Төлеби ауданы – аграрлы аймақ. Аудан халқының негізгі күн көрісі – мал және егін шаруашылығы. Өңірдің табиғи мүмкіндіктерінің өзі ауыл шаруашылық саласын дамытуға қолайлы болғандықтан, мал басына қатысты асыл тұқымды малдың үлес салмағын, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемін ұлғайту, оның сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытында жұмыстар үздіксіз жүргізілуде. Бұл бағытта мемлекет ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге бюджеттен тікелей субсидиялауды қолға алған. Аудан шаруалары мемлекет қамқорлығының нәтижесінде істерін ілгерілетіп, шаруасын дөңгелетіп отыр. Айта кететіні, несиелендіру саласында кіші және орта бизнесті дамыту үшін жалпы қаржыландыру көздерінен 2023 жылдың басынан 5650 жеке азаматтарға 3 млрд 970 млн теңгеге несие берілді. Оңын ішінде…
Автор: ais_media
Созақ ауданында еңбекке, кәсіпкерлікке, білім мен ғылымға бейім жас азаматтарымызды қолдау мақсатында аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен мемлекеттік бағдарламалар бойынша үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Барлық ауыл, кент округтерде базарларды, көшелер мен аулаларды, тіпті үй-үйді аралап, мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан ұтымды жобалардың қыр-сырын бұқаралық тілде түсіндіріп, ақпарат жеткізуде. Түсіндіру жұмыстары кезінде «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар практикасы», «Қоғамдық жұмыс», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Бастау Бизнес», «Дипломмен –ауылға» сынды мемлекеттік бағдарламалар мен қоса 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие туралы барлық мәліметтер жеткізіліп, жадынама парақтары таратылуда. Айта кетейік, мемлекеттік бағдарламалар бойынша кездесулер мен насихаттау жұмыстары жылдың соңына дейін жалғаспақ.
Келес ауданында жылыжай шаруашылығын субсидиялауға қойылатын талаптар мен жылыжайларды стандарттау және қысқы маусымға дайындық жұмыстарын жүргізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ауданның жылыжай шаруашылығымен айналысушы агроқұрылым өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Тұрғанбек Оспанов, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Қанат Қабылбеков және «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Оңтүстік Қазақстан филиалының өнім және қызмет көрсету сәйкестігін растау бөлімінің басшысы Шолпан Сарсенова қатысып, Келес ауданы әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаев жиынды жүргізіп отырды. — Еліміздің азық–түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жылыжай шаруашылығының қосар үлесі зор. Бүгінгі таңда аталған салаға мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында гектарлы…
Бүгінде жасанды балық өсіру бойынша елімізде көш бастап тұрған Түркістан облысында жергілікті маңызы бар 104 су айдыны бар. Бұдан бөлек 4 халықаралық маңызы бар, 4 республикалық маңызы бар кәсіпшілік мақсаттағы учаскелер бекітілген. Бүгінде тауарлы балық өсірумен 156 кәсіпкерлік мекеме айналысуда. Облыс тұрғындарын балық өнімдерімен толық қамтамасыз ету мақсатында 30 тоғанды балық шаруашылығы, оның ішінде 4-еуі үйіргелік аулада ашылды. Бұл бағытта облыс әкімі Дархан Сатыбалды балық шаруашылығын дамыту бойынша жұмысты ширатып, экспорттық әлеуетті көтеруге басымдық беруді тапсырған болатын. Осы ретте Түркістан облысы Жетісай ауданында да ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Мақталы ауылдық округіне қарасты Шолпанқұдық деп аталатын шағын ғана ауылда орналасқан «Димаш»…
Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов өңірдегі бірнеше ауылдық округтерге барып, құрылысы жүріп жатқан нысандармен танысты. Алдымен Ақбұлақ округінде орналасқан екі қабатты мәдениет үйінінің құрылыс жұмыстарын көрді. Бүгінде нысанның ішкі жұмыстары аяқталып, көрермендер залының едені төселуде. Аталған ғимарат – мәдениет үйін, кітапхана мен спорттық үйірмелерді қамтымақ. Мердігер мекеме өкілдерінің айтуынша, нысан биыл қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Аудан әкімінің сапары аймақтағы мектеп құрылыстарымен танысумен жалғасты. Аймақта жалпы 75 мемлекеттік, 17 жеке меншік мектеп бар. 1 қыркүйектен бастап тағы жеті білім ордасы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Одан бөлек, аудан басшысы өңірдегі «Art Boilers» компаниясының жұмыс барысымен танысты. Бүгінде бұл мекеме неміс технологияларын қолдана…
Биыл Түркістан облысында 860 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Өңірде астық ору науқаны қызып тұр. 263,8 мың гектарға егілген астықтан 464,5 мың тонна өнім жинау жоспарланған. Биыл 3,1 млн. тонна көкөніс, бақша, картоп өнімдерін жинау күтілуде. Бүгінгі күнге жаздық дақылдардан 200 мың тоннаға жуық көкөніс, 70 мың тоннадан астамкартоп, 170 мың тоннадан астам бақша өнімдері жиналды. Жыл соңында 4,1 млн тонна мал азығын жинау жоспарланып, 3,5 млн. тонна (82%) мал азығы дайын. Жиын – терім жұмыстары толығымен мерзімінде аяқталатын болады. Күзгі дала жұмыстарының барысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте баяндалды. Түркістан облысы ауыл шаруашылығы…
Биыл Түлкібас ауданында жол жөндеу жұмыстары нәтижесінде ішкі жолдардың қанағатты жағдайы 84,3 пайызға жетпек. Өткен жылы бұл көрсеткіш 81 пайызды құраған болатын. Осы жылы аудан аумағындағы 12 елдімекеннің 61 ішкі көшесі жөндеуден өткен. Атап айтқанда, Майтөбе және Азаттық елдімекендерінің 32 шақырымды құрайтын 48 көшесіне «Ауыл ел-бесігі» бағдарламасы шеңберінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда аудандық бюджет есебінен 10 елді мекеннің 13 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Олар: Жаңаталап ауылы, С.Мұқанов көшесі, Қожамберді ауылы, Бастау және Битөре көшелері, Ынтымақ ауылы Желтоқсан көшесі, Т.Рысқұлов ауылы, Б.Момышұлы, Жүсіпбеков көшелері, Көкбұлақ ауылы, К.Көлбаев көшесі, Шақпақ баба ауылы, Асанбеков көшесі, Еңбекші ауылы, Анарбай көшесі, Рысқұл ауылы,…
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының облыс тұрғындарымен есептік кездесуі кезінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша бірқатар сын айтылуына байланысты облыс басшысының тапсырмасымен бағдарламаның іске асыру барысына талдау жүргізілді. Нәтижесінде бірнеше кемшіліктерге жол берілгені анықталды. Енді оған жауапты тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігі қаралады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте мәлімденді. Облыс әкімінің аппарат басшысы Еркеғали Әлімқұловтың баяндауынша, облыс әкімі аппаратынан жұмыс тобы құрылып, олар бағдарламаға қатысатын 64 ауылдық округті аралап шыққан. Несие алушылардың арасында 18 сұрақтан құралған анонимді сауалнама жүргізілген. Тұрғындармен сөйлесу кезінде жобаға қатысқан 340 тұрғынның басым бөлігі мал шаруашылығы бағытын таңдағаны анықталған. Несие алып, кәсіп ашуға…
Биыл Түркістан облысында 860 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Өңірде астық ору науқаны қызып тұр. 263,8 мың гектарға егілген астықтан 464,5 мың тонна өнім жинау жоспарланған. Биыл 3,1 млн. тонна көкөніс, бақша, картоп өнімдерін жинау күтілуде. Бүгінгі күнге жаздық дақылдардан 200 мың тоннаға жуық көкөніс, 70 мың тоннадан астамкартоп, 170 мың тоннадан астам бақша өнімдері жиналды. Жыл соңында 4,1 млн тонна мал азығын жинау жоспарланып, 3,5 млн. тонна (82%) мал азығы дайын. Жиын – терім жұмыстары толығымен мерзімінде аяқталатын болады. Күзгі дала жұмыстарының барысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте баяндалды. Түркістан облысы ауыл шаруашылығы…
Бүгінде Келес ауданында шағын кәсіпкерлікпен қатар ірі бизнес саласын дамытуға басымдық берілуде. Осы орайда Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев 20 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Алдымен Абай ауылындағы «Мерген Н» ЖШС-ң минералды сусындар мен алкогольсіз шәрбат өнімдерін өндіретін зауыттың жұмысымен танысты. Қазіргі таңда өндіріс орны 31 адамды жұмыспен қамтып отыр. Онда сағатына 2 500 дана бөтелкеде минералды сусындар мен алкогольсіз шарбат өнімдері өндірілуде. Сондай-ақ, аудан басшысы күйдірілген қыш өнімдерін өндіретін «AIBI-AI» ЖШС-на барды. Мекеме қазіргі таңда 70 адамды жұмыспен қамтып, жылына 38 млн.дана күйдірілген қыш өнімдерін өндіріп отыр. Өз кезегінде аудан басшысы аудандағы кәсіпорындардың қуаттылығын арттыру…