Әлеуметтік маңызы бар тауарларды сақтауға арналған қойма – баға тұрақтылығының кепілі болмақ. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Арыс қаласына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірегей жобаның құрылысымен танысты. «MEGA-AGAT» компаниясына тиесілі жобаның құны 4 млрд. теңгені құрайды. Нысан соңғы үлгідегі жаңа технологиямен жабдықталады. Кешеннің тоғыз жол торабы саналатын Арыста орналасуы көптеген мүмкіндіктерге жол ашпақ. Яғни, Еуропаның «А» стандартына сәйкес болатын кешен ерекшелігі – көршілес ТМД елдерінен бөлек, алыс-жақын Азия, Еуропа мемлекеттерімен тауар айналымын күшейту арқылы азық-түлік бағасын тұрақтандыру. 6 гектар аумақта орналасқан қойманың көлемі 17 000 шаршы метрді құрайды. Оның ішінде 14 000 мың шаршы метрі қатты заттар сақтауға арналса, 3…
Автор: ais_media
Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев мемлекеттен қолдау тауып, кәсіп бастаған Қабланбек ауылдық округінің тұрғыны, көп балалы ана Н.Дәуренбекованың жұмысымен танысты. Көпбалалы ана Н.Дәуренбекова мемлекеттік грант қаражатына қажетті құрал жабдықтар алып, кондитерлік істі бастаған. -Бастысы жаңа істі бастаудан қорықпау керек. Мың шақырымдық жол, бірінші қадамнан басталады демекші, мен де осы ісімді бастап, тәуекелге бел будым. Көпшіліктің көңілінен шықса, өндірісті кеңейту де жоспарда бар, -деп өз пікірін жеткізді кәсіпкер. Жас кәсіпкердің жұмысымен танысқан аудан әкімі ауданда жеке кәсіпкерлер санының артуы бұл саланың қарқынды дамып келе жатқандығының айғағы екендігін айтып, жас кәсіпкердің бастаған ісіне сәттілік, атқарып жатқан еңбегіне береке тіледі.
Сарыағаш ауданында мемлекеттік грант алып, мал шаруашылығымен айналысатындар қатары көбейіп келеді. Осыған орай, бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев мемлекет тарапынан берілетін «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдаудың ұлттық жобасы» аясында жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант алып, қаржылай қолдау тауып, шаруасын дөңгелетіп отырған азаматтардың кәсібімен танысты. Алдымен аудан басшысы аудандағы мемлекеттік грант алып қой шаруашылығын дамытып отырған Қызылжар ауылдық округінің тұрғыны Е.Бөртебаевтың жұмысымен танысты. Кәсіпкер қой шаруашылығын дамытуды мақсат тұтып, ағымдағы жылдың сәуір айында мемлекеттік грант алып, асыл тұқымды «қисары» қой тұқымын сатып алған. Бүгінде үй іргелік қорасында мал басын көбейтіп кәсібін дөңгелетуде. Жеке кәсіпкер алдағы уақытта мал…
Түлкібас ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 188 млн. теңгеге 31 жоба қаржыландырылды. Табыс табудың тағы бір жолы ретінде жүзеге асып жатқан жаңа жоба Түлкібас ауданындағы Мичурин, Балықты, Рысқұлов, Шақпақ ауылдық округтерінде енгізілді. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды ауданға іссапары барысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында кәсіп ашып, шаруасын ұлғайтқан кәсіпкерлермен кездесті. Мемлекеттік қолдау аясында жеке кәсіпкер атанған Қалдарбекованың Түлкібас ауданына қарасты Мичурин ауылдық округіндегі шаруа қожалығында болды. 1,5 га жерге құлпынай егіп, тамшылатып суару әдісі арқылы мол өнім жинап отырған кәсіпкер «Ауыл аманаты» жобасы арқылы мемлекеттен 7 млн.тг көлемінде 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алып, қосымша тағы 2 гектарға жуық алқапқа құлпынай өнімін…
Түлкібас ауданында жаңа өндіріс орындары іске қосылып, 3 мың 635 жаңа жұмыс орны ашылады. Жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 60 млрд. теңгеден асыру жоспарланған. Алдағы үш жылда жалпы құны 10 млрд. теңгеден асатын 9 инвестициялық жоба іске асырылмақ. Нәтижесінде 200 жаңа жұмыс орны ашылып, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 2025 жылы 77 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланған. Бұл туралы Түлкібас ауданының тұрғындарымен кездесуінде Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлім етті. — Тарихы терең, табиғаты тамаша, ел арасында «Кіші Швейцария» атанып кеткен Түлкібас ауданында өздеріңізбен жүздесіп, маңызды мәселелерді бірге талқылау үшін арнайы келіп отырмын. Ауданда 447 млрд. теңгеге 11 ірі инвестициялық…
Сайрам ауданында 2023 жылдың қыркүйек айында жеміс-көкөністі өңдеу зауыт іске қосылады. Өндіріс орнында Туркиядан заманауи құрал-жабдықтар әкелініп, орнатылуда. Зауыт томат пастасы, кетчуп, жеміс шырынын шығарады. Жоба іске қосылғанда 50 жұмыс орны ашылады. Ауданға жұмыс сапарымен келген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды сайрамдық кәсіпкерлермен кездесті. Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін және көкөніс сақтайтын қойма «Бірлік-4» ЖШС жұмыстарымен танысты. Зауыт басшысы қайта өңдеу зауытын кеңейту мақсатында төмен пайызбен ұзақ мерзімге несие, 5 млрд теңге қаражат алуды жоспарлауда. Жоба жүзеге асса қосымша 500-600 жұмыс орны ашылады. Зауытта ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтайтын сыйымдылығы 16 мың тонна 5 қойма бар. Аталған зауыт кәсіпкердің жеке және «Бизнестің…
Түркістан облысы Сайрам ауданында 64 млрд. теңгеге 19 жобаны іске асырып, 614 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Оның 12-сі өңдеу бағытындағы іске асатын жобалар. Биыл 6 айда 6,8 млрд. теңгеге 5 жоба іске қосылып, 155 жұмыс орны ашылды. Күнбағыс майын шығаратын цех, газоблок зауыты, алкогольсыз сусындар шығаратын зауыт, жылыжай құрылысы жүзеге асты. Тағы құны 4 млрд. теңгеге 9 жобаны іске қосу жоспарда, қалған 5 жобаны іске асыру 2024 жылға жоспарланған. Атап айтқанда, сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорын ашып, 2 мың ірі қара малға арналған бордақылау алаңын салып жатыр. «Nurym Grоup» компаниясы құрама жем өңдеу зауытын салуды жоспарлап отыр. Жобаның құны 2,5…
Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылында жаңа тігін цехы ашылды. Тігін фабрикасында 110 жұмыс орны құрылып, жобалық құны 80 млн. теңгені құрады. Бүгінде цехта тәжірибелі маман иелері өз жұмысын бастап кеткен. Цех заманауи тігін құрал-жабдықтарымен қамтылған, мұнда жылына 120 мың дана маусымдық костюмдер мен курткалар, сол сияқты сапалы материалдан арнайы киімдер тігіледі. Айта кетейік, алдағы уақытта «RaINTEX» ЖШС тігін цехы жұмыс орындарын арттыруды көздеп отыр. Айта кетейік, жаңа кәсіпорын – бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға және экономикалық өсуді ынталандыруға ықпал ететін маңызды қадам.
Бүгін Сарыағаш ауданында «Ауыл аманаты» және «Жер аманаты” бағдарламаларының жүзеге асырылу барысы туралы көшпелі жиын өтті. Жиынды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы А.Үмбеталиев ашып, жүргізді. Жиынға Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішов, мәслихат депутаттары және аудан әкімдері басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібіне қойылған мәселеге орай көшпелі мәжілісте спикерлердің мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы жайлы баяндамалары тыңдалды. Алдымен Келес ауданының әкімі Ж.Ағыбаев, Шардара ауданы әкімінің міндетін атқарушы Б.Шомпиев, Сарыағаш ауданының әкімі А.Абдуллаев аудан аумағында бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндады. Сонымен қатар, «Ырыс» МҚҰ Басқарма Төрағасының орынбасары А.Нұрлыбаев пен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Т.Оспанов облыс көлемінде «Ауыл аманаты»…
Еліміздің азық–түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жылыжай шаруашылығының қосар үлесі зор. Бүгінгі таңда аталған салаға мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында гектарлы субсидияны енгізу бойынша шешім қабылданып отыр. Осыған орай, бүгін жылыжай шаруашылығын субсидиялауға қойылатын талаптар мен жылыжайларды стандарттау және қысқы маусымға дайындық жұмыстарын жүргізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Сарыағаш ауданының жылыжай шаруашылығымен айналысушы агроқұрылым өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесуге Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Т.Оспанов, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Қ.Қабылбеков және «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Оңтүстік Қазақстан филиалының өнім және қызмет көрсету сәйкестігін растау бөлімінің басшысы Ш.Сарсенова қатысты. Айта кетсек, қазіргі уақытта ауданда…