Автор: ais_media

Түркістанда облыс әкімдігі жанындағы өңірлік инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Жиында облыс аумағында жүзеге асырылып жатқан және енді қолға алынатын жобалар талқыланды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды әрбір инвестордың пікірін тыңдап, жобаға қатысты мәселелер бар-жоқтығын сұрады. Әкімдік тарапынан барынша қолдау көрсетілетінін, бірақ, инвесторлар да өз жобаларын созбалаңға салмай уақтылы аяқтауы тиіс екенін жеткізді. – Облыс әкімдігі, жергілікті атқарушы органдар тарапынан қандай көмек керек болса, ол қолдау көрсетіледі. Ең бастысы, жұмыс жоспарға сай жүргізіліп, өндіріс орындары ашылуы тиіс. Әрбір жоба бойынша жауапты инвестормен жол картасы жасалады. Біздің тараптан және олардың тарапынан атқарылатын жұмыстардың орындалу мерзімі көрсетіледі. Егер жол картасындағы жоспардан кешіксе және…

Read More

Келес ауданында «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы» аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде 30 жұмыс беруші мекеме 70 бос жұмыс орындарын ұсынды. Келес ауданы әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаевтың айтуынша, биыл 8 айдың қорытындысымен ауданда квотамен 7 мүмкіндігі шектеулі және 9 пробация есебіндегі азаматтар жұмыспен қамтылған. Ағымдағы жылы бекітілген жоспарға сәйкес, «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен төртінші рет «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілуде. Жалпы жәрмеңке барысында 50 азамат тұрақты жұмыстарға жолданды. Ұсынылған бос орындарға жолданған жұмыссыздар арасынан бір пробация есебінде тұратын азамат Келес аудандық ауруханасына тұрақты жұмысқа жолданып, жұмыспен қамтылды. Айта кетейік, «Ұлттық жоба» шеңберінде жоспарға сәйкес…

Read More

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының білім басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Ардақ Садықова айтты. – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бүгінгі таңда облыстағы 1-4 сыныпта оқитын 187 832 бала қыркүйектен бастап тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Бұған дейінгі талдау нәтижесі бойынша облыстағы 110 асханасы жоқ мектептерде қосымша бөлмелер қарастырылып, ыстық тамақ беруге жағдай жасалды. Сондай-ақ, 51 мектепке модульдік асхана салу қарастырылуда, — деді Ардақ Мәдіханқызы. Брифинг барысында Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов мектеп асханаларының санитариялық талаптары мен ондағы тағамның қауіпсіздігі жіті бақылауда болатынын жеткізді. Айта кетейік, өңірдегі мектеп асханаларының дайындығын пысықтау үшін санитариялық-эпидемиологиялық…

Read More

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдеріне жаңа кәсіпорындарды ашу, жаңа жұмыс орындарын құру, аймаққа инвестиция тарту тапсырмасын жүктеген болатын. Облыс басшысының бастамасымен Түркістан облысының оңтүстік аудандарының басшылары облыс аумағында зауыт-фабрикалар ашу, тәжірибе алмасу, халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында Қытай еліне іссапарға барған болатын. Нәтижесінде биыл Келес ауданында қосымша 2,5 мың жаңа шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Сонымен қатар, олардың саны соңғы үш жылда 31,6 пайызға өсіп, олармен өндірілген өнім көлемі 32,6 млрд. теңгеге жетті. Осы орайда аудан бюджетінің өзіндік кірістері артып келеді.

Read More

Алматы қаласында өткен Армрестлингтен 44-Әлем чемпионатында Шардара ауданының спортшылары 28 алтын медальға ие болды. Сонымен қатар, түркістандықтар 10 күміс және 5 қола медальға қол жеткізіп әлемдегі үздік клуб екенін тағы да дәлелдеді. Нәтижесінде Қазақстан ұлттық құрамасы командалық есепте 1-орынды абыроймен жеңіп алды. Бүгінде Шардара ауданындағы Армспорт мектебін «Чемпиондар шеберханасы» деп атауға болады. 2001 жылы негізі қаланған «Shardara Arm» спорт кешенінен бүгінге дейін 130 әлем чемпионы, 300 Азия чемпионы, 462 ҚР чемпионы шыққан. Бұған халықаралық жарыстар мен республикалық турнирлерді қоссаңыз аймақтан шыққан білекті де жүректі спортшылардың жетістігі жетерлік. Соның ішінде Шардара Армрестлинг клубы 2012 жылдан бері жалпы есепте 1-орын иеленіп жүр.…

Read More

Елімізге келген туристердің басым бөлігі қазақтың ұлттық тағамдарына таң қалып жатады. Отандық туроператорлар жүргізген сауалнамаға сәйкес, шетелдік қонақтар арасында ең танымал ұлттық тағам – қазақша ет екендігі анықталды. Қазақша ет еліміздің барлық қалалары мен демалыс орындарында беріледі. Туристердің талғамына сай жылқы, сиыр немесе қой етінен дайындалып, қонақтарға ұсынылады. Екінші орында – бауырсақ. Еліміздің әр өңірінде ұннан жасалатын өнімнің өзіндік рецепті бар. Ал оның ішіндегі «шибауырсақты» туристер өздерімен бірге кәдесый өнімі ретінде алып кетеді екен. Себебі оны тасымалдау өте ыңғайлы. Үшінші орында – қазы. Жылқының қабырға етін тұздап, бұрыш қосып жасалатын шұжық. Әдетте ет асқанда қазы бірге беріледі. Туристердің талғамы бойынша…

Read More

Былтыр футболдан жастар командалары арасындағы Қазақстан чемпионатында Түркістанның «Тұран-19» командасы сенсация жасап, Қазақстан чемпионы атанған болатын. Ел чемпионына УЕФА жастар чемпиондар лигасының жолдамасы берілді. Соңғы 7 жыл бойы «Қайрат» пен «Астана» командалары ғана жеңімпаз атанып, чемпиондар лигасына кезек-кезек қатысып жүретін. Бұл «дәстүрді» «Тұран-19» командасы бұза білді. Ел намысын қорғайтын Түркістанның «Тұран-19» командасы жастар арасындағы чемпиондар лигасының бірінші кезеңінде Молдованың «Шериф» клубымен кездеседі. Алғашқы ойын 4 қазанда Шымкентте өтсе, қарымта кездесу 25 қазанда Тирасполь қаласында өтеді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Read More

Астанада «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон бәйгесі басталды. Екінші рет ұйымдастырылып отырған сайысқа биыл 19 команда өте жақсы дайындалған. Төзімділік пен шыдамдылықты, қайсарлықты талап ететін сайыс Астана маңындағы Қаражар ауылынан басталды. Жарыс жолының қашықтығы 1300 шақырымды құрайды және бағыт Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Түркістан облыстарын қамтиды. Марафон 19 қыркүйекте Түркістанда аяқталады. Жорық 14 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңнің қашықтығы – 50 шақырым. Одан кейін 12 кезеңде 100 шақырымды шауып өтеді. Соңғы 14-кезеңде шабандоздар 50 шақырымды бағындырып, Түркістанда мәреге жетеді. Кеше аттар ветеринариялық тексеруден өтті. Шабандоздар да дайындалған. Әр команда сапында 5 шабандоз бен 10 тұлпар бар. Марафонның жалпы жүлде қоры…

Read More

Сарыағаш ауданына қарасты Жемісті елді мекенінің тұрғындары көшет өсіруді кәсіпке айналдырған. Жемісті ауылдық округінің тұрғыны С.Пернебеков 25 жылдан астам уақыт жеміс және көрнекілік ағаштарының көшеттерін өсірумен айналысып келеді. Көшет егудің қыр-сырын жетік меңгерген көпбалалы әке жылына 5-6 мың көшет шығарады. Сонымен қатар кәсіпкер жеміс көшеттерін 2 жыл бойы өсіріп, сонан соң саудаға қояды. Жалпы бүгінде аталған көшеттерге сұраныс жоғары, сондай-ақ өңірден бөлек, басқа да қаладан арнайы көшетке келетіндер де аз емес. Сарыағаштық тұрғынның айтуынша, алдағы уақытта көшет түрлерін көбейтіп, республика деңгейінде саудалауды жоспарлауда. Бүгінде кәсіпкер мезгілге қарай алма жемісінің көшетін өсіруде. Мәліметтерге сәйкес, бүгінде Жемісті ауылдында 100-ге жуық азамат көшет…

Read More

Түркістан облысында тұрғындарды баспанамен қамту бағытында жұмыстар жалғасуда. Осындай игі іс Созақ ауданында жүзеге асты. Құмкент ауылында аз қамтылған қос отбасына «Қазфосфат» ЖШС-нің демеушілігімен салынған үйлер берілді. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков тұрғындарға жаңа баспананың кілтін табыстап, үй иелерін қоныс тойымен құттықтады. – Бұған дейін «Қазфосфат» ЖШС-нің басшыларымен бірнеше рет кездесіп, алда атқарар жұмыстар мен халық алдындағы жауапкершіліктерді бірге сараладық. Осының нәтижесінде біраз жобаларды іске асыруды қолға алып, бүгін міне Құмкент ауылында баспаналы болған қос бірдей отбасының қуанышты сәттерінің куәсі болып отырмыз. Алдағы уақытта да кәсіпорынмен бірлесіп атқарар нақты жоспарларымыз бар. Осылайша, тұрғындардың мұң-мұқтажын, талап-тілектерін назарда ұстап, халық сұранысына орай туындаған…

Read More