Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНЫҢ VI БАҒЫТЫ МЕН ЖАСАНДЫ ЖІБЕК ҚҰРТЫН ӨСІРУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
    Аймақ

    ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНЫҢ VI БАҒЫТЫ МЕН ЖАСАНДЫ ЖІБЕК ҚҰРТЫН ӨСІРУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

    06.08.2023
    «Ауыл аманаты» жобасының VI бағыты аясында тұрғындардың өз кәсібін ашу бағытын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне насихаттау жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылған жұмысшы топ өкілдері Жетісай ауданының тұрғындарымен кездесті. Аталмыш жиынға Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Марат Айнабеков пен «Түркістан» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ директоры Сапаралы Құрбанов, «Ырыс» МҚҰ өкілі Бердалы Өтепов пен Ж.Ералиев, Мақталы, Қарақай және Қазыбек би ауылдық округінңң тұрғындары қатысты.
    Басқосуда жұмысшы топ мүшелері тарапынан Түркістан облысы тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету, ауыл әлеуетін тиімді пайдалану арқылы ауыл экономикасын және халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге үлкен мүмкіндіктер беретін «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруға ағымдағы жылы Республикалық бюджеттен жыл басында 11 млрд теңге, қосымша тағы 8,7 млрд теңге қаржы бөлінгендігін, сол арқылы 4 000 бірлікке жуық жобаға 2,5 пайыздық несиемен қолдау көрсетілетіндігін түсіндірді. Сондай-ақ, жобаны іске асыруда бірінші кезекте жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтер негізінде дамытуға басымдылық берілетіндігін айтып, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
    Сонымен қатар, бағдарламаның VI бағыты бойынша кәсіп ашуға ниет білдірген тұрғындарға 2,5 пайызбен 5 жылға 1 жылдық демалысымен 8 625 000 теңге қаржылай көмек көрсетіліп, бағыт-бағдар берілетіндігін, азаматтар тауар өндіру, өңдеу және қайта өңдеуге бағытталған кәсіпорын ашу және дамыту, қызмет көрсету саласында жеке кәсібін дамыту бағыттарын таңдай алатындығы айтылды. Жиынға қатысушыларға «Ауыл Аманаты» жобасының іске асырылуымен қатар тұт ағашының қолдан өсірілетін (асыранды) құртынан және жабайы емен құртынан алынатын өндірістік жібек өндіру жолдары да түсіндірілді.
    «Табиғи жібек талшықтарынан тоқылған маталарды адамдар ерте замандарда-ақ жоғары бағалаған. Қытайдан шығарылатын жібек маталар Ұлы Жібек жолы арқылы дүние жүзінің басқа аймақтарына таралып, саудагерлерге мол табыс әкелген. Жібек құртын өндіру Түркістан, Жамбыл облыстарының кейбір аудандарында, Қытай, Жапония, Үндістан елдерінде тиімді болғандықтан біз де қызығушылық танытып отырмыз»,- дейді Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Марат Фаритұлы.
    Жібек – жібек құртының пілләсынан өндіріліп, тоқыма-мата өнеркәсібінде пайдаланылатын табиғи талшық. Оны өндіру – аудан экономикасын ары қарай дамытуға мол септігін тигізеді. Өндірілген өнімнің келісін көршілес Өзбекстандық инвесторлар 600 теңгеге дейін сатып алатындықтарын айтады. Мамандардың пікірінше асыранды жібек құрты барлық жібектің 90%-ын береді. Көп еңбекті қажет ететіндіктен, бағасы да қымбат. Сондықтан, жасанды жібек өндірісін жолға қою – табысты арттырудың тиімді тәсілі. Жалғыз пілләдан алынған талшық тым жіңішке болатындықтан, тікелей өндірісте қолданылмай, тек жібек қасиетін зерттеу үшін пайдаланылады. Жібектің механикалық қасиеттері жоғары, әрі жақсы диэлектрик, 120 – 130°С ыстыққа төтеп береді, тек 160 – 170°С-та ғана ыдырай бастайды.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Республика күні атап өтілді

    24.10.2026

    ТУРКЕСТАН: В МАКТААРАЛЕ ЗАПУЩЕН ЗАВОД ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ХЛОПКОВОГО МАСЛА

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.