Автор: ais_media

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының шаруалары да бүгінде өнім түрлерін түрлендіруді қолға алуда. Солардың бірі Құркелес ауылдық округі, Еңкес елді мекенінің тұрғыны, «Ханкелді ата» шаруа қожалығының төрағасы Ә.Ханкелдиев. Жеке кәсіпкер меншігіндегі жылыжайда баялды және болгар бұрышын егіп, бүгінгі таңда дайын өнімдерін еліміздің солтүстік өңірлеріне тасымалдауда. Өнім көлемі 25 тонна. Аталған шаруа қожалық бүгінгі таңда 8 адам тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Аграрлы аудан ретінде Сарыағаш ауданының орны бөлек. Өңделетін жер көлемі, алынатын өнім көрсеткіші және шаруалар саны бойынша да көш басындағы аудандар қатарында келеді.

Read More

Түркістан өңірінің астықты алқаптардың бірі саналатын Сарыағаш ауданында бидай ору науқаны қарқынды жалғасуда. Осынау науқанға білек сыбана кіріскен аудан диқандары жайдары жаздың әр сәтін қалт жібермей, астық ору қарқынын үдете түскен. Дәл қазіргі таңда, егістік алқаптарында тізілген комбайндар алтын астықты ысырап қылмай, жиналған дәнді қамбаға құю үстінде. Аудан диқандары жылдағыдай биыл да астық ору науқанынан үлкен үміт күтеді. Ағымдағы жылы Дарбаза ауылдық округі аумағындағы 15700 гектар жерге астық дақылдары себілген. Оның ішінде: — бидай-13700 гектар; -арпа-2000 гектар. Бұл аталған жерлер ауылдық округте орналасқан 45 шаруа қожалықтарына және 7 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне тиесілі. Биыл ауарайының қолайлы болуына орай өнімділік гектарына 20-25…

Read More

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, өңірде «Балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы» бекітілген болатын. Жоспарға сай, биыл өңірде I тоқсанның қорытындысы бойынша 2559 тонна өндірілді. Бүгінде балық шаруашылығымен айналысушыларға мемлекет тарапынан тиісті жеңілдіктер, субсидиялар беріліп отыр. Осы орайда Түркістан облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен бір топ БАҚ өкілдері Келес ауданындағы «Көшім» шаруа қожалығының жұмыс барысымен танысты. Аудандағы Ақтөбе ауылдық округі, М.Горький елді мекенінде орналасқан шаруа қожалық 2016 жылдан бері жұмыс істейді. Бүгінде қожалықта балық өсіру және балық етін өндіру қызметтері жүзеге асып жатыр. Жоба құны — 100 млн. теңге. — Балық шаруашылығымен жеті жылдан бері…

Read More

Бүгінде Созақ ауданында шаруа қожалықтарды өркендету, оның ішіндегі етті бағыттағы мал шаруашылығын дамыту күн тәртібінен түскен емес. Бұл жөнінде аудан басшысы Мұхит Тұрысбеков, халықпен есептік кездесу барысында ауыл шаруашылықты дамытудың маңыздылығына тоқталып келеді. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында мемлекет тарапынан жеңілдіктер қарастырылып, субсидия бөлінуде. Бірнеше шаруа қожалықтар жаңбырлатып суғару әдісіне көшті. Аудан басшысының тапсырмасына сәйкес, сала орынбасарлары мен тиісті бөлімдер ауыл округтер мен елді мекендерді аралап, субсидиялау, жеңілдетілген несие, грант алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ аудан мал шаруашылығына қолайлы аймақтың бірі болғандықтан жылдан-жылға мал басының саны артып келеді. Бүгінде жұмысын жандандырып отырған қожалықтың бірі Созақ ауылындағы “Балтабай” шаруа…

Read More

ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының мәлімдеуінше, өңірде экономиканың маңызды саласының бірі ауыл шаруашылығында өнім көлемі 5 жылда 2 есе артып, алғаш рет 1 трлн. теңгеден асты (2018 ж. 544,3 млрд.теңге). Агроөнеркәсіп кешеніне жалпы 336 млрд. теңге инвестиция тартылған. Салада жаңа технологиялар кеңінен қолдануда. Қарқынды бау көлемі биыл 5405 гектарға жеткізіледі. Нәтижесінде өнімділік 5 есеге артып, 300-350 центнерге дейін өнім жиналады. Су үнемдеу технологиясы 28 763 гектарға, «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы 9303 гектарға ендірілді. Аталған тәсіл, ағын суды 2 есе үнемдеуге, өнімділікті 3 есеге дейін арттыруға мүмкіндік береді. Республикадағы жылыжайлардың…

Read More

Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы — белсенділікті арттыруға, кәсіпкерлердің өсуін жеделдетуге, сонымен қоса бәсекелестікті дамытуға бағытталған. Ұлттық жоба аясында, Төлеби ауданы Ақбастау ауылының тұрғыны Болатбек Доскулов мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсібін ашты. Жеке кәсіпкер 2023 жылы грант берудің 1-ші легінде 1 млн. 380 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грантқа ие болып, сабын өндіру цехын іске қосты. Бүгінде кәсіпкер бір адамды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкердің айтуынша, жергілікті сабын өндірісіне бағасы қолжетімді болуына байланысты сұраныс көп. «Қайтарымсыз грант – аудан тұрғындарына кәсіп бастауға үлкен көмек. Мен алдымен арнайы кәсіпкерліктін курсын оқыдым, сосын осы сабын өндірісін зерттеп, курсын оқып шықтым. Еңбектің наны тәтті…

Read More

ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыға мақта шаруашылығын дамыту, мақташылар жыл сайын тап болатын мәселелері жөнінде сұрақ қойылды. Өңір басшысы аймақта мақта кластерін дамыту бағытында жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. – Өздеріңізге белгілі, Түркістан облысы республикадағы мақта өсіретін жалғыз өңір. Мақта шаруашылығында 25 мың агроқұрылымда 70 мыңға жуық адам еңбек етеді. Облыста жыл сайын 120 мың гектар мақта егіліп, 300 мың тоннаға жуық шитті мақта жиналады. Елде тоқыма және тігін өнеркәсібі дұрыс дамымағандықтан, шикі мақтаны сату бағасы Ливерпуль мақта биржасындағы мақта талшығының индексіне тікелей тәуелді. Сондықтан біз тоқыма, тігін өнеркәсібін дамыту, мақта кластерін…

Read More

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қарабұлақ ауылына арнайы келіп, кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады. Алдағы уақытта аудандағы мал бордақылау алаңдары мен мал сою бекеттерінің жұмыстары қадағаланып, ретке келтірілетін болады. Малдың қаны мен сүйегін ретсіз тастаудың жолы кесіліп, санитарлық талапқа сай болуы бақыланады. Сонымен бірге малдың қанын, сүйегін, ішек-қарнын, терісін терең өңдейтін зауыттар ашылады. Санитарлық салаға жауапты мекемелер мен құқық қорғау органдары басшыларына жұмысты ширату жөнінде ұсыныс берді. – Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі берген ұсыныстарыңыз бойынша жұмыс жүреді. Қолдаймыз. Бірақ, қазір бірінші кезекте санитарлық жағдайды ретке келтіріп, қоғамда талқыланып жатқан мәселені реттеуіміз қажет. Малдың қанын арыққа ағызу, қоршаған ортаны ластау…

Read More

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы қарқынды даму үстінде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аймақта жүйелі жұмыстар атқарылуда. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуеті артып келеді. ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды осы саладағы жұмыстарға тоқталды. Облыста мал басы және өнімділігі орташа есеппен 4%-ға өсуде. Ет экспорты бойынша Түркістан облысы республикада бірінші орында тұр. Ірі қара мал етінің үлесі – 85%, ұсақ мал 60% құрайды. Биылғы 5 айда 5 мың тонна ірі қара мал еті, 3 мың тоннаға жуық қой еті экспортқа жөнелтілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл «Ауыл аманаты» жобасы іске асырылуда. Республикалық бюджеттен облысқа 20…

Read More

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында түйе шаруашылығына қызығушылар бар. Солардың бірі – Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі, Ақ үй елді мекеніндегі жеке кәсіпкер Е.Алтаев. Кәсіпкер алғашында 2 түйеден шаруа бастап, бүгінде түйе санын 25-ке жеткізіп отыр. Түйе бағуды отбасылық кәсіпке айналдырып, жұбайы түйе сауып, кәсіптерін дөнгелетуде. Бүгінде тәулігіне 20 литрден аса қымыран әзірлейді. Түйе түлігі негізінен жайылымда өседі. Аса жоғары күтімді, құнарлы азық пен жылы қора-жайды аса қажет етпейді. Сондықтан бұл шаруашылықпен айналысу қолайлы.

Read More