Облыстық «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасында журналист, жазушы, «Алтын қалам» республикалық әдеби байқауының лауреаты Ділдәгүл Нұрмаханбеттің «Әліппеге арналған әдістемелік-хрестоматиялық көмекші оқу құралының» таныстырылымы өтті. Алдымен көрмені тамашалаған көпшілік назарына бейне туынды ұсынылды. Шараға зиялы қауым өкілдері мен ұстаздар қатысып, автор мен оның кітабы жайлы пікірлерін білдірді. Жазушы Нұрдәулет Ақыш модератор болса, ҚР Мәдениет саласының үздігі Мақсат Айтжан кешті тізгіндеді. Шара барысында әсем әндер шырқалып, оқушылар мен студенттер өлең оқыды. Аталған кітаптың тұсауы кесіліп, көпке жол тартты. Кешті облыстық кітапхана басшысы Жанат Шардарбекова қорытындылап, келген қонақтарға алғысын білдірді. Жақында жарық көрген «Әліппенің» әдістемесіне авторы 7 жылын сарп еткен. Балалардың ең алғашқы танымдық…
Автор: ais_media
Түркістан облысы Төлеби ауданындағы №7 IT мектеп-лицейі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, бастауыш сынып мұғалімі Гүлдана Айдарбекова тірек сызбалар көмегімен оқыту технологиясын тиімді қолдануды ұсынып жүрген шығармашыл ұстаз. Электронды жиынтық -кестелер, сызбанұсқалар, диаграммалар, модульдер, блоктар, суреттер арқылы іске асырылады. Тірек-сызбалар оқушы қиялын дамыту мен өзін-өзі талдау, қызығушылығын ояту, шығармашылығын дамытудың негізі. «Бұл жобаны мен уақыт үнемдей отырып бала психологиясын қызықты құбылысқа бағыттау мақсатында құрастырдым. Ең бастысы берілген тақырыпты логикалық байланыстар негізіне оқушының түсінуі мен ұзак уақыт есте сақтауына ықпал етеді. Белгілі бір тақырыпты түсіндіру барысында бірнеше тақырыпты жинақтап, ықшамдап бір-екі тірек сигналына сыйдыруга болады. Бұл әдістеме қазіргі күнге дейін құндылығын…
Арыс қаласы, Ордабасы, Отырар аудандарында барлық білім беру ұйымдарымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында «Адалдық құндылықтарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез құлықты дәріптеу тақырыбында» семинар өткізілді. Аталған семинарға Түркістан облысы әкімі аппаратының қоғамдық саяси сала мониторингі бөлімінің басшысы Расұл Самат Әбдімүталіұлы , Түркістан облысының білім басқармасының құқықтық актілерді сараптау және заңдылықты қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Сапарбеков Әлжан Нұртасұлы, Түркістан облысының білім басқармасының Орталықтандырылған бухгалтерияның заңгері Сейіт Гүлмарал Нығметқызы, «Адалдық алаңы» жобалық кеңесінің жетекшісі Абуова Нұржахан Ермағамбетқызы, Арыс қаласының білім бөлімінің басшысы Момбеков Әшімхан Тілеуханұлы, Ордаьасы ауданы білім бөлімінің басшысы Нұрабаева Шұға Тұрмаханбетқызы мен Отырар ауданы білім бөлімінің басшысы Мұсатаева…
Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова қалалық Мәдениет үйінде қала тұрғындарымен кезекті кездесу өткізді. Жиында Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша бастау алған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында «Тараз» шағын ауданынан 600 орындық мектептің құрылысы басталғандығы айтылды. Сондай-ақ, келесі жылы дәл осы бағдарлама шеңберінде «Наурыз» шағын ауданынан 900 орындық мектеп салынбақ. Бұдан бөлек, «Отырар» шағын ауданынан 600 орындық мектептің және И.Журба атындағы мектепте 300 орындық қосымша корпустардың құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер есебінен «Онтам» шағын ауданынан 150 орындық, Арыс қаласы Төлеби көшесінен 300 орындық, Алатау тұрғын ауданынан 600 орындық мектеп салынбақ. Жалпы қала әкімінің айтуынша, алдағы жылдарда ай мақта…
Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Мелдебекова Майра Тұрғанбайқызы, Түркістан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығының» директоры Бақытжан Төлімбет Нұрмағанбетұлы және облыстық білім басқармасының өкілдері бүгін Сауран ауданы Ы.Алтынсарин ШЖЖОМ базасында Облыстық білім беруді дамыту орталығының жүргізіп отырған «Ауыл мектебін сапалы басқару» пилотты жобасының барысымен танысты. Мақсат — эксперименттің негізгі идеясын, тұжырымдамасын, жоспарланған жұмыстардың нәтижесін талқылау. «Алдағы уақытта пилотты жобаға теориялық сүйемелдеуге Ұлттық білім академиясы тарапынан көмек берілмек. Ы.Алтынсарин мектебінде мұғалімдердің 3 сыныпта математика, 4 сыныпта қазақ тілі сабақтарына кірдім. Жобаның ерекшелігі бастауыш сыныптарда бір пәнге бір мұғалімнің сабақ беруінде»,- деді М.Мелдебекова. Жаңа…
Келес ауданындағы №25 С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Еркебұлан Мәулен бос уақытында трактор мен жеңіл автокөлік жөндеумен айналысады. Ол сабақтан тыс уақытында аулада тұрған техниканы жөндеуге асығады. Сондай-ақ мектеп жасынан ауыр техниканы тізгіндеп үйренген. – Әкем механизатор болған. Ол Келес совхозында автомеханика саласында еңбек еткен. Әулетіміздегі азаматтардың басым көпшілігі осы техникаға қызығып, нәпақасын тауып отыр. Өзім де зейнетке жеткенше шопыр болып жұмыс істегенмін. Бүгінде немерелерім де осы салаға қызығып, білмегенін үйретіп, жол сілтеп отырамыз, – дейді Еркебұланның атасы Төлеген Мәуленов. Бүгінде жеткіншек ағасынан жеңіл көлікті жөндеудің қыр-сырын жетік меңгеріп жүр. Әзірге өзі жеке жөндеуді үйрене қоймаса…
Созақ ауданының орталығында «Жайлы мектеп» жобасы аясында Ы. Алтынсарин атындағы 900 орынға арналған мектептің құрылыс жұмыстары басталды. Осыған байланысты аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков құрылысы жүріп жатқан мектептің жұмыс барысымен танысты. Мердігер мекеменің өкілдерімен тілдесіп, жауапты мамандарға құрылысқа кедергі болатын бағаналарды ауыстыру жұмыстарын тездетіп аяқтауды тапсырды. Аталған білім ошағы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қаржыландыруымен қолға алынып, 2024 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. «Жайлы мектеп» жаңа модификацияланған кабинеттермен жабдықталады. Сонымен қатар оқушылардың сапалы білім алуына толық жағдай жасалып, оқушыларға арналған түрлі үйірмелер де ашылмақ. Сондай-ақ жоғары және бірінші санатты мұғалімдер құрамының пайыздық үлесін, педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруға барлық жағдай жасалады.
Елімізде 1 шілдеден бастап адамның туылғанынан жалпы өмірлік циклы бойынша мәселелерін реттейтін Заңнамалар жиынтығы Әлеуметтік кодекс күшіне енді. Оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту техникалық құралдарының түрлерін кеңейту, сапасын жақсарту секілді жүйелерді транформациялануда. Түркістан қаласында мүгедектігі бар балаларды тәрбие және оқумен қамтамасыз етуге арналған «Өмір бұлағы» оңалту орталығы ашылды. Салтанатты жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева, ҚР Еңбек және әлеуметтік көмек комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Руслан Тұңғышбаев қатысты. Облыс әкімінің орынбасары құттықтау сөзін арнап, оңалту орталығының тәрибеленушілеріне сыйлықтар үлестірді. Сондай-ақ көрсетілетін әлеуметтік қолдауларға тоқталды. —…
Түркістан облысы, Ордабасы ауданының мәдениет үйінде 2023 жылғы 9 қазан күні ҚР Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша семинар-кездесу өткізілді. Аталған іс-шараға Оқу-ағарту министрлігінің тәрбие және қосымша білім беру департаментінің басшысы М.Медетбекова, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, психология, тәрбие және тұлғаны дамыту орталығының директоры А.Танирбергенова, Түркістан облыстық білім саласы ардагерлер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Н.Байғұтов, Түркістан облыстық білім басқармасының бас маманы К.Оспанова, Түркістан облыстық «Білім беруді дамыту орталығы» директорының орынбасары Н.Нұрлыбаев қатысты. Кездесуге Ордабасы ауданынан -248, Бәйдібек ауданынан -33, Арыс ауданынан -22, Сайрам ауданынан -72 педагог қатысты. Сонымен қатар, Ордабасы ауданынан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, тәлімгерлер,…
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, Балардың құқытарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Батырхан Жолдас Нұрланұлы және Арыс қаласы «Білім бөлімі » мемлекеттік мекемесінің басшысы Момбеков Әшімхан Тілеуханұлы «Арыс қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «М.Тынышбайұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 2023жылдың 14 қыркүйек күні 2023-2024 оқу жылындағы мектептегі асхананың жағдайын, 1-4 сыныптардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілгендігіне бақылау жүргізді. Жиын барысында Оқу-ағарту саласын жетілдіру мақсатында ұсыныстарды тыңдап, білім мекемелеріндегі білім алушыларға жасалған жағдайлар бойынша көзбен көрген мән жайларды ортаға салып, Оқу -ағарту саласындағы шешуші мәселелерге жұмыла кірісуге шақырды. Жиын соңында мектеп ұзтаздарымен кездесіп, білім саласында болып жатқан өзгерістер мен…