Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 25-26 тамыз күндері Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келеді, деп хабарлайды Ақорда. Сапар аясында жүргізілетін жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономика, көлік-логистика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар екі ел басшылары Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, Тәжікстанның ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесін тамашалайды. Қазақстан Республикасында өтетін Тәжікстан Республикасының Мәдениет күндері аясында Шымкент қаласындағы іс-шаралар бағдарламасы: 26-28 тамыз күндері «Көрме» орталығында Тәжікстанның ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өнімдері, отандық қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдары көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылады. 27 тамыз күні сағат 15:00 – «Признание саразма» көркем фильмінің көрсетіліміне ұласады. («Гипер Хаус» сауда үйі);…
Автор: ais_media
Кентау қаласында ұлағатты ұстаз атанған Жандос Полатбеков кір жуғыш ұнтағын шығаруды қолға алған. Бұл кәсіп түрін ақпан айынан бастап «Lider» атауымен отандық өнім ретінде шығара бастаған. Кір жуатын ұнтақтан бөлек, сұйық гель мен сабын өндіреді. Отандық өнімді шығарудағы басты мақсаты — қазіргі таңдағы шет елден келетін сапасы төмен тұрмыстық заттардан гөрі, зиянсыз төл өнімді өндіру. — Өзім өте сезімтал болғандықтан аллергиялық асқынулар жиі орын алады. Елімізде біз секілді сезімтал адамдар көп. Содан ой келіп, аллергияға қарсы кір жуатын ұнтақ шығаруды былтырдан бері жоспарлап жүрдім. Биыл қаңтар айында Ташкенке барып арнайы курсты оқып үйреніп келдім. Әрине алғашқы кезде кір жуатын ұнтақты…
Шымкент қаласы маңындағы ірі жол-көлік инфрақұрылымының бірі – Оңтүстік айналма жолы салынуда. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов аталған жол құрылысының қарқынын қадағалады. Айналма жолдың құрылысы Леңгір тас жолынан бастап КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейінгі аралықты қамтиды. Ұзындығы 16 шақырымды құрайтын айналма жол барлық транзиттік көліктерді қала сыртымен жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мегаполис көшелеріндегі және қала маңындағы кептелісті азайтып, экологиялық жағдайды жақсартады. Оған қоса, жол бойында орналасқан елді мекендерде шағын кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді деп күтілуде. Жоба бойынша көшенің ені 9 метрді құрайды. Бүгінде Шымкент-Ташкент жолында қиылысатын бөлігінде көпір салынып, жолдың негізі дайындалған. Жол құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен іске…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде жүзеге асырылып жатқан «Аңсаған сәби» әлеуметтік бағдарламасы аясында қаламызда көптеген отбасы бала сүю бақытына ие болуда. Жалпы, республика бойынша жыл сайын 7000 квота бөлінеді. Ең көп квота Алматы, Астана, Шымкент қалаларына қарастырылған. Қала аумағында бүгінде 4 репродукция орталығы жұмыс істейді. Қалада ЭКҰ-ға дайындық бойынша қалалық перинаталдық орталықтың консультативті-диагностикалық блогы жетекші медициналық ұйым ретінде бекітілген. Онда 2018 жылдан бастап Бедеулік мәселелері жөніндегі кабинет жұмыс істейді. Түрлі ем шараларға қарамастан бір жыл бойы түрлі факторларға байланысты физиологиялық жүктілік болмаған ерлі-зайыптылар ЭКҰ квотасына қатыса алады. Биыл мегаполиске бағдарлама шеңберінде 429 квота бөлінген. Қазіргі таңда қалада бедеулікпен есепте…
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдау көрсетіп, оларды кәсіпке бейімдеу жоспарлануда. Мемлекет басшысының тапырмасымен жүзеге асып жатқан жаңа жобаның мақсаты – ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданының тұрғындарымен кездесіп, сауалдарына жауап берді. Жаңа жобаның мүмкіндіктерін түсіндіріп, тиімділігін тізбектеп берді. — Өздеріңізге белгілі, облыс тұрғындарының 80 пайызы ауылды елді мекендерде тұрады. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамытуға ерекше назар аударуды тапсырған болатын. Биыл облысымызда «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылды. Жаңа жоба біздің өңір үшін өте маңызды. «Ауыл аманаты» жобасының мақсаты – ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Бағдарлама…
Түркістан облысында 833 елді мекеннің 465-і (55,9%) табиғи газбен қамтамасыз етілді. 2023 жылдың соңына дейін 103 нысанның 68-ін пайдалануға беру жоспарлануда. Облыс әкім Дархан Сатыбалды «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовпен кездесті. – 2 миллионнан астам тұрғыны бар Түркістан облысында қазіргі уақытта газға қатысты бірнеше қордаланған өзекті мәселе бар. Әсіресе құрылыс жұмыстары аяқталған нысандарды газға қосуға «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ТӨФ қаражат сұрауда. Нысандардың жобалау-сметалық құжаттамасында газ толтыруға қаржы қарастырылмайды. Өздеріңізбен бірлескен түрде шешуді көздеп отырмыз. Оң шешімінің табылғаны облыстың әлеуметтік экономикалық дамуына әсерін тигізеді, – деді Дархан Сатыбалды. Кездесу барысында Түркістан облысында газбен қамтамасыз ету мәселелері бойынша Облыстық энергетика…
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен облыс жастарының жұмыссыздық деңгейін төмендету және жоғарғы оқу орындарын бітірген жастарды жұмысқа тарту, аудан, қалалық жастар ресурстық орталықтарының бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мақсатында, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге 17 аудандық және қалалық жастар ресурстық орталықтарының жауапты мамандары келіп, өздері жқмыс жасайтын мекемедегі бос жұмыс орындары бойынша келген жұмыс іздеуші жастарға тұсірдірме жұмыстарын жүргізіп, жұмысқа орналасу үшін қандай құжаттар қажет екендігін түсіндірді. Қазіргі таңда аудан, қаладағы жастар ресурстық орталықтарында 59 бос жұмыс орны бар. Түркістан облысында биылғы жылдың ІІ тоқсан қорытындысы бойынша 15-35 жасқа дейінгі жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі…
Түркістанда «Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация» тақырыбында облыстық семинары өтті. Өңірдің тіл жанашырлары жиынына облыстық мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірхан және Астана, Шымкент қалалары мен Ақтөбе, Түркістан облыстарының жоғары оқу орындарының оқытушылары, аудандық, қалалық тілдерді оқыту орталықтарының әдіскерлері мен қазақ тілі оқытушылары, тіл мамандары қатысты. ̶ Облыста 17 аудандық, қалалық тілдерді оқыту орталық бар. Онда 22 әдіскер, 31 қазақ тілі, 17 орыс тілі, 27 ағылшын тілі маманы жұмыс істейді. Орталық мамандары бүгінде 2230 адамға қазақ тілін, 1192 адамға ағылшын тілін, 926 адамға орыс тілін оқытып, үйретуде. Бүгінгі семинар тілдерді оқытуда жаңа технологияларды қолдануда, оқытушылардың тілдерді оқытудағы…
Облыстық жастар орталығында Президенттік жастар кадр резерві бағдарламасы бойынша жастармен кездесу өтті. Бағдарламаға қызығушылық танытқан жастарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы Дархан Сүртеков толық ақпарат берді. Ал облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің басшысы Ернар Бектаев аудандық және қалалық жастар орталықтарының жастарына түсіндірме жұмыстар жүргізіп, маңызды тұстарын таныстырып өтті. «Жастар кадрлық резерві» – бұл мансаптық қызметінде өсуге ынталы, кәсіби дағдылар мен басқарушылық құзыреттіліктердің жоғары деңгейіне ие мамандардың республикалық базасы. Жоба мақсаты – білімді, талантты, белсенді жастарды іздеу және анықтау, олардың кәсіби дамуына және қоғамдық танылуын қамтамасыз етуге жәрдемдесу, оларды оқыту, біліктілігін арттыру, жастар арасынан…
Төлеби ауданында жаңа 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында шағын бизнесті дамыту үшін мемлекеттік гранттар берілуде. Жобада жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мен қатар жеке кәсіпті дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау мен дамыту жұмыстары жолға қойылған. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу мерзімі дара кәсіпкер ретінде үш жылдан кем болатын жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде грант беруге өтініш берілгенге дейін олар тіркелген жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына гранттар бөлінуде. Жыл басынан бері төлебилік 45 тұрғын қайтарымсыз грант алып, кәсібінің…