Автор: ais_media

Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов Жетісай қаласындағы Дайрашев көшесі бойындағы 300 орындық мектептің құрылысымен танысты. Нысан осыдан төрт жыл бұрын құрылысы басталып, аяқсыз қалған болатын. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қайта жанданып, ғимарат желтоқсанын айында пайдалануға тапсырылмақ. Бұдан бөлек, жалпы саны 82 мектебі бар ауданда «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында Асықата кентінен 900 орындық, Жетісай қаласынан 1500 орындық, Ынтымақ ауылдық округтерінен 600 орындық, Қызылқұм ауылдық округінен 600 орындық мектептердің құрылыстары жүргізіліп жатыр. Нысандар 2024 жылы қолданысқа беріледі деп жоспарланған.

Read More

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының білім басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Ардақ Садықова айтты. – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бүгінгі таңда облыстағы 1-4 сыныпта оқитын 187 832 бала қыркүйектен бастап тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Бұған дейінгі талдау нәтижесі бойынша облыстағы 110 асханасы жоқ мектептерде қосымша бөлмелер қарастырылып, ыстық тамақ беруге жағдай жасалды. Сондай-ақ, 51 мектепке модульдік асхана салу қарастырылуда, — деді Ардақ Мәдіханқызы. Брифинг барысында Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов мектеп асханаларының санитариялық талаптары мен ондағы тағамның қауіпсіздігі жіті бақылауда болатынын жеткізді. Айта кетейік, өңірдегі мектеп асханаларының дайындығын пысықтау үшін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау…

Read More

Түркістан облысында жалпы мыңнан астам мектепте 514 мыңнан астам оқушы білім алады. Оның 907-сі мемлекеттік болса, қалғаны жекеменшік. Білім беру инфрақұрылымын дамыту мақсатында облыста 2023-2025 жылдар аралығында 96 мектеп салынса, жыл соңына дейін соның 37-сі пайдалануға беру жоспарланған. Оның 63-і «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша аясында салынбақ. Биыл жаңа оқу жылы қарсаңында Түркістан облысында 19 білім ошағы оқушыларды қабылдады. Атап айтсақ Сауран, Сарыағаш, Ордабасы мен Түлкібаста және Арыс қаласында 5 мемлекеттік мектеп ашылды. Сондай-ақ 14 жекеменшік мектеп (Түркістан қаласы 3, Бәйдібек 1, Жетісай 1, Қазығұрт 1, Ордабасы 2, Сайрам 2, Сарыағаш 1, Сауран 3) өз жұмысын бастады. Түркістан облысының білім…

Read More

Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысының күн тәртібіне облыстағы білім саласы арқау болды. Жалпы облыста 21 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оның ішіндегі 14 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. 5 мектептің жұмысы келер жылға өтпелі. Облыс басшысы оқу жылына дейін тапсырылуға тиіс мектептердің құрылысын, жөндеу жұмыстарын аяқтауды тапсырды. – Білім саласына биыл бюджеттен 597 млрд. теңге бөлінген, оның ішінде, мектептердің күрделі жөндеу жұмыстарына 4 млрд. теңгеден астам қаржы қаралған. Оқу орындарын жаңа оқу жылына дайындауға қаражат жеткілікті. Аудандарда кездесу өткізгенде мектеп мәселесі жиі көтеріледі. Мысалы, Сайрам және Сарыағаш ауданында құрылыс жұмыстары созылған. Нәтиже болмаған соң өзім…

Read More

Қазіргі таңда жалпы орта білім беретін мектептерде жұмыс істеу күннен- күнге қиындап бара жатқан сыңайлы. Себебі, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық артып барады. Әсіресе, жоғары сынып оқушыларының топтасып төбелесуі, бір-біріне әлімжеттік жасауы жайында ақпараттар құлаққа жиі шалынады. Қазіргідей қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған тыныш заманда бейбітшіліктің қадірін білмей, тойғанынан секіріп жүрген  балалардың әрекеті қоғамда келеңсіздік туындатып отырғаны жасырын емес. Кішкентайынан тай-құлындай тебісіп бірге өскен сыныптастар арасында бойларын өшпенділік билегендер қайдан шықты? Жоқ әлде ғаламтордан жағымсыз нәрселерді көрудің нәтижесі ме бұл? Қылмыс қашанда адамның қолымен жасалады. Қылмысқа бой алдырмау үшін тәртіпсіздікке бейім балаларды дер кезінде анықтап, түзу жолға бағыттау керек-ақ. Негізінде кәмелет жасына толмаған…

Read More

ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның, техниканың қарқынды дамыған кезеңі. Әйткенмен, мұның зиянды жағы да барын жасыруға болмайды. Мәселен, бүгінгі мектеп оқушысы ақпарат көзінің барлық түрін жетік біледі. Компьютер, ғаламтор, ұялы байланыс оқушының кітап оқуға деген құлшынысын төмендетіп отыр. Осындай келеңсіз мәселелерді шешу мақсатында саяси, әлеуметтік, экономикалық, білім беру және басқа да мемлекеттік реформалар жүзеге асырылуда. Сонымен бірге бүгінде  ұрпақтың шығармашылық белсенділігін, рухани қажеттілігін толтыру ісі  өзекті. Осы орайда  ұстаздар, ата-аналар, зиялы қауым, бүкіл қоғам – балалардың бос уақытын тиімді пайдаланып, дұрыс өткізуіне көмектесуіміз керек. Мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру оңай мәселе емес. Мұның қиындығы балалардың бос уақытын ұйымдастыру…

Read More

Арыс қаласында белсенді жастардың басын қосқан «Жалынды жастар – Жарқын болашақ» тақырыбында жастар форумы өтті. 300-ден астам қала жастары жиналған форумға қала әкімі Гүлжан Құрманбекова мен қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, қала прокуроры мен сот төрағасы және Арыс аудандық полиция басқарма басшысы мен жеке құрамы қатысты. Еркін форматта өткен кездесу шымылдығын қалалық мәдениет үйінің өнерпаздарының «Қисық жол» қойылымы ашты. Ұйып отқан отбасыны нашақорлықтың кесірінен күйреуін суреттеген көрініс өте әсерлі болды. Бұдан кейін, қала әкімі Гүлжан Құрманбекова форум аясында алғы сөз сөйледі. — Мен Арыс жастарының мемлекетіміздің өркендеуі мен жарқын болашағы жолында жастық жалынымен, ерік-жігерімен, аянбай еңбек етіп, ел үмітін ақтайды…

Read More

Арыс қаласында «Еңбек күні» мерекесіне орай жұмыссыз азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтуға бағытталған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шараға қала көлеміндегі барлық жұмыс беруші мекеменің басшылары мен кадр мамандары, жастар орталығының өкілдері қатысты. Сонымен қатар, қала көлеміндегі 34 мекемеден 78 бос жұмыс орны бойынша сұраныстар келген. Жәрмеңкеде бос жұмыс орындарымен қатар жұмысқа орналасу және мемлекеттік қолдау шараларына қатысу бағытында ақпараттар берілді. Бұдан бөлек, жәрмеңке барысында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» жөніндегі ұлттық жоба аясында «Күміс жас», «Ақылы қоғамдық жұмыстар», «Алғашқы жұмыс орны», «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Жастар практикасы» бойынша түсіндірілді. Сондай-ақ, мемлекеттен берілетін қайтарымсыз грант пен жастарға арналған 2,5% жеңілдетілген несие және…

Read More

Бүгін Сауран ауданы Оранғай ауылында кіші футболдан ашық біріншілік басталды. Аудан әкімдігі мен аудандық мәслихат төрағасы қолдауымен қолға алынған спорттық шараның мақсаты — ауыл тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға үгіттеу. Ашық біріншілікке 30 команда өтінім берген. Бүгінгі сайыста ауданға қарасты 12 ауыл округінен 24 команда шаршы алаңда бақ сынасып жатыр. Жас аралығына шектеу қойылмаған. Тіпті 60 жасты алқымдаған ардагерлерден құралған «Ардагер» командасы да ойын алаңында бақ сынасады.. Біріншіліктің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Мақсат Таңғатаров, аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байысбаев пен аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Жарысқа қатысып жатқан командалар бұған дейін️де шаршы алаңда ала доп теуіп жүрген кіл мықтылар. Ойын…

Read More

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «The Spirit of Turkistan» халықаралық этникалық музыка фестиваль алаңының жетекшісі Аида Ақтанова хабарлады. – Биыл «The Spirit of Tengri» фестивалі 10 жылдық мерейтойын атап өтті. Бүгінге дейін оған әлемнің 90-нан астам елінің музыканттары қатысты. Бұл шара Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасы ретінде Қазақстандағы ЮНЕСКО ұйымының қамқорлығымен ұйымдастырылды. Бастапқыда тек Алматыда өткізілген болса, осымен екінші жыл қатарынан еліміздің 3 қаласында – Алматы, Астана мен Түркістанда өткізіліп жатыр. Биыл Түркістандағы фестивальге музыканттардың кеңейтілген құрамын алып келдік. Өзбекстан, Тәжікстан секілді көршілес мемлекеттермен қатар, Италия, Мажарстан, Түркия сияқты алыс шет елдердің топтары да өнер көрсетеді. Ал…

Read More