Автор: ais_media

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстармен танысты. Жетісай ауданына жұмыс сапарымен келген өңір басшысы Жетісай тұрғындарымен кездесіп, бағдарламаның мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды. Кәсіп ашып, табыстарын арттыруға кеңес берді. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша несиелер барлық тұлғаларға 2,5 пайызбен 7 жылға дейін беріледі. Пилоттық жобаны жүзеге асыруға 16 ауданнан 64 ауылдық округ анықталып, 75 кооператив құрылды. Жобаны қаржыландыруға республикалық бюджеттен 19,8 млрд. теңге қаржы бөлінген. Жетісай ауданында төрт түлікті көбейтіп, ауыл шаруашылығына бет бұрған еңбеккерлердің қатары артып келеді. Облыс әкімі Қарақай ауылдық округіндегі «Ауыл аманаты» жобасы бойынша несие алған шағын отбасылық сүт фермасында болды. 7 млн…

Read More

Мақтаарал ауданында мақта талшығын өңдейтін зауытының құрылыс жұмыстарын бастап кетті. Алдағы уақытта зауытта 50 жергілікті тұрғын үшін жаңа жұмыс орны ашылады. Түркістан облысында өңдеу өнеркәсібі саласында иірілген жіптер, маталар мен кілемдер өндірісі, тоқыма кластерінің бірлескен кәсіпорындарын құру мүмкіндігі зор. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Мақтаарал ауданының тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді. — Жергілікті әкімдердің алдында тұрған басты міндет – жаңа кәсіпорындарды ашу, жаңа жұмыс орындарын құру. Осы жылы мамыр айында облыстық делегациямен Қытай Халық Республикасына барған болатынмын. Сол кезде бірнеше қалалардағы әлемге әйгілі ірі компаниялардың жұмысымен таныстық. Біздің басты мақсатымыз – экономикалық дамуы бойынша тәжірибе алмасып, облыс аумағында зауыт-фабрикалар ашу,…

Read More

Түлкібастағы Жаскешу ауылының тұрғыны Назира Телгозиева 2023 жылдың сәуір айында мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында 3 га егістік алқабында қияр өсіруде. Тәулігіне төрт тонна қияр алатын егістікте, 20 адамды жұмыспен қамтып отыр. «Бүгінде ізденіп еңбек етіп, жеке кәсібін өрлетемін деген азаматқа мүмкіндіктер өте көп. Ең бастысы ерінбеу керек деп ойлаймын. Жолдасым екеуміз осы кәсіпті игеріп келе жатқанымызға біршама жыл болды, отбасылық кәсіп деп айтуға да болады. Бүгінде еңбегіміздің нәтижесін көріп отырмыз. Табысымыз отбасымызға толық жетеді. Қазіргі тағда қиярға сұраныс өте жоғары, сол үшін балаларымыз да арасында көмек беріп, қолдау көрсетеді»,-дейді кәсіпкер. Егін алқабының басынан келісін көтерме бағада…

Read More

Мақтаарал ауданы экономикасының негізгі драйвері — ауыл шаруашылығы. Биыл жергілікті диқандар 61 мың гектар жерге егін екті. Оның ішінде 36,3 мың гектары мақта дақылы. Мақта дақылынан алынатын өнімділікті және сапасын арттыру мақсатында Өзбекстандық «Globаl Textile» компаниясымен келіссөздер жүргізіліп, алғаш рет жаңа «Намаган-77» тұқымдық шит егілді. Биыл бұл компания Мақтаарал ауданында өзінің мақта қабылдау пункттерін ашып, 10 мың гектар алқаптан шикізат қабылдау жоспарланып отыр. Алдағы уақытта мақта қабылдау зауыттарымен қоса мақтаны терең өңдеу фабрикаларын салу жоспарлануда. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының Мақтаарал ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар маңызды нысандардың жай-күйімен танысты. Жаңа «Намаган-77» мақта сортын өсіруге кіріскен шаруалармен кездесті. Атқарылып жатқан…

Read More

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы ғимаратында, облыстық мәслихат төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Нұралы Әбішовтың қатысуымен баспасөз мәжілісі өтті. Брифингте Түркістан облысы мәслихатының 4 айда атқарған жұмыстары туралы баяндады. «Өздеріңізге белгілі, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, ағымдағы жылдың 19 наурызында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтті. Сайлау нәтижесі бойынша сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың бірінші сессиясы 2023 жылғы 30 наурызда өтіп, жаңадан сайланған 46 депутатқа төсбелгілері табысталды. Сонымен қатар, алғашқы сессияда 3 тұрақты комиссия құрылып, олардың төрағалары сайланды. Атап айтқанда, бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы, әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару…

Read More

Түлкібас ауданындағы Жаскешу ауылының тұрғыны Қатира Алдабергенова қайтарымсыз грант аясында консервалық өнімдерді шығару кәсібін қолға алған. Бүгінде өндіріс орнында жалпы саны бес адам тұрақты жұмыспен қамтылып, тәулігіне 200 банка консервіленген өнімді сатылымға шығарып отыр. Кәсіпкердің айтуынша, ол ауданда өсетін көкөністер мен жеміс-жидектердің пісу уақытына қарай консервының барлық түрін дайындайды. Өндіріс орнында тәтті тосаптар мен қатар тұздалған қияр консервісіне дейін дайындалады. Ол қажетті көкөністерді өздерінің игеріп отырған егін алқабынан алынып, табиғи өнімдер облыстағы басқа аудандар мен қалаларға да жөнелтіліп келеді. Қатира Алдабергенова алдағы уақытта өндіріс көлемін арттыру мақсатында мемлекеттік қолдауларға жүгініп, кәсібін ұлғайтуға ниетті. Сондай-ақ, ол жоспары іске асқан жағдайда қосымша…

Read More

Түркістан облысына Қытайдың тарихи әрі экономикалық орталықтарының бірі, өндірісі дамыған Чжэнчжоу қаласынан делегация келді. Түркістан облысынның әкімі Дархан Сатыбалды делегацияны қабылдап, Чжэнчжоу муниципалды халық үкіметінің вице-мэрі Ху Цянмен келіссөздер жүргізді. Өңір басшысы Түркістан қаласының қазақ және түркі әлемі тарихындағы маңызына тоқталып, экономикалық әлеуетімен таныстырды. Инвестиция тартуға, өндіріс орындарын көбейтуге мүдделі екенін жеткізді. – Түркістан облысы үлкен инвестициялық, сондай-ақ туристік әлеуетке ие. Облыс арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі әлемдік нарыққа шығудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Сонымен қатар сауданы дамытудың мүмкіндігі өте зор. Біріншіден, жеңіл өнеркәсіп саласында жіп, мата және кілем өндірісімен тоқыма кластерінің бірлескен кәсіпорындарын құру мүмкіндігі…

Read More

Түркістан облысында жаңадан 91 балық шаруашылығын ашу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде қосымша жұмыс орындары ашылып, экспортқа шығару мүмкіндігі артады. Инвестициялық субсидия және жеңілдетілген несие тұрақты түрде берілген жағдайда тауарлы балық өндіру көлемі 30 мың тоннадан аспақ. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен облыстағы балық шаруашылығы саласын дамыту бойынша жиналыс өтті. Онда облыс басшысы бұл бағытта жұмысты ширатып, экспорттық әлеуетті көтеруге басымдық беруді тапсырды. Облыста жергілікті маңызы бар 104 су айдыны бар. Бұдан бөлек 4 халықаралық маңызы бар, 4 республикалық маңызы бар кәсіпшілік мақсаттағы учаскелер бекітілген. Бүгінде тауарлы балық өсірумен 156 кәсіпкерлік мекеме айналысуда. Облыс тұрғындарын балық өнімдерімен толық қамтамасыз…

Read More

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының көршілес Өзбекстан Республикасымен шекаралас аудандардың əлеуметтік және кәсіпкерлік салада әріптестік орнатып, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы халықтың әлеуметтік осал топтары мен жастардың әлеуметтік жағдайын көтеру бойынша тапсырма берген болатын. Аталған тапсырманы орындау ісі Шардара ауданында қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Осы мақсатта кәсіпкер Омар Әсенұлының жеке инвестициясы есебінен 350 млн теңге тартылып, Алатау батыр ауылдық округінен «Шебер» Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің тігін фабрикасы іске қосылған. Аталмыш фабрикада бүгінде әлеуметтік осал топтағы, аз қамтамасыз етiлген және көпбалалы отбасылардан, 29 жасқа дейiнгi жастар мен 55 жастан асқан зейнет жасына дейінгі адамдардан 200-ге тарта шардаралық тұрақты жұмыспен қамтылған. Жергілікті…

Read More

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов мәлімдеді. Спикердің айтуынша, Түлкібас ауданында 2023 жылдың 6 айының қорытындысымен 36 492,7 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Ауданда алдағы 3 жылда өнеркәсіп саласы бойынша 447 млрд теңгелік 11 жобаны сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп, жобалар іске асырылған жағдайда 3635 жаңа жұмыс орны ашылмақ. «Ауданда 6 айдың қорытындысымен негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 7 466,8 млн. теңгені құрады. Одан бөлек, көтерме және бөлшек сауда тауар айналымы 6 айлық нәтижемен 6 873,8 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,3% құрады. Аудандағы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 10 мыңға жетіп,…

Read More