Автор: ais_media

Сарыағаш ауданында тәулігіне 3 млн 200 000 мың дана сағыз, 3 000 кг шоколад, 165 000 дана чупа – чупс шығарылады. Өндіріс орнында 100-ден аса адамды жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтыған. «Fresboom» ЖШС-і 28 түрлі кондитерлік өнім шығарып жатыр. Мұнда өндірілген тәттілер қазіргі таңда көрші Ресей мемлекеті мен еліміздің барлық облыс, қалаларына жеткізілуде. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының әкімдерге қояр талаптарының бірі – халықтың әл-ауқатын арттыру, өндіріс орындарын ашып, жұмыс орындарын көбейту. Бұл бағыттағы жұмыстарға күш салынды. Аудан әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округінде орналасқан «Fresboom» ЖШС-нің кондитерлік өнімдер өндіретін кәсіпорында болып, кәсіпкерлермен кездесті. Аталған кәсіпорын 2020 жылдың қорытындысы бойынша…

Read More

Түркістан облысында егістікті әртараптандырудың нәтижесінде 3 млн. тонна көкөніс, бақша, картоп өнімдері жиналды. Жыл соңына дейін өнім көлемін арттыру көзделген. Биыл 360 млрд. теңгеге ауыл шауарылығы өнімдері өндірілді. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылдан 10 мың гектарға ұлғайып 870 мың гектарға жетті. Елімізде салынған жылыжайлардың 71 пайызы облысқа тиесілі. Жалпы көлемі 1 мың 577 гектарға жетіп, 117 мың тонна өнім өндірілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, халықтың табысын арттыру бойынша облыс деңгейінде іс-шаралар кешені қабылданды. 2027 жылға дейін 500 гектарға жаңа жылыжай салу жоспарланған. «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» тәжірибесі аясында 9,5 гектарда 2 мың 411 жоба жүзеге асырылды.…

Read More

Облыс орталығында Түркістан облысы мен Қытай Халық Республикасы компанияларының өнімдері ұсынылған бірлескен көрмесі өтіп жатыр. Оған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен Қытайдан арнайы келген бірнеше ірі кәсіпорын басшылары қатысты. Аймаққа инвестиция тартып, жергілікті өнімдерді экспортқа шығаруды мақсат еткен іс-шарада жалпы саны 60-қа жуық тауар өндірушінің өнімдері қойылды. Атап айтқанда, киім, аяқ киім, ыдыстар, текстиль өнімдері, электр машиналары, күннен қорғайтын өнімдер, электр скутерлері және Түркістан облысы бойынша тамақ, жиһаз, химия, жеңіл өнеркәсіп өнімдері ұсынылды. — Бұл көрменің Түркістан облысында өтуінің маңызы жоғары. Оған дәлел ретінде екі елдің көптеген ортақ бастамаларын айтуға болады. Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды дамыту тұрғысынан Қытай Халық…

Read More

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қытай Халық Республикасынан келген кәсіпкерлермен кездесіп, бірнеше жобаны талқылады. Нәтижесінде Түркістан облысы мен Қытай тауар өндірушілері екіжақты байланысты дамытып, бірлескен жобалар ашып, тәжірибемен бөлісу бойынша Меморандумдарға қол қойды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру, кабель желісін жасау, электр көліктерін зарядтау станциялары, тігін фабрикасын ашу бойынша жалпы сомасы 3 млрд. теңгеден астам қаржыға кәсіпорындар ашу бойынша индустриалды аймақ және арнайы экономикалық аймақ басшылығымен меморандумдар түзілді. – Түркістан өңірі Орталық Азиядағы бизнесті кеңейтудің жаңа көкжиегі болып саналады. Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас соңғы жылдары тек нығая түсуде. Бүгінгі өтіп жатқан көрме қазақ-қытай кәсіпкерлері арасында оң нәтижелер беретініне…

Read More

Қытай Халық Республикасының өнеркәсіп саласы бойынша бір топ делегациясы «Turkistan» индустриалды аймағы мен арнайы экономикалық аймақтың жұмыс барысымен танысты. Кәсіпкерлік құрам Түркістан қаласына жасаған іссапары барысында екіжақты бірлескен көрме өткізеді. Кәсіпкерлер өздерімен бірге әкелген ыдыс-аяқтан бастап, киім-кешек, аяқ-киімдер, қуаттағыш құралдар, күннен қорғайтын өнімдер, электр скутерлері және басқа да тауар түрлерін ұсынады. Айта кетейік, Түркістан қаласындағы дайын екі өндіріс алаңының бірі, қазақ-қытай бірлестігі аясында ашылады деп күтілуде. Аталған өндіріс алаңында шұлық шығарылады. Сондай-ақ ерлер костюмін тігу де жоспарлануда. Қытайлық әріптестер жиын барысында ірі жүк көліктерінің бөлшектерін жасау, телефон қуаттағыш, құлаққап және үш дөңгелекті скутер, мотоцикл шығару бойынша ұсыныстарын айтты. Сонымен бірге,…

Read More

Биыл Түркістан облысында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша тұрғындардың кәсіп ашуына қолдау көрсету жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бәйдібек ауданында «Ауыл аманаты» жобасымен 2,5 пайыздық несие алуға аудандағы 144 азамат өтінім білдіріп, оның 108-і мақұлданған. Бүгінде аталған жоба аясында Ақбастау, Алғабас, Көктерек ауылдық округіндегі 57 азаматтың жылқы, мүйізді ірі қара, уақ малдарды бордақылау, сауынды сиыр алу, ауыл шаруашылық кооперативін техникамен жабдықтау бойынша жобалары қаржыландырылып, кәсіп бастағандар қатары күн санап артып келеді. Оған дәлел, Ақбастау ауылының тұрғыны Тамара Дәуешова несие алып, кәсібінің нәсібін көріп келеді. Ақбастаулық кәсіпкер бүгінде «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 2,5 пайызбен 6 млн теңге несиеге өтінім білдіріп, аталған сомаға Алматы…

Read More

Түркістан облысының оңтүстік аумақтарында мақтадан бөлек жүгері егуге бет бұру көзделген. Маусым айында құрылысы басталған жүгері өңдеу зауыты биыл күзде шаруалардан жүгері қабылдауға дайын. «Казкрахмал» компаниясы Шардарада салып жатқан жүгері өңдеу зауытыны жылына 150 мың тонна жүгері дәнін терең өңдейді. Жобаның құны – 31 млрд. теңге, онда 550 жұмыс орны ашылады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Шардара ауданының тұрғындарымен кездесуінде ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыру үшін қолға алынған жаңа зауытқа осы күзде жергілікті шаруалар жүгері өткізе алатынын жеткізді. Ауданда орналасқан индустриалды аймақта орналасқан ірі өндіріс орнының құрылысы 2 кезеңнен тұрады. Алдымен жүгеріні сақтау және кептіру кешенінің құрылысын 2023 жылы аяқтау жоспарланған.…

Read More

Түркістан облысына қарасты Келес ауданында 2023-2025 жылдары аралығында жалпы құны 51 млрд. теңгені құрайтын 4 инвестициялық жоба іске асырылады деп күтілуде. Инвестициялық жобалардың қатарында 5 филиалдан тұратын «Нұрболат» өндірістік кооперативі де бар. Бүгінде құны 3 млрд. теңгені құрап отыр. Сонымен қатар, «Азия Мед» медициналық орталығының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Аталған өндіріс ошағының филиалдары Абай ауылына қарасты Біртілек, Ошақты және Ұшқын ауылдық округтерінде бой көтермек. Бүгінде Абай ауылы Біртілек елді мекенінде орналасқан «Азия Мед» медициналық орталығының құрылысы аяқталып, өз жұмысын бастады. Сондай-ақ алдағы уақытта орталықта 200 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Айта кетейік, ел әлеуетінің жақсаруына тың серпін беретін инвестициялық жобалардың…

Read More

Қазығұрт ауданында шағын және орта бизнес саны 3 жылда 60 пайызға артқан. Биыл 6 айда кәсіпкерлік саны 14 мыңнан астып, 27 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. 2023-2027 жылдары 18,5 млрд. теңгеге 48 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Өнеркәсіп өнімінің көлемі жыл сайын артуда. Оған ауданда ашылған индустриалдық аймақтың үлесі мол. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қазығұрт ауданының кәсіпкерлерімен кездесті. Жергілікті әкімдерге қоятын басты талаптардың бірі жаңа кәсіпорындарды ашып, жұмыс орындарын құру екенін айтқан облыс басшысы өңір кәсіпкерлеріне қолдау күшейтілетінін айтты. Алдымен Қақпақ ауылдық округіне қарасты Қақпақ елді мекенінде «Ынтымақ» ӘКК» өндірістік кооперативі су электр станциясының құрылысымен танысты. Жоба құны 700…

Read More

Бүгін Түркістан қаласында он екінші рет ұйымдастырылған «Армандар орындалады» шарасы өтті. Жиынға Ордабасы және Отырар аудандарынан, Кентау қаласынан ерекше балалар қатысты. Тілектері жазылған хаттарының арқасында қала басшысының қолдауымен Түркістанның көркем жерлерін аралап, «Керуен сарай» туристік кешенінде қайықта серуендеді. «Ұлы Дала Елі» орталығында Түркістан қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады. Ерекше балаларға жігерлендіру мақсатында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев алғыс хатпен марапаттады. Онда «Сіздің өмірге деген құштарлығыңыз, білім мен ғылымға деген талпынысыңыз үлкендерге де күш-жігер береді. Қазақ елінің жас ұрпағы, болашақтың жарқын өкілі ретінде мақтан етеміз» делінген. – Балалар да, ата-аналары да керемет көтеріңкі көңіл-күймен атсалысуда. Осымен 203…

Read More