Ордабасы ауданында жастарды кәсіпкерлікке ынталандыруға бағытталған «Өз кәсібіңді аш» атты экскурсия және семинар-тренингі өтті. Қатысушыларға шара алдында «Бөрте Милка» ЖШС кешенді сүт фирмасы мен «Bokei» ЖШС қыш зауытына экскурсия жүргізілді. Семинар-тренингті Ордабасы ауданы әкімі орынбасары Олжас Болатханұлы мен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының Жастар ресурстық орталығы мекемесінің басшы орынбасары Пердебек Есқұлов ашып беріп, кәсіпкерлік саласының даму қарқыны мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын ауқымды жобаларға тоқталды. Аудандық мәдениет үйіне жиналған 300-ге жуық жасқа «Жастарға арналған 2,5 % несие», «Бизнестің жол картасы – 2025», «Бастау бизнес» жобасы түсіндірілді. Аталмыш шарада арнайы спикерлер атап айтсақ, «Daryn online» компаниясының республика бойынша сату бөлімінің басшысы…
Автор: ais_media
Сарыағаш ауданында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының халықпен кездесуінен кейін тұрғындар көтерген өзекті мәселелер шешімін тапты. Атап айтқанда, кәріз жүйесі жүргізілмегендіктен 2019 жылдан бері бос тұрған 13 көпқабатты тұрғын үйлерге қатысты мәселе шешіліп, 585 отбасы баспаналы болды. Жаскешу елді мекенінде «Жайлы мектеп» пилоттық жобасының аясында 600 орындық мектептің құрылысы басталды. Жемісті елді мекенінің ескірген электр желілері жаңартылып жатыр. 3 трансформатор мен 5,4 шақырым электр желісі жүргізілуде. Жылға және Нұр ауыл елді мекендерінің ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстарына 669 млн. теңге қаралды. Жалпы құны 2 млрд. теңге болатын құрылыс жұмыстары келер жылы пайдалануға беріледі. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының халықпен тұрақты…
Отандық шаруалар ең көп өсіретін мал азықтық дақыл жоңышқа екені белгілі. Бүгінгі таңда күнгей өңірде жоңышқа егіп, мал азығына жаратып, сатумен де айналысатын шаруалар да аз емес. Сондай-ақ, жоңышқаның тұқымын орып, оны өндіріп табыс тауып отырған кәсіпкер-шаруалар да бар. Соның бірі Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауыл округіндегі «Жаңабазар агро» ЖШС-ң төрағасы, кәсіпкер Серік Көкішев. Аталған серіктестіктің 120 гектар егістік жері бар. 2016 жылы құрылған нысан бүгінгі таңда жоңышқа егумен және тұқымын өндірумен айналысып келеді. Өнім өндіру үшін арнайы «Педкус — 218», «Педкус — 290» секілді препараттары мен техникалары да бар. Кәсіпкердің айтуынша, күніне бес тоннаға жуық жоңышқа ұрығы тазаланып өңделіп, сатылымға…
Келес ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында құс шаруашылығын дамыту жұмыстары қолға алынбақ. Бүгінде аталған жоба аясында бірқатар түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Жиынға Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасына қарасты мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бөлімінің жетекші маманы Оразбай Бағдат Қайыржанұлы мен Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының агроөнеркәсіп кешен субъектілерін несиелендіру бөлімінің бас маманы Якиева Шынар Султансиковна қатысып, құс шаруашылығымен айналысуға ниетті аудан тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. — Бүгінгі таңда еліміз бойынша «Ауыл аманаты» жобасы іске асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты – халықтың табысын арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашу болып табылады. Соның ішінде құс шаруашылығын дамыту ел экономикасына едәуір серпін береді. Ауылдың…
Түркістан қаласында «Қазақстанның үздік тауары – 2023» өңірлік байқау-көрмесі өтті. Көрмеге азық-түлік, машина жасау, химия, қолөнершілер, жеңіл өнеркәсіп пен құрылыс индустриясының 80-нен астам тауар өндірушілері қатысты. Отандық өнімдерді қолдау мен отандық өндірісті дамыту, халық арасында сапа идеясын насихаттау мақсатындағы көрме-байқауға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, өңір тауарөндірушілерінің жұмысын жоғары бағалады. – Бүгін біз Сіздермен бірге өзіміздің жергілікті тауарөндірушілердің көрмесін тамашаладық. Көрмеге қатысушы кәсіпорындармен таныспын. Олардың шығаратын өнімдері тұтынушылар арасында жақсы сұраныста. Түркістан өңірі аграрлық өлке болғандықтан, көптеген кәсіпорындар тамақ өнеркәсібі саласында жұмыс жасайды. Бизнесті қолдау Мемлекет басшысының, Үкіметтің тұрақты бақылауында. Бүгінгі күні кәсіпкерлерді қолдау бойынша түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге…
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы бойынша МКД Кедендік әкімшілендіру басқармасының басшысы Серік Мәліков айтты. Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрамында 7 кеден бекеті бар. Олар, 1 ішкі Түркістан-кедендік рәсімдеу орталығы-Әуежай», 6 шекаралық «Қазығұрт», «Қапланбек», «Жібек Жолы», «Сарыағаш стансасы», «Б.Қонысбаев» және «Атамекен». – Түркістан облысындағы Өзбекстан Республикасымен шекара сызығы 958,76 шақырымды құрайды. Сондай-ақ, Өзбекстанның үш облысы – Ташкент, Сырдария және Жиззақ облыстарымен шектеседі. Биыл бюджетке өндірілген кедендік төлемдер мен салықтар 21,8 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 120% жоғары, — деді Серік Мелдеханұлы. Сонымен қатар, спикер жаңа заңнамаға сәйкес, 2023…
Бүгінде Төлеби ауданында саумалмен сауықтыру орталықтарының саны жыл сайын артып келеді. Соның бірі «Диханкөлдің қымызы» брендімен танылған Қоғалы ауылдық округіндегі екі шипажай ел игілігі жолында қызмет көрсетіп келеді. Тау баурайының қоңыр салқын таза ауасымен тыныстап, бес мезгіл саумал ішіп, демалуды көздегендер еліміздің әр өңірінен келуде. Орталыққа дертіне дауа, жанына шипа іздеп келгендерге төрт мезгіл ас, атпен серуендеуге де мүмкіндіктер қарастырылған. Бір мезгілде 25 адам тынығып, ем алатын демалыс орнында емдік өнімді әзірлеу үшін 10-ға жуық бие сауылады.
Нарықтық экономика салыққа тәуелді болғандықтан, салық базасының көзін тауып ұлғайту – басты міндет. Көлеңкелі экономикамен күрес жүргізіп, қазына қаржысын еселеген жөн. Бұл бағыттағы жұмыстар тоқтауға тиіс емес. Осылай деген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды апталық апарат отырысында кәсіпкерлердің заң талаптарын бұзып, табысын жасырып, салықтан жалтару әрекетіне бей-жай қарамау керектігін айтты. Облыс әкімі сондай-ақ жаңа кәсіп ашу бағытындағы жұмыстарға күш салуды тапсырды. Жергілікті бюджеттің салықтық түсімдері бойынша жоспардың толық орындалуын жіті бақылауда ұстауды жүктеді. Мемлекеттің кірістер органдарының берген мәліметіне сәйкес облыста 1362 салық салу объектілері бар. Олармен жергілікті бюджетке 1 млрд. 439 млн. теңге қамтамасыз етілді. 2022 жылдың 6 айымен салыстырғанда…
Ветеринариялық қызмет сапасын арттыру — уақыт талабы. Осылай деген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданында ветеринария саласының мамандарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады. Әкімге облыстың ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайы және жан-жануарлар арасында инфекциялық және инвазиялық аурулардың таралуының алдын алу жұмыстары баяндалды. Облыс басшысы мал басын асылдандыру, ветеринария саласы мамандарын даярлау мәселелері бойынша жүйелі жұмыс жасауды тапсырды. Жалпы ауыл шаруашылығы өнеркәсібі кешенінің дамуы сапалы ветеринариялық қызмет көрсетуге байланысты екені белгілі. Түркістан облысында облыс әкімінің тапсырмасымен ветеринария саласын жетілдіру мәселесіне айрықша назар аударылған. Ветеринарларды жан-жақты қолдау, оларды қажетті құрал-жабдықтармен қамту жұмыстары жанданды. Жаңадан басқарма құрылып, мал дәрігерлерінің жалақысы өсті. Бұл бағыттағы…
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Арыс қаласының тұрғындарымен кездесті. Кездесуде өңірде жүзеге асып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті. Өңір басшысы Арыс қаласында инвестиция тарту бағытында атқарылған ілкімді тірліктерге тоқталды. — Бүгін ел экономикасының дамуында үлесі ерекше, Орта Азия қақпасы атанған Арыс қаласына өздеріңізбен жүздесіп, маңызды мәселелерді бірге талқылау үшін арнайы келіп отырмын. Тоғыз жолдың торабында орналасқан теміржолшылардың қаласы бұрыннан белгілі. Өзіндік даму жолы бар облыстағы ірі аймақтардың бірі. Сіздерге осы есепті кездесуге өз уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге алғыс айтамын. Биылғы наурызда өздеріңізбен осында кездескен кезде, қаланы дамытуға септігі тиетін 12 маңызды мәселе көтерілген болатын. Басым бөлігі жүзеге асты. Өздеріңіз…