Автор: ais_media

Түркістан облысы Сарыағаш қаласының орталығынан қазақтың ұлттық киімдерін тігу мектебі ашылды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған aisnews.kz. Жеке кәсіпкер әрі тігін кәсібін игерген Ж.Сапарова заманауи үлгіде, қазақи нақышта әйелдерге арналған киімдер тігіп, өз кәсібін брендке айналдырып жатыр. Осы орайда, аудан әкімі Арман Абдуллаев аталған тігін мектебінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. — Бүгінде аудан тұрғындары түрлі кәсіп көзін тауып, ел экономикасына өз үлестерін қосып жатыр. Ондай азаматтарға көмек-қолдаулар жасауға біз қашанда дайынбыз. Жеке кәсібін ашып қана қоймай, халық үшін, мемлекет үшін өзінің кәсібін дөңгелететін және шәкірт тәрбиелейтін азаматтарымыз көбейсе, еліміз одан әрі қарыштап дами бермек, — деген аудан…

Read More

Іс-шара 10-13 шілде аралығында «Екатеринбург-Экспо» ғимаратында өтуде. Форум барысында көрмеге 50 елден 40 мыңға жуық бизнес өкілдері қатысып жатыр. «Иннопром» көрмесінде ұлттық экспозицияларын Армения, Беларусь (серіктес ел ретінде), Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан ұсынады, ал, Бахрейн, Египет, Үндістан, Иран, БАӘ, Сербия, Түркия сияқты басқа да елдердің ресми және бизнес-делегациялары қатысушылар ретінде жария етілді. Көрменің негізгі бөлімдері: металл өңдеу, көлік машинасын жасау, энергетика, автоматтандыру және робототехника, цифрлық өндіріс және т. б. арналған. Қазақстандық павильонның жалпы ауданы 900 шаршы метрді құрайды – мұнда өнеркәсіптің түрлі салаларындағы жетекші 250 отандық компания орналасқан. Көрменің экспозициясын аралап көрген Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайыловқа, Беларусь Премьер-Министрі…

Read More

Жетісай ауданының шаруалары өз өнімдерін делдалдың қатысуынсыз саудаламақ, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ainews.kz. «Құрметті Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруші шаруалары! Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тікелей тапсырмасымен Алматы облысы Сауда департаменті басшыларымен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде Алматы қаласында орналасқан «Алтын орда» базары басшыларымен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері үшін өз өнімдерін делдалсыз қала тұрғындарына сатуға арналған арнайы тегін орын белгіленді. Белгіленген орында шаруалар бақша, көкөініс өнімдерін сата алады. Ол үшін бақша, көкөніс дақылдарын өсіруші шаруалар жергілікті ауылдық округінің әкімшілігінен анықтама алып, өздерімен бірге алып барулары қажет. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Жетісай…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы мамыр айында Қытайдың Сиань қаласындағы қазақ-қытай инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, қытайлық іскерлік орта өкілдерін серіктестікті нығайтуға шақырып, өзара, оның ішінде өңіраралық ынтымақтастықты түрлі деңгейде жандандыру қажет екенін атап өткен болатын. Осы мақсатта Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, облыстық басқармаларға, аудан, қала әкімдеріне инвестиция тарту арқылы жаңа жұмыс орындарын құру бағытында нақты тапсырмалар жүктелді. Биыл 1-8 шілде аралығында Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ұйымдастыруымен, басқарма басшысы Н.Мырзахметовтың басшылығымен Келес, Сарыағаш, Жетісай, Шардара, Мақтаарал аудандарының әкімдері, «TURKISTAN INVEST» ЖШС өкілдері және кәсіпкерлер бастаған делегация Қытай Халық Республикасына іссапармен барды. Сапардың негізгі мақсаты –…

Read More

№11-ші Түркістан колледжінде «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысы Байдалы Жадыра қымыздан балмұздақ пен сабын жасап шығарды. Жаңа жобаның мақсаты – қымыз балмұздағының биологиялық құндылықтарға бай және адам ағзасына пайдалы екенін дәлелдеу. Қымыз балмұздағының басқалардан айырмашылығы отқа дайындалады және оның құрамы өзгермей табиғи құндылығын сақтайды. «Біздің нарықта ұлттық өнімдер, оның ішінде қымыз өнімдерінің түрлері аз екенін байқауға болады. Балмұздақ жастарға да, балаларға да ұнайды. Қоспасыз биоөнімдер денсаулыққа да пайдалы», дейді Жадыра Байдалы. Колледж оқытушысының айтуынша, сусынның құрамында түйіршікті ақуыздар бар, ол адам денсаулығына пайдалы табиғи иммундық қасиеттерге ие. Сонымен қатар ұстаз емдік пайдасы бар саумал қосылған сабын шығара бастады.…

Read More

Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында ауданның апталық жиналысында  3 мәселе қаралды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған aisnews.kz. Атап өтсек, 1-ші шілдеге аудан бюджетінің орындалуы бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Мырзахметов, аудан бойынша инвестиция көлемін арттыру мақсатында атқарылған жұмыстар туралы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Сұлтанғали Шакиров, ортақ жайылымдағы жерлерді мемлекетке қайтару барысы, елді мекен шегіндегі жерлерді аукцияонға қою бойынша аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Шохан Алиханов баяндама жасады. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Мырзахметов мәлімдеуінше Сауран ауданы бойынша 2023 жылдың 26 маусымдағы…

Read More

ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Өңірді дамыту үшін инвестиция тарту және жаңа кәсіпорындар ашуға басымдық берілгенін атап өтті. «Биыл Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толды. Облыс орталығы – Түркістан қаласын рухани астана ретінде дамыту бағытында қабылданған шаралар өңір экономикасының дамуына тың серпін берді. Экономиканың басты көрсеткіші жалпы өңірлік өнім көлемі 5 жылда 2 есе өсіп, 3,5 трлн. теңгеге жетті. Өнеркәсіп өнім көлемі 2 есеге артып, 867 млрд.теңгені құрады. 2018-2022 жылдар аралығында Индустрияландыру картасы аясында өңірде жалпы құны 56 млрд. теңгеге 43 жоба іске асырылып, 2834 жаңа…

Read More

Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын тұрақтандыру бойынша кешенді шаралар жүргізілуде. Атап айтқанда, ірі сауда желілеріне несиелер беріліп, қалаларда ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі, өңірлердің шаруаларымен келісімшарттар жасалады, азық-түлік тауарларына баға белгілеуде делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссия жұмыс істейді. Аталған іс-шаралар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Осы ретте бағаны ауыздықтау үшін тауар өндіруші мен саудагерлерді бағаны қымбаттатпай ұстауға ынталандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Тұрақтандыру қорына тұтынушылар тарапынан тауарлардың тез бүлінетіні туралы шағымдар көп түседі.  Осыған орай қоймадағы тауарлар жүйелі түрде жаңаланып тұрады. ҚР ҰЭМ-нің статистикалық мәліметіне жүгінсек, Түркістан қаласында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы Қазақстан…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын іске асыру шеңберінде Түркістан облысында «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағытында жұмыстар жүйелі түрде жалғасып жатыр. Шілде айынан бастап елімізде коммуналдық қызметтердің бағасы өзгеріп, 2029 жылға дейін инженерлік желілердің тозу деңгейін 15 пайызға дейін азайту жоспарланған. Ал жаңа тариф саясатына көшу-коммуналдық желілердің тозуын азайтып, жұмысшылар жалақысының өсуіне мүмкіндік береді деп көзделіп отыр. Бұл туралы брифингте ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ақтілеу Бекмұратов мәлім етті. «Тұрғындардың тұрмысына да, көңіл күйіне де әсер ететін жайттың бірі осы – тариф. Сол себептен «Тарифті инвестицияға айырбастау» жобасы айтарлықтай маңызға ие. Биылғы мамыр айында департаментке…

Read More

Түркістан облысы бойынша 2023 жылдың 1 шілдедегі жағдайға жергілікті бюджетке 83,9 млрд.теңге сомасында кіріс түсіп, жоспар 109,2%-ға немесе 7,1 млрд.теңгеге асыра орындалды (жоспар – 76,8 млрд.теңге). Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда түсім 10,4 млрд.теңгеге артқан немесе өсу қарқыны 14,1%-ды құрап отыр. Жалпы барлық аудан, қалалар бойынша түсімдер жоспары орындалды. Апталық аппарат отырысында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен бюджет қаражатын қатаӊ бақылауды талап етті және бюджеттік бағдарламаныӊ қаржыландыру жоспарларына сәйкес толық және тиімді дамуын қамтамасыз етуге тапсырма берді. Облыстық қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Абдрахман Тасыбаевтың баяндауынша, облыс бюджетінің шығыстарына 670,4 млрд.теңге жоспарланып, игерілуі 99,9%-ды құрады. Кей құрылыс…

Read More