Жуырда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен Жетісай, Мақтаарал, Шардара, Сарыағаш және Келес аудандарының әкімдері Қытай Халық Республикасының бірнеше қаласын, индустриалды аймақтары мен өндіріс орындарын аралап келген болатын. Мақсат – тәжірибе алмасу, зауыттар мен фабрикалар ашу және инвестиция тарту. Аталған іссапар қорытындысы бойынша жиналыс өтіп, жауапты басқарма мен аудан, қала әкімдерінің есептері тыңдалды. Өңір басшысы осы іссапар нәтижесімен нақты жобаларды жүзеге асырып, жұмыс орындарын көбейту керектігін жеткізді. – Аудан, қала әкімдері, басқармалар бюджет қаржысын игерумен ғана емес, тың жобалар, инвестиция тарту мәселесімен жүйелі шұғылданулары қажет. Жаңа кәсіпорындар ашу маңызды. Біз жобаларды сараптап, қолдау көрсетуге дайынбыз. Кәсіпорындар аймақтық деңгейде қалып қоймай,…
Автор: ais_media
Түркістан облысы балық өндіруден көш бастап тұр. Бүгінде Түркістан облысы бойынша тауарлы балық өсірумен 156 кәсіпкерлік субъектісі айналысады. Мемлекет тарапынан акваөсіруді субсидиялау балық шаруашылығын дамытуға оңды ықпалын тигізуде. Облыста жасанды жолмен балық өсіру саласының әлеуеті өте жоғары. Бүгінде балық шаруашылығымен айналысушыларға мемлекет тарапынан тиісті жеңілдіктер, субсидиялар беріліп отыр. Осы орайда Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен бір топ БАҚ өкілдері Созақ ауданындағы «Бабата» су қоймасындағы «Kaz.Gold.Fish» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Жалпы Созақ ауданында тауарлы балық өндірумен 8 шаруашылық айналысады. «Kaz.Gold.Fish» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы Нұрахмет Қазақбаевтың айтуынша, 2015 жылдан бері өз жұмысын бастаған кәсіпорын биыл…
Өңірде жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға берілетін мемлекеттік грант өз нәтижесін беріп жатыр. Осы орайда, Сайрам ауданындағы Ақсукент тұрғыны, көпбалалы ана Ақжан Әзімбай өткен жылы «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып, сертификат алған. Биыл сәуір айында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған» бағдарламасы аясында мемлекеттік грантқа кондитер өнімдерін ашуға өтінішін білдірген. Жоба қолдау тауып, мүмкіндігі шектеулі бала қараушы және көпбалалы ана санаты бойынша қаржыландырылған. Кәсіпкер 1 млн 380 мың теңге көлемінде түскен қаржысына қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып, кәсібін бастады. Пеш, қамыр араластырғыш және т.б.жиһаздарын сатып алған. — Қазір кәсіп бастаймын немесе…
Түркістан облысы әкімдігінде «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының» АҚ-ның биыл алғашқы жартыдылдықта атқарылған жұмыстары сараланды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аталған корпорацияның жұмысын жандандыру, қаржыларын өңір экономикасына нақты табыс әкелетін жобаларға бағыттау жөнінде тапсырма берді. «Ауыл аманаты» жобасын сапалы жүзеге асыру, Түркістан қаласы аумағында «Азық-түлік белдеуін» қалыптастыру бойынша жұмысты ширату, нақты жұмыс істейтін кәсіпкерлерді тарту жөнінде де міндеттер жүктеді. – Үлкен жобалар бойынша жүйелі жұмыс жоқ. Шашыраңқы жоспарлар көп. Жұмысты күшейтіңіздер. Тиімсіз жобалардан бас тартып, нақты жұмыс істейтін кәсіпкерлермен әріптестік орнатыңыздар. «Ауыл аманаты» бағдарламасын жандандыру бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырамын. «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының» акционерлік қоғамы, аудан, қала әкімдері, жауапты басқарма басшылары түсіндіру жұмыстарын,…
Түркістан облысында кәсіпорындар, зауыттар мен фабрикалар ашу бағытына басымдық беріліп жатыр. Осы орайда, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен Түркістан облысына инвестициялар тартуға және инвесторлардың өзекті мәселелерін қарастыру үшін инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Отырысқа жауапты сала басшылары, инвесторлар және аудан, қала әкімдері қатысты. Жиында өңірде жүзеге асырылатын 20-ға жуық инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысы талқыланды. Солардың бірі – Түркиялық «Isiklar Ambalaj PAZ. AS» компаниясы Түркістан қаласындағы инудстриялды аймағынан қуаттылығы жылына 250-300 млн. дана қағаз қапшықтарын шығаратын зауыт салуға ниетті. Қазіргі таңда жобаның жол картасы бекітіліп, инвесторлар тарапынан тиісті құжаттар әзірленуде. Аталған компания жетекшісі Хусейн Оканың айтуынша, жоба 2023-2024 жылдары жүзеге…
Шардара ауданындағы «Тұрар» шаруа қожалығы 32 гектар алқапқа пияз, 32 гектарға бақша дақылын еккен. Атап айтқанда ерте пісетін 12 га — «бонус» F1, орта пісетін 6,0 га — «камперо» F1 және «аргос» F1, сондай-ақ кеш пісетін 8,0 га «каоба» F1 сортты пияздары егіліп, бүгінгі таңда алғашқы өнімнің 100 тоннасы Ресейдің Екатеринбург қаласына жөнелтіліп жатыр. Пияздың 1 кг 110 теңгеден саудалануда. Шаруа қожалықта жиын-терім кезінде 100-ден астам адам жұмыспен қамтылады. «Тұрар» шаруа қожалығы 286,5 гектар жерді игеріп жатыр. Мұнда пияз өнімінен бөлек картоп, сәбіз, қарбыз, қырыққабат, қызылша дақылдары егіледі.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының бастамасымен мақта кластерін дамыту жұмыстары жүріп жатыр. Осы бағытта өзбекстандық инвестормен келісімге қол қойылған болатын. Бұл орайда, мақта-тоқыма кластерімен айналысатын өзбекстандық ең ірі компаниялардың бірі — «Global textile» компаниясы биылдан бастап Қазақстанның Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының нарығында жұмыс істеуге кірісті. Кәсіпорынның негізгі мақсаты — Мақтаарал ауданында 2 мыңнан астам адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтитын 5 ірі кәсіпорынды іске қосу. Ол үшін 2023-2027 жылдарға арналған «Global textile. Turkistan» жобасы дайындалды. Құны 45 миллион долларды құрайтын жоба аясында логистика хабы, мақтаны бастапқы өңдеу зауыты, трикотаж мақта фабрикасы, мата бояу фабрикасы және тігін фабрикалары іске қосылады. Биылдың өзінде…
Созақ ауылының тумасы Нұрбол Бейсүгіров ауылдан 20 шақырым қашықтықта түйе шаруашылығымен айналысады. 1970 жылдары негізі қаланған шаруашылықты дамыту мақсатында 2004 жылы «Нұрбол» шаруа қожалығын құрған. Бұл — үш ұрпақтан жалғасып келе жатқан ата кәсіп. Созақтық шаруа бүгінде түйе басын көбейтіп, аудан халқын сапалы қымыранмен қамтып отырғандардың бірі. Бүгінде шаруашылықтың негізгі бағыты — айыр өркешті «Вactriаnus» түйесінің санын арттыру. Шаруа қожалық 156,69 гектар аумақты қамтып отыр. Оның ішінде 150 га — жайылымдық, 3,19 га — шабындық, 3,5 га — суармалы жер. 8 адам жұмыспен қамтылып, қолайлы жағдай қарастырылған. Баспана және шаруаға қажетті техникалармен жабдықталған. Қазіргі таңда 30-дан астам түйені екі мезгілден…
Түркістанға Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямада келді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәртебелі мейманмен кездесіп, екіжақты байланыстарды нығайту жөнінде ой қозғады. Түркістанның тарихымен, қазіргі жағдайымен таныстырып, өңірге түрлі сала бойынша инвестиция тартуға шақырды. – Түркістанға қош келдіңіз. Қасиетті шаһарда түркі әлеміне танымал тұлға Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі бар. Шаһарда қазақтың 21 ханы, көптеген билері мен сұлтандары мәңгі қоныс тапқан. Түркі әлемінің орталығы туризмге өте қолайлы. Өңіріміздің, Түркістанның тарихы жапон саяхатшыларын қызықтырады деп ойлаймын. Жапония азаматтарын саяхаттауға шақырамын. Бүгінгі кездесу екіжақты байланыстарды нығайтуға оң серпін береді деп сенемін. Сіздерге білім, кәсіпкерлік және өзге салаларда әріптестік орнатуды ұсынамыз. Арнайы…
Жетісай ауданына қарасты Жылы су ауылдық округінде ауыл тұрғыны пластикалық қалдықтарды кәдеге жаратып, мақта теретін комбайндарға аса қажетті шпиндельді щетка мен қалыңдығы 1 мм болатын жіп шығарып жатыр. Бұған дейін аталмыш щетканы көршілес Өзбекстан елінен тапсырыспен алып келген комбайн жүргізушілері ауыл азаматының қолынан шыққан өнімнің сапасының жоғары, бағасының арзан екендігін айтады. Бір комбайнға 96 дана кететін бір маусымға жарамды өзбекстандық щетканың әрбір данасы базар нарығында 5-6 мың теңге болса, ауыл тұрғыны Қозыбай Әшековтың қолынан шыққан екі маусымға жарамды өнімнің бағасы соның тең жартысы, яғни, 2,5–3 мың теңге тұрады. Осылайша отбасылық бизнесті дамытып отырған ауылдың қарапайым агрономы қолынан іс келетін ауылдың…