Автор: ais_media

Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылындағы «Даңқ» саябағында ауыл шаруашылығы саласындағы дәстүрлі «Алтын күз-2023» шарасы өтті. Жиын аясында арзан бағада азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласындағы заманауи технологиялар мен асыл тұқымды мал түрлерінің көрмесі өтті. Мерекелік шарада аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков барша еңбек адамдарын құттықтады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, мол өнім алған үздік ауыл, кент-округ әкімдерін марапаттады. Барлық көрсеткіш бойынша үздік шыққан Шолаққорған ауыл округ әкімдігі 1-орын, Жартытөбе ауыл округ әкімдігі 2-орын, Созақ және Құмкент ауылдық округ әкімдігі 3-орын алды. Жәрмеңкеге тауар әкелуді ұйымдастырған үздік ауыл номинациясымен Тасты ауылдық округ әкімдігі марапатталды. Сондай-ақ, ауыл…

Read More

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы өңір аумағында ҚР Үкіметінің «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобасы» аясында қаржылай емес қолдау шараларының бірі ретінде «Мен – кәсіпкер» құралын жүзеге асыруда. «Мен – кәсіпкер» құралының қызметтерінің бірі «Бір ауыл – бір өнім» жобасы. Жыл басынан бері жобаға қатысуға ниетті кәсіпкерлерден 60-тан астам өтініш түсті. Солардың ішінен жобаның мақсаты мен талаптарына сәйкес келетін 17 кәсіпкердің өнімі «Қазақстанның үздік тауары – 2023» өңірлік көрме-байқауына қойылды. Негізінен «Бір ауыл – бір өнім» кем дегенде бір бәсекеге қабілетті өнім өндіру жолымен ауылды дамыту тұжырымдамасына негізделген жергілікті шикізаттан өнімді әзірлеу және ілгерілету жөніндегі қызметтерді ұсынуға бағытталған жоба.…

Read More

Жуырда Алматы қаласында қол күресінен 44-ші әлем чемпионаты өтті. Әлемдік сайыс жеткіншектер, жасөспірімдер, жастар мен ересектер және ерекше қажеттілігі бар спортшылар арасында ұйымдастырылды. Білекті де жүректі спортшылар жиналған армрестлинг додасына 50-ден аса мемлекеттен 1000-ға жуық спортшы қатысып, өзара мықтыларын анықтады. Әлемдік додада Қазақстан ұлттық құрамасы жоғары нәтижеге қол жеткізді. Жалпы еліміздің саңлақтары 39 алтын медаль қанжығаласа, оның ішінде 21 алтын және 4 күміс медальді Түркістан облысы, Шардара ауданының өрендері иеленді. Атап айтсақ, жеткіншектер арасында 3 алтын, жасөспірімдер арасында 9 алтын, жастар арасында 3 алтын, мүмкіндігі шектеулі жандар арасында 1 алтын, ересектер арасында 5 алтын және 4 күміс жүлдені жеңіп алды.…

Read More

Отырарлықтар көпке өнеге болатын игі істің куәсі болды. Қарғалы ауылындағы С.Ерубаев атындағы жалпы мектебінің 2004 жылғы түлектері жалғызбасты анаға 5 бөлмелі баспананы сыйға тартты. Ауыл жастары осылайша көпке үлгі-өнеге көрсетті. Бұған дейін ескі мектеп ғимаратында тұрып келген ана енді балаларымен бірге өз үйінде тұрады. Қуанышты сәтті бөлісуге арнайы келген аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қалдира Кизбай мен аудандық мәслихат аппаратының басшысы Ерман Дайрабаев шаңырақ иелерін құттықтап, аудан әкімі мен аудандық мәслихат төрағасы атынан сыйлық табыстады. Шара барысында ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауыл қариясы Нұрқұл Ердемқұл қайырымы мол істе белсенділік танытқан ауыл жастарына шынайы ризашылығын білдіріп, ақ батасын…

Read More

Отырар ауданында соңғы жылдары қой шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Оның ішінде асыл тұқымды қой шаруашылығымен айналысып, табысқа кенеліп отырған шаруалар аз емес. Соның бірі аудандағы «Сызған» шаруа қожалығы. Нұрсұлтан Есенбайұлы басқаратын қожалық аймақтағы асыл тұқымды қой шаруашылығын дамытуды қолға алғанына 10 жылдан асқан. Қазіргі таңда шаруа қожалықта асыл тұқымды «Қисары» және «Арашан» тұқымының саны 5 000-ға жақындаған. Қожалық бүгінде мал бордақылау ісін де қолға алып, 700 бас қошқар бордақылап отыр. Шаруа алдағы уақытта бордақылау алаңын одан әрі кеңейтуді көздеген. Себебі бордақы малға деген сұраныс көп. Қазіргі таңда 1 250 га жайылымдық жерді игеріп отырған қожалық 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтып…

Read More

Шахматтан Қазақстан қыздар құрамасы командалық әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Финалда қазақстандық шахматшылар Грузия құрамасына жол берді. Ақтық кезеңнің алғашқы матчында Қазақстан – 1,5-2,5, екінші матчында – 0,5-3,5 есебімен жеңіліп қалды. Ұлттық құрама сапында Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева, Әсел Серікбай, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова және Әмина Қайырбековалар өнер көрсетті. Қола медальді Франция құрамасы иеленді. Олар үшінші орын үшін ойында АҚШ шахматшыларынан айласын асырды. Шахматтан 2023 жылғы командалық әлем чемпионаты Польшаның Быдгощ қаласында өтті. Онда 12 команда бақ сынады. Турнир 2007 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Бірақ Қазақстан бұған дейін ширек финалдан әрі асып көрген емес.

Read More

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы міндетін атқарушы Әлібек Плалов айтты. – Статистикалық мәліметтерге сәйкес, еліміздегі жылыжайлардың 71%-ы Түркістан облысының аумағында орналасқан. Өңірде 1 517 га аумақта 3 366 жылыжай бар. Қуат көздері тарифінің көршілес Орталық Азия елдеріне қарағанда жоғары болуы, жергілікті жылыжай өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін төмендеткен. Осы мәселелерді шешу мақсатында өнеркәсіптік және фермерлік жылыжайларда пайдаланылған көмір мен газ шығындарын субсидиялау жоспарлануда. Ол үшін жылыжай иесі сертификат алуы керек,- деді Әлібек Әбдіхалықұлы. Сондай-ақ, брифингке қатысқан Түркістан облысы бойынша техникалық реттеу және метрология департаментінің басшысы Қанат Қабылбеков 2023 жылдың 1 мамырынан бастап Фермерлік…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Осындай алқалы жиын өткізу жақсы дәстүрге айналды. Себебі, бизнес саласы – ұлттық экономиканың негізгі тірегінің бірі. Мемлекет кәсіпкерлікті дамытуға баса мән беріп отыр. Біз қазір Әділетті Қазақстанның жаңа экономикалық моделін қалыптастыруға кірістік. Бұл – баршамызға ортақ жұмыс, ең алдымен, еліміздің кЕлешегі үшін өте маңызды қадам. Осы жұмысқа кәсіпкерлеріміз белсене атсалысуы қажет. Сондықтан, біз бүгін бизнес саласында қордаланған мәселелерді талқылаймыз. Алдағы міндеттерді айқындап алуымыз керек» «Баршаңызға мәлім, мен Жолдауда елімізді одан әрі дамытуға арналған тың тәсілдерді ұсындым. Біз экономиканың өсімін кемінде 6-7 пайызға жеткізуіміз керек. Ол үшін бизнестің жеке бастамаларына барынша қолдау көрсету қажет. Осы бағытта біраз шаруа атқарылды.…

Read More

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Түркістандағы бірнеше кәсіпкерлік нысандарында болып, жұмысымен танысты. Кәсіпкерлермен жеке-жеке сөйлесіп, өндіріс көлемін ұлғайту, жұмыс орындарын көбейту, шетелдік нарыққа шығу жөніндегі жоспарларын, өтініштерін тыңдады. Қандай қолдау қажет екенін сұрап, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндірді. Бүгінде Түркістандағы «ASIA BREND» жиһаз компаниясы жылына 22000 дана жиһаз шығаруға қауқарлы. Жылдық қаржылық айналымы – 1,1 млрд. теңге. Кәсіпорында 150 адам жұмыспен қамтылған. Заманауи үлгідегі технологиялар қолданылатын кәсіпорынның жиһаздарына өз елімізбен қатар көршілес мемлекеттерден де сұраныс бар. Облыс әкімі кәсіпкерге жобаның қуаттылығын арттырып, эскспортқа жұмыс істеу қажеттігін айтты. Өңір басшысы қаланы аралау барысында өз үйінің іргесінен балық шаруашылығын дамытып отырған «Нұржан» жеке кәсіпкерлігінде болды.…

Read More

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды әлемге әйгілі ірі компаниялармен тығыз жұмыс істеу, олардың тәжірибесін Түркістан өңірінде енгізу, облыс аумағында зауыт-фабрикалар ашу, инвестиция тарту арқылы жаңа жұмыс орындарын құру бойынша тапсырма берген болатын. Осыған сәйкес, тамыз айының 25-29 күндері аралығында Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова бастаған арыстық делегация Қытай Халық Республикасына іссапармен барды. Шетелдік инвестицияларды тарту, іскерлік әріптестікті нығайту және өзара сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында аттанған делегация құрамында әкімдіктің сала басшылары мен қаламыздың ірі кәсіпкерлері барды. Сапардың алғашқы күні делегация ҚХР-ның Чжэнжоу қаласында орналасқан қағаз өндіретін зауыт жұмысымен танысты. Аталған зауыт тәулігіне 20-50 тоннаға дейін қағаз өндіруге қауқарлы. Шара барысында арыстық…

Read More