ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ САЛАСЫН ДАМЫТАТЫН ЖАҢА МАМАНДАР ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТЫР Түркістан өңірінің рухани-мәдени саласын дамытуға оң қадамдар жасалуда. Бүгін «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде жаңа мамандарды қабылдау бойынша іріктеудің екінші кезеңі өтті. Өнерпаздардың арасынан вокалдық, классикалық, дәстүрлі оркестр жасақталып, би ұжымы іріктелді. Мамандарды Қазақстанның үздік өнер иелерінен құралған кәсіби комиссия бағалады. Бүгінгі күнге 40-тан астам үміткер өз өтінішін білдіріп, соның 21-і өтті. Ал бұған дейін 33 өнерпаз іріктеліп, жалпы 54 маман жұмысқа қабылданды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласына ерекше мәртебе беруді тапсырған болатын. Қазіргі уақытта «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң жобасын дайындап жатыр. Аталған Заң жобасы қоғамдық талқылаудан өтуде. Облыс орталығына…
Автор: ais_media
Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды «Golden Camel group LTD» төрағасы Ян Джи мырзамен және «Win Lun» компаниясының басшыларымен кездесті. Кездесу барысында «Golden Camel» зауытының жұмыс барысы талқыланды. Түйе сүтін өңдеу маусымдық жұмыс болғандықтан, инвесторлар алдымен дайындық жұмыстарын бастайтын болды. Зауыт басшылығы техниқалық тексерістен соң, бір айда зауыт жұмысын қайта бастайтынын жеткізді. Одан бөлек түйе сүтін қайта өңдей отырып, құрғақ таблетка күйінде шығаратынын атап өтті. Айта кетейік, облыс әкімі мамыр айында Қытайға жұмыс сапарында «Golden Camel» зауытының басшыларымен кездесіп, жұмысын тоқтатқан зауытты қайта іске қосу туралы мәселені талқылаған болатын. Нәтижесінде, инвесторлар кәсіпорынды қайта жандандыратын болды. – Өздеріңізбен Түркістанда қайта қауышқанымызға қуаныштымын.…
Келес ауданының Бозай ауылында тұратын Әбдіжаппар Махмұтбеков тігіншілікті жанына серік еткен. Ол жастайынан сурет салуға қызығып, кейіннен дизайнер болуды армандаған. ІІІ топ мүгедектігі бар Әбдіжаппар Мұзапбарұлы Шымкент қаласында №5 колледжде тігінші мамандығы бойынша білім алып, бүгінде құрақ құрап, киім және ат жабыдықтарын тігумен айналысуда. – Баламыз жастайынан зерек, сызба сызуға құмар болып өсті. Нәресте уақытында сырқаттанып, ерекше балалардың қатарына қосылды. Сонда да өз қызығушылығының арқасында бүгінде қолы гүл қолөнер шебері атанып отыр. Кәсібін киім тігіп бастады. Кейін көрпешелерге арналған құрақ құрап, түрлі пластик бөтелкелерден көркем гүлдер істеп, балабақшаларға таратты, – деді Әбдіжаппардың анасы Жұлдыз Әдеева. Махмұтбековтер әулетінде арғы аталары суретші…
Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша арнайы мониторинг топтары құрылған. Олар осы бағыттағы кемшіліктерді анықтап, бағаны қадағалап келеді. Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов өңірдегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының жағдайы туралы баяндады. Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру бойынша бірқатар шаралар қабылданған. Атап айтсақ, 3 «Магнум» желісі мен 50 супермаркет пен дүкен, «Қуаныш» және «Алтын бұлақ» базары тұрақтандыру қоры мен айналым схемасы, форвардтық келісім арқылы қаржыландырылған. Тауарөндірушілердің азық-түліктерін тікелей жеткізу арқылы нарықтық бағадан 15-25% төмен сату көзделген. Жыл басынан нарыққа шығарылған…
Түркістанға Қытайдың Шаньдун провинциясынан делегация келді. Шаньдун Қытайдың барлық аймақтары арасында ШҰАР мен Пекиннен кейінгі Қазақстанның үшінші сауда серіктесі. Аталған провинция мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы жыл басынан бері 1 млрд долларды құрады. Бұл сапар Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің «Бір белдеу, бір жол» бастамасының 10 жылдығы қарсаңында өтіп жатыр. Қытай Халық Республикасы делегациясымен бүгін Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды кездесті. CETRON Financial Holdings — Жібек жолының жаһандық экономикалық және сауда делегациясы Қытайдың мәдениет және туризм министрлігінің Қаржылық капиталы және Қытайдың мемлекеттік акционерлік әкімшілігінің кәсіпорны. Бұл – индустрияландыруға және жаңа энергетиканы, жаңа технологияларды, жаңа материалдарды, жоғары деңгейлі жабдықтарды, сондай-ақ…
Бүгінде Түркістан облысында мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсібін кеңейтіп отырғандар қатары артуда. Соның бірі, отырарлық кәсіпкер, 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алып, мал басын көбейтіп, сүт шаруашылығын қолға алған. Отырар ауданы, Қарғалы ауылының тұрғыны Айдар Жүнісбай мемлекеттен 3 млн. теңге қаражат алып, Жамбыл облысынан сүт бағытындағы 6 дана бұзаулы сиыр сатып алған. Бүгінде әрбір сиырдан 10-15 литр сүт сауып, табыс көзін кеңейтіп отыр. Айта кетейік, кәсіп бастаймын деген жанға мемлекеттен түрлі қолдау қарастырылған. Отырарлық кәсіпкер алдағы уақытта сүт өнімдерінен құр, май, ірімшік секілді өнімдерді өндіріп, табыс көзін кеңейтпек. – Жеке кәсіппен айналысу көптен бергі арманым еді. Мемлекеттік бағдарламаның арқасында сол арманым орындалып…
Сарыағаш ауданы, Ақжар ауылының тұрғыны мемлекеттік грант аясында жеке кәсіпкер атанды. Ақжарлық көпбалалы әке, бүгінде 9 үйдің сыртын әрлеп, өз кәсібін дөңгелетуде. Ол мемлекеттік грант қаражатына қажетті құрал-жабдықтарын түгелдей алып, қазіргі таңда термопанель өндіруді қарқынды қолға алған. Мемлекеттік бағдарламалар аясында берілген қаражаттың мақсатты жұмсалып, кәсіпкерлер қатарының артуы бірінші кезекте елдегі жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, әлеуметтің әлеуетін арттыруда тиімді тәсіл болмақ. Айта кетейік, Түркістан облысында мемлекет қарастырған көмекке жүгінген азаматтар қатары жетерлік. Сонымен бірге бүгін жас кәсіпкердің жұмысымен аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы барып танысып, жеке кәсіпкерлер санының артуы, бұл саланың қарқынды дамып келе жатқандығының айғағы екендігін айтты. Осылайша, жеке кәсіп иесіне…
Бүгін Түркістан қаласындағы «Ақжайық» мектебінде Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Ауылдық жерлердегі Үкіметтік емес ұйымдардың дамуына қолдау көрсету және оларды идеялар мен жобалар жәрмеңкесіне тарту мақсатында дөңгелек үстел өтті. Шара Түркістан облысы Азаматтық Альянсы бірлестігінің ұйымдастыруымен аудандық және қалалық ішкі саясат бөлімдері мен Үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өтті. Жиында «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті Инара Намазбаева, «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» ЗТБ Қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы Шәріпбек Жамалбек, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының Мемлекеттік идеология және Рухани жаңғыру бөлімінің бас маманы Жеңіс Дәулетұлы, Түркістан облыстық «Береке» қоғамдық бірлестігінің жоба үйлестірушісі Гүлсім Аңдабаева, Ордабасы ауданы әйелдер кеңесінің төрайымы Гулия…
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасымен ауданға инвестиция тарту арқылы әлеуметтік-экономикалық ахуалды жақсарту, өндірістік кәсіпорындардың санын арттыру, тұрғындар арасында жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Нақтырақ айтар болсақ, ағымдағы жылы ауданда құрылысы біткен 9 жобаның есебінен 2,3 млрд теңге, жыл соңына дейін аяқталуы жоспарланған 19 жобаның есебінен 5,6 млрд теңге, сондай-ақ, 2023 – 2024 жылдары жоспарланған 13 жобаның есебінен 37,1 млрд теңге инвестиция тартылып, жаңадан 1301 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Ауданда индустриялды аймақтың болмауына байланысты Асықата кентінің шекараларын кеңейтуге арналған іс-шаралар аясында ауданның және сырттан келетін кәсіпкерлердің инвестициялық жобаларына қажетті жер учаскелерін бөліп беру мақсатында аудан әкімдігімен…
Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыповпен кездесті. Кездесу барысында тараптар Түркістан облысында іске асырылып жатқан жобалар мен алдағы жоспарларды талқылады. «Самұрық-Қазына» қоры Түркістан облысында екі ірі инвестициялық жобаны іске асыруда. Атап айтқанда, Төлеби ауданында «Бу газ қондырғысы базасындағы қуаттылығы 926 МВт электр стансасы», Созақ ауданында «Күкірт қышқылы зауыты» құрылысын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ облыстың туристік әлеуетін артыру мақсатында Түркістан қаласында Достық үйі мен Ипподром әлеуметтік жобаларының құрылысы жоспарлануда. Басқосуда бұл жобаларды «Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры» арқылы қаржыландыруды қарастыру мәселесі талқыланды. Облыс әкімі Түркістан облысында уран өндірумен айналысатын «КазАтомӨнеркәсіп» компанияның салық төленетін кірісінен 1% (7,4 млрд.тг) және…