Автор: ais_media

Еліміздің солтүстік аймақтарынан келген арнайы делегацияның Түркістан облысына жоспарлаған жұмыс сапары аяқталды. 19 сәуір күні Мақтаарал ауданында басталған «Қоныс аудару» жәрмеңкесі 20 сәуірде Сайрам ауданында жалғасты. 3 күнге созылған жәрмеңке бүгін Түркістан қаласында қорытындыланды. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай және Павлодар облыстарының жұмыс берушілері Түркістан облысының тұрғындарына жәрмеңке өткізді. 4 өңірдің делегация құрамындағы 80-ге жуық жауапты өкіл ел аралап, облыстың 3 аймағында өткізілген жәрмеңкелерге қатысты. 4 ауылдық округтің жергілікті тұрғындарымен кездесіп, үгіт-насихат жүргізді. Мемлекеттік бағдарламаларды бетпе-бет әрі қарапайым түрде түсіндіруінің нәтижесінде 3 күннің ішінде 500 отбасы, мүшелерін қоса есептегенде 2000-ға жуық түркістандық теріскейге көшуге ниет білдіріп отыр. Облыс орталығындағы «Farab»…

Read More

Жетісай ауданындағы 1200 ішкі көшенің жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 60 пайыздан 100 пайызға жеткізу бойынша арнайы жобалар жүзеге асырылуда. 2022 жылы 1 млрд. 418 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 65,7 шақырымды құрайтын 77 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, биыл 1 млрд. 735 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 70,5 шақырымды құрайтын 104 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 1 млрд. 111 млн. теңгеге Атамекен, Қызылқұм, Арай, Сұлубұлақ, Жылы су ауылдық округінің Сейфуллин елді мекендерінде жалпы ұзындығы 44 шақырымды құрайтын 61 көшеге, жергілікті бюджет пен субвенция есебінен 624 млн. теңгеге жалпы ұындығы 26,5 шақырымды құрайтын 43 көшеге…

Read More

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының арасындағы мемлекет шекарасының 913 шақырымы Түркістан облысының аумағы арқылы өтеді. Осы аумақтағы Шекара бөлімшелері нысандарының инфрақұрылымын жетілдіру жөніндегі Жол картасын іске асыру бойынша жұмыстар жанданады. Бұл түйткіл Түркістан облысының шекара мәселелері жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесінің мәжілісінде кеңінен талқыланды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте өңір басшысы шекаралық бөлімшелердің инфрақұрылымын жақсарту аса маңызды міндет екенін айтты. – Түркістан облысында шекара қорғанысын күшейту және мемлекеттік шекараны қорғау бойынша жұмыстар атқарылуда. Шекара қызметі бөлімшелерінің инфрақұрылымдық мәселелерін шешу жөніндегі Жол картасы 2020 жылы қыркүйекте бекітілген. Нақтылауды тапсырамын. Бүгінгі үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысымен Шекара қызметі бөлімшелерінің инфрақұрылымдық мәселелерін…

Read More

Дәл қазір мыңдаған шымкенттіктер «Орталық саябаққа» жиналып, «Менің гүлді аулам» гүлдер фестиваліне қатысуда. Қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мерекелік шарада эстрада жұлдыздары ән шырқап, көпшілікті көтеріңкі көңіл-күйге бөлеуде. Сонымен қатар, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі, гүлдер көрмесі, арнайы шеберлік сағаттары өтіп, суретшілер өздерінің ең жақсы деген жұмыстарымен таныстырды. Саябақ кәдімгі сахнаға айналып, әдемі безендірілген гүлдер композициялары мен түрлі инсталляцияларда қонақтар естелік суреттерге жарыса түсуде. Қызғалдақ гүлі кейпіндегі бишілер мың бұрала билеп, ерекше әсер сыйлады. Оған қоса бүгінгі ауа-райы да ерекше құлпырып, тұрғындардың жүзі бал−бұл жайнап, керемет көңіл- күйде жүр. Сондай-ақ, мерекеге келген қала тұрғындары қазақтың ұлттық тағамдары мен дәмді кәуаптарынан дәм татты.…

Read More

2010-2011 жылдары «Нұрлы көш» пилоттық бағдарламасы арқылы Шымкент қаласының «Асар» шағынауданында 975 тұрғын үй салынған болатын. Бағдарламаның мақсаты – отандастарымызды атамекенге қайтару, сондықтан елге оралған қандастарымызға сатып алу құқығымен тұрғын үйлер бастапқыда 8 жылға жалға берілді. Қазіргі таңда бағдарлама арқасында жақын шет елдерден Шымкент қаласына қоныс аударған 975 отбасының 927-і жалға алған үйлерін «Отбасы банк» арқылы ипотекалық несие негізінде рәсімдеуде. «Отбасы банк» талаптарына сәйкес несие уақытын өткерген соң қандастар тұрғын үйді жекеменшік иелікке рәсімдей алады. Айта кетейік, қалған 48 отбасы тұрғын үйлерді «Отбасы банкпен» рәсімдеу жұмыстарын жүргізу мәселелерін шешу мақсатында ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне Шымкент қалалық тұрғын үй…

Read More

Қазақстандықтарды тұрақты жұмыспен қамту — күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2022 жылы бекітілген «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында 2023-2025 жылдар аралығында 3,3 милионнан астам азаматты, оның ішінде 2,3 млн жас маманды жұмысқа орналастыру көзделген. Президент тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласы бойынша 2023 жылы – 7 628, 2024 жылы – 8 000, 2025 жылы 8 200 азаматты жұмыспен қамту жоспарланған. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде былтыр 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Іс жүзінде 39 058 адам қатысып, жоспар 116,3 пайызға орындалған. Жастардың үлесі…

Read More

Түркістан қаласын көгалдандыру жүйелі жүзеге асып келеді. Былтырғы жылдың нәтижесінде облыс орталығында 200 мыңнан аса ағаш отырғызылып, 60 пайызға жуығы өнген болатын. Ал биыл жыл басынан бері шаһарда 99 847 ағаш көшеті отырғызылды. Қалада 11 нысан бойынша абаттандыру жұмыстары атқарылып жатыр. Аталған нысандарда жұмыс жүргізуші мердігер мекемелер жерсінбеген ағаштарды өз есебінен қайта отырғызып, жаңартуда. Бұдан өзге Түркістан қаласындағы мазараттарда тазалық жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, мазарат маңы қоқыстан тазартылып, қоршаулары ретке келтірілді. Жалпы тазалық жұмыстары барысында «Қаракөз», «Қарашық», «Батыс», «Христиан», «Шойтөбе» мазараттарынан жарты тоннадан аса қоқыс жиналды. Әр мазаратты тазалау жұмысына 10 қызметкер, екі техника күші жұмылдырылған. Түркістан облысы әкімінің баспасөз…

Read More

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қолжетімді және сапалы біліммен қамтамасыз ету мәселесін әрдайым басты назарда ұстап келеді. ҚР Президентінің 2022 жылғы қарашада бекітілген «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында да білім саласына басымдық берген. Іс-қимыл жоспарында Мемлекет басшысы балаларға арналған 50 сауықтыру лагерін ашу, балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін кемінде 100 жаңа ірі объекті салу жөнінде жергілікті басқару органдарына тапсырма берді. Оның ішінде оқушылар сарайы, жас техниктер станциясы, балалар технопаркі, музыка және көркемсурет мектептері сынды нысандарды салу мәселесі көтерілген. Президент тапсырмасына қатысты Шымкентте бірқатар жоба жүзеге асырылуда. Соның бірі 2023…

Read More

Түркістан қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде (NIS) күн сәулесінен энергия алатын станция өз жұмысын бастады. Нысанның ашылуына Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және ТМД елдеріндегі «Шелл» компаниясының корпоративтік байланыстар жөніндегі вице-президенті Джоанна Кунсберг, «Мектептерге күн энергиясы» жобасының жетекшісі Ринат Хусаинов, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин, Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Күләш Шәмшидинова қатысты. 2022 жылы құрылысы басталған нысанның жалпы ұзындығы – 75 метр, биіктігі – 5 метрге жуық. «Шелл» энергетикалық ұйымының қолдауымен ашылған станцияның фотоэлектр тақталары мектепте 100 кВт энергия шығаратын күшке ие. Жүйе мектептің бір жылда тұтынатын электр қуатының 30%-на дейін қамтуға,…

Read More

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кезекті көшпелі мәжілісін Сарыағаш ауданында өткізді. Шипажайы мен құнарлы жерімен, еңбекқор тұрғындарымен әйгілі аймақтың өткір мәселелерін ашық талқылап, ауданды дамыту жөнінде кеңесті. Өз саласы бойынша индикаторларды орындай алмай жүрген басшылар мен жауаптыларға жұмысты сапалы атқару керектігін айтты. – Апта басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңес өткізді. Сол жиында басшыларға, мемлекеттік қызметшілерге нақты міндеттер жүктеді. Күнделікті мәселелерді шұғыл шешумен ғана шектелей, мемлекетшіл-реформатор болуды, аймақтарды жан-жақты дамытуды тапсырды. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту, отандық өндірісті ұлғайту, азаматтардың нақты табысын арттыру, байыпты макроэкономикалық саясат жүргізу, инфрақұрылымды одан әрі дамыту, өндіріс орындарын ашу керектігін айтты.…

Read More