Автор: ais_media

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауларының бірінде еліміздегі еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесін әзірлеуді, сондай-ақ еңбек ресурстарының тапшылығы бар өңірлерде Үкіметке көші-қон үдерісін басқару үшін пәрменді шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Атап айтқанда, еңбек нарығын цифрландыру, жұмыспен қамту орталығының жұмысын реформалау, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту және тұрғындарды жұмыспен қамтуды арттыру үшін басқа да ауқымды іс шаралар қарастырылған. Ақиқатында, халықты жұмыспен қамту орталығы қандай міндеттерді атқарады? Олардың бүгінгі тыныс-тіршілігі қандай? Жыл басынан бері қанша аудан азаматы жұмыспен қамтылды? Осы және басқа да өзекті сауалдармен Түлкібас аудандық Мансап оралығының басшысы Байбатчаев Ерсұлтан Жаңабайұлына…

Read More

«Ауыл аманаты» жобасының VI бағыты аясында тұрғындардың өз кәсібін ашу бағытын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне насихаттау жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылған жұмысшы топ өкілдері Жетісай ауданының тұрғындарымен кездесті. Аталмыш жиынға Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Марат Айнабеков пен «Түркістан» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ директоры Сапаралы Құрбанов, «Ырыс» МҚҰ өкілі Бердалы Өтепов пен Ж.Ералиев, Мақталы, Қарақай және Қазыбек би ауылдық округінңң тұрғындары қатысты. Басқосуда жұмысшы топ мүшелері тарапынан Түркістан облысы тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету, ауыл әлеуетін тиімді пайдалану арқылы ауыл экономикасын және халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге үлкен мүмкіндіктер беретін «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруға ағымдағы жылы Республикалық бюджеттен жыл…

Read More

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының жергілікті тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету тапсырмасын орындау мақсатында Шардара ауданындағы 10 ауылдық округте орналасқан 25 елді мекеннің 10-ы, Шардара қаласының 10 мөлтек ауданы көгілдір отынмен қамтылып, аудан тұрғындарының 78 пайызын құрап отыр. Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін 98 пайызға жетеді деп жоспарлануда. Сонымен қатар, Шардара ауданындағы Ұзын ата, Алатау батыр, Қызылқұм, Сүткент, Ақалтын, Егізқұм, Достық, Көксу және Қоссейіт елді мекендері мен Шардара қаласындағы 10 мөлтек ауданнан 65 711 тұрғын табиғи газбен қамтылған. Одан бөлек, қаладағы Абай, Қызылжар, Майқала, Ақбала және Төменгі тоғай шағын аудандары мен Тұрысбеков ауылдық округінің Шардара ауылына газ жеткізу жұмысына республикалық…

Read More

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жылыжай шаруашылықтарын қолдау күшейтілді. Облыс басшысы бұл салаға жан-жақты қолдауды күшейтіп, жаңа жобалардың жүзеге асуын толық бақылауында ұстап отыр. 2024 жылдан бастап жылыжайларда пайдаланылған электр энергиясы мен газ шығындары ішінара субсидиялаудың қарастырылады. Облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының төрағалығымен жылыжай қауымдастығы және қоғам белсенділерінің қатысуымен жылыжай шаруашылықтарын қолдау мәселелері талқыланды. Тиісінше, «Фермерлік жылыжайларға жалпы техникалық талаптарының мемлекеттік стандарты» бекітіліп, өнеркәсіптік жылыжайлармен қатар, фермерлік жылыжайларда субсидияланады. Бұл бағытта фермерлік жылыжайларды мемлекеттік стандарттаудан өткізу мақсатында ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті өкілдері және облысы әкімдігінен жұмыс тобы құрылып, жылыжай шаруашылықтарына түсіндіру жұмыстарын…

Read More

2023 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасымен өңірімізге 19,8 млрд. теңге қаржы бөлінді. Несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылады. Қазіргі таңда «Ауыл аманаты» жобасының 6 бағыты бойынша (Тұрғындардың өз кәсібін ашу) жалпы 978,8 млн. теңгеге 129 жоба қаралуда. «Ауыл аманаты» бойынша кәсіпкерлік бағытына кәсіпкерлерді баулу мақсатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен арнайы құрылған жұмысшы топтар өз жұмысын бастады. Облыс әкімінің орынбасар Н.Көшеровтің бақылауымен жұмысшы топтар 2-8 тамыз айы аралығында барлық аудан және қалаларды аралайтын болады. Құрамында Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, «Түркістан» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы және «Ырыс» қаржы институтарының өкілдері бар. Жұмысшы топтың негізгі мақсаты — кәсіпкерлерді «Ауыл аманаты»…

Read More

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының аудан, қала тұрғындарымен есепті кездесулері Кентау қаласында жалғасты. Кездесу барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, ел дамуындағы жаңа бағдарламалардың негізгі бағыттары түсіндірілуде. Өңір басшысы тұрғындарға жүргізілген жұмыстардың қорытындылары мен жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы есеп берді. Өңірдің даму көрсеткіштері мен аудан, қалаларды аралау кезінде көтерілген мәселелердің шешілуі бойынша баяндады. — Біз сіздерге қолайлы жағдай жасап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуіміз керек. Өздеріңізбен биыл ақпан айында кездескен болатынбыз. Сол кезде қаланың маңызды мәселелері көтерілді. Оларды жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, тұрғындар көтерген көпқабатты тұрғын үйдің ауласына «Воркаут» спорт алаңдары осы…

Read More

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының аудан, қала тұрғындарымен есепті кездесулері Сауран ауданында жалғасты. Ашық форматта өтіп жатқан шара барысында өңір басшысы халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, ел дамуындағы жаңа бағдарламалардың негізгі бағыттарын түсіндірді. Облыс әкімі тұрғындарға жүргізілген жұмыстардың қорытындылары мен жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы және өңірдің даму көрсеткіштерін баяндады. Аудан, қалаларды аралау кезінде көтерілген мәселелердің шешілуі бойынша есеп берді. Аймақ басшысы атап өткендей, жергілікті биліктің басты міндеті — халықтың өмір сүру сапасын жақсарту. — Сауранда жаңа кәсіпорындар, жұмыс орындары ашылып жатыр. Биыл да бұл жұмыстар өз жалғасын табады. Бүгінгі есепті кездесуде қоғамдағы жүйелі сұрақтарды бірлесіп саралап,…

Read More

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Жетісай ауданы тұрғындарымен кездесті. Әкім халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, ел дамуындағы жаңа бағдарламалардың негізгі бағыттарын түсіндірді. — Өздеріңізбен жүздесіп, сіздердің ой-пікірлеріңізді естіп, ауданды әрі қарай дамыту бойынша ұсыныстарыңызбен танысып, жоспарларды саралау біз үшін өте маңызды. Алдыңғы кездесуде ауданның маңызды мәселелері көтерілген болатын. Өздеріңіз көріп отырғандай, Қызылқұм елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 11 шақырымды құрайтын 13 ішкі көшелер «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасының аясында орта жөндеуден өткізілді. Тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жаңа автоматтандырылған газ тарату станцияларын іске қосамыз деп жоспарлап отырмыз. Жетісай қаласында дене шынықтыру кешенінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады.…

Read More

Сайрам ауданы «Ақсукент ауылының тазартқыш имараттары» нысаны (КОС) қайта іске қосылды. Аталған құрылыс 2017 жылы басталса да, мердігер мекеме тарапынан келісім-шартта көрсетілген талаптар орындалмаған. Яғни, жобадан ауытқып жұмыс жүргізгені және техникалық қадағалаушы мекеме қадағалау жұмыстарын сапасыз жүргізген. Салдарынан нысан жұмысы бүгінге дейін пайдалануға берілмей келді. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, аудан басшысы Арман Сәбитов аталған нысандағы сүзгілердің жұмысы, құрылыс жобасының талаптарына сай болуы және алдағы уақытта іске қосу мәселелерін жіті бақылауында ұстаған. Бүгінде нысандағы кемшіліктер мердігер мекеме тарапынан жойылып, 1 айдың ішінде өз жұмысын бастады. Бұл, өз кезегінде, қанша жыл ішінде экологиялық зиян келтірген мәселе оң шешілгенін көрсетеді. Қарабұлақ…

Read More

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының аудан тұрғындарымен есепті кездесулері Мақтаарал ауданында басталды. Кездесу барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, ел дамуындағы жаңа бағдарламалардың негізгі бағыттары түсіндірілуде. — Сіздердің ой-пікірлеріңізді естіп, ауданның әрі қарай дамыту бойынша ұсыныстарыңызбен танысу біз үшін өте маңызды. Аудандағы өзекті мәселелерді ең алдымен жергілікті халық жақсы біледі. Сондықтан күрделі мәселелерді шешуге және ауданның дамуын өздеріңізбен бірге атсалысамыз. Осыған дейін өткен кездесуде маңызды мәселелерді көтерген едіңіздер. Оларды жүзеге асыру үшін жүйелі жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы аясында Мырзакент кентінде спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде (881,4 млн. теңге), кешен пайдалануға осы тамыз айында тапсырылады.…

Read More