағдарламалары мен тұрғын үй жөнінде ақпараттармен таныстыру мақсатында жүргізілген. Насихат жұмыстары барысында аудан, қала жастарына «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны», «Қоғамдық жұмыс», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Бастау-Бизнес» және «Ұрпақтар келісім-шарты» жөнінде мәліметтер берілген. Бұдан бөлек, ҚР Еңбек…

Read More

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына орай, Сауран ауданының аумағында санитарлық-тазалық талаптарының қатаң сақталуы бақылауға алынған. Аталған мәселеге байланысты Сауран ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ербол Жанғазиев, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары аудан аумағын аралап, Шорнақ ауылдық округінде орналасқан «Sauran Plast» өндіріс орнына арнайы барып, жұмысымен танысты. Өндіріс орны қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеп, одан шикізат шығаруды қолға алған. Еліміздің өзге де облыстарынан тұрмыстық қалдықтарды жинап, өңдеуде. Өндіріс орнының басшысы Қанат Көшербаев алдағы уақытта өнім көлемін арттырып, шикізаттан пластикалық құбыр шығаруды жоспарлап отырғандығын жеткізді. Жобаның қуаттылығын жылына 500 тоннаға жеткізу көзделуде. Зауытта бүгінгі таңда 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.…

Read More

Биыл Түркістан облысындағы арнаулы оқу орындары мен колледждерге мемлекет тарапынан 15300 грант бөлініп отыр. Ендігі кезекте осы гранттарды толық игеріп, жас түлектерді біліммен қамту керек. Оқушыларға мемлекеттік гранттар туралы ақпарат беру, насихаттау, түсіндіру маңызды. Бұл мәселе 2023-2024 жылы оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу жөніндегі комиссия отырысында талқыланды. Жиынға төрағалық еткен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев оқушыларды, жастарды мемлекеттік грантпен қамту бағытындағы жұмысты жандандыруды тапсырды. – Былтыр Түркістан облысы үшін арнаулы оқу орындарына 17 мың грант бөлінген. Бірақ оның біразы игерілмей, кері қайтарылған. Оның түрлі…

Read More

Түркістан облысы әкімдігінде жанар-жағармай тапшылығының алдын-алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сараланып, өзекті мәселелері талқыланған мәжіліс өтті. Оған Облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті, Экономикалық тергеп-тексеру, Полиция департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті, Шекара және Кеден қызметі, Көліктік бақылау инспекциясы мен Статистика департаменті өкілдері, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыстық департаментінің басшысы және аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Сонымен қатар облыстық жанар-жағар май ассоциациясы мен жанармай тарату операторлары және жанармай құю бекеттерінің иелері қатысты. Жиынға төрағалық жасаған Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов күн тәртібімен таныстырып, мәселенің өзектілігіне тоқталды. – Облысымыздың кейбір аудандарындағы жанармай бекеттерінде АИ-92 маркалы бензині және дизель отынына тапшылық байқалуда.…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін жылдық 2,5% жеңілдікпен микрокредит беру тетігін іске қосуды тапсырған болатын. Бүгін Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ұйымдастыруымен «Көрме» орталығында жастарды кәсіпкерлік бастамалары үшін 2,5% жеңілдетілген шағын несие беру бойынша «Ашық есік» күні өтті. Аталмыш шара кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жастарға жеке ісін ашу үшін жағдайлар жасау. Микрокредит жастардың кәсіпкерлік бастамаларына жәрдемдесу, бизнесті бастау, оны кеңейту үшін мақсатында беріледі. Бұл — жаңадан кәсіп ашып, өрге домалатамын, қолда бар кәсіпті әрі қарай дамытамын деген жастарға таптырмас мүмкіндік болып табылады. Маңызды шара аясында…

Read More