Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев: “ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ТИІСТІ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮРГІЗУ ҚАЖЕТ”
    Аймақ

    Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев: “ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ТИІСТІ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮРГІЗУ ҚАЖЕТ”

    13.07.2023
    Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында ауданның апталық жиналысында  3 мәселе қаралды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған aisnews.kz. Атап өтсек, 1-ші шілдеге аудан бюджетінің орындалуы бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Мырзахметов, аудан бойынша инвестиция көлемін арттыру мақсатында атқарылған жұмыстар туралы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Сұлтанғали Шакиров, ортақ жайылымдағы жерлерді мемлекетке қайтару барысы, елді мекен шегіндегі жерлерді аукцияонға қою бойынша аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Шохан Алиханов баяндама жасады.
    Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Мырзахметов мәлімдеуінше Сауран ауданы бойынша 2023 жылдың 26 маусымдағы жағдайға кірістер бойынша жоспар 113,6%-ға орындалып, 307 443,2 мың теңге артық түскен. Есепті кезеңде, аудандық бюджет жоспары 98,9%-ға орындалып, 13 135,6 мың теңге жоспардан кем түскен. Оның ішінде ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы 171,5 мың теңгеге, төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы 100 647,7 мың теңгеге, әлеуметтік салық 12 837,1 мың теңгеге кем орындалғанын жеткізді. Бұл бойынша тиісті жұмыстарды атқармаған ауылдық округтер мен дербес бөлімдерді жекелеп атап өтті.
    Мәжілістің күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Сұлтанғали Шакировтың хабарлауынша аудан көлемінде инвестиция көлемін арттыру бағытында жоспарға сәйкес, 2023 жылға негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 30,1 млрд теңге болып бекітіліп, нысаналы индикаторлар белгіленген. 2023 жылдың қаңтар-мамыр айына аталған жоспар 164,0 пайызға немесе 9 млрд 078,2 млн теңгеге орындалған. Сонымен қатар, 2023 жылдың қаңтар-маусым айларына болжам бойынша 10 млрд 630,2 млн теңгеге есеп тапсырылған.
    2023 жылы туризм саласындағы негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі 1 млрд. теңге болып бекітіліп, нысаналы индикаторлар белгіленген. Биыл 5 айдың қорытындысымен жалпы құны 663,6 млн.теңгені құрайтын 3 инвестициялық жоба іске асырылып, 20 жаңа жұмыс орны ашылған. Сонымен қатар, жыл соңына дейін жоба құны 2 млрд 974,0 млн. теңгені құрайтын 4 жоба жүзеге асырылмақ. Аталған жобалар іске қосылған жағдайда 80 жаңа жұмыс орны ашылатынын мәлім етті.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026

    «Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

    26.08.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

    14.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    МИРАС ТӨЛЕБАЕВ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ КӨЛЕМІ 84,4%-ҒА ӨСТІ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КАДР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫЙ-ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.